Жемдік қоспалар өндірісі
КІРІСПЕ
Жемдік қоспалар өндірісі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі буыны болып табылады. Ауыл шаруашылық жануарларын жемдік қоспалармен қамтамасыз ету арқылы мал шаруашылығының даму мөлшерін анықтауымызға болады. Мал шаруашылығына жемшөп өндірудегі жемдік қоспалардың өзіндік құны 65-75% құрайды.
Кез-келген жемдік қоспаларды өндіру кәсіпорының мақсаты ауыл шаруашылық жануарларын қоректік заттарға бай, олардың қауіпсіздігін, өсуін, дамуын және өнімділігін қамтамасыз ететін жемдік қоспаларды дайындау болып табылады.
Жемдік қоспаларды өндіру ауыл шаруашылығының күн санап дамуымен маңыздылығын арттыру үстінде. Қазіргі уақытта жаңадан құрылған ферма, ірі кешендер және құс фабрикаларындағы құс немесе жануарларды өндірістік жолмен кәсіпорындарда өңделген жемдік қоспаларды пайдаланбай өсіру мүмкін емес. Сонымен қатар жемдік қоспаларды өндіру барысында барлық талаптарға сай өнім алу өте қиын. Бірақ та ғылыми негізделген қоректік заттар мөлшерін, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және де малдардың туғаннан союға дейінгі кезеңдерде берілетін жемдік қоспалардың түрлерін сақтау ең маңызды талаптар болып есептелінеді.
Спирт және сыра өндірісінің қалдықтарын жемдік қоспалар алуда пайдалану экологиялық және экономикалық тұрғыда өте тиімді болып есептелінеді. Спирт өндірісінің қалдықтарының бірі - спирт бардасы. Спирт бардасы энергиялық құндылығы жоғары биологиялық активті заттарға өте бай суспензия. Бүгінде әлемдік тәжірибеде спирт бардасын пайдаға асыру жолдарының ең негізгілері: мал шаруашылығында, құс шаруашылығында негізгі азыққа қосымша қоспа ретінде пайдалану және биогаз алуда пайдалану. Бұлардан басқа витаминдер алу, ашытқы саңырауқұлақтарын өсіру, желім өндіруде, аминқышқылдарын алуда т.б. биологиялық препараттар өндіруде аз мөлшерде пайдаланылады.
Орындалған дипломдық жұмыс спирт бардасын астық өндірісінің қалдықтары негізінде синтездеуге арналған. Кебек сорбциялық қасиетке ие.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: кебек және спирт бардасы жүйесінің әрекеттесу үрдісінің физико-химиялық негіздерін зерттеу және жемдік қоспалардың алыну синтезін жасау. Жемдік қоспа алуда негізгі басты көңіл бөлетін үрдіс - бидай қалдығының спирт бардасын өзіне сіңіруі. Сіңіру мөлшерінің максималды көлемін анықтау. Соған байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу.
1 Әдебиетке шолу
1.1 Жемдік қоспа өндірісі
Жемдік қоспа - бұл ауыл шаруашылық жануарларын толыққанды азықпен қамтамасыз ететін, ғылыми негізде дайындалған, құрамында жемдік азықтар және микроқоспалар болатын күрделі біртекті қоспа (1.1-сурет).
Барлық теңгерімді қоректік заттардың пайдалану кезінде жануарлардың өнімділігі әдеттегі жемшөпті қолдануға қарағанда 10-12% және жемдік қоспаларды дәрумендермен, микроэлементтермен және басқа да тұрақтандырғыш заттармен байыту барысында өнімділігі 25-30% дейін артады. Жемдік қоспаларды алдағы уақытта берілетін жануарлар немесе құстарға байланысты әр түрлі жолмен қайта өңдейді. Өндіру барысында жануардың сүтті немесе етті мақсатта қолданылуына аса мән беріледі [1].
1.1-сурет - Түйіршіктелген жемдік қоспа
Жемдік қоспалар өндірісінің негізі астықты шикізат болып есептелінеді. Ол барлық өндірілетін жемдік қоспалардың шамамен 60-65% алады. Дәнді дақылдар өндірісінің ішінде бидай, жүгері, арпа және сұлыны қайта өңдеу барысында қалатын қалдықтар негізгі шикізат көзі болып есептелінеді. Бұл дәнді-даөылдардың қалдықтарын пайдалануғы ерекшелік көмірсулардың жоғарғы 70% дәрежедегі мөлшері және нәруыздардың төменгі 10-15% дәрежедегі мөлшері. Қазіргі таңда өнеркәсіпте сүтті мақсатта қолданылатын сиырға, әр түрлі жастағы жануарларға, жылқының түр-түріне, етті және жүнді мақсатта қолданылатын қойларға арнап жемдік қоспалардың әр түрлі түрін шығарады. Әр жануарға жемдік қоспа жекелей технологиямен дайындалады. Мысалы, етті мақсатта қолданылатын шошқалардың азығына тезірек семіруі үшін D2 дәрумені және микроэлементтердің тұздары қосылады.
Өндірістік жануарларға арналған жем өнеркәсібінің технологиялық процестерді ұйымдастыру және басқару ережесі (1997) негізделіп алынған толық рационды жемдік қоспалар жануарлардан бір мезгілде барынша жоғары өнім алумен қатар, сүт, ет, жүн, жұмыртқа және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін алудың шығынын барынша азайтуға негіз болатын ереже болып табылады [2-3].
Жекеленген азықтар ауыл шаруашылық жануарларына қажетті микроэлементтерді өзінің бойына сіңірмегендіктен толық рационды деп аталмайды. Жоғарыда аталған жемдік қоспаларды қажетті қатынаста қосу арқылы толыққанды жемдік қоспа алуға болады [4-7].
Толыққанды жемдік қоспалар азықтың құрамындағы нәруызды қажеттілігін азайтуға, жануарлар рационында азықтық заттарды тиімді пайдалануға, жемдік қоспаларды өндіру барысындағы үрдістерді механикаландыруға және өнімді өндіру барысындағы шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Толыққанды жемдік қоспалар ауыл шаруашылығын жандандыруда ерекше рөл атқарады. Тәжірибе көрсеткендей әр түрлі азықтық заттарға байытылған жемдік қоспалар жануарлардың өнімділігін 20-30% дейін арттырады [8-9].
Толыққанды жемдік қоспалар ауыл шаруашылық жануарларының азықтық, минералдық және биологиялық заттарға деген қажеттілігімен толықтай қамтамасыз ете алады. Олар құстарға, жылқыларға, шошқаларға және басқа жануарларға арналған. Және де олар толық рационды жемдік қоспаларға тән жоғары сапалы өнім болумен қатар, ауыл шаруашылық жануараларының денсаулығына кері әсер етпеуіне жауап беруі керек [10-12].
Ауыл шаруашылық жануараларын азықтандыру барысында жемдік азықтардың жекелеген түрін қолдану теңестіріліген жемдік қоспалар түрінде пайдалану 1,5-2 есеге дейінгі шығынды азайтуға алып келеді. Жемдік қоспаларды жекеленген түрде пайдалану олардың құрамындағы энергиялық құндылыққа ие минералды заттарды, көмірсулар мен нәруыздары толығымен пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Ауыл шаруашылық жануарларына азықты жемдік қоспалар түрінде пайдалану, азық құрамындағы азықтық құнарлы заттарды сақтау ұзақтығын арттыруға, оларды өңдейтін үрдістерді механикаландырылған және автоматтандырылған күйде жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл үрдістердің барлығы еңбек және өндіріс шығындарының азаюына алып келеді. Соңғы жылдары ойлап табылған ауыл шаруашылық жануарларының түрлері толыққанды жемдік қоспалардың түрін қажет етеді. Құс шаруашылығын жемдік қоспаларсыз елестету мүмкін емес. Жоғары энергиялы толыққанды жемдік қоспалар құстардың жұмыртқа беруін жылына 350-350 данаға дейін, тәулігіне 40-50 г дейін салмақ қосуына мүмкіндік беріп бройлер балапандардың салмақ қосу мерзімін арттырады. Шошқаларды азықтандыру кезінде олардың салмақ қосуы 30-45% артып, семірту уақыты 20-25 күнге қысқартады. Жемдік қоспаларды сүтті мақсатта қолданылатын сиырларға қолдану сүттің өнімділігін 20-25% көбейтеді.
Қазіргі уақытта жемдік қоспалардың сапасы ондағы көлемдік энергияның мөлшерімен, сонымен қатар шикізаттық протеиннің, токсинді заттардың төменгі дәрежеде болуымен бағаланады.
Ғылыми-техникалық құжаттамаларда (стандарттар) жемдік қоспалардың бағасы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: сыртқы пішіні, түйіршік ірілігі, ылғалдылығы, металомагнитті қоспалардың мөлшері, улы және токсинді заттардың мөлшері.
Жемдік қоспаларды бос, түйіршіктелген және брикеттелген түрде шығарылады. Аталғандардың соңғы екеуі, сақтауға және тасымалдауға өте ыңғайлы. Түйіршіктелген жемдік қоспалар өзінің тағамдық құндылығын ұзақ уақытқа сақтайды. Түйіршіктелген жемдік қоспаларды алу, арнайы нығыздайтын құрылғы және біріктіретін компоненттер қосу арқылы жүргізіледі. Түйіршіктеу кезінде гидротермиялық өңдеу жүріп, нәтижесінде крахмалдан қант түзіліп жемдік қоспалардың тағамдық құндылығы одан әрі артады. Түйіршіктеуге көбінесе астық өнімдерінің қалдықтарын пайдаланады.
Жемдік қоспалардың ірілігін оның берілетін ауыл шаруашылық жануарларына түріне байланысты анықталады. Жемдік қоспалардың сапасы оның шикізаттың құрамына ғана емес, өңдеу барысында қолданылатын өндірістік үрдістерге де тікелей байланысты. Өңдеу үрдісіне қажетсіз технологияны қосу жемдік қоспалардың ұнтақталуына, олардың құрамындағы ылғалдылық мөлшерінің шамадан тыс немесе төмен дәрежеде болуына алып келеді. Қажетті шарттарда сақталмаған жемдік қоспаларды пайдалану ауыл шаруашылық жануарларының ауруға шалдығуына, тіпті өлуіне дейін алып келеді. Әсіресе ақуызды заттардың ыдырауы кезінде түзілетін өнімдер жануарлар денсаулығы үшін өте қауіпті. Дайын жемдік қоспа сыртқы пішіні біркелкі болуы керек. Ал оның иісі ондағы компоненттердің мөлшеріне байланысты болады. Және ең маңыздысы метоломагнитті қоспалардың мөлшері ғылыми-техникалық құжаттамаларға сай болуы керек [13].
1.2 Жемдік қоспалардың әлемдегі өндірісі
Ауыл шаруашылық жануарларына арналған жемдік қоспа өнеркәсібінің дамуы, мал шаруашылығын тұрақты дамудың негізі болып табылады. 1990 жылдары жемдік қоспалар өндірісінің ең дамыған кезеңі болып есептелінеді. Одан соң бірден құлдырау кезеңі басталған болатын (1.2-сурет).
2001 жылдан бастап аздаған қарқынмен даму басталады. Осы кезеңнен бастап жемдік қоспалардың өндіру көлемі алдыңғы жылдарға қарағанда біршама мөлшерде көбейе бастаған. 2000 жылдардың басынан бастап мал және құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың көбеюімен түсіндіріледі. Интеграция жолымен жүрген жемдік қоспалар зауыттары аз уақыттың ішінде дамып, холдинг пен қаржылық өндірістік кәсіпорындарға біріккен болатын.
Ішкі нарықтағы бәсекелестік кәсіпорындардың отандық нарықта ғана емес сонымен қатар әлемдік нарықтағы тұрақтылығына себепкер бола алады. Мемлекет тарапынан берілген ақшалай қаражат және шет елдерден тартылған инвестициялар жемдік қоспалар өндірісінің дамуының бастамасы болды.
Жемдік қоспалар өнеркәсібінің одан әрі қайта дамуы техникалық жарақтандыруға және жемдік қоспалар зауытының модернизациялануына, логистикалық инфраструктураға және де жоғары эффективті жемдік өнеркәсіптің құрылуына тікелей байланысты [13].
1.2-сурет-1989-2011 жылдардағы әлемдегі жемдік қоспалар өндірісі
Аймақтар бойынша 2014 жылы Африкада және Латын Америкада біршама өсім байқалады. Ал Азиялық Тынық мұхит аймағында, Европада, Солтүстік Америкада және Орталық Шығыс аймақтарында жемдік қоспа өндірісі біршама азайған. Бірнеше елдерде айтарлықтай өсуі байқалады. Ол елдердің қатарына Түркия, Индонезия, Румыния, Тунис және Боливия сияқты мемлекеттерді жатқызуға болады. Төменгі 1.1-кестеде аймақтар бойынша жемдік қоспаларды өндіру көлемі көрсетілген.
1.1-кесте - Аймақтар бойынша жемдік қоспалар өндіру көлемі
Аймақ
Жемдік қоспа өндіретін кәсіпорын саны
Жалпы өндіріс көлемі, тонна
Африка
1,150
34,670,000
Азия
13,736
350,540,000
Европа
5,165
232,580,000
Латын Америкасы
3,914
144,840,000
Орталық Шығыс
288
24,750,000
Солтүстік Америка
6,790
192,800,000
Барлығы
31,043
980,070,000
Жемдік қоспалар өндіруде үлкен төрттік әлемдік нарықтағы барлық өндірілетін жемдік қоспалардың жартысынан астамын өндіреді. Ол елдерге АҚШ, Европалық Одақ, Қытай және Бразилия жатады. Олардың еншісіне әлемде жылына өндірілетін жемдік қоспалардың 70% жуығы, яғни 461 млн тоннаға жуық өнім тиесілі. Әдетте осы елдер жемдік қоспаларға арналған стандарттарды және технологиялық үрдістерді белгілейді. Жалпы, жемдік қоспа нарығы жылына 3-4% деңгейінде тұрақты артып келеді. Оның артуына екі негізгі фактор әсер етеді: бірі әлемдегі халық санының артуы, екіншісі халықтың ауыл шаруашылық жануарларының өнімдерін көп қолдануы.
2015 жылғы мәліметтермен салыстырғанда жемдік қоспа өнеркәсібі 2% жуық шамада өскендігін байқауымызға болады (1.3-сурет). 2015 жылы әлемдік жемдік қоспа өндірісі 980 млн тоннаны құраса, 2014 жылы 940 жуық тоннада өндірілген болатын. 2014 жемдік қоспа өндіру өнеркәсібіне көптеген факторлар әсер етеді барысында басқа жылдарға қарағанда аз жемдік қоспа өндірілген болатын. Оларға: құрғақшылық, жемдік қоспа өндіру үшін шикізат құнының жоғарылылығы, импорт және экспорт заңнамалық реттеудегі өзгерістер, жануарлар ауруларының таралуы себеп бола алады. Сол жылы құс тұмауы мен шошқалардың эпидемиялық вирустық диареясы көптеген шаруа қожалықтарына орасан зор шығынын алып келген болатын.
1.3-сурет - Жылдар бойынша өндіріс көлемі (миллион тонна)
Жылына 183 миллион тонна және 9500 жуық жемдік азық өндіретін кәсіпорыны бар Қытай көшбасшы болғанымен, ресми көрсеткіштер бойынша соңғы жылдары бұл елде жемдік қоспалар өндіру көлемі біршама төмендеген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеу көрсеткіші 4% құраған. Көптеген сарапшылар мұны құс және шошқа өндірісінің баяу дамуымен және жануарлардың әр түрлі ауруларының есебінен болып отыр деп есептейді. Қытайда жемдік қоспалар өндірісі төмендеген болса, ал Үндістанда біршама өсім байқалады. Мысалы, 2014 жылы 29,4 миллион тоннаға артық жемдік қоспа өндірілген, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% артық. Оны жағымды ауа-райымен және ауыл шаруашылық өндірісінде қолданылатын технологиялардың жаңаруымен түсіндіруге болады.
Америка Құрама Штаттарының 6178 кәсіпорындарында жылына 172 миллион тонна жемдік қоспа өндіріп екінші және өз кезегінде Бразилия 1698 кәсіпорынмен жылына 66 миллион тонна жемдік қоспа өндіріп үшінші орынды иеленген болатын (1.2-кесте).
1.2-кесте - Елдер бойынша өндіріс көлемі (миллион тонна)
Қытай
182,69
Нидерланды
14,33
АҚШ
172,45
Вьетнам
14,10
Бразилия
66,15
Италия
14,04
Мексика
30,70
Ұлыбритания
13,49
Үндістан
29,43
Филиппин
12,38
Испания
29,18
Аргентина
11,80
Ресей
25,66
Иран
11,80
Жапония
24,31
Оңтүстік Африка
11,38
Германия
23,58
Польша
9,30
Франция
20,35
Австралия
8,34
Канада
20,35
Бельгия
6,71
Индонезия
19,98
Тайвань
6,50
Корея
18,58
Колумбия
6,30
Таиланд
16,91
Ирландия
6,22
Түркия
15,42
Пәкістан
6,20
1.4-сурет - Ауыл шаруашылық жануарларының түрлеріне байланысты жемдік қоспаларды өндіру көлемі
Ауыл шаруашылық жануарларының ішінде барлық өндірілетін жемдік қоспалардың 45 % жуығы құстарға арналып жасалады (1.4-сурет). Ол шамамен 439 млн тоннаны құрайды.
Ең үлкен пайыздық өсім үй жануарлары мен шошқаға арналған жемдік қоспа өндірісінде байқалды. Ондағы өсім тиісінше 5-5,3% құрайды. Балық шаруашылығы үшін жемдік қоспа өндірісі 1,8% артып, ал құстар мен жылқылар арналып шығарылатын жемдік қоспа өндірісі айтарлықтай кеміген. 1.3-кестеде жемдік қоспалардың аймақтар бойынша орташа бағасы келтірілген [14].
1.3-кесте - Аймақтар бойынша жемдік қоспалардың орташа бағасы
2014
Шошқаны бордақылауға арналған жемдік қоспаның орташа құны
Жұмыртқа алу мақсатында қолданылатын тауықтарға арналған жемдік қоспаның орташа құны
Бройлерге арналған жемдік қоспаның орташа құны
Африка
$390
$425
$490
Азия-Тынық мұхит аймағы
$390
$425
$490
Европа
$361
$346
$370
ЛатынАмерикасы
$452
$432
$476
Орталық Шығыс
ND
$485
$573
Солтүстік Америка
$429
$413
$440
Орташа көрсеткіш
$427
$430
$480
1.3 Жемдік қоспа құрамындағы азықтық заттар және олардың маңыздылығы
Өсімдік текті және жануар текті жемдік қоспалар азықтық және биологиялық активті заттарды, минералды заттарды және суды өзінің бойында сіңіріп жинайды. Жемдік қоспа құрамындағы минералды және органикалық заттардың байланысы көміртек, сутек және оттек сияқты элементтердің байланысынан тұрады. Сонымен қатар азот, күкірт және фосфор секілді элементтердің байланысы да кездеседі. Мысалы, фосфор жемдік қоспа құрамында нәруыздың түзілуіне қатысады. Жемдік қоспалардың құрамындағы органикалық заттар ыдырауы кезінде энергия босатылып жануарларға өнімділікті арттыру мақсатында беріледі. Көмірсулар, нәруыздар және майлар жемдік қоспа құрамындағы басты тағамдық заттар болып есептелінеді [15,16].
Нәруыздар. Нәруыздар көмірсулар мен майларға қарағанда жемдік қоспа құрамында ерекше рөл атқарады. Сондықтан оны ешқандай тағамдық заттарға алмастыруға болмайды. Оны сарапшылар азық құрамында тек тағамдық зат ретінде ғана емес, сонымен қатар тірі ағза құрамындағы ерекше бөлшек ретінде есептелінетіндігімен түсіндіреді. Ауыл шаруашылық жануарларының азықтануында нәрузыдар ерекше рөл атқарып, сүт, ет, жүн және жұмыртқа өнімдерін синтездеуге қатысады.
Жануарлар және өсімдіктер әлемінде нәруыз барлық жасушаларда кездеседі. Жасушалық ядро, протоплазма және жасушалық мембрана нәруызды байланыстан тұрады. Нәруыз организмде жасушалық құрылымның қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар биокатализаторлардың түзілуіне себепкер болады. Нәруыздардың құрылымдық элементі амин қышқылдары болып табылады. Олар кем дегенде бір амин ( - NH2) тобынан және бір карбоксил ( - СООН) тобынан тұрады.
Нәруыздар амин қышқылдарының пептидтермен ілінісу арқылы байланысу нәтижесінде түзіледі (1.5-сурет). Мұнда амин тобының амин қышқылды байланысы басқа аминқышқылды топтың карбоксилді тобымен байланысуы -NH байланысы арқылы жүретіндігін түсінген жөн.
1.5-сурет - Нәруыздың түзілуі
Қазіргі кезде жиырмаға жуық амин қышқылдары белгілі. Олардың он екісін шошқа, құс және сүтті бағытта пайдаланылатын ірі қараларды азықтандыру кезінде пайдаланылады. Соңғы аталған амин қышқылдары басқа заттармен алмастырылмайды. Сондықтан оларды ауыл шаруашылық жануарларына және құстарына міндетті түрде беру керек. Ал қалған амин қышқылдарының орнын басқа минералды заттармен алмастыруға болады. Олар жануар ішінде қайта аминдену үрдісі арқылы азотсыз және аммиаксыз заттар арқылы да түзіле алады. Жемдік қоспа құрамындағы ең басты амин қышқылдары төменгі 1.4-кестеде көрсетілген.
1.4-кесте - Жемдік қоспа құрамындағы басты амин қышқылдары
Алмастыруға келмейтін басты амин қышқылдары
(жануарлардың организмінде өздігінен синтезделе алмайтын амин қышқылдары)
Алмастыруға келетін басты амин қышқылдары (жануарлар организмінде өздігінен синтезделетін амин қышқылдары)
Лизин
Цистин
Метионин
Аланин
Триптофан
Глицин
Аргинин
Аспаргин қышқылы
Гистидин
Серин
Лейцин
Цистеин
Изолейцин
Гистамин
Фенилаланин
Пролин
Тирозин
Гидроксипролин
Треонин
Глутамин қышқылы
Метионин, лизин, триптофан және цистин жемдік қоспалар құрамында шектеулі мөлшерде кездеседі. Сондықтан синтетикалық метионинді, лизинді жемдік қоспаларды өндіретін кәсіпорындарында кеңінен қолданады.
Көмірсулар. Табиғатта кездесетін органикалық заттардың түзілуі көбінесе көмірсулар негізінде жүреді. Әлемдегі барлық көмірсулы байланыстар целлюлозадан тұрады. Көмірсулардың синтезі күн сәулесінің әсерінен көміртек екі оксиді мен судан тұратын хлорофил көмегімен жүзеге асырылады. Жасыл өсімдіктерде де фотосинтез үрдісі дәл осы бағытта жүргізіледі. Тірі ағзаларда көмірсулар қайталанбас энергия көзі болып есептелінеді. Сонымен қатар олар көмекші функцияны да атқаруға бейім.
Көмірсулардың өзінің химиялық құрамына байланысты моносахаридтер (қарапайым қант), олигосахаридтер (2-7 моносахаридтен тұратын күрделі қарапайым қант ) және полисахаридтер деп ажыратуға болады.
Моносахаридтер - гидролиз көмегімен оны одан ары қант элементтеріне ыдыратуға болмайтын көмірсуларды айтады. Моносахаридтердің ірі екі тобы бар: бірі пентоза (5 атом көміртек), бірі гексоза (6 атом көміртек).
Пентозаға ксилоза, рибоза, дезоксирибоза және арабиноза жатады. Табиғатта пентозалар пентозанды түрде кездеседі. Олар ауыл шаруашылық жануарларымен тікелей байланыста болады. Рибоза және дезоксирибозануклеин қышқылының жасушалық ядросының басты құрылымы болып табылады. Глюкоза (жүзім қантының құрамында көп), фруктоза (жеміс-жидектердің қантының құрамында көп) гексозаның құндылығын одан әрі арттырады. Глюкоза жалғыз немесе фруктозамен бірге жүзімде, астық тұқымдастарының және тағы басқа өсімдіктердің құрамында кездеседі. Сонымен қатар глюкоза адам және жануарлардың қанының құрамында кездесіп, организмнің өмірінің мәніне айналады. Ауыл шаруашылық жануарлары және құстары гексозаны энергияны пайлану және сіңіру мақсатында қолданады.
Олисахаридтер 2-7 моносахаридтерден тұрады. Гидролиз нәтижесінде олисахаридтер бөлшектік құрамға дейін ыдырайды.
Олисахаридтер тобының ішіндегі ең маңыздыларының бірі дисахаридтер болып есептелінеді. Оған сахароза ( қызылша қанты), лактоза (сүт қанты), мальтоза және целлобиоза жатады. Сахароза глюкозадан және фруктозадан тұрса, лактоза глюкоза және галактозадан тұрады. Ал мальтоза мен целлобиоза екі молекула глюкозадан тұрады. Бірақ бұл глюкозалар байланыстары қарапайым глюкозадан басқаша болады.
Екі қарапайым қанттар мальтозаның α-глюкозидты түрдегі және целлобиозаның β-глюкозидты түрдегі байланысы арқылы бірігеді.
Полисахаридтердің моносахаридтер мен олигосахаридтерге қарағанда артықшылығы: тәтті дәмі болмайды, суда ерімейді немесе коллоидты ерітінді түзеді. Полисахаридтерге крахмал, гликоген, инулин, целлюлоза, гемицеллюлоза, пентозалар және тектиндер жатады.
Ауыл шаруашылық жануарларына толыққанды жемдік қоспа алу кезінде крахмал мен целлюлоза айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Крахмал қосымша өсімдік текті көмірсу болып есептелінеді. Ол глюкоза мен мальтозаның α - глюкозидті түрдегі байланысқан молекулаларынан тұрады. Крахмалды астық амилопектин және амилозадан тұрады. Амилопектин суда жақсы еріп, крахмалды крейслер түзіледі. Амилоза крахмалды астықтың ішкі бөлігінде орналасады.
Гликоген ауыл шаруашылық жануарлардың ішкі организіміндекездеетін жануар текті крахмал болып табылады. Бұлшық еттерде олар бұлшық еттің жұмыс жасауына қажетті энергияны түзеді. Ал бауыр гликогені энергиялық қажеттілікті сақтау көзі болып есептелінеді.
Целлюлоза барлық жанарларда қаңқа түзуші ретінде организмде болады. Ол глюкоза мен целлобиозаның β - глюкозидті түрдегі молекулаларының байланысуы арқылы түзіледі. Ас қорыту мүшелерінде бұл байланыс, тек бактериялық ферменттер көмегімен ғана ажыратылуы мүмкін. Гемицеллюлоза, пентозана, гексозаны және пектиндер қаңқа түзушілер қатарына жатады.
Целлюлоза және басқада басты полисахаридті түрдегі қаңқа түзуші заттар қасиеті бойынша басқа да химиялық заттар тобына жатқызуға болады.
Майлар және май тектес заттар (липидтер). Бұл топқа жататын заттар тек органикалық заттарда (бензин, бензол, ацетон, эфир және тағы басқа) ериді, бірақ суда ешқашан ерімейді. Майлар өсімдіктен мен жануарлардың құрамына кіріп, олардың өмір сүруінде ерекше маңызды рөл атқарады. Және де майлар қосымша энергия ретінде пайдаланылады. Майлардың келесідей түрлері бар: бейтарап майлар (органикалық майлар), фосфатидтер, стериндер, каротинидтар.
Бейтарап майлар глицириннен және үш бірдей немесе әр түрлі майлы қышқылдардан тұрады. Табиғи майлар үнемі жұп көміртек атомдарымен байланысқан көміртекті майлы қышқылдардан тұрады. Осы байланыстың ұзындығынан және қос байланыстылығынан майлардың сапасы мен қасиеті (консистенция және еру температурасы) анықталады. Майлы қышқылдардың ұзын байланысын ерітуге жоғары температура керек болса, қысқа байланысына біршама төменгі температура жеткілікті. Қаныққан майлы қышқылдар көміртекті баланысында қос байланыс болмайды, ал қанықпаған майлы қышқылдарда бір немесе бірнеше көміртекті қос байланыс болады. Көміртекті қос байланыстың болуы оның еру температурасын бірден айтарлықтай төмендетеді. Бұдан басқа көміртекті қос байланыстар майлардың жұмсақ консистенциясының жүруіне де септігін тигізеді.
Ауыл шаруашылық жануарларын қажетті азыпен қамтамасыз ету барысында энергияны сіңіретін калориялы майлардың маңызы зор. 1 г майдың жану жылуы 38-40 кДж құраса, сәйкесінше нәруыздың жану жылуы 22-24 кДж, ал көмірсулардың жану жылуы 16-18 кДж құрайды. Майлар организде зат алмасу және энергия тасымалдаушы ретінде пайдаланылады. жануарлар және құстардың организмінде майлар органикалық май түрінде болады.
Сақталған немесе депонирленген майлар бауыр тұстарында, тері астарында және талшықтарда жиналып энергия сақтаушы ретінде қызмет етеді. Оның сапасы мен құрамына жемдік қоспалар құрамымен берілетін майлардың көлемдік үлесі біршама әсер етеді. Ауыл шаруашылық жанурларын және құстарын құрамында майдың көлемдік үлесі жоғары болса, олар өздерін нашар сезініп, тіпті ауруға шалдығуына алып келеді. Шошқаларды артық мөлшерде жүгері өнімдерімен азықтандыру барысында терісінің боына қалың қабатты май жинайды. Құс шаруашылығында да жүгері өнімдерін және жүгері қалдықтарын қолдану олардың өнімділігін арттырып, уақытты да қысқыртуға мүмкіндік береді [13].
1.4 Жемдік қоспа құрамындағы биологиялық активті заттар
Биологиялық активті заттар ауыл шаруашылық жануарларын және құстарын жемдік қоспа немесе азықпен қоректендіру барысында ерекше маңызды рөл атқарады. Билогиялық активті заттарды қолдану кезінде ғана мал және құс шаруашылығының дамып, экономикалық тиімділікке алып келетінділігі дәлелденген. Сонымен қатар биологиялық активті заттар зат алмасу үрдісіне тікелей қатысады. Биологиялық активті заттардың жетіспейі ауыл шаруашылық жануарларын анемия секілді ауруға шалдықтырып, зат алмасу режимінің бұзылуына алып келеді. Қазіргі таңда белгілі биологиялық активті заттарды төмендегідей бірнеше топқа бөлуге болады. Олар төмендегідей:
oo биокатализаторлар - витаминдер мен ферменттер кіреді;
oo антибактериалды әсері бар заттар - антибиотиктер және химиялық терапия заттары жатады;
oo өсу стимуляторлары - гармондарға физиологиялық түрде жақын, жұмыс механизмін тұрақтандыратын, әлі күнге дейін толық зерттеліп бітпеген гармондарға ұқсас заттар;
Тұрақтандырғыш заттар (антиоқышқылдар). Кейбір әдебиеттерде эрготропты заттар деп те аталатын тұрақтандырғыш заттар ауыл шаруашылығындағы жануарлардың өсіп жетілуіне септігін тигізетін заттарды айтамыз.
Витаминдер. Жануаралар организмінде өздігінен синтезделіп түзіле алмайтын органикалық заттар болып табылады. Сондықтан кез-келген ауыл шаруашылық жануарының организмі азда болса витаминдерді қажетсініп тұрады. Шамамен әрбір келі жемдік қоспа мөлшеріне 40 мг витаминнен келеді. Витаминдерді жануарлар организміне тікелей беруге болмайтындықтан, көбінесе жемдік қоспалардың құрамына провитаминдер түрінде араластырып беру өте тиімді. Кейбір витаминдер микроорганизмдердің әсерінен ас қорыту мүшелерінің өзінде синтезделеді.
Витаминдердің жетіспеушілігі организмдегі зат алмасу үрдісінің режимінің бұзылуына және әр түрлі аурулардың басталуына алып келеді. Кейбір витаминдердің аздаған мөлшерде немесе үлкен мөлшерде жетіспеушілігінен авитаминоз сияқты ауруға шалдығуы мүмкін. Ал бүкіл организмнің витаминге қажеттілігі гипервитаминоз ауруына алып келеді.
Витаминдерді ерігіштігіне байланысты майларда еритін витаминдер және суда еритін витаминдер болып жіктеледі. Майда ерігіш витаминдердің түзілуі үшін абсоррбция негізінде жүретін азықтық майлар қажет. Суда еритін дәрумендерге келетін болсақ, олар асқазандағы қолайлы жағдайға байланысты абсорбция үрдісі өздігінен жүреді.
Ферменттер. Жоғары эффективті катализатор ретінде ферменттер барлық тірі организмдердің бойында кездеседі. Олар негізінен жануар мен өсімдіктің бойында жүретін химиялық реакциялар жүруіне, егер жүретін болса олардың тезірек жүруіне себепкер болады. Химиялық тұрғыа ферменттер коэнзимадан (простетикалық топ) және апоэнзимадан (зат тасымалдағыш протеин) тұратын протеидтерге жатады. Әрбір фермент тек бір ғана субстрактпен немесе субстракттар тобымен әрекеттесе алады.
Белгілі бір уақыт ішінде бірнеше заттар тобы мен сутек және электрондарды ауыстыруға бейім ферменттерде кездеседі. Бірнеше заттар тобын алмастыратын ферменттер (мысалы, амин топтарының транаминаз әсерінен ауысуы) қайта қалпына келтіру үрдістерін басқарып, жануарлар жасушаларындағы синтез үрдісін қадағалайды. Ал сутек пен элетрондарға айналатын ферменттер энергия түзу үрдісіне белсене араласады. Азықтың қорытылуы және жасушалардағы зат алмасу кезінде басты ферменттердің іс-әрекеттері байқалады. 1950 жылдан бері әр түрлі елдерде жүргізілген тәжірибелердің қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық жануарларының жемдік қоспасына нәруыз бен көмірсуларды өзінің бойына сіңірген ферментті препараттарды енгізу ісі қолға алынған. Нәтижесінде ферменттік препараттарды бойына сіңірген жемдік қоспалармен азықтанған жануарлар (әсіресе бұзаулар мен қозылар), оларды қабылдамаған жануарларға қарағанда біршама тезірек ет жинаған болатын. Жоғарыдағы тәжірибе ферментті азықтардың жоғары энергиялық құндылықтарға ие екендігіне көз жеткізеді.
Кокцидиостатикалық заттар. Химиялық табиғатыпрофилактикалық және емдік қасиетке ие кокцидиостатикалық заттар жануарларда кокцидиоза және құстарда эймориоз ауруларына қарсы антибиотик ретінде қолданылады. Аталған аурулардың белгілері өте қарапайым. Бұл ауру құстардың соқыр және аш ішектерінің қабынуынан пайда болады. Аурудың салдары өте көп шығынға алып келуі мүмкін. Құстарды азықтандыру кезінде кокцидиостатикалық заттарды қолдану арқылы бұл аурумен эффективті түрде күресуге болады. Кейбір елдерде балапандарға және бройлердің жемдік қоспасының әрбір килограмына 85-125 мг кокцидиостатикалық заттар қосады.
Антиоқышқылдар. Жемдік қоспалардың құрамдық бөліктерін, майларды және витаминдерді оттектің әсерінен тотығу үрдісінен сақтайтын заттарды антиоқышқылдар деп атаймыз. Олардың әсері те ауыл шаруашылық жануарларының жемді қоспасымен ғана шектелмей, сонымен қатар организмдегі басқада бөліктерді тотығу әсерінен сақтайды. Е дәрумені антиоқышқылды қасиетке ие. Ол ең алдымен оттекке өте сезімтал А витаминін тотығудан сақтайды. Дәл осындай қасиетке синтетикалық антиоқышқылдар да ие. Антиоқышқылдарды жемдік қоспалардың құрамына енгізу жасыл жемдік азық құрамындағы каротин , балық майларының, жемдік құрамның құрамындағы А дәрумені толықтай сақталады.
Ауыл шаруашылық жануарларының жемдік құрамындағы антиоқышқылдарының майлылығының шамасы ағзаға зиянды заттарды залалсыздандыруға септігін тигізеді.
Мал шаруашылығы жоғары дамыған елдерде антиоқышқылдары құс, шошқа және ірі қараларды азықтандыру кезінде жемдік қоспа құрамына енгізу арқылы экономикалық табысқа қол жеткізеді [13].
1.5 Жемдік қомпалардағы минералды заттар
Ауыл шаруашылық жануарларының өнімділігіне және өмір сүруіне ауадай қажетті элементтер тізімі бар. Олар жануарларың өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл заттар тірі ағзаларда міндетті түрде болып, оларды биоэлементтер деп атайды. Жануарлардың ағзалардың пайдаланылуына байланысты биоэлементтерді макроэлементтер және микроэлементтер деп екіге ажыратады.
Ауыл шаруашылық жануарларының ағзасындағы минеалды заттар келесідей іс-әрекеттер орындайды:
-тіреуші қызметтің атқарылуы. Бұл ағзадағы ерімейтін минералды тұздардың қаңқаның түзілу қызметімен байланысты.
-судың қасиетінің өзгеруі. Ерітінді күйдегі минералды заттар электролиттер болып есептелінеді. Соның әсерінен судың химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеруіне алып келеді.
Макроэлементтер. Макроэлементтерге кальций, фосфор, магний, натрий, калий және хлор жатады. Олар жануарлар және жемдік қоспалар құрамында микроэлементтерге қарағанда едәуір көп шамада кездеседі.
1.5-кестеде макроэлементтердің қайда кездесетіндігі, жануар ағзасындағы айрықша қызметтері және жемдік қоспалардағы компоненттік құрамы туралы толығырақ ақпарат берілген.
1.5-кесте - Макроэлементтердің жануар ағзасындағы қызметі мен жетіспеушілік кезіндегі әсері
Элементтер
Ағзада орналасуы
Бөлшектік құрамы және қызметі
Жетіспеушілік кезіндегі әсері
Магний
Сүйектерде, тістерде, бұлшық еттерде
Қаңқаның құрылымында, аралық зат алмасу, ферменттер активтендіру, бұлшық еттер мен жүйкелердіңдің қозғыштығының тежелуі, аммиак және зәр қышқылын залалсыздандыру
Қысқартылған жем-қоректік заттардың төмендетілген дәрежеде пайдаланылуы, терінің беттерінің бұзылуы, дене температурасының төмендету, өте баяу өсу
1.5-кестенің жалғасы
Фосфор
Жасуша талшығын-
да, қаңқада және қанда
Қаңқаның құрылымында, энергия сақтау, буферлік белоктар, липидтер, ферменттер, гормондар мен витаминдер синтездеуде, көмірсу және май алмасуының ажырамас бөлігі ретінде
Сүйектері жұмсарып, морт сынуы, бедеулік, жемшөп қорының азаюы
Кальций
Қаңқада және қанда
Қаңқаның құрылымында, сүт секрециясын, ынталандыру бұлшық ет пен жүйкені ынталандыру, жұмыртқаның қалыптастыру
Сүйектердің жұмсарып, морт сынуы
Натрий
Ағзадағы сұйықтарда және бұлшық еттерде
Іс-қимылды, қан осмостық қысымын реттейтін буферлік әрекет, асқазан сөлінің секрециясын тиімді бөлінуі, ферменттер белсендіру (мысалы амилаза), жүйке және бұлшық демпферлік қозғыштығының артуы, электролит балансының реттелуі
Жемдік қоспалардың пайдаланылуының төмендеуі, өсім депресиясы, сүтті өнімдердің өнімділігінің төмендеуі, құстарда канибализмнің пайда болуы
Микроэлементтер. Микроэлементтерге темір, мыс, мырыш, марганец, селен, солибден және фтор жатады. Микроэлементтер деп аталу себебі олар ауыл шаруашылық жануарлар ағзасында және жемдік қоспа құрамында өте аз мөлшерде кездеседі. Макроэлементтерге қарағанда жемдік азықтардың ішінде өте аз мөлшерде кездеседі. Макроэлементтермен салыстырғанда олардың пайыздық мөлшері 0,1-0,5% шамасында кездеседі. Дегенмен олардың жануар ағзасында атқаратын қызметі өте маңызды. Микроэлементтердің қажеттілігі жануарлар ағзасына өте аз мөлшерде қажет. Олардың жетіспеуі әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Өмірлік қажеттілігі бар кейбір микроэлементтерді шамадан тыс қабылдау уландыратын әсерге алып келуі мүмкін. Мысалға, мыс, кобальт, йод, селен және молибден.
Төменгі 1.6-кестеде бөлек микроэлементтердің қайда кездетіндігі, жануарлар ағзасындағы басты қызметтері, жемдік қоспа өндірісіндегі компоненттері келтірілген.
1.6-кесте - Макроэлементтердің жануар ағзасындағы қызметі мен жетіспеушілік кезіндегі әсері
Элемент
Ағзада орналасуы
Бөлшектік құрамы және қызметі
Жетіспеушілік кезіндегі әсері
Темір
Гемоглобин, миоглобин, бауыр
Тыныс алу мүшелеріне қажетті ферменттерді бөлуде, жемдік қоспа құрамында болатын токсинді және полифенолды заттарды бейтараптауда қызмет жасайды.
Анемия, асқазан мүшелерінің аурулары
Мыс
Қан
Артериядағы эластигагың түзілуіне әсері, бактериялық әсер нәтижесінде шошқалардың салмақ жинауында, темір қатысында жүретін зат алмасу үрдістеріне қатысуы, аралық зат алмасудаңы ферменттер құрамындағы басты заттар болып табылады.
Анемия, азыққа тәбетінің жоғалуы, қойлардың жүнінің өсуінің нашарлауы
Мырыш
Тері, қан тамырларда және асқазан мүшелерінде
Инсулин құрамындағы ферменттер, көмірсулы және нәруызды зат алмасуда, паракератоз және ірі қараның тезірек салмақ жинауында
Шошқалардағы паракератоз, сауынды сиырлардың сүтті беруінің нашарлауы, ірі қарада тері аурулары, етті және жұмыртқа алу мақсатындағы тауықтардың тері аурулары
1.6 Жемдік қоспалардың энергетикалық құндылығы
Мал шаруашылығында 65% жуық шығындар жоғары құндылықты жемдік қоспаларды өндіруге кетеді. Осы жерден ауыл шаруашылығындағы жануарларды жоғары коэффициенті пайдалы әрекетке ие және экономикалық тиімділікке алып келетін жемдік қоспалармен қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Ол үшін қолданылатын жемдік қоспаның энергиялық құндылығын, оның компоненттік құрамын, жануарлардың азықты пайдаланған кездегі өнімділігін және тағы басқа мәселелердің жауабын білу керек.
Жемдік қоспалардың энергетикалық құндығын, олардың компоненттік құрамын және ауыл шаруашылық жануарларының қолдану мөлшерін әр түрлі тәсілдермен анықтауға болады. Егер жұмсалған энергиядан шығарылған энергияны айырып, таза пайдаланылатын энергия мөлшерін анықтауға болады. Бұл әдістерді тек жоғары энергиялы құндылыққа ие жемдік қоспаларға ғана пайдаланылуға болады. Шығындалған энергиядан заттың энергиясын азайтқанда қайта түзілетін энергияны береді. Дәл осы энергияны жануарлар ағзасында пайдаланылады. Ол жылу энергиясына бөлініп жылу, таза энергия немесе нетто-энергия өндірілуіне жұмсалады. Соңғы айтылған нетто-энергия өмір сүруді қолдайтын және жануарлардың өнімділігіне шығындалатын энергия болып жіктеледі. Өмір сүруді қолдайтын энергия ауыл шаруашылық жануарларының өмірлік функциялардың қажеттілігіне жұмсалады. Нетто-энергия әсері өнімділік іс әрекетке де әсер етеді.
Алдыңғы дамыған елдерде ауыл шаруашылық жануарларының жемдік қоспасы майлар мен нетто-энергиялардың қатынасымен анықталады. Нетто-энергияның барлық тағамдық бағыттарда кез-келген ауыл шаруашылық жануарына пайдалануға болады. Майлардың нетто энергиялық көрсеткіштік қасиеттері келесідей себептерден белгілі болады:
- барлық тағамдық заттар өздерінің тағамдық құндылықтарына байланысты ас қорытуға және зат алмасу үрдістеріне қатысады;
- энергиялық және физиологиялық тұрғыдан алып қарасақ майлардың түзілуі жануарлар ағзасының көп бөлігін алып жатыр. Ол жалпы энергияның 50% жуығы және одан да көп мөлшерді алып жатыр;
- биохимиялық тұрғыда қарайтын болсақ майлардың синтезделу үрдісі жемдік қоспалардағы нетто-энергия мөлшерін масштабты түрде анықтауға мүмкіндік береді;
- жемдік қоспа құрамындағы нетто-энергия мөлшерін регрессионды теңдеулер арқылы өңделмеген заттардың пайыздық мөлшері арқылы анықтауға болады.
Энергиялық жемдік бірліктер (ЭЖБ)
Жемдік қоспалардың энергиялық құндылықтарын кДж арқылы есептейді. Ауыл шаруашылық жануарларының жемдік қоспаларының құрамындағы энергиялық құндылықты анықтау мақсатында, жануарлардың энергияға қажеттілігін анықтау барысында энергиялық жемдік бірліктер ұғымы енгізілген болатын. Жемдік энергиялық бірліктерді алмастыру мақсатында 10 МДж шамасында енгізілген болатын.
Жемдік қоспалардың эффективті көрсеткіштерін анықтау барысында шығындалған энергия мөлшерін және жемдік қоспалардың шығынын басты назарға алу керек [13].
Олар келесідей жолмен анықталады:
Энергия шығыны=Өнімділікке жұмсалатын шығынкг, жануар өнімдеріне шығын
Жемдік азық шығыны=Шығындалған жемдік азық (кг,құрғақ затқа)кг,жануар өнімдеріне шығын
1.7 Жемдік қоспа құрамындағы судың көрсеткіші
Жануарлар даму сатысына байланысты олардың ағзасындағы су көлемінің диапазоны 80-50% құрайды. Егер де жануарлар ағзасының суға деген тапшылығы қанағаттанарлықтай болмаса тағамдық заттарды сіңіру мөлшері төмендеп, ас қорыту мүшелерінің бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде өнімділік айтарлықтай төмендейді. Жануарлар мен құстардың суға деген тапшылығының жалғасуы жемдік қоспаларды жеуге деген тәбетінің жоғалуына алып келеді. Егер 15% дейін су мөлшері жануар немесе құс ағзасынан жоғалса, ол өміріне қауіп төндіреді. Бұл судың ағзадағы атқаратын қызметтерінің маңыздылығымен түсіндіріледі.
Судың көмегімен барлық ас қорытуға қажетті заттар (сілекей, асқазан шырыны, ішек шырыны, ұйқы безі сөлі және өт безінің шырыны) ас қорытылатын аймаққа келіп түседі. Сонан соң су ағзадағы гидролиттік үрдіске белсене қатысады. Сонымен қатар қан және лимфа тамырлары арқылы қоректік заттардың тасымалдануы судың қатысында жүреді. Сонымен қатар, әр түрлі ағзалардың талшықты жасушаларының су арасындағы байланысты белгілеп және коллоидтық ісіну элементтерімен ылғалдандыру үрдісінен де тыс қалмайды. Барлық химиялық реакциялар және физиологиялық үрдістердің алдын ала қалыптастырылуы су ерітіндісінде орын алады.
Сонан соң су ағзадағы жылулық балансты тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Оның жоғары нақты жылуды ұзақ уақыт сақтауына байланысты (2260 кДж∙кг-1 тең) және физикалық жылу аясында салыстырмалы жақсы жылу өткізгіштікке ие болғандықтан, су тұрақты дене температурасын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Судың маңыздылығы бірінші кезекте жануарлардың өміріне тікелей әсер етіп, екінші кезекте олардан алынатын өнімнің сапасы мен мөлшерде алынуына өз септігін тигізеді.
Жануарлардың тәуліктік судың қажетті мөлшері жемдік қоспалардың түріне, ондағы құрғақ заттардың мөлшеріне, жануар тұрған ортаның ылғалдылығына, қоршаған ортаның температурасына, жануардың түріне және оның қандай бағытта қолданылып жатқандығына тікелей байланысты болады. Төменгі кестеде әр түрлі ауыл шаруашылық жануарларының жемдік қоспаның 1 кг мөлшеріндегі құрғақ заттардың мөлшері көрсетілген.
1.7-кесте - Жануарлардың 1 кг құрғақ жемдік қоспасының құрамындағы судың мөлшері
Жануар түрі
Судың мөлшері, %
Ірі қара
4 - 6
1.7-кестенің жалғасы
Қойлар
2 - 3
Жылқылар
2 - 3
Шошқалар
7 - 8
Құстардың тәуліктік суды қажет ету мөлшері 0,2-0,4 кг құрайды. Ауыл шаруашылық жануарларына берілетін су таза, патогенді микроағзаларсыз болуы керек, және оның температурасы 9-15°C шамасында болуы тиіс.
1.8 Жемдік қоспалардың түрлері
Жемдік қоспа өндірісі ауыл шаруашылық жануарларына арнап келесідей өнім түрлерін шығарады. Олар:
oo құрама жем (кон - центраттар);
oo нәруызды-витаминді қоспалар (НВҚ);
oo жемдік қоспалар;
oo премикстер, микроқоспалар; карбамидті концентрат;
oo карбамидті концентратнегізіндегі НВҚ;
Кейбір елдерде жемдік қоспаларды дайындайтын кәсіпорындарда қайнатылған және қабыршықты талшық негіздегі өнім түрінде (Ұлыбритания, Италия) алады. Бұдан басқа сұйық күйдегі жемдік қоспаларды (АҚШ) кездестіруге болады.
Құрама жем. Қажетті ірілікте тазартылған және қиыршық түрінде кездесетін, ғылыми негіздегі рецепт бойынша дайындалған күрделі біркелкі қоспа түріндегі кездеседі. Мал шаруашылығындағы жануарларға арналып дайындалады.
Құрама жем барлық ауыл шаруашылық жануарларына арналып дайындалады. Сонымен қатар суық аймақтарда өсірілетін солтүстік бұғылар мен қойларға жылдық қор ретінде жиналады. Құрама жемдер түйіршіктелген және бос күйінде дайындалады. Құрама жемді екі үлкен тоқа жіктеуге болады: толық рационды және концентратты түрдегі құрама жемдер.
Толық рационды құрама жем жануарлардың тағамдық және биологиялық активті заттарға деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Олар тұқымдық және генетикалық қасиеттеріне жауап берумен қатар, шаруашылықтың жоғары өнімділік нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оларды бірінші кезекте құс шаруашылығы үшін өндіреді.
Концентратты түрдегі құрама жемдер ірі қара малдарға, шошқаға және тағы басқа ауыл шаруашылық жануарларына арналған. Олар өзінің бойында жоғары дәрежеде протеин, микроқоспалар және минералды заттарды ұзақ уақытқа дейін сақтайды. Концентратты құрама жемді астыққа, шырынды жем-шөпке қажетті рационды тағамдық көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында қосымша түрде береді.
Жемдік қоспалар. Көбінесе ірі қара мал жануарларына арналған. Қоспаларды арнайы зауыттардың қондырғыларында өндіруге болады. Егер құрама жемдерді нормативті-техникалық немесе басқада себептермен зоотехникалық талаптарға сай болмаса оны жемдік қоспалар қатарына жатқызуға болады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz