Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы


Тақырып: Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Жоспары
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 4
1. Құрылуы . . . 4
2. Қазақстан ИҚҰ щеңберіндегі ынтымақтастығы . . . 4
2. Қазақстанның ИЫҰ-дағы төрағалығ . . . 4
4. Басшылық органдары . . . 6
5. Ұйым құрамындағы институттар . . . 8
Қорытынды . . . 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе
Бүгінгі таңда халықаралық ұймымдар әлемде орын алып жатқан мәселелерді шешуде тек мемлекеттерге емес, сондай-ақ, барша әлемдік тәртіпке өз септігін тигізе алатындай маңызды рөлге ие болып отыр. Олардың құзырына мемлекеттер арасындағы тиімді халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту сияқты бастамалар кіреді. Сондықтан, Қазақстан үшін соңғы жылдары халықаралық пішіндегі бастамаларына қолдау табу және оларды алға тарту өзекті болып отыр. Бұл бағытта біз әлемдік деңгейде серіктес тауып, 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығын жүзеге асырдық. Асырып қана қоймай, алдымыздағы жылдың 1-2 желтоқсанында осы Ұйымның Саммитін өткіземіз. Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі бұдан кейін де өсіп, 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне (СІМК) төрағалық етуге дайындалудамыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе.
Өйткені, Ислам Конференциясы Ұйымы ислам әлемінің басты үкіметаралық органы ретінде әлемдік қоғамдастықта ерекше орын алып отыр. ИКҰ бүгінгі күні Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка континенттерінен 1, 5 миллиардтан астам тұрғыны бар 57 мемлекетті біріктіре отырып, БҰҰ-дан кейінгі ең ірі халықаралық ұйым болып табылады. Бұл ұйым 1969 жылы құрылған уақытынан бастап барлық мүше мемлекеттердің саяси мәселелерімен қатар, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени сипаттағы түрлі мәселелерді шешумен айналысып келеді.
Ұйымның ұстанған негізгі мақсаты мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдете түсіп, нәсілдік кемсітушілікті және отарлаудың барлық түрлерін жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шараларды қолдану, қасиетті жерлерді қорғау және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақтастықты бекіту.
- Құрылуы
Құрылуы, құрылымы, қызметі 2011 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстан Республикасы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді. Ол - әлемдегі ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі. Қазір оған Азия, Африка, Еуропа және Латын Америкасының 57 мемлекеті мүше. Бұл ұйымның жиындарына 5 мемлекет және 5 халықаралық ұйым байқаушы ретінде тұрақты түрде қатысып келеді. Ислам Конференциясы ұйымы (ИКҰ) - Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі ірі халықаралық саяси ұйым.
- Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы
Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.
ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж. қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзербайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.
Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.
Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.
- Қазақстанның ИЫҰ-дағы төрағалығы
Қазақстан 2011-2012 жылдары Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуде.
Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады, өйткені, онда Ислам конференциясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғашқы рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды.
Жаңғырту мен реформаларды ХХІ ғасырдағы Ислам әлемі дамуының негізі деп жариялаған, мазмұны жөнінен ұйымның ең прогресивті құжаты болған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұсылман үкіметі алдындағы бағдарламалық сөзі ИЫҰ Астана декларациясының негізін қалады.
Астанадағы кездесуде оған қатысушылар өздерінің ұйым қағидаттарын жақтайтынын тағы да қуаттап, оның жаңа даму жолдарын айқындады. Сонымен қатар, олар Қазақстанға ЕҚЫҰ саммитін табысты өткізуге мүмкіндік берген айрықша жасампаз Астана рухы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) сессиясында да ұйымды жаңарту үшін қолайлы ахуал қалыптастырғаны туралы ортақ пікірде болды.
Сыртқы істер министрлері кеңесі (СІМК) жүзден астам қарар қабылдады, соның ішінде Қазақстанның бастамасымен ұсынылған Ауғанстандағы заңсыз есірткі өндіру және оның айналымымен күресу, бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі өңірлерін сауықтырып, қалпына келтіру жөніндегі құжаттар бар.
Қазақстан ИЫҰ СІМК төрағалығының 2011-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен бағдарламасында көрініс тапқан басымдықтарды біртіндеп жүзеге асырып келеді. Оған қоса, ұйымға мүше мемлекеттермен, ИЫҰ Бас хатшылығымен және институттарымен бірлесе отырып, 2011 жылы VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумында және ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясында көтерілген өзара азық-түлікпен жәрдемдесу жүйесін құру, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін қалыптастыру, ИЫҰ өкілдерінің G20 және өзге де саммиттерге қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның бастамаларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Ислам ынтымақтастығы ұйымы - мұсылман әлемінің үкіметаралық аса ірі халықаралық ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1, 5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр. Өз міндеттерін атқаруға 2005 жылы кіріскен ИЫҰ бас хатшысы Экмеледдин Исханоглу ұйымның мәртебесі мен тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсап келеді.
ИЫҰ-ның негізгі қағидаттары мыналар: толық теңдік; әр халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына деген құрмет; ішкі істеріне араласпау; мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу; ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөз, араағайындық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу; ұйымға мүше мемлекеттер аумақтарының тұтастығына, сонымен бірге саяси тәуелсіздігіне де қарсы күш қолданбау немесе қоқан-лоққы көрсетпеу.
Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының толық құқылы мүшесіне 1995 жылы айналды.
Қазақстанның ИЫҰ ұйымымен ынтымақтастығы жемісті жүргізіліп келеді. Еліміздің бұл ұйымға мүшелігі ИЫҰ-ға мүше мемлекеттермен тиімді байланыстар орнатуға, Қазақстанның ислам кеңістігінде саяси және экономикалық үдерістерге белсене қатысуына, сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын тартуға септігін тигізді.
ИЫҰ халықаралық деңгейде Қазақстанның бастамаларын қолдауды жалғастырып, олардың сәтті жүзеге асырылуына өз үлесін де қосып келеді. Атап айтқанда, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру жөніндегі бастамалар Ұйымның жыл сайынғы құжаттарында көрініс табады. ИЫҰ Қазақстанның «Шығыс - Батыс» жүлгесі бойынша қарым-қатынаста өзіндік көпір қызметін атқаратын өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту саласындағы маңызды үйлестірушілік рөлін мойындайды. Жыл сайын Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімдері қатарына Арал теңізі мен Семей ядролық полигоны мәселелерін шешуге халықаралық деңгейде қатысудың маңыздылығы туралы ереже енгізіледі.
- Басшылық органдары
Ислам Конференциясы Ұйымы - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым. Ол 1969 жылғы қыркүйек айында Рабат қаласында (Морокко) өткен ислам әлемі саяси қайрат-керлерінің бірінші Ислам мәслихатында құрылған болатын. Оның алдында қойған негізгі мақсаты - өзіне мүше мұсылман елдерінің бірлігін нығайту, бірін-бірі қолдауын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейту, мәдени, өнер-білім салала-рындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту.
Бұл ұйымға тұрғылықты халқы мұсылман болып табылатын 57 мемлекет мүшелікке қабылданып отыр. Штаб - пәтері Сауд Арабиясының Жидда қаласында. Ислам Конференциясы Ұйымының алғашқы Жарғысы 1972 жылы қабылданғанды. Осы Жарғы бойынша, ИКҰ-ның жоғарғы мәслихаты үш жылда бір өткізіліп тұратын мемлекет және үкімет басшыларының конференциясы, саяси органы - сыртқы істер министрлерінің конференциясы. Осынау конференциялар аралығында атқару қыз-метін жүзеге асыратын орган - Бас хатшылық. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшы-лары мен корольдерінің қа-тысуымен өткізілетін жоғарғы деңгейдегі Ислам самми-тінде Ұйымның Жарғысына сәйкес күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, соған байланысты шешімдер қа-былданады. Мұнда ұйым конференциясына (саммитіне) қатысушы елдердің, Умманың (мұсылман қауымының) мүддесін көздейтін көкейкесті мәселелер де талқыланады.
Кейде Ислам Конференция-сы Ұйымының төтенше сессиясының шақырылуы мүм-кін. Ол Умма талап еткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. Яғни, Умма мүддесі үшін ерекше бір маңызды мәселе-лерді талқылау қажет болса, кез келген уақытта осынау төтенше сессияны шақыруға болады.
Ислам Конференциясы Ұйымының құрамында сауда-экономикалық; ынтымақтыстық; Иерусалим жөніндегі комитеттер; Ислам даму банкісі; Ислам мәдениеті мен өнерін зерттеу жөніндегі Орталық; Ислам сауда дамыту
Орталығы; Кәсіптік-техника-лық оқу мен зерттеулер жөніндегі орталық; Ислам кеме иелерінің қауымдастығы тәрізді құрылымдар жұмыс істейді. Олардың қайқайсы да ұйымға мүше елдердің әлеуметтік-экономикалық мәсе-лелерін шешуге сүбелі үлес қосып келеді. ИКҰ Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз ынтымақтастықта. 1975 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ИКҰ-ның ресми мәртебесін мойындап, оған БҰҰ-да өз бақы-лаушыларын ұстау құқығын бергенді.
1995 жылдан бастап Қазақ-станда Ислам даму банкісі жұмыс істеуде. Ол біздің елімізде Қарағанды - Астана автожолы бөлігін, Астана - Бурабай автожолын қайта салу, Астанада ұлттық кітапхана үйін салу, почта байланысын же-тілдіру тәрізді жобаларды қар-жыландырып келеді. Иә, Ислам даму банкі займының көмегімен өткен мерзім ішіндегі Алматы - Гүлшат автокөлігінің жолы салынды, Астана - Қара-ғанды автожолының учаскесі қайта жөнделді, Сызғанов атындағы хирургиялық орта-лықты жабдықтауға қаржы бөлініп, Қарағанды облысы-ның ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жобасы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің жаңа ғимаратының құрылысы қаржыланды-рылды. Ислам даму банкі елімізде Білім және ғылым ми-нистрлігі физика-техникалық институтының ғылыми-эксперименталдық базасын техни-калық жағынан жақсартуға да көп жәрдемдесті.
Ислам даму банкісі - негізінен, халықаралық дамуды қаржыландырушы аймақара-лық қаржы ұйымы. Ол 1973 жылғы желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) өткен Ислам мемлекеттері министрлерінің бірінші конференциясында жарияланды және Ислам конференциясы ұйымына мүше 23 мемлекеттің өкілдері қол қойған Ниет декларациясына сәйкес құрыл-ған болатын. 1975 жылғы 20 қазаннан бастап жұмысқа кіріскен ИДБ-нің штаб-пәтері Джидда қаласында орналас-қан. Ислам Даму банкісінің басты мақсаты - ИДБ-ге және мұсылман қоғамдастықтарына мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына және әлеу-меттік тұрғыдан ілгері басуына шариғат қағидаларына сәйкес көмек көрсету.
Қазіргі таңда Ислам Конференциясы Ұйымы құрылымын-да Атқарушы комитет, тұрақты өкілдер комитеті, Халықа-ралық Ислам соты және Адам құқығы жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссия да бар. Ат-қарушы комитеттің төралқасын Ұйымның қазіргі кездегі, оның алдындағы, алдағы уақыттағы елдер құрайды, штаб-пәтері Жидда қала-сында. Адам құқығы жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссия Ұйымның шарттары мен декларацияларында айтылған азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары-ның қорғалуына ықпал жасайды. Халықаралық Ислам соты болса, Ұйымның басты заң-дық органы. Ол 1987 жылы Кувейт қаласында құрылығанды.
Ұйымның Бас хатшылығы - ИКҰ-ның ірі, қызмет ауқымы кең құрылымдарының бірі. Бас хатшы Ұйымның кеңсесі-не, штаттағы қызметкерлерге басшылық жасайды. Бас хатшылық мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңе-сінде бес жыл мерзімге сайланып отырады. Оның қосымша тағы бір мерзімге сайлану мүмкіндігі де қарастырылған. ИКҰ-ның қазіргі Бас хатшысы мысырлық Экмеледдин Ихса-ноғлу. Ол Бас хатшылыққа 2005 жылдың 1 қаңтарында сайланып, ИКҰ-ның 2008 жылғы саммитінде екінші мерзімге қайта сайланды. Бас хатшының негізгі міндеті: Ислам саммиті мен Сыртқы істер министрлері кеңесінде, министрлік отырыстарында қабылданған шешімдердің, қарарлар-дың, ұсыныстардың жүзеге асырылуына бақылау жасау болып саналады. Сондай-ақ, ол қатысушы мемлекеттерді қажетті жұмыс құжаттарымен қамтамасыз етуге, Ұйым органдарының жұмысын үйлестіріп отыруға, Бас хатшылықтың бюджеті мен бағдарламала-рын әзірлеуге, мүше мемлекет-тердің консультациялар және пікірлер алмасуына ықпал етуге міндетті. Және де ол Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне Ұйымның жұмысы жө-нінде жыл сайынғы есептерді де дайындауға тиіс.
Ислам Конференциясы Ұйымының аясында Ислам Ниет-тестік қоры да құрылған. Оған жыл сайын бірқатар елдер ірі көлемде қаржылар аударып отырады. Солардың ішінде Сауд Арабиясы Корольдігі - 1 миллиард, Кувейт - 300 миллион, Иран, Алжир, Катар елдерінің әрқайсысы 100 миллион доллардан қаржы аударған. Бұл түскен қаржыны Ұйымның қаржылық қадағалау органдары жыл сайын тексеріп тұрады. Жарна төлеу ерікті түрде.
- Ұйым құрамындағы институттар
Бұл күндері Ислам Конференциясы Ұйымының аясында өзіндік мәртебеге ие негізгі үш институт жұмыс істейді. Олар: мамандандырылған, субсидиялық, аффилиирленген институттар.
Ұйымның мамандандырыл-ған институты құрамында Ислам даму банкі, Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы, Халықаралық Ислам жаңалықтар агенттігі, Ислам мемлекеттерінде телерадио хабарларын тарату ұйымы бар. Біз жоғарыда Ислам даму банкісі жөнінде айтқандық-тан, енді Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөнінде-гі Ислам ұйымына қысқаша тоқтала кетсек. Ол 1982 жылғы 3 мамырда құрылған, штаб-пәтері Марокканың Рабат қаласында. Негізгі мақсаты - Ұйым-ға қатысушы мемлекеттер арасында өз саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту, нығай-ту. Жетекшілік органдары - Бас конференция, Атқарушы кеңес, Бас директор.
Мамандандырылған институт құрамындағы халықаралық Ислам жаңалықтар агент-тігі Жидда қаласында орналасқан. Ол 1972 жылы Ұйымға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлігінің үшінші конференциясының қарарына сәйкес құрылған болатын. Агент-тік тілшілері қазір әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істеп жүр. Жаңалықтар негізінен, араб, ағылшын, француз тілдерінде жарияланады. Агенттік өз ақпаратын Катар жаңалықтар агенттігі арқылы Азия, Америка және Еуропа-ның 700 елді мекеніне таратуда. Ал енді, Ислам елдері-не телерадио хабарларын тарату ұйымы 1975 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол әлем халқын Ислам дінінің, өркениетінің асыл құндылықтарымен таныстыруда.
ИКҰ аясындағы Субсидия-лық институт құрамында мынандай құрылымдар бар:
Ислам елдеріне статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулерді дайындау орталығы; Ислам тарихын, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы; Ислам сауда даму орталығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz