Тараз қаласындағы Қазфосфат ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауыты филиалындағы практика



КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының барлық жоғарғы оқу орындарында студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейлерін айқындау мақсатында практика ұйымдастырылады. Практика студентке өзін танып білуге, жұмыс берушімен жақын танысуға және болашақта алға қандай кәсіби мақсаттар қою керегін түсінуге көмектесетін бірден-бір әдіс. Қазіргі заманның ағымына сай әрбір студент шет тілдерін және компьютерді толық меңгерген болуы керек. Студент жұмысына жауапты болып, өз білімін әрқашан толықтырып отыруы, жаңа шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыра білуі керек.
Жалпы алғанда практика мамандарды дайындаудағы ең басты фактор болып табылады. Практика барысында студенттер мамандық шеберлігін үйреніп, ұжымдағы ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын меңгереді.
Қолданбалы химия кафедрасының 5В072000-БЗХТ мамандығының студенттері үшін оқу практикасы Тараз қаласында минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының полигонында жүргізіледі. Университетте студенттерге кәсіптік практиканы ұйымдастыру мақсатында 30-нен аса кәсіпорындар базаларымен келісім шарттар жасалынған. Әрбір практиканың негізі студенттердің теориялық білімдерін жетілдіру және ұжымда жұмыс жасау қабілеттілігі болып табылады.
Қорыта айтқанда, практика - оқу процесінің үзілмес бір бөлшегі,
студенттің барлық оқу процесі кезінде жүктемеге енгізіліп, әрбір болашақ
маманның білімін жетілдіру мақсатында қарастырылып, оқу процесінің негізі
болып табылуы қажет. Білімді жастар - Қазақстанның жарқын болашағы.

0.1 Қазфосфат ЖШС-нің қысқаша тарихы

Қазфосфат ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылды. Бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның іс-қаракеттері оның Тараз қаласындағы офисі арқылы басқарылады. Қазфосфат ЖШС -- фосфаттар шығарудан бастап, олардан өндірілетін түпкі өнімді өз меншігіндегі Теміржол-көлік кешені күшімен жеткеруге дейінгі бүкіл жұмысты бір өзі атқаратын Қазақстан жеріндегі бірегей компания.
Қазфосфат ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар:
-Жаңа Жамбыл фосфор зауыты;
-Минералды тыңайтқыштар зауыты;
-Қаратау тау-кен өңдеу кешені;
-Шолақтау тау-кен өңдеу кешені;
-Теміржол-көлік кешені;
-Степногор Химиялық зауыты;
-Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты.
Қазфосфат ЖШС өз жұмысын минералды тыңайтқыштарды, сары фосфор мен оның туынды өнімдерін өткеру рыногын қайта қалпына келтіруден бастады. Рыноктық қатынастар жағдайында жұмыс істеу сары фосфорды одан әрі тереңде-тіп өңдеуді, тағамдық ортофосфор қышқылы, тағамдық натрий үшполифосфаты, баяу гидратталушы натрий үшполифосфаты сияқты жаңа өнім түрлерін шығаруды, күшәні азайтылған фосфор және минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттардың жаңа түрлерін: P2O5-сі 19% суперфосфатты, P2O5--сі 22% нитроаммофосты, P2O5--сі 37% үшкальцийфосфатын өндіруді қажететті. Қазфосфат ЖШС өндіріс ауқымын ұлғайтып, өткеру рыногын кеңейтуге, сөйтіп түрлі тұтыныстық қасиеттері бар өнімдермен кәсіпорындар сұранысын қанағаттандырып отыру үшін негізгі жұмыстарымен бірге өндіріс процестерін жетілдіретін өндірістік қуаттарды қайта құрып, жаңғырту саласында да үлкен жұмыстар атқаруда.
