Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған треннинг


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған треннинг

«Мұғалім-мектеп» циклы

  1. жаттығу.

Жаттығу мақсаты: Мұғалімнің қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, педагогикалық іс-әрекеті стилінің жеке-дара тиімді түрін табу.

Мұғалімдер тобын жарты шеңбер тәрізді етіп отырғызамыз, жарты шеңбер алдына екі орындық қоямыз. Ортаға қалаулары бойынша екі мұғалімді шығарып орындыққа отырғызамыз. Олардың біреуі-тыңдаушы, екіншісі-сөйлеуші болады. Соңғысы психолог ұсынған басы берілген үш сөйлемді аяқтайды. Мысалы, «Мен өзімді сенімді сезінуге міндеттімін», «Мен өзімді сенімді сезіне аламын», «Мен өзімді сенімді сезінгім келеді».

Берілген сөйлемнің аяғы спонтанды және тікелей болуы маңызды. Адам не ойлағанын, есіне не түскендігі жайлы айтады. Одан кейін үш сөйлемнің қайсысы сенімдірек айтылғандығын, сөйлемнің қайсысында сөйлеушінің жеке-даралығы сезілгендігі жайлы талқылау жасалады. Алдымен бұл сұрақты тыңдаушыға қоямыз, содан кейін бүкіл топтан сұраймыз. Сөйлеушінің интонациясы, оның бет әлпетінің қимылы, жестіне және т. с. с. назар аударылады.

Әдетте басым көпшілігі әйелдер болып келетін аудиторияда «Мен міндеттімін» принципі бойынша өмір сүретіндігі анықталды. Көбіне өз армандары мен қажеттіліктерін (мен қалаймын) жүзеге асыруға уақыты да, күш-қуаты да жетпейді. Психолог жан саулығы мен оптимизмді сақтау үшін «өзіме арналған өмірге» азғантай болса да уақытын бөлу керектігін сендіруге ұмтылады.

  1. Жаттығу.

Мақсаты: Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің тиімді коммуникативті амалдарын өндіру.

Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір жағымды (позитивті) және жағымсыз (негативті) баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі». Әркім бұл сөз тіркесін айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәнерін қолдануға мүмкіндік беріледі. Талқылауда топ мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіру керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай сөздермен айтуға болады: «Өте өкінішті, Анар, бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың, жақын күндерде өзіңнің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін. »

Оқушыны позитивті бағалағанда да, баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге болады. Мысалы, позитивті баға қойған кездегі сөз тіркесі төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені «бес» деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуыңды жалғастыра бер. »

3 - жаттығу.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.

4 - жаттығу . «Тиімді қарым - қатынас орнату» бағытында бейне жаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым - қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.

5-жаттығу

Педагогикалық жағдаяттар

1 - жағдаят

Тоқсандық баға шығарғанда талас бағаны байқамай оқушыға төмен баға шығардыңыз. Әрі оны ұмытып кеттіңіз. Оқушының ата - анасы директорға шағымданып келеді, сізді шақырады.

1. Директорға не дейсіз?

2. Ата - анаға не дейсіз?

3. Өзіңізге өзіңіз не дейсіз?

2 - жағдаят

Талғат нашар оқумен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оны ата - анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері кінәлі деп санайтын. Талғаттың әке - шешесі тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.
Талғат сотқа тартылды. Ата - анасы бұған кінәлі мектеп деген ойда болатын.
1. Балаға адамгершілік тәрбие берудегі отбасының жауапкершілігі неде?

2. Ал мектеп бұл істен сырт қалуы керек пе?

3 - жағдаят

Он жасар Қуан мектепте «қиын» бала аталған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі оған бір - екі жолдасын ертіп мектеп ауласына он шақты тал отырғызуды міндеттеді. Ол өз жолдастарымен қоғамдық тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп линейкасында оларға алғыс айтылды. Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.
1. Жеткіншекке жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болу себебі неде?
2. «Қиын» бала мен педагогтың арасындағы қарым - қатынас қалай болу керек?
4 - жағдаят

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Балбөбек» төл бағдарламасы
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
Этникалық қақтығыстар олардың ағымы
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz