Компьютер архитектурасының тарихы



Компьютер архитектурасының тарихы
XX ғасырдың 1-жартысында радиотехника кең қарқынмен дами бастады. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабарбергіш құралдың негізгі элементі электронды-вакуумды шамдар (лампалар) болды.
Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналарының техникалық негізін салды. Бірінші электронды есептеуіш машинасы 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.
ENIAC-тың конструкторлары Дж. Моучли және Дж. Эккерт болды. Оның үлкендігі сонша, оны басқа орынға апаруға мүмкіндік болмады. ENIAC-тың салмаға 30т, ал оған 18000 электрондық шамдар орналастырыл-ды, ол бір секундта 15000 қосу, азайту амалдарын, 3000 көбейту амалын орындай алды. Жұмыс кезінде тез қызатын болғандықтан, ол арнайы суытылуды талап етті.
1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсетті. ЭЕМ жұмысының басты принципі - программалар мен деректердің машинаның жалпы жадында сақталу принципі болды. Мақала мазмұнының идеясы Джон Фон Нейманның ЭВМ архитектурасы деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
Алғашқы ЭЕМ-дер тек бір данадан ғана жасалған. Дамыған елдерде олардың сериялық шығарылуы 1950 жылдардан басталды.
Бұрынғы Кеңестер Одағына бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) деп атады. 1951 жылдан бастап бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле басталды. Оның жедел жадысы электрондық шамнан тұрды, оған 100 ұяшық орналастырылды, ол секундына 50 амал орындай алатын болған. 1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (Большая Электронная Счетная Машина) өндіріске қосылды, ол секундына 10000 амал орындайтын болды.
Оның жедел жадысы алдымен электронды-акустикалық сызықтан, одан соң электронды-сәулелік түтіктен, ал кейініректе ферриттік біліктерден (сердечник) құрылды. Сыртқы жады екі магниттік таспалардан құрылды.
1960 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер Одағында екінші буындағы машиналар шығарыла бастады. Олар: М-220, БЭСМ-3, БЭСМ-4, Урал-11, Урал-13, Урал-16, Минск-22, Минск-32 және т.б.
ЭЕМ буындары. ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындардан тұрады. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуына, ЭЕМ-нің элементтік базасына тәуелді болды.
Нөлдік буын.
* б.э.д. 3000 жыл - Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер - абак пайда болды.
* б.э.д. 500 жыл -- Қытайда абактың жаңа нұсқасы пайда болды.
* 1492 жыл -- Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды.
* 1623 жыл -- Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессоры, тісті сақиналар неізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті.
* 1630 жыл -- Ричард Деламейн шеңберлік логарифмдік сызғыш жасады.
* 1642 жыл - Блез Паскаль Паскалин - алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы прототипі бес разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын еді. Паскаль бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді.
* 1673 жыл - көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу, қосу және азайтуды орындай алатын еді.
* Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады.
* 1723 жыл - неміс математигі және астрономы Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының негізінде арифметикалық машина жасады. Машина сандарды көбейту кезінде бүтін бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының санын есептей алатын еді. Сонымен қатар бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексере алатын еді.
* 1786 жыл - неміс әскери инженері Иоганн Мюллер айырмалық машина идеясын ұсынды - бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай (биіктігі 13см, диаметрі 30см) болғанымен, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді.
* 1801 жыл - Жозеф Мария Жаккард бағдарлама арқылы басқарылатын тігін станогын құрды, оның жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен көрсетілетін еді.
* 1820 жыл -- француз Тома де Кальмар арифмометрлерді алғаш рет өндірістік жағдайда шығарды.
* 1822 жыл -- ағылшын математигі Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете алмады.
* 1855 жыл -- Стокгольм қаласында ағайынды Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық машина жасады.
* 1876 жыл -- орыс математигі П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш аппарат құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы машинаға көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер жасады.
* 1884 -- 1887 жж -- Герман Холлерит электрлік табуляциялық жүйе (Холлерит табуляторын) жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында қолданылды.
* 1912 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЙЫМЫ ПРОЦЕССОРЛАРЫНЫҢ МИКРОАРХИТЕКТУРАСЫ
Информатика пәні дәрістер кешені
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Компьютерлік архитектура пәнінінен электрондық қулық
Ядросы Unix Linux тұқымдас операциялық жүйелер
Операциялық жүйе түрлері
ИНформатикадан лекциялар
Компьютер архитектурасына шолу. Компьютер архитектурасының тарихы
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Виртуалды жеке желілердің протоколдары
Пәндер