Ойын терапиясы жайында


Тақырыбы: Ойын терапиясы.
Ойын психотерапиясы - балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын - жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.
Ойын терапиясы - арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Ойын адамдар арасындағы өзара іс-әрекеттің шынайы формасы. Тек ойында ғана жеке тұлға еркін, белсенді, үйлесімді дамиды. Ойынды үлкендер де, балалар да жақсы көретіндіктен, бұл кітапта балалармен ойнау керектігі туралы емес, қалай ойнау керек және қалай жеңу керектігінің жолын көрсетеді.
Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі - бұл ойын. Ойын - бұл ситуациялық жағдайда қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн, Д. Эльконин, шетелде З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде - адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Ойын - бұл баланың потенциялды энергиясының көрінуі деп қарастырсақ, бұл баланың орындалмайтын қалауының, ұмтылуының компенсациясы (Фрейд), немесе баланың болашақ өмірге өзін дайындауы (Гросс), немесе органикалық рахат алу құралы (Бюллер) .
Ойын - біріншіден, баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат-бағдарлы қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенді формасы деп, екіншіден, баланың танымдық, шығармашылық, жеке басының қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі (Л. С. Рубеинштейн) .
Л. В. Артемова, В. Ф. Кушина, Р. А. Иванова, И. Б. Теплицкая, Е. И. Щербакова зерттеулерінде ойын әрекетіне қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді жеткіншектерді өз қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырды.
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастайды. Ең алғаш оны Анна Фрейд екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Лондонды бомбалаған кезді басынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер бала өзінің қайғы мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады және оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды.
Ойын арқылы әсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30-шы жылдары Девид Левиннің жұмысының шығуына байланысты пайда болды. Д. Левин жұмысында алдын-ала құралған ойындар мен әсер етудегі қандай да бір психологиялық жарақат жағдайын басынан өткізген балалармен жұмыс істеу кезіндегі әсер ету жайлы ойлар дамыды. Д. Левин ойын балаларға әсер ету мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасады.
Дж. Тафт пен Ф. Алленнің «көңіл қою» ойыны деп анықталған зерттеулерінің шығуымен байланысты ойынмен әсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылды.
Ойын әрекетінің төртінші ірі бағыты болып, В. Экслайнның зерттеулері болып табылды. Ол ойынның принципін жақсы қолданды (мысалы, тұлғаның өсуге талпынуы, тұлғаның өзін басқара алу қабілеті) .
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғасырда Ж. Руссо былай деп жазған «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек». Френктің тұжырымы бойынша, бала үшін ойын ешкім үйрете алмайтын нәрсеге үйрету әдісі болып табылады.
Үлкендер үшін қарым-қатынас құралы тіл болса, ал балалар үшін ойын және әр түрлі іс-әрекет болып табылады.
З. Фрейд ойынды зерттей келе, бала ойынының мәнін айқын түсініп, ол былай деп жазды: «Біз бала бойында елестің алғашқы белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті және тартымды іс-әрекеті ойын. Ойын үстінде бала жазушыға немесе әлемді өзіне қалай ұнатса, солай етіп құрады. Ол өз әлемін шын етіп қабылдамайды десек, қателескен болар едік. Керісінше, ол ойынға шын беріліп және барлық эмоциясын салады».
Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық қанағаттандырады, физиологиялық контактіні сезеді, әлеуметтік формадағы агрессияларға жауап қайтарады және қарым-қатынас жасауға үйренеді, үлкендер өміріндегі міндеттерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді және фрустрациядан арылады. Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді, өз жекелігін кеңейтеді. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін жағдайды бақылауына айналдыру. Бұл балаларда қиыншылықтарды жеңе білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезитатция арқылы жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz