Паблик рилейшнз (PR)


Тақырыбы: Паблик рилейшнз (PR)
Паблик рилейшнз (PR) - бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты құру және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шаралар.
Паблик рилейшнз қызметтеріне мыналар жатады:
- көшілікке өзі туралы жағымды ақпарат тарату және оған надыру;
- оның ой-пікіріне ықпал ету;
- ұйымның жақсы бет-бейнесін құру, беделін көтеру;
- ұйымның жұмысына қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру.
Паблик рилейшнз түрлері:
- паблисити (үгіт насихат) ;
- демеушілік;
- фирмалық стиль.
Паблик рилейшнз әдістері :
- БАҚ-пен байланыс. Баспасөздерде мақалалар жариялау, радио, теледидардан материалдар беру;
- Баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру. Басапсөз-конференциясы - жағымды көзқарасты жария ету, ресми мәлімдеу мен компания пікірлерін елге жариялау мақсатымен БАҚ өкілдерін шақыру;
- Баспа өнімдері (бланктер, визиткалар, шоттар) ;
- Кино және фотоқұралдар (деректі фильмдер, клиптер, фотосуреттер) ;
- Сөз сөйлеу. Ресми жиналыстар, кездесулерде, мәжілістерде, конференцияларда шығып сөйлей алу, адамдармен араласа білу, сену, түсіну - ізгі атмосфера тудырады;
- Жарнама. Жақсы жарнама фирма бейнесіне ықпал етеді. ;
- Тауарды таныстыру рәсіиін өткізу;
- Демеушілік;
- Мүдделерді алға жылжыту (лоббирование) . Фирмалардың кәсіпкерлік қызметіне байланысты шешімдерді қабылдауға жағымды әсер туғызу мақсатында мемлекеттік билік және басқару органдарымен қарым-қатынас орнатылады;
- Фирмалық стиль;
Демеушілік - бұл маркетингтік коммуникациялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін мәдениет, білім беру, спорт саласында жұмыс істейтін тұлғаларға немесе ұйымдарға, қаржылай көмек көрсету.
Демеушіліктің көздейтін мақсаттары:
- кәсіпорының нарыұта танылуы және әйгілі болуы;
- кәсіпорын және оның тауарының беделін жақсарту;
- демеушінің нарыққа ұсынған тауарына сұраныстың өсуі.
Фирмалық стиль - ол тек фирма мен оның тауарына ғана тән бейне.
Фирмалық стиль мынандай элементтерден тұрады:
- тауар белгісі;
- логотип - фирманың ерекше жазылған және арнайы дайындалған толық немесе қысқаша аты;
- фирмалық ұран, сөз мәнері (слоган) - бұл фирма ұраны;
- фирмалық блок - белгі мен логотиптің композициялық бірігуі;
- бірыңғай стиль;
- фирмалық түс немесе түстер жиынтығы;
- фирмалық константалар (формат, мәтін версткасы) ;
- бірыңғай музыка.
Паблик рилейшнз маманының қызметіне мыналар жатады:
- фирманың және оның жауапты қызметкерлерінің имиджін жасау;
- басшылардың сөйлейтін сөздері мен баяндамаларын әзілеу және түзету;
- баспасөз хабарламасынжазу, оларды БАҚ беттерінде жариялау;
- газет, журнал және теледидар тілшілерімен байланыста болу;
- экскурсия, таныстыру рәсімдерін, көрмелерді дайындау;
- қайырымдылық шараларын және қонақтарды күтуді ұйымдастыру;
- паблик рилейшнз компаниясының жоспарын жасау;
- қоғамдықпікірді, әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру.
Баспасөз хатшысы немесе баспасөз атташесі БАҚ-пен айналысады.
Баспасөз-хабарламасы (пресс-релиз) - көрмелерде, презентацияларда, қайырымдылық акцияларда баспасөз өкілдеріне және тілшілерге таратуға арналған фирма жөніндегі, оның өнімі туралы, даму болашағы жайындағы қысқаша таныстыру мәліметтері.
Паблик рилейшнзтің болашақта даму бағыттары - компания беделін, ұлттық брендті жасау, БАҚ-пен қарым-қатынас тетігін жетілдіру, клиенттерге қызмет көрсету мен сервистің деңгейін көтеру, фирманың мәдениеті мен стилін қалыптастыру, дағдарысқа қарсы басқару әрекеттерін жасау.
Бедел (репутатция) - компания табыстарының өсуіне тікелей әсер ететін компанияның баға жетпес капиталы. Британдық «Интербренд» компаниясының есептеуі бойынша кейбір фирмалардың материалдық емес активтерінің үлесі материалды активтерінен жоғары. Мысалы, «Coca-Cola» компаниясының материалдық активтері үлесі олардың барлық сомасының 4%-ын құраса, «IBM» компаниясыныкі - 17%-ын құрайды.
Теріс ниетті паблик рилейшнз деп - фирма тауары туралы сипаттаманың берілуін айтамыз. Осыған орай, паблик рилейшнз мамандарының спиндоктор деп аталатын жаңа түрлері пайда болды. Спиндоктор - теріс ниетті паблик рилейшнз салдарынан туған жағдайды, ПР құралдары мен әдістерінің кешенді жүйелерін қолдана отырып емдейді.
Коммуникация түрлеріне жәрмеңкелер мен көрмелерді де жатқызады. Жәрмеңкенің басты мақсаты - көрсетілген тауарды сату.
Көрмелер - тауарды халық алдында көрсету, оған деген сұранысты зерттеу, жаңа мәлілелер мен әлуетті тұтынушыларды айқындау құралы. Көрмелер тауарды сату келісімдерін жасауға және ұзақ мерзімді серіктестікті орнатуға мүмкіндік береді.
Тауардың көрмеде пайда болуын ықтимал клиенттердің назарын аудару үшін баспасөздегі жарнамамен тікелей пошта жарнамасымен, мерзімді басылымдағы, радиодағы, теледидардағы хабарландырулармен қуаттап қою пайдалы.
Өнім түрлеріне қарай жәрмеңкелер мен көрмелер әмбебап және арнайы болып бөлінеді. Әмбебап көрмелерде тұтыну және өндірістік тауарлар, ал арнайы көрмелерде бір саланың немесе ұқсас салалардың тауарлары көрсетіледі.
Қамту ауқымына қарай көрмелер ұлттық және аймақтық болып бөлінеді. Ұлттық көрмелерде мемлекеттің әр түрлі саладағы жетістіктері көрсетіледі. Аймақтық көрмелер жергілікті нарық деңгейінде қызмет етеді.
Өндірушінің (экспоненттің) көрмеге мынадай мақсаттармен қатысуы мүмкін:
- жаңа нарықтармен танысу;
- тауардың бәсекеге қабілеттілігін тексеру;
- тәжірбие алмасу;
- бәсекелестермен танысу;
- өткізуді ұлғайту;
- экспорт мүмкіндігі туралы мәлімет алу.
Көрмеге қатысушы маманның мақсаттары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz