Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы

Жоспар

Кіріспе 2

Ш.Уәлихановтың өмірбаяны 3

Ғылыми зерттеулері 5

Ш. Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы алатын орны 6

Қазақ халқының тарихын зерттеуі 7

Ұлы ойшылдар Шоқан мен Абай 9

Шоқан Уәлихановтың дүниеден қайтуы 11

Қорытынды 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 14

Кіріспе

Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс
болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш
демократы болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс
халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың
қатарынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын
көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы
басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның
демократтығын сипаттай түседі.
Туған халқына деген теңдессіз махаббат Шоқанды қазақ халқы тарихының
ғылыми негізін қалауға ұмсындырды. Оның өз халқын шексіз сүйгендігі
даусыз...Ол әрқашан алдымен өзінің қазақ халқын, одан кейін Сібірді, одан
ары Ресейді, тіпті бүкіл адамзатты жақсы көрген. Оның этнографиялық
жазбалары, тарихи зерттеулері күні осы уақытқа дейін құндылығын жойған
емес.
1856-1858 жылдары Уәлиханов үшін аса бір жемісті жылдар болды. Жетісу
өлкесіне келіп, көне Алматы, Қойлы, Алмалық шаһарларын зерттейді. Көне
ақшалар нұсқасын жинайды. Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің ішінде
Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, Шығыс Түркістанға арналған тарихи-географиялық
шолуларының маңызы ерекше.
Шоқан Уәлихановтың шығармаларының негізінде оның саяси, экономикалық,
философиялық көзқарастары, тарихи танымдары, этнографиялық мұралары жекелей
сараланып зерттеліне бастады.
Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен
байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де
болды.

Ш.Уәлихановтың өмірбаяны

Шоқан Уәлиханов 1835жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туылған.
Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені –
Сырымбетте өткізген. Сырымбет Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға
айналған ғажайып сұлу өңір. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани
өсіп, жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Тумысынан сезімтал,
дарынды балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол
Шоқанға қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні
кеше өзі басы-қасында болған оқиғаларды еске алып отырған. Шоқан әуелі
Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін
меңгереді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Дәстүр бойынша сұлтанның
балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни жеті жұрттың тілін білу
парыз болған. Бұл дәстүр ол кезде әлі ескірген жоқ еді, сонықтан Шоқан
архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб
тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы меңгерген. Шоқанның бала кезінен қатты
құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Шоқанның білімге құштарлығы күшейе
түседі. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. 1847 жылдың күзінде он екі жасар
Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға
келеді. Сібір кадет корпусының аса көрнекті тәрбиеленушілерінің қатарына
Шоқан Уәлиханов пен Г.Н.Потаниннің досы,атақты ғалым – статистик және
публицист Н.Ф.Анненский де жатады.
Анненский өз естеліктерінде былай деп жазды: Өмірімнің корпуста өткен
жылдары менің кемелденіп, жалпы ой-өрісімнің кеңейе түсуіне күшті әсер
етті. Ойланып-толғануды, көп оқуға машықтануды, қоғамдық мәселелермен
зейілденуді мен сонда жүріп үйрендім. Корпустағы оқу оның көптеген
шәкірттеріне, соның ішінде Шоқан Уәлихановқа үлкен ықпал етті. Арада екі-үш
жыл өткеннен кейін Шоқан тек өз класының алды ғана болмай, тіпті жоғары
класс оқушыларын да өзінің зеректігімен басып озды. Екінші курстан бастап
Шоқан мен оның ұстаздары арасында етене жақындық және достық қатынастар
орнайды. Орыс демократиялық мәдениетінің рухында тәрбиеленген осы білімді
жастар қазақ әдебиетінің үлгілерін жинаумен ғана айналысып қоймай, сонымен
бірге орыс классиктерін қазақ тіліне тұңғыш рет аудара бастады.
Н.Ф.Костылецкий жас Шоқанның таңдаулы ұстазы болды. Олар бірқатар жылдар
бойы зор сүйіспеншілікпен қазақтың халық эпосын зерттеумен шұғылданды,
олардың осы саладағы бірлескен жұмысы өте жемісті болды. Олар Қозы Көрпеш
– Баян сұлу поэмасының ежелгі нұсқасын бірінше рет орыс тіліне аударды.
Корпустың маңдай алды оқытушылары жас Шоқанды білімге, ғылымға талпындырып,
оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектескен, озбырлық пен
әділетсіздікке қарсы өшпенділік рухын көтеріп, кітапқа, ғылыми әдебет пен
көркем әдебиетке құштарлығын күшейте түскен.
Жас Шоқан буржуазиялық қоғамды шыншылдықпен бейнеленген философиялық
трактаттар мен әлеуметтік романдарды терең зерттеп оқиды. Белинский мен
Герценнің әшкерелеуші мақалалары мен Гогольдің зәрлі сықағы Шоқанның
көңілінен шығады және ол қоғамдық кеселдермен, өмірдегі ұят арсыздықтармен
бетпе-бет келгенде әрдайым соларға жүгінеді. Уәлиханов Карлейльдің
әлеуметтік-философиялық трактаттарымен танысады. Шоқан өз мақалалары мен
жазбаларында кейде оларға сүйенеді. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы
Шоқанға зор әсер етті. Ол бұлардың көптеген өлеңдерін жатқа білді. Шоқан
Батыс Еуропа жазушыларынан Руссоның, Диккенстің, Теккерейдің, кейінірек
материалист-философтардың еңбектерін зор зейін қойып оқыды. Шоқанға өзін
қызықтыратын кітаптарды тауып алу сәті түсе бермеді. Корпус бастықтары
кадеттердің прогресшіл бағыттағы әдебиетті, әсіресе , Белинскийдің,
Герценнің шығармаларын және Батыс Еуропаның материалистерінің еңбектерін
оқуға тыйым салды. Сөйткенмен де Шоқан корпуста оқып жүрген кезінде тыйым
салынған әдебиеттің көбін оқуға мүмкіндік тапты. Демалыс кездеріндегі
Шоқанның қызықтайтыны құс салып, аң аулау болды.
Қазақ этнографиясы жөніндегі Шоқан екеуінің жас шағындағы еңбектерін
еске ала отырып, Г.Н.Потанин: - Сол кезден бастап біз дос болдық та, содан
былай ойлаған ойымыз, көздеген мақсатымыз бөлек боп көрген емес, екеуміздің
де ықыласымыз түсіп, көңіл аударғанымыз бір мәселе болды – ол қырғыз
сахарасы мен Орта Азия еді, - деп жазды. Өзінің туған елі мен Шығыс
елдерін зерттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ Шоқанның
ойында болды. Ол зерттелмеген Азияда үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуді арман етеді. Корпустың оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші,
тіпті, ғалым болуы да ықтимал деп жүрген кезде, Шоқан небәрі он төрт – он
бес жаста ғана болатын - дейді Г.Н.Потанин. Ауыл-ауылды аралай жүріп,
П.П.Семенов қазақ халқының өміріне, оның мәдениетіне ерекше зейін салып,
өзінің күнделігіне этнографиялық мәліметтерді жазып ала береді, қазақ
халқының ең жақсы өкілдерімен, әсіресе өзінің екі жыл бойы тұрған жері –
Жетісу қазақтарымен тығыз байланыс жасайды. Қазақ ауылдарына барып жүріп,
П.П.Семенов ескі рулық және жер мәселелері жөніндегі айтыстарға қатысып,
қиянат көрген адамдарды қорғап отырады. Семенов-Тяншанскиймен таныс болу
Уәлихановтың өмірінен елеулі орын алады, оның бүкіл ғылыми қызметтерінің
бағытын белгілі бір арнаға салады. Бұл екеуі алғашқы рет Карл Казимирович
Гутковскийдің үйінде, алдыңғы қатарлы білімді адамдардың, ғалымдар мен
жазушылардың, саяхатшылардың жиылып, әр уақытта бас қосып жүретін үйінде
кездеседі. Омбыда тұрған кезінде Шоқан Уәлиханов Гутковский мен
Капустиндердің үй іштерімен араласып жүреді. Шоқан Уәлихановпен жақын
танысқаннан кейін Семенов-Тяншанский оның асқан дарындылығына, терең
біліміне ерекше ықлас қойып, жас досының Петербургке барып, университеттік
лекциялар курсын тыңдағысы келетін талабын қуаттай түседі. Сонымен қатар
Шоқанның Орта Азия мен Батыс Қытайға сапар шегу мақсатын да қызу қолдайды.
Семенов екеуінің әңгімелері Шоқанға ұмытылмастай әсер етіп, жас ғалымды
қанаттандыра түседі, ойында жүрген зерттеу жұмыстарын жүзеге асыра
алатындығына сенімін күшейтеді. Мен Шоқанның таяуда ғана келген саяхатшыны
еске алып, қуанып отырған үстіне тап келдім, - деп жазады Г.Н.Потанин.
Жетісу мен Тянь-Шаньда саяхатта жүріп, П.П.Семенов қазақ және қырғыз
халықтарының тұрмысы мен этнографиясы жөніндегі сарқылмас білім бұлағы
болған Шоқан Уәлихановпен достық және ғылыми байланысын бір де бір үзбеген.
1856-1857 жылдары ол Шоқан Уәлихановпен Жетісуда жиі кездесіп, өзінің
ғылыми-зерттеу жұмыстарын сонымен бірге жүргізеді. 1856 жылдың күзінде
екеуі Құлжаға барып қайтады. 1857 жылғы сапары, шынында, Уәлихановтың
Қашқар экспедициясы алдындағы сын қадамы болып табылады. Бұл сапарында
Шоқан Уәлиханов қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы
танысып, оның тарихы мен этнографиясын, халықтық поэзиясын терең зерттейді.
Қажымас қажырлы еңбегінің нәтижесінде ол қырғыз халқы туралы өте бай тарихи
этнографиялық материал жинайды. Бұл сапарында жас Шоқанның әсіресе, қырғыз
халқының Манас атты атақты поэмасына алғашқы рет көңіл бөліп, бірінші рет
оны ғылыми жолмен жазып алуының және ішінаралап орыс тіліне аударуының
ерекше үлкен маңызы болды. Бұл поэмаға ол тұңғыш рет тарихи және әдеби
тұрғыдан талдау жасап, оның аты аңызға айналған батыр – Манас образына
және басқа кейіпкерлеріне талдау береді.

Ғылыми зерттеулері

Жас Шоқанның географиялық және тарихи зерттеулері П.П.Семенов-
Тяншанский арқылы Петербург ғалымдарына белгілі болады. 1857 жылы ақпан
айының 27 күні Шоқан Уәлихановты Орыстың географиялық қоғамының толық
мүшелігіне қабылдайды. Жас ғалым туралы П.П.Семенов-Тяншанский мен
В.И.Ламанский ауызша мінездеме береді. Олар Уәлихановты сол кезге дейін
төксерілмей тың жатқан Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуде, әсіресе көп
пайдасы тиетін талантты зерттеуші ретінде ұсынады. П.П.Семеновтың қысқа әрі
тұжырымды сипаттамасында былай делінген: ...Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің
Шығы жағалауына саяхат жасап, қырғыз даласы жөнінде аса бай географиялық,
этнографиялық және тарихи материалдар жинады және оларды тап қазір хабарла
десе де әзір. Шоқан Уәлихановтың Орыстың географиялық қоғамының толық
мүшелігіне сайлануы, оның өте маңызды ғылыми еңбектерін жоғары
бағалағандығы болып табылады.
Шоқан Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық істері XIX ғасырдың
50-жылдарының аяқ шені мен 60-жылдарының баскезінде әсіресе өрлей түседі.
1858-1859 жылдары Шоқан өзін ер жүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты
Қашқар саяхатына барып қайтады. Марко Поло мен иезуит Гостен кейін бұл елге
тұңғыш рет барған адам Шоқан еді. Европаға беймәлім болып келген бұл
елдердің географиясы, тарихы, мәдениеті және саяси жағдайымен терең
танысып, Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттемеген. Шоқан
Атбасы мен Арпаның және Нарынның кең алқаптарына қатты назар аударды.
Саяхатшы бұл алқаптардың маңызы Оңтүстік қырғыздардың экономикалық өмірінде
ерекше үлкен және олар осы таулы елдің орталығы деген қорытындыға келеді.
Шоқанның қырағы көрегендік қасиеті бұл жерлерден өткен кездердегі өмірдің
ескі іздерін байқауына жәрдем етеді. Бұдан кейін Уәлиханов солтүстіл шығыс
батысында, Нарын өзенінің бойымен жоғары қарай жүріп, алтыншы сәуір күні
Жетімшоқы ауданында, Зөкі асуы арқылы Ыстықкөл алабына апаратын үлкен
керуен жолын кесіп өтеді. Керуен асықпай аяңдап Ыстықкөлдің шығар жиегіне
келеді, одан әрі Іле сырты аңғарына түседі. Қиындық аяқталып, сүйікті
Жетісу көктемінің рахатына батады. Шоқан Уәлиханов өзінің бұл саяхатын он
ай, он төрт күнде ойдағыдай аяқтап, 1859 жылы Верныйға келеді. Шоқан
Уәлихановтың Қашқардан қайтып келуі туралы хабар Петербургке тез-ақ жетеді.
Қашқар саяхаты Уәлихановтың денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Ол бірнеше
ай бойы науқасынан айыға алмайды. Уәлихановтың Қашқар экспедициясының
нәтижелері аса бағалы болады. Ғалымдар оған ерекше үлкен көңіл аударады.
Уәлиханов алып келген аса бай материалдардың ішінде оның Шығыс Түркістанның
тұрмыс қалпы, адамдарының түр-сипатын бейнелейтін, қарындашпен салған
суреттері үлкен орын алады.

Ш. Уәлихановтың Қазақстан тарихындағы алатын орны

Оның ғұмырының соңғы жылы Тезек сұлтанның ауылында өтті. Ол мұнда да
Ұлы жүз қазақтарының өмірінен тарихи-этнографиялық материалдар жинаумен
шұғылданды. Аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов 1865
жылы 10 сәуірде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Оның қабірінің басына
ескерткіш пен құлпытас орнатылды. Ескерткішті саяси жер аударылып келген
поляк революционері Леполъд Ластовский жергілікті мәрмәр тастан қашап
жасады. Шығыстанушы ғалым И.Н. Веселовский: Шоқан Уәлиханов шығыстану
ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды, - деп жазды.
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін
зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды
ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды. Оның Абылай, Қырғыздар туралы
жазбалар, Ыстықкөл күнделіктері, Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы,
т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қазақтардың, сондай-ақ Орта
Азия халықтарының өмірінен салған 150-ден астам суреттері сақталған. Ол
қазақтардың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі.
Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы, Ш. Уәлихановтың туған халқының білім алып,
мәдениетінің өрлеуі, деспотизм мен зорлық-зомбылықтан құтылып, бақытты да
азат өмір сүруі жайлы ой-армандары ол дүниеден өткеннен соң көп жылдардан
кейін ғана жүзеге асты. Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау облысында
аудан, Талдықорған және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар аталып,
Көкшетаудағы педагогикалық институт пен Алматыдағы Тарих, археология және
этнография институты, №68 орта мектеп пен көше аты ғалымның есімімен
аталады. Алматы мен Көкшетау қалаларында Ш.Уәлихановқа орнатылған ескерткіш
бар. Шоқан бейітінің басында обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған.
Ш.Уәлихановтың құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен
табыстар үшін ҚазССР ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет өнері
саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Іле
Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар бастауында Уәлихановтың
құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан оқыған бұрынғы Кадет корпусының
ғимаратына ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек ғасырда ұлы ағартушының
мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет аталып өтіп, оның таңдамалы
шығармалары басылды. Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман
жазса, И. Стрелкова Жизнь замечательных людей атты серия бойынша Ч.
Валиханов атты кітап шығарса, Мәдени мұра бағдарламасы бойынша 
Ш.Уәлиханов  көп томдық шығармалар жинағының 6 томдығы жарық көрді. 1965
жылдан  Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына қазақтың тұңғыш
ағартушы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілген.
Қазақ халқының тарихын зерттеуі

Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн
кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің
қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының
биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады.
Қазақ елінің Ресейге қосылу процесі XVIII ғасырдың 30-жылдарында басталып,
жүз жылдан астам уақытқа созылды. Ф.Энтельс: XIX ғасырдың 30-жылдарына
дейін Ресей үш орданы, яғни қырғыз тайпаларын тек билеп отыр деген атағына
ие болып келді - деп жазды. Патша өкіметінің реакцияшыл отаршылдық
саясатына қарамастан Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының үлкен
прогрестік мәні бар еді. Алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті мен ғылымы қазақтың
демократиялық мідениетінің дамуына игі ықпалын тигізді. Орыстың прогресшіл
ақыл-ойының Қазақстанда өріс алуы қазақтың халық бұқараларының сана-
сезіміне терең өзгерістер енгізіп, оларды орыс мәдениетіне ынталандырып,
білім алуға құлшындырды. Хан билігі жойылып, жаңа әкімшілік тәртіп
орнатылғаннан кейін бұл құштарлық әсіресе арта түсті. 1822 жылы
Қазақстанның сотүстік-шығыс аудандарында тұңғыш рет Сібір қазақтары
жөнінде Устав енгізілді. Бұл заңның авторы М.М.Сперанский Уставты дайындай
отырып, қазақтардың тұрмыс-жағдайларына лайықтап өз алдына бөлек ережелер
жасап шығарды. Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған
дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс
халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу
дәуірі еді. Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің
дамуына даңғыл жол ашты. Шоқан Уәлиханов сияқты жан-жақты және терең
білімді, алдыңғы қатарлы адамның тарихи майданға шығуы тек осы екі халықтың
арасындағы экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нәтижесінде ғана
мүмкін еді. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ата-бабалары ескі сұлтандар
әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, Орта жүздің ханы Абылай Ресеймен сауда
және саяси байланыс жасап отырған. Абылайдың үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқан Уәлиханов подполковник
Шоқан Уәлихановтың ғылыми – зерттеу жұмыстары және оны тарихта оқыту
Пәндер