Тек бір 2003 -- 2004 жылдар аралығында кәсіпорын мамандары күшімен аммондандырылған суперфосфат,нитроаммофос,гидратталғ анүшполифосфат, фосфор қышқылы және тағамдық сапасы бар үшполифосфат тәрізді жаңа өнім түрлері жасалып, өндіріске енгізілді. Еңбек өнімділігін арттырып, майда тартылған фосфат шикізатының сапасын жақ-сарту, қуат шығындарын төмендету мақсатында Ø 4,5 х15 метрлік руда тартатын түтікті диірмендерге қуат күші 2250 кВт жаңа электроқозғалтқыштар орнатылды. Нәтижесінде диірмендердің жұмыс өнімділігі 1,2 есеге артты. ЖЖФЗ филиалында шығарылатын 1 және 2 сортты фосфор қышқылдары мен жоғары және бірінщі сортты натрий үшполифосфаттары сары фосфорды ұқсату бары-сында туындайтын өнімдер. Ортофосфор қышқылын филиалда қолдану мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ оны өткеру рыногын кеңейту мақсатында Қазфосфат ГОСТ көр-сеткіштеріне түгелдей сай келетін А маркалы тағамдық фосфор қышқылы мен одан алынатын тағамдық натрий үшполифосфатын шығаратын қосарланған тұз бөлімшесі құрылымын қайта құрудан өткізіп ,жаңғыртты. Натрий үшполифосфатының өткеру рыногындағы бәсекелік қабілетін көтеру үшін тек ғана белгіленген сапа көрсеткіштері бойынша шығарылатын гидратталатын үшполифосфат өндіру технологиясы жасалды. Бұл үшін екі турбокальцинатордың те-мірлері тотықпайтын болатпен алмастырылды. Фосфоритті агломерат шығаруда жаһандық іс-тәжірибеде бірінші рет АКМ-312 агломерация машинасының көрік бауы қайта құрудан өткізілді. Қайта жаңғырту нәти-жесінде еңбек өнімділігі 5 -- 8% артып, қуат ресурстарына (электр энергиясына, табиғи газға, тығыздалған ауаға), кокс пен фосфорит ұнтақтарына кететін шығын мөлшері азайды. Бұрын құрамында 40 -- 50% фосфоры бар шламдық қалдықтарды фосфор қышқылы шламын алу үшін циклондық қондырғыларда жағатын едік. Ал қазір шлам-дық қалдықтар зауыт мамандары жасап, іске қосқан жүйе бойынша рудотермиялық пештердің өзінде өңделеді.
Пеш газын өндірісте қолдану үшін оның құрамындағы фосфор мөлшерін азайту қажет. Бұған суды 2-суық конденсациялау сатысында 20 -- 30°С температураға дейін салқындату арқылы қол жеткізуге болады. Қазір конденсациялық суды салқындату үшін оны пеш цехының жылуалмастырғыштарында қайырма судың таза циклы арқылы сал-қындату жүйесі қолға алынған. Ол үшін СК-400 градирналарында әсіресе жазғы мез-гілдерде қайырма суды жеткілікті түрде салқындата алмайтын, істен шыққан тамшылы-плёнкалы ағаш тозаңдаттырғыштардың орнына кең өңешті тозаңдатқыш шүмектер, заман талабынан шығатын желдеткіш құрал-жабдықтар, полимерлі тозаңдатқыштар мен тамшышашыратқыштар орнатылған. Конденсациялық суды салқындату жүйесін енгізу арқылы шламмен бірге жоғалтатын фосфор көлемі азайтылды, сондай-ақ сары фос-фордың ендігі жерде ауаға аз бөлінуіне орай айтарлықтай экологиялық нәтижеге қол жетті.
Әсіресе рудотермиялық пештердің фурмалары мен дюздерін салқындататын жүйе-лер торабын қайта құру үлкен нәтижеге жеткізді. Аталмыш шараларды енгізу қож жү-ретін астаулы-жолдардың кірпішті қорғау қабаттарының жарамдылық мерзімін ұзар-туға, сөйтіп пештерді жөндеуге кететін уақыт аралығын 5 -- 6 айдан 8 -- 9 айға дейін созуға мүмкіндік берді. Осыған байланысты пештердің тоқтап тұратын уақыты ай-тарлықтай азайды. Сары фосфорды өндіру технологиясында пеш электродтарының бірқалыпты жұмыс істеуі маңызды роль атқарады. Филиалда электродтар құрылымын өзгертуге қатысты жүргізілген жұмыстар олардың морт сынуын азайтып, осыған бай-ланысты пештерде орын алатын апаттыи жағдайлар санын кемітті. Коксты кептіргіш барабандарда кептіру кезінде оның үйкелінуіне байланысты үлкен мөлшерде ұнтақтар пайда болады. Сөйтіп олар газдарға қосылып, ауаға бөлінеді. Осыған орай анағұрлым үнемшіл, электр қуатын аз пайдаланатын, ауаға да заттектерін айтарлықтай аз бөлетін ФС пештерін іске қосатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазфосфат ЖШС Минералдық тыңайтқыштар филиалында өткен 10 жылғы еңбек барысында өндіріс қуаттарын кеңейтуге және жоғарғы сапамен шығатын өнім түр-лерін көбейтуге, қалдығы аз өндіріс орындарын құруға, өндіріс қалдықтарын өңдеуге ба-ғытталған біраз жұмыстар атқарылды.
КВФ-50 маркалы қос айналма білікті сүзгі орнату арқылы экстрациялық фосфор қышқылын шығаратын бөлімше құрылымы қайта құрылды. Нәтижесінде өндіріс қуаты 30% артты. Экстрациялық фосфор қышқылын шығаратын өндіріс өнімін фосфогипстен құрғақ күйінде арылта алатын түрге ауыстырылды. Бұл бөлінетін фосфогипс қалдықтары мөлшерін 30 кг азайтты.
Суды тұндырмай пайдаланатын жүйе жұмысы іске қосылмақ. Бұл алдағы уақытта шлам жинағыштар қолдануды жоймақ. Аммоний сульфатын алудың, баяу әрекет етуші тыңайтқыштар түрін шығарудың қолдағы бар құрал-жабдықтарғ аоңтайланған технологиясы жасалған. Экстрациялық фосфор қышқылын тазартуға қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мақсат -- соның негізінде сіңімді заттары мол тыңайтқыштар алу.
Қоюланбайтын қойыртпақтан суперфосфат алудың әзірге теңдесі жоқ техно-логиясы жасалып, игеріліп, іске қосылған. Бұл суперфосфатты әдеттегі классикалық жолмен алу кезінде болып тұратын зиянды заттардың ауаға бейберекет бөлінуін тоқтатуға мүмкіндік берді. Қазфосфат ЖШС сонымен қатар келесі ғылыми-зерттеу институттарымен келісім-шарт жасап, қолға алған жұмыстарын тамамдады:
1. Тақырыбы: Пеш газдарын пайдалана отырып (ЖЖФЗ), сары фосфор алу үшін фосфоритті агломерат өндірудің № 3 тұрақты технологиялық регламентіне өзгерістер енгізу. Жобалаушы -- ЛЕННИИГИПРОХИМ ЖШҚ ,Москва қ. (Ресей) Пеш газдарын пайдалана отырып, сары фосфор алу үшін фосфоритті агломерат өндіретін цех регламентіне өзгерістер енгізілді.
2.Тақырыбы: Қаратау алабындағы Көксу кен орнынан алынатын фосфорит руда-сын байытудың ұтымды технологиясы жасалды.
Жобалаушы -- ГИГХС ФМУК, Либерцық. (Ресей) Қаратау алабындағы Көксу кен орнынан алынатын фосфорит рудасын байыту технологиясы жасалды. Нәтижесінде Р205-сі 30% , Мg-і 1% 9 кг флотоконцентрат алын-ды. Соның негізінде зертхана жағдайында ЭФҚ мен пайдалы бөліктерінің қосындысы 59% болатын аммофос алынды.
3. Тақырыбы: Арнайы өнімдер үшін Қазфосфат ЖШС филиалында алынатын котрельді сүтті қайта өңдеу технологиясы жасалды.
Жобалаушы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім Коми-теті ПХВ РГП-ның Жер, металлургия және байыту жөніндегі ғылми орталығының еншілес кәсіпорны А.Бектуров атындағы химия институты.
