Жанұяның дәстүрлі-патриархаттық және қазіргі эголитарлы типтері
Тақырыбы: Жанұяның дәстүрлі-патриархаттық және қазіргі эголитарлы типтері
Жанұяның құрылымдық типтері -- ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы кұрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі -- нуклеаралық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі казіргі таңда кеңінен жүріп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр.
Туыстық жағынан алғанда бүгінгі тандағы отбасының тағы бір түрі -- кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасының кұрамы мен құрылымының осылай өзгеруі отбасылық - туыстық байланыстардың әлсірегені емес пе деген қорытынды жасауға да итермелейді.
Конттың пікірі бойынша, отбасындағы адамдардың жас ерекшеліктеріне қарап балаларды ата-аналарына және әйелдерді жыныстық белгісі бойынша еркектерге бағындыру тиіс. Бүгінгі таңда осы екі параметрлер де түбегейлі түрде өзгеруде. Жастар өз беттерінше өмір сүрулері үшін ата-аналарының отбасынан ерте кетеді, әке-шешесінің мамандығына сәйкес келмейтін басқа кәсіпті таңдайды. Әйелдердің эмансипациясы отбасының иерархиялық тұрғыда ұйымдасуына, ыдырауына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі - дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады, билікті, яғни лидерлікті жасы үлкен ер адам өз қолына алады.
Дәстүрлі отбасына мынандай сипаттар тән:
-- ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім кабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;
-- әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
-- отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі (ер адам асыраушы, әйел от анасы). Мұнда үй шаруасы мен бала тәрбиесі негізінен әйелдің иығына түседі.
Отбасындағы билікті, т.б. бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі -- эталитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына:
-- үй шаруасына катысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;
-- ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;
-- демалыстарын бірге еткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.
Отбасыларының өтпелі типтері де бар. Онда ер адамның әз рөлін атқарудағы алға қойған мақсаты оның нақты тәртібіне қарағанда дәстүрлі сипатта болады, демократиялық мақсатта рөл атқаратын ер адам керісінше үй шаруашылығымен айналысуға аз қатысады.
Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гомогенді және гетерогенді болады.
Гомогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, ал гетерогенді отбасында олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, касталардан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі, т.б. біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді.
Отбасы кеңістік - аумақтық, яғни тұрған мекен-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйін бірге мекендейді.
Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің отбасымен бірге түрумен сипатталады. Жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді.
Әр коғамдағы некенің түрлері да әр түрлі болады. Некеге отыру ерлі-зайыптылардың балаларды дүниеге әкелу және оларды тәрбиелеу деңгейімен ғана шектеліп қалмайды, ол басқа да көптеген құқықтар мен міндеттерді белгілеп, бекітеді. Неке арқылы сол коғам олардың ерлі-зайыптылық, ата-аналық қарым-қатынастарын да реттеп отырады. Десек те, әр коғам отбасындағы тәртіп үлгілерінің өз құрылымы мен қағидаларына сай жүйесін дамытады, бұл үлгілер тарихи себептерге байланысты болады әрі нақты экономикалық негіздерге арқа сүйейді.
Әлеуметтік институт тұрғысында бірнеше фазаларды қамтитын өмірлік цикл дары мыналардан тұрады:
1) Қалыптасу фазасы. Бұл фазаны некеге алғаш рет отыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz