Құрғақ және шөл зоналарының топырақтары


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Реферат
Тақырыбы: Құрғақ және шөл зоналарының топырақтары
Орындаған: Сапарқұл Г. М.
3-курс биология полияз.
Тексерген: Ахметчина Т. А
Қостанай - 2017
Жоспар:
- Құрғақ және шөл зоналарының топырақтары.
- Топырақ құралу жағдайлары.
- Күңгірт қара-қоңыр топырақты құрғақ дала аймақшасы.
- Нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала аймақшасы.
- Ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы.
- Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілері.
- Қуаң дала және шөл дала аймағының топырақ жамылғысы құрылымы және оларды игеру шаралары.
Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан қуаң дала мен шөл далада қара қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы 90, 4 млн. га. Қазақстан жер аумағының 33, 2% қамтиды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр
ТМД елдерінде қара-қоңыр топырақтар және олардың кебір топырақтармен кешендері 107 млн. га жерде тараған (барлық жер аумағының 5% құрайды) . Бұл топырақтар Украина және Молдова мемлекеттерінің оңтүстік бөлігінде, Ресейдің Еділ өзені ағысының орталық және төменгі бойындағы жерлерде, Құлынды даласында, Орталық Сібірде және Байкалдың арғы бетінде Азов және Қара теңіздер жағалауында, Шығыс Кавказда кездеседі. жатыр.
Топырақ құралу жағдайлары. Қара-қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт) аймағы 48 0 және 52 0 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан.
Топырақ құралу жағдайлары топырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала; нағыз қара қоңыр топырақты қуаң дала; ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала (шөлейт) .
Күңгірт қара-қоңыр топырақты қуаң дала аймақшасы аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы 27, 7 млн. га.
Аймақшаның батыс бөлігіндегі Жалпы Сырт, Орал және Торғай үстірттерінің жонды, адырлы-бұдырлы жазықтарында аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар мен лөсс тәрізді құмбалшық болып келеді. Сарыарқа төңірегінде аналық тау жыныстары элювиалды-делювиалды шеміршекті тастақ құмбалшық пен құмайт, кейде ғаныш бар балшықтар, ал Ертіс өңірі жазықтығында-көне дәуірдің құмы, құмдағы және жеңіл құмбалшығы.
Ауа райы бұл аймақшада құрғақ және күрт континенталды. Қысы аз қарлы, суық, жазы құрғақ, жылы. Жыл ішінде 240-280мм жауын-шашын түседі, оның 55-60% жылы мезгілде жауады. Ылғалдың булануы жауын-шашын мөлшерінен 4 есе көп. Жазда құрғақшылық және аңызғақ құбылыстары жиі байқалады. Ауаның белсенді температура қосындысы 2300-2650 0 . Гидротермиялық коэффициент 0, 5-0, 7, ылғалдылық коэффициенті 0, 3-0, 35.
Табиғи өсімдік дүниесі ксерофитті астық тұқымдас және шамалы мөлшерде тараған аралас шөптерден құралған (боз, бетеге, қазтабан, келлерия т. б. ) . Баянауылдың аласа таулы өңірінде және Наурзым-Аманқарағай аңғарларында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы ормандар кездеседі.
Нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала аймақшасы сипатталып отырған аймақтың орта бөлігінде орналасқан. Қазақстанның Батыс бөлігінде аймақшаның ені 40-100км болса, Шығысында ол 150-225км-ге дейін жетеді. Бұл аймақша Каспий маңы ойпатының, Орал үстіртінің, Мұғалжар аласа тауларының, Торғай үстіртінің, Сарыарқаның және Ертіс өңірі жазықтығының біраз бөлігін қамтиды. Аймақшаның ауданы 24, 3 млн. га. Литологиялық-геоморфологиялық құрылысы топырақ түзуші тау жыныстары күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақшасына ұқсас. Климатының континенталдығы және құрғақшылығы артып, өсімдік дүниесі кедейлене түседі. Бір жылда түсетін жауын-шашын мөлшері 230-250мм, оның 70% жылы мезгілде түседі. Ауаның 10 0 С асатын температуасының қосындысын 2500-2900 0 . Гидротермиялық коэффициент 0, 4-0, 6 ылғалдану коэффициенті 0, 3 шамасында. Қуаңшылықтың байқалуы елу процент болады.
Табиғи өсімдік дүниесі жусанды-бетегелі-бозды шөптер тобынан құралған. Ертіс өңірі жазықтығының құмдарында жолақты-қарағайлы ормандар қалыптасқан.
Аймақшаның негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығыда мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және сорланған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
Аймақшада мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысу мүмкіндігі бар.
Ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала аймақшасы. 47 0 30 / -50 0 30 / солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 38, 4млн. га. Батысында Каспий маңы ойпатының солтүстігінен басталып шығысында Алтай және Тарбағатай таулары бөктерлеріне дейін созылып жатыр.
Каспий маңы ойпатының жер бедері аллювиальді теңіз жазықтары, ал топырақ жүзуші тау жыныстары сорланған балшықтар және ауыр саздақтар. Орал және Торғай үстірттері маңының жер бедері адырлы-бұдырлы жазықтықтар және аңғарлармен сайлардан құралған. Аналық тау жыныстары карбонатты балшықтар және саздақтар. Сарыарқа төңірегінде бұдырлы жазықтықтар мен ұсақ шоқылар және аласа таулар орналасқан. Аналық тау жыныстары элювиалды-делювалды шеміршекті, қиыршық тасты саздақтар, кейде құмдақтар.
Климатының континентальдылығы батыстан шығысқа қарай арта түседі. Ауадан түсетін ылғал жылына орташа есеппен 180-210 мм. Ауаның белсенді температурасы қосындысы 2600-3100 0 . Ылғылдану коэффиценті 0, 2-0, 3.
Өсімдік дүниесі негізінен жусанды-бетегелі шөптер тобынан құралған. Олармен қатар шамалы түрде қараған, баданалы қоңырбас, бәйшешек кездеседі.
Топырақ жамылғысы негізінен кебірленген ашық қара-қоңыр топырақтармен кебірлерден тұратын кешендерден құралған. Ойпатты жерлерде шалғынды, шалғынды-қара-қоңыр, кебір және сор топырақтар кездеседі. Топырақ жамылғысы құрылымы ауданының 63, 3 % ашық қара-қоңыр топырақ, 20, 2% кебірлер, 5, 2%-жартылай гидроморфты, 4, 0% гидроморфты, 1, 6%-сор топырақтар және 1, 2%- құмдар алып жатыр.
Аймақшада қуаншылық жағдай аса дамығандықтан дәнді-дақылдар өнімділігі өте төмен. Сондықтан бұл аймақшада мал шаруашылығын дамыту басты бағыт болуы тиіс.
Қара-қоңыр топырақтың тың жерде оның үстінде шөптесін өсімдіктер қалдықтарынан құралған А Ш -дала төсеніші (дала кигізі) қабаты бар. Оның астында А-қарашірінді жиналу қабаты, одан соң В 1 - қарашірінділі аралық қабат, одан төмен В 2 -қарашірінді тілдері қабаты, оның астында В К -иллювиалды карбонатты қабат орналасып, ол С аналық тау жынысы қабатымен шектеседі. Яғни құрылысы Ад-А-В 1 -В 2 - В К -С.
Қара-қоңыр топырақтың құрылысы және оның морфологиялық белгілері, химиялық қасиеттері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді.
Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 10-30см, түсі күңгірт қара-қоңыр, нағыз қара қоңыр немесе ашық қара қоңыр болып келеді, құрылымы кесекті немесе шаңды кесекті болады.
В 1 -қарашірінділі аралық қабаттың түсі күрең реңді қара қоңыр, немесе күрең болады. Құрылымы кесекті немесе призмалы кесекті, карбонат қосылыстар кездесетіндіктен әдетте НСl ертіндісінен қайнайды.
В 2 -қарашірінді тілдері қабатының түсі біркелкі емес; күрең қара қоңыр қарашірінді тілдері мен күрең түсті аналық тау жынысының сынашалары кезектесіп орналасқан, тығыздалған болып келеді, құрылымы кесекті-жаңғақша немесе кесекті призмалы.
В К -иллювиалды карбонатты қабат 40-60см тереңдіктен басталады. Бұл қабатта мол жиналған карбонат дақтар кездеседі. Түсі сарғыш күрең, өте тығыздалған, құрылымы призмалы, призмалы-жаңғақшалы болады.
Топырақтың 80-120см қабатынан бастап сарғыш күрең түсті аналық тау жынысы басталады. Оның құрамында ұсақ кристалды түрде гипс және тез ерігіш тұздар кездеседі.
Қара-қоңыр топырақтардың пайда болуы, генезисі бұл аймақтың климатының құрғақшылығымен өсімдік дүниесінің әлсіз дамуымен байланысты екендігін В. В. Докучаев., Н. М. Сибирцев т. б. ғалымдар атап көрсеткен.
Қара-қоңыр топырақ қара топырақ сияқты шымдану процесінің әсерінен қалыптасады. Бірақ қара қоңыр топырақты аймақта шымдану процесінің қарқыны бәсеңдеу болады. Құрғақ климаттың әсерінен қалыптасқан бозды-бетегелі, жусанды-бозды-бетегелі өсімдіктер бұл аймақта сиректеу орналасып, қара топырақты аймаққа қарағанда, азырақ өсімдік қалдықтарын қалдырады.
Топырақтың ылғалдылығының нашарлауы себебінен микробиологиялық процестер бәсеңдеп, минералдану артып, топырақта қарашіріндінің түзілуі, азоттың және басқа қоректік заттардың жиналуы кемиді. Карбонаттардың, басқа да тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға терең шайылуы байқалмайды.
Сөйтіп олар жоғарырақ қабаттарда орналасады.
Қара-қоңыр топырақ. Құрамында кремний, магний және сілтілік металдар бар жусан тобының өсімдіктерінің қалдықтары жер бетіне молырақ түсіп ыдырауынан топырақта кебірлену процесінің шымданумен қосарлана жүруі бұл аймақта жиі байқалады. Сондықтан қара-қоңыр топырақты аймақта олардың кебірленген тектері мол дамып және олардың топырақ жамылғысының кешенді болып келуі байқалады.
Қара-қоңыр топырақтың классификациясы.
Қара-қоңыр топырақтар ТМД мемлекеттерінде қолданылатын классификацияға сәйкес келесідей жіктеледі. Қара қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр; нағыз қара-қоңыр; ашық қара-қоңыр топырақ типшелері. Бұл типшелерге бөліну негізінен олардың құрамындағы қарашіріндінің мөлшеріне байланысты.
Қара қоңыр топырақтардың тектері келесідей:
-кәдімгідей
-карбонаты
-кебірленген
-тереңнен қайнайтын
-сортаңданған
-шала дамыған
-әлсіз дамыған
Бұл қара-қоңыр топырақ тектерінің негізгі диагностикалық белгілері қара топырақ типінің тектерінің белгілеріне сәйкес болып келеді.
Қара-қоңыр топырақты түрлерге А+В 1 қабатының қалыңдығына байланысты жіктейді. Егер А+В 1 қалыңдығы 50см-ден асса, ол қуатты қабатты қара-қоңыр топырақ; ал ол 30-50см аралығында болса-орташа қалыңдықты; 20-30 болса-жұқа; 20см-ден аз болса- өте аз жұқа қабатты топыраққа жатады.
Қара-қоңыр топырақтың жіктелуі
қара-
қоңыр
Нағыз
қара-
қоңыр
Ашық
қара-
қоңыр
Карбонаты
Кебірленген
Тереңнен
қайнайтын
Сортаңданған
Жетілмеген
Әлсіз дамыған
қалыңдығына сәйкес:
А+В 1 >50см, қалың
А+В 1 30-50 см, орташа
А+В 1 20-30 см, жұқа
А+В 1 < 20 см, өте жұқа
Қара-қоңыр топырақты қарашірінді мөлшеріне байланысты типшелерге жіктеу
*- жақша ішінде тың және тыңайған жерлерде.
Қара-қоңыр топырақтың типшелері, қасиеттері.
Күңгірт қара-қоңыр топырақ дамыған аймақшаның ауданы 27, 7 млн. га. Қара-қоңыр топырақ аймағының солтүстік бөлігінде, оңтүстік қара топырақ типшесімен шекаралас орналасқан. Бұл қара-қоңыр топырақтардың ішіндегі құнарлылығы, физикалық, химиялық қасиеттері жағынан ең бағалысы болып келетін топырақ. Қасиеттері, морфологиялық белгілері жағынан қарағанда оңтүстік қара топыраққа ұқсас болып келеді.
Кәдімгідей күңгірт қара-қоңыр топырақ жазықтарда, көне террасаларда, шоқылар арасындағы жазықтарда, шоқылар баурайында кездеседі. Бұл топырақтардың түзілуіне тереңде жатқандықтан ыза су ықпал жасамайды. Өсімдік жамылғысы бозды-бетегелі шөптесін өсімдіктер мен қуаңшылыққа төзімді мардымсыз аралас шөптерден құралған.
Бұл топырақтың А қарашірінді жиналатын қабатының қалыңдығы 18-27см, бір тектес күңгірт қара-қоңыр түсті, құрылымы кесекті, шаңды-кесекті болады. Тың жерде бұл қабаттың үстінде қалыңдығы 3-6см болып келетін А Ш -дала киізі қабаты орналасады.
В 1 -қарашірінділі аралық қабаттың қалыңдығы 12-24см, түсінің күрең реңі айқын байқалады. Тығыздылығы А қабатына қарағанда арта түседі, кесекті құрылымды. Жалпы А+В 1 қабатының қалыңдығы 34-45см-ге жетеді.
В 2 -қарашірінді тілдері қабаты қалыңдығы 11-31см-ге жетеді, біркелкі емес қошқыл күрең түсті, тығыздалған, біркелкі кесекті, призмалы кесекті немесе жаңғақша құрылымды болады.
Тұз қышқылы ерітіндісінен топырақтың «қайнауы» 30-40см тереңдікте, ал карбонаттардың дақтары 35-45см тереңдікте байқалады. Карбонаттардың мол жиналған В К иллювиалды қабат 45-65см тереңдікте кездеседі. Бұл қабат мол карбонаттар жиналуы әсерінен ашық түсті және өте тығыздалған болып келеді.
Ғаныштың және ерігіш тұздардың жиналуы 100-120см тереңдікте байқалады.
Күңгірт қара-қоңыр топырақта, қара топыраққа қарағанда, қарашіріндінің, азоттың және басқа қоректік элементтердің мөлшері кем болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері үстінгі қабатта 3, 5-4, 5%, жалпы азот 0, 200-0, 250%. Қарашірінді қоры 1м топырақ қабатында 250-280т/га Қарашірінді құрамында гумин қышқылдары фульвоқышқылдардан басым (С ГҚ :С ФҚ -1, 2-1, 6) . Қарашіріндінің азотпен қанығуы орташа дәрежеде, фосфордың мөлшері 0. 10%. Өсімдіктерге тиімді алмаса сіңген калий қоры мол, нитратты азоттың мөлшері пар алқаптарында мол, ал басқа танаптарда орташа дәрежеде, жылжымалы фосфордың мөлшері жеткіліксіз болып келеді. Алмаса сіңген катиондар мөлшері 100г топырақта 20-30 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы үстінгі бетінде бейтарапқа жақын (рН 6, 5-7, 4), ал астыңғы қабаттарда сілтіленген (рН 8, 0- 8, 7) болады (36-кесте) .
Күңгірт қара-қоңыр топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиеттері жақсы. Тығыздылығы үстінгі (0-30см) қабатта 1, 01-1, 27 г/см 3 , кеуектілігі 52, 7-62, 1%, далалық ылғал сыйымдылығы 26, 6-28, 9 %. Бұл топырақтың 1м қабатында далалық ылғал сыйымдылығы байқалған кезде өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 155, 8 мм-ге жетеді.
Қуаң дала және шөл дала аймағының топырақ жамылғысы құрылымы және оларды игеру шаралары
Қуаң дала аймағының солтүстік бөлігінің топырақ жамылғысының негізін күңгірт қара-қоңыр топырақ құрайды. Ол осы өңірдің ауданының 50%-дан артық жерінде кездеседі. Сонымен бірге сорланған, кебірленген топырақтар да жиі тараған. Олар топырақ жамылғысы құрылымының 40% қамтиды.
Қуаң дала аймағының оңтүстік бөлігінің негізгі топырағы нағыз қара-қоңыр топырақ. Ол осы аймақша ауданының 50% алып жатыр. Сонымен бірге нағыз қара-қоңыр топырақтың кебірлермен жиынтығында мол тараған. Олар топырақ жамылғысының 40% құрайды. Ойпатты және сорланған аналық тау жыныстары бар жерлерде шалғынды нағыз қара-қоңыр топырақтар, кебірлер мен сор топырақтар кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz