Өлшегіш аспаптарды доңғалақ жұбын тексеру


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Өлшегіш аспаптарды доңғалақ жұбын тексеру

Бөліктер белгісі- өлшенетін өлшемнің кейбір сан мәніне тең өлшеу межелігіндегі сан түріндегі бөлік белгісі (белгі нүкте, сызықша болуы мүмкін) .

Аспап өлшеу межелігінің бөлігі - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған бөліктер белгілерінің аралығы.

Өлшеу межелігінің ұзындығы - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған ең қысқа сызықшамен белгіленген бөліктер белгісі осьтерінің арасындағы арақашықтық.

Өлшеу межелігінің бөлім бағасы - өлшеу межелігіндегі екі көрші тұрған бөліктер белгісі мәндерінің айырмашылығы.

Көрсеткіштер ауқымы - өлшеу межелігіндегі бастапқы және соңғы мәндермен шектелген аудан.

Өлшеу ауқымы - өлшеу аспабының бойында өлшенетін өлшем мәндерінің мүмкіндік қателіктері нормаланған ауданы.

Өлшеу шегі - өлшеу межелігінің ең үлкен немесе ең кіші мәні.

Өлшеу аспабы мүмкіндік қателіктерінің шегі - өлшеу аспабы жарамды және қолдануға мүмкін болып есептелуіне сәйкес мүмкіндік қателіктерінің ең үлкен мәні.

Өлшеу дәлдігі - өлшеу нәтижелері қателігінің нольге жақын болуын сипаттайтын өлшеу аспабының сапалық көрсеткіші.

Өлшеу аспабының дәлдігі - қателіктер нольге жақындығын сипаттайтын өлшеу аспабының сапалық көрсеткіші.

Түзету - өлшеу аспабының көрсеткішіне немесе мөлшерлегіш номиналды өлшеміне алгебралық қосылуына тиісті мән. Бұл мән қайталанып тұратын қателіктерді жоюға және өлшенетін өлшем немесе мөлшер мәнің, нақты мәнге жақындатып алуға негізделген.

Нақты дәлдік және машиналар мөлшерленетін параметрлерінің ауытқуы туралы ақпарат беретін техникалық өлшеулер

Машиналар сапасын өлшеу техникасын қолданбай қорынтындылау мүмкін емес, яғни әрбір өнімді өндеп шығару кезінде өлшеу жұмыстары қажет.

Өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары дәлдікті баламаланған, өлшем бірліктерін дәлдікті беруін қамтамасыз ететін, уақытылы тексерілген болса, сол кезде дайын өнімнің өлшемдері (есептеу немесе стандарттау негізінде орнатылған) дұрыс болады.

Еліміздің өндіріс кәсіпорындарында өзара ауыстырымдылық негізінде мамандандыру және кооперация атқару үшін, өлшеулердің қажетті дәлдігін және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету қажетті.

Өлшеу бірлігі дегеніміз өлшеу жұмыстары заңды орнатылған өлшем бірліктерімен және нормаланған дәлдікпен анықталған нәтижелер.

Ұзындық өлшемдерін беру және оларды тексеру әдістері жүйесі ғылыми дәлелденген және ол Мемлекеттік өлшеу жүйесінің бөлігі болып табылады.

Осы жүйеге байланысты барлық өлшеу жабдықтары келесі топтарға бөлінеді: физикалық мәндер эталондары, үлгілі мөлшерлер және аспаптар, жұмысшы мөлшерлер және аспаптар.

Эталондар - ең жоғары дәлдікті қамтамасыз ету және сақтау үшін арналған үлгілі өлшемдер және аспаптар. Олардың қатарына метрдің үлгісі, эталондық шетті ұзындықтар мөлшерлерінің жиынтығы (реттілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші) жатады. Бірінші реттілікті эталондарды метр үлгісі бойынша, ал екінші реттіліктіні бірінші реттілікті бойынша, ал үшінші реттіліктіні екінші реттілікті бойынша тексереді.

Үлгілі мөлшерлер және аспаптар лабораториялық және зауыттық мөлшерлерді баламалау және тексеру үшін арналады. Олар разрядтарға бөлінеді және бір-біріне қатысты тексеріледі.

Цехтық мөлшерлер және аспаптар өнімдерді тексеру үшін қолданылады. Оларды әрбір өндіріс орнында ұйымдастырылған метрологиялық лабораторияларда үлгілі мөлшерлер және аспаптар бойынша тексереді.

Еліміздегі барлық өлшеулер бірлігін және дәлдіктілігін Мемлекеттік стандарттау қызметі біртұтас метрологиялық жүйесі бойынша атқарады.

Өлшеу жабдықтары мезгіл бойынша тексеруден өтеді және олар орнатылған техникалық талаптарға сәйкестігі / қолдануға жарамды немесе жарамсыз/ қорытындыланады.

қорытындалады: Барлық өлшеу және бақылау жабдықтары құрылымы және қолдану сипаттары бойынша келесі топтарға бөлінеді: мөлшерлер, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғылары мен жүйелері.

Мөлшерлер деп берілген физикалық мәннің шамасын өлшеуге қажетті дәлдікпен нақты көрсетуге арналған денелерді немесе құрылғыларды атайды.

Өндірісте көбінесе қолданылатын ұзындықтар өлшемдерінің мөлшері болып жазық параллельді шетті ұзындықтар мөлшерлері болады, ал бұрыштық өлшемдер үшін бұрыштық мөлшерлер.

Мөлшерлер қатарына калибрлер жатады. Калибрлер машинажасау саласындағы бұйымдардың өлшемдерін, пішіндерін, беттерін, осьтер бір-біріне қатысты орналасуын және сапаны, қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін бақылайды (өлшемейді) .

Өндірісте ең жиі қолданылатын калибрлер құрылымдары (калибр-тығын, калибр-қапсырма) өлшемдерді бақылау жұмыстарының қажетті дәлдігін және жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан олар машинажасау саласында бақылау үшін қолданылатын негізгі техникалық жабдық болып табылады. Калибрлердің басты кемшілігі, олар тек қана бұйымдар өлшемдерінің ақауын қорытындылайды. Олардың көмегімен ақауды шектеуге немесе себебін анықтауға мүмкін емес. Келесі маңызды кемшілігі олар тек қана бір өлшемді бақылайды. Сондықтан ірі көлемді және жаппай өндірісте есептік өлшеуіш құрылғылармен жабдықталған (индикаторлар, рычагті бастиектер, микрокаторлар т. б. ) өлшеуші айлабұйымдар кеңінең қолдана бастады.

Өлшегіш аспаптар және құралдар деп анықталатын өлшемді тікелей немесе жанамалы түрде өлшем бірлігімен салыстырып көрсететін қоңдырғыларды атайды. Аспап немесе құрал деп бөлінуі шартты. Қарапайым түрлері құралдар қатарына, ал күрделі түрлері аспаптар қатарына жатады.

Өлшеу жабдықтары қолдану сипатына байланысты әмбебап және арнаулы негізделген болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арбашалар және доңғалақ жұптар жөндеу бөлімшелері
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары
Дірілді өлшеудің және талдаудытң қарапайым қүралдары
Автомобильдың бағытын басқару жүйесі
АВТОМОБИЛЬДІҢ БАҒЫТЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Арнайы мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларын жобалау
Біліктерді дайындаудың технологиясы
Ортадан тепкіш сорғылардың роторларын жинау
ЭЛЕКТРҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ КИНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕП
Электірлі редуктордың тісті дөңгелектерін есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz