Қазақстан Республикасы және НАТО



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қазақстан Республикасы және НАТО

Жоспар
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1) Қазақстан Республикасы
2) Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық
3) Қазақстан-2012: БҰҰ және НАТО арасында
4) НАТО құрылымы
5) НАТО мүшелері
6) НАТО және Қазақстан
7) XXI ғасырдағы НАТО-ның жаңа стратегиясы
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Кіріспе

Қазір әлемде адам өмірінің түрлі мәселелерін шешетін көптеген халықаралық ұйымдар әрекет етуде; экономикалық және саяси ұйымдар бар. Бүгінгі күндегі өткір мәселе болып отырған соғыс пен бейбітшілік, қарусыздану мен әскери қақтығыстарды шешу. Мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери-саяси ұйымдар құру алға тартылуда.
Сонымен НАТО дегеніміз қандай ұйым және ол қазіргі таңда нендей мақсаттарды көздейді? Соңғы уақыттағы адам құқығын сақтау мәселесі жаһандық мәселеге айналып отыр және бұл салада Солтүсік Атлантикалық альянстың алар орны? Осы тәріздес сауалдардың бүгінде әлем халқын ойландырары хақ. Соның бірі ретінде Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы қарастырылады (НАТО). НАТО 1949 ж. 4 сәуірде НАТО-ға мүше елдер ұжымдық қауіпсіздігін бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз күштерін біріктірді. НАТО-ның басты мақсаты саяси және әскери қағидаларына сәйкес барлық мүшелерінің теңдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еуразия континентінде өткен суық соғыстың аяқталуы мен барлық қайта құрулар НАТО-ның әскери-саяси стратегиясын дамытуына қарсы ықпал ете алмады. Солтүстік Атлантикалық альянс жаңадан құрылған елдермен жаңа қатынастарды дамытуда, жаңа саяси жағдайларға бейімделуде ауыр мақсаттарға тап болды. НАТО-ның қайта құрылуы өткен ғасырдың 90-шы жылдары басталды. Трансформацияланған альянс, қызметінің барлық салалары мен бағыттарын өзгертті.
Бүгінгі таңда НАТО әскери бақылаулар, стратегиялық жоспарлау, шұғыл тәртіптегі әскери достық, тактикалық және стратегиялық деңгейде барлауды іске асырып келеді. Қазіргі саясат көрсетіп отырғандай, альянс бүгінде БҰҰ-ның бейбітшілік орнату қызметін арнайы жағдайларда, бұған қажетті халықаралық нормативті-құқықтық негіздер принципіне сүйенбей-ақ орнын басып келеді. НАТО халықаралық қауіпсіздік құрамында негізгі орын алып отыр, альянстың халықаралық ортасының сапалы өзгеруі нәтижесінде сыртқы ықпалда қалуы халықаралық процестің күшті факторы ретінде әрекет еттуде. Бұл күрделі қайта құру процессі Солтүстік атлантикалық альянстың стратериялық икемділігін жан-жақты үйренуде және оның ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи қадамдары ерекше ғылыми қызуғышылық танытады.

Қазақстан Республикасы
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. 1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. Болды. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте - Ресеймен, шығыста - Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция. 1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру - жүзеге асырыла
басталды. 1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Қазақстан және Өзбекстан жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді. 2001 жылғы 29 тамызда Алматыда "ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды" атты халықаралық конференция ашылды. Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО - ірі халықаралық ұйым. Ол - Білім, Ғылым және Мәдениет, "Адам және биосфера", "Адам табиғи ортада" т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.
ЮНЕСКО - Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам мен биосфера" бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды. ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы -- әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстан-2012: БҰҰ және НАТО арасында

Қазақстанның қатысуымен халықаралық ұйымдардың рейтингін жарияланды. Барлығы жеткілікті түрде болжанған және күтілген еді.Бұл жөнінде рейтингтің бірінші жолы куәлендіреді. БҰҰ барлық бағыт бойынша алда тұр, ең алдымен Қазақстанның ұлттық мүддесіне сәйкес деңгейі бойынша. Қалай болғанда да, сауалнама қатысушылары БҰҰ-ға қазақстандық қатысуды осылай бағалады. Ал ҰҚШҰ әріптестікті бағалаудың орташа көрсеткіші бойынша БҰҰ көрсеткіштерін қуып жетуі сарапшылар үшін күтпеген жағдай болды. Себебі қазақстандық БАҚ мен сарапшылар қауымдастығында бұл ұйым өзінің жеткілікті тиімділігінің жоқтығынан үнемі сынға ұшырап келеді. Алайда, ұсынылған материалдарда, ҰҚШҰ жоғарғы орны НАТО-ның төменгі көрсеткішімен қарама-қарсы анық көрініп отыр, өйткені Солтүстік-Атлантикалық альянсы рейтингтік бағалауда ұсынылған барлық тармақтар бойынша соңғы орында тұр. Ең дұрысы, бұл нәтиже ҰҚШҰ-ға балама жоқтығымен түсіндіріледі. Егер Ұйымның жұмысының тиімділігіне қатысты наралызылық білдіргенімен, қандай болғанымен, Альянсқа қатысты туындаған жақтырмаушылық сияқты көзқарас жоқ. Сауалнамаға қатысушылардың Еуразиялық Экономикалық Одақ идеясына қатысты нәтижесі соншалықты бір мағыналы емес. Көрсеткіштердің көпшілігінде еуразиялық жоба ЕҚОҰ, ТМД және ШЫҰ тәрізді ұйымдардан артта қалып, тізімінің ортасында орналасты. Қазақстанның ұлттық мүддесіне сәйкестік деңгейі бойынша ТҮРКІСОЙ Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңестік ұйымдарының алдында тұр. Ал Еуразиялық экономикалық кеңістік орташа бағалаумен ЕҚОҰ және ЕЭӘ ұйымдарымен қатар келеді.
Қазақстанның еуразиялық интеграция жобасына қатысуының тиімділігінің көрсеткіші сауда-экономикалық салада біршама жоғары. Дегенменде бұл жерде сауалнама авторлары атап отырғандай, Қазақстан үшін оң шешім қабылданып отырған жоқ. Осылардың бәріне қоса Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік төңірегіндегі қосымша жағымсыз көрініс -- жуыр арадағы Ресей тарапынан ұсынылған Еуразиялық парламент құру идеясына қатысты Қазақстанның ресми тұлғаларының сын пікірлері сөз болып отыр. Осындай рейтингтердің бағалылығы қаншалықты маңызды? Бұл сұраққа зерттеу авторлары ішінара жауап берді. Қазақстанның қандай да бір халықаралық бірлестіктерге қатысуының болашағы кеңінен қоғамдық талқылау тұрғысынан болжалған сыртқы саяси бағытты қалыптастыруда жаңа тәсілдерін жасаудың қажеттілігі туралы осы зерттеу куәлендіреді деген ойда. Ресми зерттеу, Қазақстанның жарқын болашағына рейтингте шешуші орында тұрған ТҮРКІСОЙ және БҰҰ-мен өзара тығыз қарым-қатынаста қол жеткізіледі деген ойға тірелді. Шын мәнісінде осындай сауалнамалардың нәтижелері Қазақстанның халықаралық сахнадағы әрекетінің негізділігін сауатты ақпараттық түсіндіру туралы әбден ойластыруға мәжбүрлейді. ҚР СІМ сыртқы саяси жобаларға ақпарат жасайтын жұмысты жүйелі ұйымдастыруы қажет, бұл өз-өзінен рейтинг авторларының Қазақстанның қандай да бір ұйымдарға және оның ұлттық мүддесіне сай көп жақты форматтағы жобаларға қатысуын қамтамасыз ету туралы нұсқауларына сәйкес келіп отыр. Кері жағдай да, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиясының көрінісі жағдайдың тұрақсыздану жағдайына тәуелді және осал болып көрінуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан Бейбітшілік үшін әріптестік (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын. 1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды. Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т.б. енеді.
Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003 - 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының Президенті Ж.Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д.Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д.Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТОСЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы. 2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында және 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру және терроризммен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Осы
бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан және НАТО арасындағы Әріптестік іс-қимылы жөніндегі жеке жоспардың (ӘІЖЖ) шеңберінде іске асырылады. ӘІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады және Солтүстік Атлантикалық Альянсімен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөнінде жан жақты сұхбатты тереңдетуді жәрдемдесуге бағытталған.
2006 жылы ӘІЖЖ жүзеге асыру аясында Қазақстан мен НАТО сарапшыларының жүмыс кездесулері болып өтті. Альянспен сұхбатты нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақтан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мәртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мәжілісінде қабылдаған болатын. 2008 жылғы 12-13 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының делегациясы Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың басшылығымен Валенсия қаласында (Испания) өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясы сессиясының жалпы отырысына қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның ғаламдық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне және НАТО-мен қарым-қатынасына көзқарасы туралы мәлімдеме жасады. 2008 жылғы 7-11 сәуір кезеңінде Астана және Алматы қалаларында екінші НАТО мен Қазақстан әріптестігі аптасы өтті. Оның шеңберінде ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының негізінде НАТО-ның депозитардық кітапханасын ашылуы болды.
Қазақстан НАТО-ның Білім жөніндегі комитетінің барлық шағын бағдарламаларына қатысады. Бірлескен жобалар, ең әуелі, Семейдің, Арал теңізінің, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталған. Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасының шеңберінде төтенше азаматтық жоспарлаудың саласындағы ынтымақтастық дамуда. НАТО-ның әріптестері мен қатысушылары мамандандырылған құрылымдарының төтенше жағдайларды алдын алу және жоюдың ұлттық жүйесін жетілдіру, өртпен күресу, техногендік және табиғи апаттардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс, босқындармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибелері ерекше қызығушылық тудырады.

НАТО құрылымы
Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы, НАТО 1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет, яғни АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия, қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүшлік етеді.
1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады. НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мем - лекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негі - зінде тәуелсіздікті, егемендікті жә - не демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екен - дігі 1946 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың ір - гелі мақсаттарының қатарында со - ғыстың алдын алу мен тиімді қор - - ғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді ны - ғайту, шарт мүшелерінің қауіп - сіздігіне ықпал ететін дағдарыс - тарды еңсеру, басқа елдермен сая - си үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласын - дағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.
НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы - Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады. НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады. НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен француз тілдері пайдаланылады. Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде орналасқан.
Солтүстік Атлантикалық келісімі ұйымының негізгі құрылымдық формуласын алуда В. Е. Уалаховичтің Международные организации еңбегі алынды. НАТО қарастырғанда З. Бжезинскийдің Великая шахматная доска, Выбор мировое господство или глобальное лидерство еңбектеріндегі НАТО стратегиялық мүдделері және оның халықаралық қатнастардағы орны. П.А. Циганковтың Теория международных отношений оқу құралын пайдалана отырып, халықаралық шиеленістерді шешудегі теориялық аспектілері алға тартылды. А.В. Торкуновтың Современные международные отношения и мировая политика оқу құралы ретінде берілген еңбегі пайдаланылды. Онда көрсетілген бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда мықты күшке ие болып отырған Солтүстікатлантикалық альянстың саясаты алға тартылды. К.И. Байзакованың История международных отношений в новое время оқу құралы ретінде берілген еңбегі пайдаланылды. Мұнда Солтүстікатлантикалық келісімі ұйымына тарихи шолу жаслынды. Нартов Н.А. Геополитика еңбегі пайдаланыла отырып, халықаралық қатнастардағы әлемдік державалардың геосаяси орнын анықтауындағы тұжырымдары көрсетілді.

НАТО мүшелері
1949 жылы сәуірдің 4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Қауіпсіздікті нығайтуға арналған ұйым
Солтүстік атлантикакалық шарт ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық қырлары
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты
Пәндер