Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Алаш қозғалысы.
3. Алаш партиясының құрылуы.
4. Алаш партиясының бағдарламасы.
5. Алаш қайраткерлері.
6. Қорытынды.
7. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс - қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Кеңес үкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.
Алаш - ертедегі түрік сөзі, бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны білдіреді. Ұлттың азаттығы мен бостандығы үшін күрескен азаматтар ертедегі алаш ұғымын қайта жаңғыртты. Олар алаш түсінігін бостандық пен бірліктің ұраны ретінде қабылдады. 1917 жылы патша тақтан түсірілген соң, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбаев және басқалар Алаш партиясын құрды. 1917 жылы 5 - 13 желтоқсан аралығында Орынборда Жалпықазақ съезі өтті. Съезде 25 мүшеден тұратын Алашорда үкіметінің құрылғаны жарияланды. Алашорда (Алаш автономиясы) деген атпен үкімет құрылды. Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханұлы сайланды. Алаш партиясы Қазақстанның жеке мемлекет болуын қалады. Алайда Алаш қозғалысы тәуелсіздікке қол жеткізе алмады. Кеңес өкіметі тарапынан қуғынға ұшырап, Алашорда үкіметі таратылды. Алаш қозғалысының басшылары мен мүшелері қатал жазаланды.

1. Алаш қозғалысы
Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.
Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б.
Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бұл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды.
Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. [1, 119 б.]
Тұңғыш партия құрушылардың пайымдауы бойынша, Діни басқарма мемлекеттік құрылымнан тыс мекеме деп танылды. Сондай-ақ, Алаштың ұлттық идеясы бес түрлі тұжырымға негізделді. Бұл туралы белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбай былай дейді: Алаш партиясының мақсаты ұлттық демократиялық мемлекет құру болатын. Ұлттық демократиялық. Ол үшін сол кезде ең зәру және боданға кеткен Отанның орнын қалпына келтіру мәселелері түйінделді. Бірінші ұстаным: Жер, жер және жер. Өйткені жерсіз Отан жоқ, жерсіз адам жоқ, жерсіз мемлекет болмайды. Құнанбайша айтқанда, адам өседі, жер өспейді.[3; 9-б.] Әлихан Бөкейханов осыны ұстана отырып: Қазақтың жері бүкіл қазаққа ортақ. Ол жекеменшікке берілмейді. Әр қазақ сол жерден үлесін алып, ғылым мен техникаға сүйеніп меңгеретіндей дәрежеге жеткен кезде ғана бұл мәселені қайтадан қарауға болады, -- деді. Өйткені жер болмаса, кімді қорғайсың? Отаның қайсы?.
Аталған тұжырымдама мемлекетті саяси және экономикалық, сондай-ақ, рухани тәуелсіздікке жеткізетін бірден-бір бағыт болатын. Осыған көзі жеткен Ленин мен Сталин 1917 жылдың 20 қарашасында Россияның және Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына шұғыл түрде үндеу жариялады. Онда: Бұдан былай сіздердің нанымдарыңыз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және қол сұғылмайтын болып жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өмірлеріңізді еркін және бөгетсіз құра беріңіздер. Сіздердің бұған құқықтарыңыз бар, -- деп жазылған.
Аталған мүмкіндікті дер кезінде пайдаланған Заки Уалиди 29 қараша күні Башқұртстанның тәуелсіздігін жариялайды. Ал желтоқсанның 5-і мен 13-і аралығында Орынбор қаласында ІІ жалпы қазақ-қырғыз съезі өтті. Құрылтайдың күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе -- кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Әлихан Бөкейхан жасады. Съезде қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша Ұлт Кеңесі құрылып, оның аты Алашорда болсын деген шешім қабылданды. Алаш автономиясының төрағалығына үш азаматтың кандидатурасы ұсынылды. Ашық әрі демократиялық жағдайда өткен сайлауда 79 делегаттың 19-ы Бақыткерей Құлмановты, 20-сы Айдархан Тұрлыбайұлын таңдайды. Ал қалған 40 делегат Әлихан Бөкейханды Алаш автономиясын басқаруға лайық азамат деп табады. Аталған екі азамат та осал емес еді. Мәселен, Айдархан Тұрлыбайұлының мамандығы заңгер, Бақыткерей Құлманов шығыстанушы ғалым болатын.
Алашорда мемлекетінің басшысы болып Әлихан Нұрмұхамедұлының сайланғаны базбіреулерге ұнаған жоқ. Ұнамағаны былай тұрсын, тіпті тісін қайрап тұрып, Дума депутаты Марков ...Қазақтар -- Шыңғыс хан мен Темірланның ордасының ұрпақтары, демек Америкада үндістер қалай жойылса, олардың да басына сондай сойқанды орнату керек, -- деген еді. Американдықтардан үлгі алуды жалғыз Марков қана емес, одан әлдеқайда шені жоғары Крюков та теріс көрмеді. Әлекеңнің сын сағатта төтен ерлікке бармай, барынша сақ қимылдауы үндістердің басына орнаған сойқанның қазаққа да қайталануынан сақтанғандығында болса керек. Дейтұрғанмен, өзін ол қазақ халқының алдында қарыздармын деп есептеген. Оған себеп те жоқ емес еді. Ғасырлар бойы қараша халық төбесіне көтерген хан ұрпақтары шен-шекпенге сатыла бастаған-ды. Осыны анық аңғарған алаш ардақтысы: Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын, -- деген аталы сөзін айтты.
Өкінішке қарай, Өздеріңіздің ұлттық өмірлеріңізді еркін және бөгетсіз құра беріңіздер деген үндеуін Ленин бір жапырақ қағаз ғана деп жарамсыз етіп тастады. Ал бұл аралықта Алашорда автономиясының басшысы өз мүмкіндігін барынша пайдаланып бақты. Мәселен, Әлихан Бөкейхан 1918 жылдың 11 маусымы күні шұғыл түрде: Қазақ халқы Кеңес өкіметін еш уақытта мойындамаңдар және Кеңес өкіметіне бағынбаңдар! -- деп, қатаң түрде нұсқау берді. Әлекеңнің қатаң нұсқауынан кейін Алашорда жасақтары 1918-1919 жылдары қызыл әскерге қарсы шайқастарда аянып қалмады. Сондай-ақ, ол үкімет мүшелерінің саяси эмиграцияға кетуіне тыйым салып: Қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Сондықтан да Қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс! -- деді. Аталған жарлыққа бағынған алаш ардақтылары жан сауғалап, шетел асудан саналы түрде бас тартты. Ал Әлиханның шетелге кетпей қалуын Қошке Кемеңгерұлы жоғары бағалап, былай деп пікір білдірген: Басқа жұрттың басшылары тым-тырақай болып шет патшалықтарға шығып кеткенде, Әлиханның қоныс аудармай қалуы да елін сүйгендікке дәлел.
Алашорда автономиясы 1917 жылдан 1920 жылға дейін, 2 жыл 3 ай тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің ұлттық саясатын жүргізді. Ал 1918 жылы өзін Ресейдің билеушісімін деп жариялаған Колчак Алашорда мен Башқұртсанды тәуелсіз мемлекет деп мойындаудан бас тартты. Төрт жақты қыспақта қалған алашордашылар сол кездегі саяси жағдайды ескере отырып, Кеңес үкіметін мойындауға мәжбүр болды. Әу баста большевиктер Әлихан Бөкейханға әр түрлі қызметтер ұсынып, оның саяси талаптарына көнуге мәжбүр болды. Осыны ұтымды пайдаланған Әлекең 1920 жылы Қазақ шекарасын заң жүзінде айқындап алады. [3; 9-б.]
1.1. Алаш партиясының құрылуы
Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін Қазақ газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды.
1917 жылғы 21 -- 26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд Шуро-и-Исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ....
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. Қазақ газеті өзінің бас мақаласында партияның атын Алаш қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде Қазақ басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын Алаш деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12 -- 20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейхановсайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
1.2. Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды деп көрсетілді. Салықмәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады.
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты негізгі құқық, ғылым-білім үйрету сияқты тарауларынан байқалады. Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік, заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе -- жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.[4; 274-б.]
1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш жолы
Алаштың жолы
Алаш жайлы
Алаш қозғалысы және оның Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі жайлы
Қазақстанның тұңғыш саяси партия ретіндегі Алаштың тарихи маңызы
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі
Алаш қозғалысы басталуы, тұтастығы, қатысушылары
Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі
Алаш қозғалысының зерттелуі
Тәуелсіз Қазақстан мұраттарының алаш идеяларымен сабақтастығы
Пәндер