ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекетік педагогикалық институты

Жаратылыстану - математика факультеті

Жаратылыстану ғылымдар кафедрасы

ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:

Кожмухаметова А. С

ж. ғ. м. , аға оқытушы,

Қостанай, 2016 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I-тарау Өсімдіктерді вегетативті көбейту . . . 4

1. 1 Өсімдікті вегетативті көбейту . . . 4

1. 2 Өсімдіктің вегетативті мүшелері . . . 6

II-тарау Өсімдіктерді вегетативті көбейту жолдары . . . 11

2. 1 Табиғи вегетативтік көбею . . . . . . 12

2. 2 Қолдан вегетативтік жолмен көбейтудің әдістері . . . 14

2. 3 Телу және оның тәсілдері . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

КІРІСПЕ

Көбею - барлық организмге тән тіршілік қасиеттерінің бірі. Организм көбейгенде артына өзі сияқты ұрпақ қалдырып, сол организмнің санын көбейтеді, оны табиғатта сақтап қалады. Организмнің көбеюіне сыртқы ортаның әрқилы жағдайлары әсер етеді. Сондықтан адамзат өзіне тиімді жағына қарай өзгертіп отырады. Зиянды өсімдіктердің көбеюін шектеп, пайдалыларға жағдай жасап, өркендетеді. Ал жалпы осы көбеюдің өзі 2 түрге бөлінеді: жынысты және жыныссыз. Тарихи даму барысында алғаш қарапайым жыныссыз жолмен көбею келіп шыққан [1]

Жыныссыз көбеюдің нәтижесінде түрлердің биологиялық қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталып отырады. Жыныссыз көбеюде бір ата-аналық дара бас тұқым қуалау белгілері бойынша өзіне ұқсас екі немесе одан да көп жаңа дара басқа бастама береді. Жыныссыз көбею гаметалардың түзілуінсіз, бір клеткалы және төменгі сатыдағы ағзалардың бөлінуі немесе бүршіктенуі нәтижесінде, сондай-ақ әрі қарай жеке өмір сүруге қабілетті спора түзу арқылы жүзеге асады. Осы қасиеттеріне орай жыныссыз көбею екі түрлі болады:

1. Нағыз жыныссыз көбею.

2. Вегетативтік көбею.

Нағыз жыныссыз көбею - өсімдіктің органының сыртынан кейде ішінен клеткалар пайда болып, олар өзінше дербес өмір сүруге бейімделді. Ондай жеке организмге айнала алатын қасиеті бар клеткаларды спора деп атайды.

Вегетативтік жолмен көбею деп - құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы арқылы көбеюді атайды. Вегетативтік көбею жыныссыз көбеюдің ең алғаш пайда болған түрі. Ерте кезден-ақ, яғни өсімдіктер пайда болған кезде өсімдіктер осы жолмен көбейген.

Вегетативті көбею өз ішінен екі түрге бөлінеді. Бұл екі түрдің өзіндік айырмашылығы мен ұқсастықтары және олардың да көптеген әдістері бар олар жайлы негізгі бөлімдерде толық мәліметтер беріледі.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: вегетативті көбейту туралы түсінікті жетілдіру, өсімдіктердің вегетативті, яғни өсімді мүшелермен толықтай таныстыру, вегетативті көбейту тәсілдерімен және сол тәсілдермен көбейетін өсімдіктермен танысу. Вегетативті көбейтудің тиімділігі мен ерекшелігін оның басқа көбею тәсілдерінен айырмашылығын анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, II тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .

I-тарау ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ

1. 1 Өсімдікті вегетативті көбейту

Вегетативтік көбею (лат. vegeto - тірілту, қоздыру, өсіру) - вегетативтік мүшелері арқылы өсімдіктен тіршілікке қабілетті бөліктерінің бөлінуі немесе бүршіктенуі нәтижесінде, түрдің жеке санының артуын айтамыз. Вегетативтік көбею алуан түрлі және өсімдіктердің барлық топтарында кең таралған. Бір жасушалы балдырлар мен бактерияларда вегетативтік көбею жасушаларының екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Ал көп жасушалы балдырларда вегетативтік көбею, олардың талломдарының кездейсоқ бөліктерге бөлінуі арқылы жүреді. Жіпшелі көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері гетероцисталары арқылы көп жасушалы гормогонияларға бөлінеді. Көбеюдің мұндай қарапайым тәсілі тек төменгі сатыдағыларға ғана емес, суда тіршілік ететін кейбір гүлді өсімдіктерге де (сужапырақ, мүйіз жапырақ, егеушөп) тән. Осылай көбею нәтижесінде XIX ғасырда Еуропаға енген Канада сужапырағы су қоймаларында кең таралғандықтан, жергілікті тұрғындар «су чумасы» деп атаған. [1]

Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі оның регенерациялық қабілетіне негізделген. Неғұрлым өсімдік теменгі сатыдағы болса, оның регенерациялық қасиеті соғұрлым күшті болады. Мысалы, бір клеткалы өсімдіктердің денесі бөлінудің нәтижесінде одан екі жас жасуша пайда болады да, бұлардың әрқайсысы өзінше дербес өсімдікке айналады. Мұны да вегетативтік көбею деп есептейміз. Бұл сөздерден шығатын қорытынды, вегетативті көбеюде өсімдіктің регенерациялық қасиеті маңызды рөл атқарады. Ал осы регенерация сөзіне тоқталып өтетін болсақ, ол «қайта қалыптасу» деген мағынаны білдіріп, организмнің жарақаттанған, немесе жойылған бөлігінің қайтадан қалыптасып, орнына келуін қамтамасыз ететін құбылыс болып табылады. Бұл құбылыс өсімдіктер әлемінде өте жиі байқалады.

Қайта қалыптасу физиологиялық және зақымды болып бөлінеді.

Өсімдік бөліктерінің табиғи тозудан кейінгі бұрынғы қалпына қайтып келуі физиологиялық регенерация деп аталады. Оның мысалы ретінде тамыр қынының түлеген клеткаларының орнына жаңа клеткалардың қалыптасуын, ксилеманың ескірген бөліктерінің жаңғыруын, ағаштар діңінде қабықтың алмасуын т. б. келтіруге болады.

Өз ретінде зақымды регенерация екі топқа бөлінеді:

1. Жасушалардың қайталап жіктелуіне байланысты қалпына келу:

а) жараның бітуі (жазылуы) ;

б) каллустан мүшелердің қалыптасуы (органогенез) ;

в) денелік эмбриогенез.

2. Меристема деңгейіндегі регенерация:

а) ұштық (төбелік) меристеманың қайта қалыптасуы;

б) алғашқы ұрықтардан мүшелердің дамуы (органогенез) ;

в) жаңадан пайда болған басқа ұрықтардан мүшелердің дамуы.

Енді көрсетілген регенерация түрлерінің қысқаша анықтамасына назар аударайық.

Жараның жазылуы. Жарақаттанған бөліктің (мүшенің) үстіңгі ұлпалары қайтадан жіктеліп (ыдырап) олардың клеткалары бөліне бастайды. Одан феллоген (тоз камбий) қалыптасып, тозға айналады. Жараның беті каллус ұлпасы арқылы да бітуі мүмкін.

Каллустан мүшелердін калыптасуы. Жасушалардың қайталап жіктелуі алғашқы кезде жараның бітуіне ұқсас болады. Бірақ, жасушалардың бағытсыз бөлінуіне байланысты өзара ретсіз орналасқан паренхималық жасушалардан құралған каллус ұлпасы пайда болады.

Денелік (соматикалык) ұрықтын пайда болуы (эмбриогенез) . Бұнда да жараланған бөлікте каллус қалыптасады. Оның жеке жасушаларының қалыпты бөлінуінен денелік ұрықтар (эмбриодтар) қалыптасады. Белгілі қолайлы жағдайларда олардан тұтас ағза дамиды.

Жараланған бөліктердің каллус ұлпасының қатысуынсыз қайта қалыптасуы. Регенерацияның бұл түріне эпидерманың бірлі-жарым жасушаларынан жараланған жерден қашықтау кірме өркендердің қалыптасуын жатқызуға болады. Қабықтың негізгі ұлпа (паренхима) клеткаларының ксилема клеткаларына айналуы да осының мысалына жатады. Өткізгіш ұлпа элементтерінің қайтадан қалыптасу бағыты, ең алдымен, ксилеманың қалыптасуына қажет генетикалық бағдарламаны қоздырушы ауксиннің біржақты (полярлы) төмен қарай тасымалдануымен анықталады.

Өсімдік бөліктерінің қайтадан қалыптасуының басқа түрлері ұштық, немесе бүйір меристемалардың әрекетіне байланысты.

Ұштық меристеманын қалыптасуы. Өсу төбешігін бойынан қақ жарса, әр жартысынан жеке төбешік (апекс) қайта қалыптасады. Өркеннің, тамырдың өсу төбешігі меристеманың кішкентай аралық бөліктерінен де қайтадан қалыптасады.

Мүшелердің бұрынғы бастамалардан калыптасуы. Әдетте өсімдіктің жер үстілік мүшелері тыныштық күйдегі қынап бүршіктерінің өсуінен қалыптасады. Тамыр жүйесінің ұш жағын жарақаттап, немесе кесіп тастаса бүйір тамырлар жедел қалыптаса бастайды.

Мүшелердің жаңадан пайда болған кірме бастамалардан дамуы. Көптеген ағаш тектес, шөптесін өсімдіктерден дайындалған қалемшелер қолайлы жағдайда өздігінен тамырланып жаңа өсімдіктің қалыптасуына бастама болады. Бұл камбий, немесе перициклдегі жасырын меристема клеткаларының жедел бөлінуіне байланысты. Осы сипатталған регенерацияның түрлері өсімдіктерді мүшелері арқылы (вегетативтік) көбейту әдістерінің негізі болып есептеледі.

Вегетативтік көбею кезінде аналық өсімдіктен пайда болған жас особьтар жиынтығы клон деп аталады. Гүлді өсімдіктерде клонда тамырсабақтың бұтақталған ескі бөліктерінің біртіңдеп бұзылуынан, сол сияқты жер беті және жер асты столондарының ұшындағы түйнектер мен жуашықтардан жас өсімдіктер бастамасы ретінде жетіледі [2] .

2. 2 Өсімдіктердің вегетативті мүшелері

Тамыр. Тамыр - негізгі вегетативті мүше. Тамыр осьті апикальді мүше немесе төбе меристемасы арқылы ұзындыққа өсетін мүше. Сабақтан айырмашылығы - онда ешқашанда жапырақтар пайда болмайды және апикальді меристема тамыр оймақшасымен қапталған.

Негізгі атқаратын қызметі - су және минералды заттарды топырақтан сіңіру.

Қосымша атқаратын қызметі:

А) Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді, вертикальді өсуіне жағдай жасайды.

Б) Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді ( көптеген аминқышқылдар, гормондар, алколоидтар) және өсімдіктердің басқа мүшелеріне жеткізіледі.

В) Тамырда қор заттар жинақталады.

Г) Тамыр басқа өсімдік тамырларымен, топырақтағы микроорганизмдермен, саңырауқұлақтармен байланысады.

Д) Өсімдіктің вегетативті көбеюіне қатысады.

Бір өсімдіктегі тамырлар жиынтығы тамыр жүйесін құрайды. Тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр кіреді. Негізгі тамырдан бұтақтанған тамыр - жанама тамыр. Өсімдіктің жер үсті мүшелері, сабақтан пайда болған тамыр қосалқы тамыр деп аталады. Тамыр жүйесінің 2 типі бар кіндік және шашақ. Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы жетілген, қос жарнақтылар класының тұқымдастары (Ranunculaceae, Papaveraceae, Fabaceae) . Шашақ тамыр жүйесі - дара жарнақтылар класының тұқымдастары - Liliaceae, Poaceae тұқымдастарына тән.

Тамырдың өсу зонасы. Тамырдың апикальды меристемасының клеткалары тамыр оймақшасымен қоршалған. Тамыр оймақшасының астыңғы жағында бөліну аймағы орналасқан. Клетканың мөлшері - 1мм. Бұл аймақтан жоғары -өсу аймағы, клеткалар өте тез ұзынынан ұлғаяды. Тамыр түкшелері орналасқан аймақ сору аймағы деп аталады. Бұл түкшелердің сіңіру беткейі үлкен болады және топырақтан су мен минералды заттарды сіңіреді. Сіңіру аймағы мен сабақтың негізгі аралығы өткізу аймағы. [3]

Сабақ. Сабақ - жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшесі, өркеннің өстік бөлімі. Сабақ ұшында төбе меристемасының болуына байланысты үнемі ұшынан, сол сияқты қыстырма меристемасынан да өсіп отырады.

Сабақ тамыр мен жапырақты байланыстырып тұрады. Сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар тамырға қарай, ал тамыр арқылы қабылданған су және одан еріген минералдық тұздар мен органикалық заттар жапыраққа қарай жылжиды. Сабақ бұтақтанып, онда жапырақтың ассимиляциялық беткейі жетіледі. Ол осы беткейді кеңістікте ұстап тұру, оны жарыққа бағыттап тұру қызметін, яғни тіректік қызмет атқарады.

Жоғарыда аталған негізгі қызметтер мен қатар көп жылдық өсімдіктердің сабағында қор заттары жиналады, шөптесін өсімдіктердің сабағында фотосинтез жүреді және көптеген өсімдіктердің сабағы вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

Сабақ морфологиясы. Сабақтың морфологиясы жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында бірдей емес сондықтан олардың алуан түрлілігін еңсесіне, пішінінен, көлеміне бөліп қарастырған жөн.

Ағаштардың басым көпшілігі көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс және т. б. Шөптесін өсімдіктердің сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып, көтеріліп барып өсетіндері жиі кездеседі. Бұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады.

Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өсетіндіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің сабағының топырақ пен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төсемелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т. б. жайылып өсіп, үлкен аймақты қамтиды.

Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таяныш пайдаланып өседі. Мұндай өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Лианаларға сабағы жіңішке, механикалық ұлпасы біршама нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдері жатады.

Сабақтың өсуінің ерекшелігі жертағанды өсімдіктерде байқалады. Бұлардың сабағының өсуі шектелген, буын аралықтары қысқа жапырақтары тамыр мойнына жиналған жертаған жапырақты болып келеді.

Жұмыр сабақтың көлденең кесіндісінің пішіні дөңгелек тәрізді. Өйткені, сабақта механикалық ұлпа айнала шеңбер түзіп біркелкі орналасады.

Консистенциясына қарай сабақ сүректі және шөптесін болып бөлінеді. Сүректі өсімдіктер сабағының сүрек клеткаларының қабықшасына лиглин сіңіп қатайған. Сүректі сабақты өсімдіктерге ағаштар және бұталар, бұташықтар мен жартылай бұталардың көбі жатады. Шөптесін өсімдіктер сабағы қатаймаған жұмсақ шөптесін қалпын сақтайды.

Жапырақ . Жапырақ - жоғарғы сатыдағы өсімдіктер денесіндегі фотосинтез, тыныс алу және трнспирация қызметін атқаратын өте маңызды вегетативтік органдардың бірі. Жапырақтың ең негізгі бөлімі - жапырақ тақтасы. Көптеген өсімдіктердің нағыз жапырағының түбінен қосалқы жапырақтары өсіп шығады.

Жапырақ тақталары пішіндеріне қарай: қылқан жапырақ, таспа тәріздес жапырақ (астық тұқымдастар), қандауыр немесе ланцет тәріздес жапырақ (талда), эллипс тәріздес жапырақ (ұшқат), жұмыртқа тәріздес жапырақ (тар тар жапырақ, шамшат), жүрек тәріздес жапырақ (жөке ағашы, қоғажай), ромба тәріздес (қара тал), стрелка тәріздес жапырақ (қымыздықта), жебе тәріздес жапырақ (шырмауықта), бүйрек тәріздес жапырақ т. б. түрлері кездеседі.

Бір жапырақтың негізгі сағағына бірнеше жеке тақташалар орналасқан, бұлар өз алдына жеке-жеке түсіп отыратын болса, оларды күрделі жапырақ деп атайды. Күрделі жапырақ өсімдік түріне қарай әртүрлі болады:

1. Үш құлақ - күрделі жапырақ -сағағының ұшына 3 тақташа орналасқан жапырақтар (беде, жоңышқа, соя т. б) .

2. Салалы күрделі жапырақ - сағағының ұшына 3 тен артық тақташа орналасқан жапырақ (бөрі бұршақ, қара сора, қос табан т. б) .

3. Қауырсын күрделі жапырақ -бір жапырақтың негізгі сағағын бойлап, оның екі жағына бірдей құс қауырсыны тәріздес орналасқан жапырақ.

Гетерофилия. Өсу ортасының алуан түрлі факторларына байланысты күн нұрының күшіне, сапасына, қоректі заттардың мөлшеріне, температураға, ылғалға байланысты өсімдіктің әр бір бұтақтарында немесе бір ғана бұтағында орналасқан жапырақ тақталарының түрліше пішінді болуы гетерофилия деп аталады. [3]

Жапырақтың орналасуы. Өсімдіктердіңі сабағына белгілі бір тәртіппен орналасады.

1. Кезекті орналасу(бидай, жүгері, емен т. б)

2. Қарама-қарсы орналасу: Сабақтың әрбір буынынан екіден жапырақ шығады да, олар бір-біріне қарама-қарсы орналасады. (бөдене, шөп, балқурай т. б)

3. Шоқтанып орналасуда сабақтың бір буынынан 3 немесе одан да көп жапырақ шығады.

Жапырақтың анатомиясы 3 -ке бөлінеді:

1. Жапырақтың сыртын қаптап жатқан алғашқы жабындық ұлпа эпидермис;

2. Жапырақтың мезофилі;

3. Сосуд-талшық шоқтары.

Өсімдік органдарының метаморфоздары.

Өсімдіктің негізгі органдарының айналадағы ортаға бейімделе келіп, құрылысы мен түрі өзгеруін және белгілі бір жаңа қызмет атқаруға бейімделуін метаморфоз деп атайды. Өсімдіктерде метаморфоз олардың тарихи даму кезеңдерінде пайда болады, кейін олардың тұқым қуалайтын түпкілікті белгісіне айналады. Өсімдіктің метаморфозданған органдарына, мысалы, сәбіз бен қызылшаның жем тамырлары, лианалардың мұртшалары, кейбір өсімдіктердің сояулары мен тікендері және т. б жатады.

1. Өркеннің метаморфозы. Өсімдіктің жапырақтары бар бұтағын (сабағын) өркен деп атайды. Капуста басы - жапырақ пен сабақ клеткаларына қоректік заттар жиналып түрі өзгеріп кеткен өркен.

Пиязшық (жуашық) - мұнда сабағы өте қысқарып түрі өзгеріп кеткен, жапырағы қабыршаққа айналып кеткен өркен. Сыртындағы сілдіреген қабыршақтарыда түрі өзгеріп, кеуіп қалған жапырақтар.

Сояу- түрі өзгерген өркен.

Филлокладия-жапырақтары редукцияланып, сабақтары немесе бұтақтары тақталанып, бір жапырақ тәрізді болып түрі өзгерген өркен. Мұны кейде кладодия деп те атайды.

Редукцияланған жапырақ қолтығынан филлокладия (кладодия) өсіп шығады да, оның бет жағынан гүлдер пайда болады. Филлокадиялары бар өсімдік түрлері көбінесе қуаңшылық аудандар да кездеседі. (филлаптус өсімдігі) . Нағыз жапырақтан ешқашан да гүл өсіп шықпайды.

Жапырақ метаморфозы. Өсімдік жапырақтары өскен орталарының әсеріне, тіршілік ерекшеліктеріне қарай өзгергіш келеді. Мысалы: кейбір өркендермен бірге, өсімдік жапырақтарының да түрі өзгеріп, сояуға айналып кетеді (бос қараған, ақ қараған, кактус т. б) . Кейбір өсімдік өркендерінің ең ұшында орналасқан жапырақтары түрін өзгертіп мұртшаға айналып кетеді. Бұл көбінесе сабағы ұзындау және жіңішке болып келетін өз денесінің салмағын өзі тік көтеріп тұра алмайтын өсімдіктерде көбірек ұшырайды (бұршақ, сиыр жоңышқа, жүзім. т. б) .

Филлодия - үнемі жұмыр болатын жапырақ сағағының бірте-бірте өзгеруі салдарынан жапырақ тақтасы тәрізді болып өзгеріп кету. Ол фотосинтез, транспирация және тыныс алу процестерін жүргізіп жапырақ тақтасының қызметін атқарады. (түбіртек, бозкілем, алоэ, балдырған, агава, т. б) .

Сабақтың метаморфозы. Негізгі вегетативтік органның бірі - өсімдік сабағы да метаморфозданып, түрі өзгереді. Сабақ метаморфоздарының түрлері:

1. Түйнектер-томпайып, түйнектеніп және ет - женді болып түрі өзгеріп кеткен сабақ. Систематикалық жағынан қарағанда жер үсті және жер асты түйнегі болып 2-ге бөлінеді.

Жер үсті түйнегіне: кольраби капустасы.

Жер асты түйнекке: картоп, жер алмұрты (топинамбур) .

Тамырсабақ-өсімдіктің түрі өзгерген жер астындағы сабағы. Мұның сыртқы пішіні өсімдіктің тамыры сияқты болғанымен, тегі және ішкі құрылысы жағынан алып қарағанда-сабақ. Тамырсабақ бунақ-бунақ болып, топырақ астында көмулі болады. (қалуен, бидайық, жыланқия т. б) .

Кейбір өсімдіктің сабағы түрін өзгертіп ет-женді болып, немесе жапырақ тәрізденіп жасыл тақтаға айналып, фотосинтез, тыныс процесіне икемденіп кетеді. Мысалы: кактус.

Тамырдың метаморфозы. Метаморфозданған тамырдың жемтамыры және түйнектамыр деген 2 түрі бар.

1. Жемтамыр (тамыр-жеміс) -кейбір өсімдіктердің бір тамырларының клеткаларына қоректік заттар көбірек жиналып, олар ет-женді болып жуандап түрін өзгертіп кетеді. (2 жыл. өсім. ) қызылша, сәбіз, шалқан, тунепс, шолғам, шомыр т. б.

2. Түйнектамырлар-клеткаларына қор жинап, көлемі ұлғайып, ет-женді болып, түрі өзгерген жанама немесе қосалқы тамырлар оның ұшында бүршіктер болуы мүмкін. Сондай тамыр түйнектерінен келесі жылы жас өркендер өсіп, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюіне мүмкіндік береді. (георгина, қазықұрт, турненс, банан т. б) [12]

II -тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ ЖОЛДАРЫ

Жалпы вегетативті көбею туралы жоғарыда өте көп айтылып өтті. Біз оның ерте кезде өздігінен табиғи жолмен өзінің өсімді мүшелерінің көмегімен бөлінетіндігін байқадық, бірақ ғылым салалары жетіле келе адамзат баласы өсімдіктердің өсімді мүшелері арқылы оларды қолдан көбейтуді де ғылымға енгізді (1- сурет) . Сонымен вегетативті көбею өз ішінен табиғи вегетативті көбею және қолдан вегетативті көбейту деп 2 түрге бөлінеді. Бұл екі бөліну түрінің бір - бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Себебі табиғи вегетативтік кебею дүниеде өз бетімен кездесетін және сонымен қатар өсімдіктің регенерациялық қасиетіне негізделетін болса, ал екіншісі - табиғатта кездеспейді, оған қолдан түрлі хирургиялық әдістерді қолдана отырып, адам өсімдіктерді өзі өсіреді, көбейтеді [6]

1-сурет Вегетативті көбею жолдары

2. 1 Табиғи вегетативтік көбею

Табиғи вегетативтік кебею - бұл адамзат баласының қатысуынсыз, өсімдіктердің өздігінен өсімді мүшелерінің бөлінуі немесе бүршіктенуі арқылы көбеюі. Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Көп клеткалы және клеткаланбаған ірі балдырлардың, саңырауқұлақтардың денесінен кездейсоқ үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді. Мүк, плаун, селагинелла дейтін өсімдіктердің ересек талломы немесе «өркені» қурап қала береді де, олардан өсіп шыққан жас бұтақтар өзінше жеке өсімдікке айналып, табиғи жолмен көбейеді. Папоротник пен жылбұрын сияқты, кейбір жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер де табиғи вегетативтік жолмен, екі түрлі тәсілмен көбейеді:

1) мүк және плаун сияқты өсімдіктердің жер астындағы ересек бөлімдері қурап қалып, олардан өсіп шықкан «өркендері» әрмен карай өсіп көбейеді;

2) папоротниктің жапырақ бетінде пайда болған қосалқы бүршіктері үзіліп түсіп, бұлар да әрмен қарай өсіп, өз бетінше жеке өсімдікке айналады [5] .

Тұқымды өсімдіктердің бір және екі жылдық түрлері ғана табиғи вегетативтік жолмен көбейе алмайды, ал көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің барлығы да табиғи вегетативтік жолмен көбейе береді. Бұлардың арасынан табиғи вегетативтік көбеюдің мынадай түрлері кездеседі:

Өркен бөліп кө6ею, өсімдіктердің денесінде пайда болған өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты деген өсімдікті алуға болады. Балықоты көбінесе ағынсыз суда өседі, оның қыстан аман сақталып шыққан бірнеше данасы ғана жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты гектардай бетін жауып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді микроклонды көбейтудің артықшылықтары
Тау-сағыз (Scorzonera tau-saghyz) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері. Культивирленетін өсімдік клеткаларынан каучукты(изопреноид) бөліп алу әдістері
Қазақстан өңірінде жабайы түрінде кездесетін таңқурай мен қара қарақаттың in vitro жағдайындағы өсу ерекшеліктері
Жанама тамыр
Клондық микрокөбейтудің әдістері
Клондық микрокөбейту әдістері
Анар өсімдігін жылыжай жағдайында көбейту
Өсімдіктерді микроклональды көбейту биотехнологиясы
Тау-сағыз өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері
Өсімдіктер физиологиясы институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz