Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін.
Педагог -- өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберліктің негізі терең білім алу процесінде және сабаққа практикалық дайындалу кезінде қаланады.
Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымы:
оқыту тапсырмаларды, студенттерді тәрбиелеуді, мақсаттарды анық түсіну;
ойлар мен әрекеттердің тұтастығы;
жоғарғы жеке жауапкершілік;
жүргізілетін сабақтардың сапасын жоғарлату бойынша үнемі жұмыс жасау;
оқытатын пәнді жетік білу;
педагогика және психология бойынша білімдерді меңгеру;
ЖОО-да оқыту мен тәрбиелеу принциптері бойынша әрекет ету;
оқыту материалдарын қызықты және ұғынықты түсіндіре алу, көрнекті оқыту құралдарын және техникалық оқыту құралдарын рационалды қолдану;
педагогикалық такт және сабақты жүргізу бойынша талаптарды міндетті түрде сақтау;
қылық-әрекеттің жалпы мәдениетінің жоғары болуы;
өткізілген сабақты самокритикалық және терең анализдеу икемі, кемшіліктер мен қателердің себептерін анықтау,бұдан анализді және дұрыс қорытынды жасау.
Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр - сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін, -- айтады.

Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс - тұрысы, қозғалысы, отырып - тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Мұғалімнің кәсіби компетенттілігінің шеберлігінің элементтері оның теориялық және практикалық дайындығының тұтастылығы ретінде көрсетілуі мүмкін.
Психологиялық икем мұнда төрт топқа біріктірілген:
1. Нақты оқыту мен тәрбиелеу тапсырмаларында объективті әлеуеметтену процесінің мазмұнын аударумен байланысты психологиялық міндеттерді қоя алу: жаңа білімдерді белсенді меңгеруге олардың дайындық деңгейін анықтау мақсатымен байланысты тұлғаны және коллективті зерттеу, проектілеу және психологиялық әсер ету көріністерінің негізінде коллективті және бөлек мұшелерін дамыту; білім беру, тәрбиелеу және дамытушы тапсырмалар комплекстерін ерекшелеу, оларды нақтылау жәнедоминантты тапсырмаларды анықтау.
2. Психологиялық өзара әрекет етуді бағдарлау иекемі логикалық аяқталған психологиялық жүйені құруға және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік және педагогикалық іс әрекет
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру
Педагогикалық этика пәні
Педагогика. Дәрістер
Педагогикалық шеберліктің құрылымы
Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары
Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы
Пәндер