Гендерлік экспертиза



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Гендерлік экспертиза

Гендерлік рөлдер - белгілі бір қоғамда және тарихи жағдайда қолданылатын әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге берілетін әлеуметтік рөлдер.
Гендерлік статистика - ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-саяси өмірдің барлық салаларындағы тиісті жағдайын бейнелеу және қоғамдағы гендерлік проблемаларды көрсетеді.
Гендерлік таптаурындар - лайықты әйелдік және еркектік мінез-құлық, олардың мақсаты, әлеуметтік рөлдері мен қызметі туралы қоғамда жалпыға бірдей қабылданған орнықты көзқарастар.
Гендерлік сезімталдық - жыныс нышаны бойынша кемсітудің негізінде жататын әлеуметтік жағынан ұштасқан факторларды түсіну және назарға алу.
Гендерлік сараптама - мемлекеттік бағдарламалар мен өзге де актілердің ерлер мен әйелдер теңдігінің конституциялық құқығына сәйкес келуін айқындау және жыныс нышаны бойынша кемсітуді болдырмау мақсатында оларды қоғамдық-құқықтық тұрғыдан талдау. Жынысы бойынша кемсіту - жынысы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе қысым көрсету, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру. Кемсітудің ең кең таралған түрі жынысы нышаны бойынша кемсіту болып табылады.

Үй еңбегі - әйелдердің үй шаруашылығын ұстап-күту жөніндегі ақысы төленбейтін, сандық баламасы мен әлеуметтік тұрғыдан мойындалған мәні жоқ қызметі (үй жинау, кір жуу, тамақ дайындау және т.б.). Үй ішілік міндеттердің тең бөлінбеуі әйелдерді кемсіту нысандарының бірі болып табылады.
Дағдарыс орталықтары - зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық қатерінің салдарынан қиын жағдайға тап болған, тәуекел тобындағы адамдарға, көбінесе әйелдерге қызметтер көрсететін (консультациялар, уақытша баспана беру, оңалуға көмектесу) ұйымдар. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық - қоғамдық немесе жеке өмірде жынысы негізінде жасалған, әйелге тәни, жыныстық немесе психологиялық залал немесе азап келтіретін немесе келтіруі мүмкін кез келген зорлық-зомбылық әрекеті, сондай-ақ осындай әрекеттің жасалу қатері, бас бостандығынан мәжбүрлеп немесе ерікті түрде айыру. Тең мүмкіндіктер - құқықтар теңдігіне іс жүзінде қол жеткізу үшін қажетті құралдар мен жағдайлардың жүйесі. Тең құқықтар - мемлекет кепілдік беретін, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген, азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да құқықтарды жүзеге асырудың әйелдер мен ерлер үшін тең құқығы. Ұрпақты болу құқықтары - азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау, азаматтардың некеде немесе некеден тыс бала тууға немесе бала туудан бас тартуға, бойына бала бітіру мен оларды туу әдістеріне, балалардың санына, туатын уақыты мен жеріне, бала туу арасындағы уақыт аралығына қатысты шешім қабылдау мен оны іске асыру, сондай-ақ осы салада медициналық-әлеуметтік, ақпараттық және консультациялық көмек алу құқығы.

Адамдарды саудалау - адамдарды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, күш жұмсау туралы қоқан-лоққы немесе күш қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа нысандарын қолдану, ұрлау, алаяқтық жасау, алдау, билікті немесе біреудің осал жағдайын теріс пайдалану жолымен немесе бір тұлғаны бақылайтын екінші тұлғаның келісімін алу үшін оны төлем жасау немесе пайдалар түрінде сатып алу жолымен адамдарды үгіттеп тарту, тасымалдау, табыстау, жасыру немесе қабылдап алуды білдіреді. Пайдалану ең аз дегенде, үшінші бір адамдардың жезөкшелікті пайдалануын немесе нәпсілік пайдаланудың басқа нысандарын, мәжбүрлі еңбекті немесе қызметтерді, құлдықты немесе құлдыққа ұқсас салттарды, бас еркі жоқ жағдайды немесе ағзаларын алуын қамтиды.
Осы аталған түсініктердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы
Сәйкестендіру тәсілдерінің түрлері. Сапа көрсеткіштері. Азық түлік емес тауарлардың фальсификациясы
Гендерлік сегрегация өлшеу әдістері
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеу
Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің ерекшеліктері
Қазақстандағы гендерлік саясат ұғымы
Гендерлік стереотиптер Қазақстанның азаматтардың мамандануға әсері қандай
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Қоғамдағы гендер мәселесі: Отандық білім беру аясында
Гендерлік саясат қазақты қайда апарады
Пәндер