А.Бектуров атындағы химия институты ғалымдарымен қосыла отырып, Қаз-фосфат ЖШС филиалында алынатын котрельді сүтті қайта өңдеу технологиясын жаса ужұмыстары аяқталды. Өнеркәсіптік жағдайда бояғыш зат - көк пигмент алынды. Қазір котрельді сүттің сілтілі сұйықтығынан ылғалды тұнбалар алу жұмысы бойынша институтпен әрі қарай да бірлесе қызмет ету мәселесі қарастырылуда.
4. Тақырыбы: Сүзу өнімділігіне, қатқыл фазаның сүзгіш кенебінен өту барысына, тұнба ылғалдылығына және қолайлы сүзгіш кенебі мен құрал-жабдықтарын таңдауға қатысты тәжірибелік-зертхана жұмыстарын жүргізу.
Жобалаушы - Прогресс зауытының сауда үйі ЖШҚ, Киев қ. (Украина).
Сүзу өнімділігін арттыру, фосфор қышқылын қоспалардан тазартуға қатысты тәжірибелік-зертхана жұмыстары жүргізілді және тағамдық қышқылдар өндірісіне сүзгіш құрал-жабдықтар таңдап алынды. Қазір құрал-жабдықтар алу мәселесі қарастырылуда.
5. Тақырыбы: Фосфогипс қосу арқылы жердің жыртпалы сортаңдау қабаттары- ның құнарлылығын арттыру технологиясын енгізу.
Жобалаушы - ҚазАгроИнновация АҚ, Тараз қ. (Қазақстан Республикасы).
Қазақ ғылыми-зерттеу институты су шаруашылығы (ҚазАгроИнновация АҚ) мамандарымен бірлесе отырып, фосфогипс қосу арқылы жердің жыртпалы сортаңдау қабаттарының құнарлылығын арттыру технологиясы енгізілді.
Фосфогипс қосудың жетілдірілген технологиясы Жамбыл облысы Жамбыл ауда-нына қарасты Ш.Д. Дәуітовтың шаруашылық қожалығындағы жыртпалы алқапқа енгі-зілді. Зерттеу нәтижелері фосфогипс қосылған жағдайда жүгері шығымдылығы 20 - 30 цга-ға артқандығын көрсетті.
Үнемді суғару, жер өнімділігі мен жүгері шығымдылығын арттыру жөнінде ұсы-ныстар берілді. 6. Тақырыбы: Желдету барысында бөлінетін заттектерін өнеркәсіптік шаң-тозаң мен қоспалардан тазарту үшін қарсы құйынды ағымы (ҚҚА)бар ұйтқыма шаң тұтқыштарды жобалап, жасау. Жобалаушы - Тараз кәсіби гуманитарлық-техникалық Білім колледжі, Тараз қ. (Қазақстан Республикасы).
Аммофос өндірісіне ауаға бөлінетін заттектерін өнеркәсіптік шаң-тозаң мен қос-палардан тазарту үшін қарсы құйынды ағымы (ҚҚА) бар ұйтқыма шаңтұтқыштар ор-натылды. Нәтижесінде жұмыс зонасы мен қоршаған орта аумағына заттектердің бөлінуі азайды.

1-сурет. Қазфосфат ЖШС-нің Тараз қаласындағы офисі

1.2 Минералды тыңайтқыштар зауыты

Тараз қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, азықтық фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт болып табылады.
Зауыт 449,2 га жерді алып жатыр. Оның құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:
-фосфорлы-азотты тыңайтқыштар - аммофос өндірісі (ди-және моноаммонийфосфат қоспасы) 46% Р2О5, 10% N;
-қарапайым суперфосфат өндірісі 19% Р2О5;
-сульфоаммофос өндірісі 18% Р2О5, 18% N;
-нитроаммофос өндірісі 22% Р2О5, 22% N;
-Азықтық үшкальцийфосфат өндірісі 27% P2О5;
-Азықтық кальцийнатрийфосфат өндірісі 41% P2О5;
Шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі ішкі рынокта сатылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауылшаруашылығы өндірісшілерін тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін оны қаражаттандырудың мемлекеттік Бағдарламасы жұмыс істеуде. Сонымен қатар тыңайтқыштар Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстан рыноктарында сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар рыногын игеру үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.
Өнімдері
-Аммофос
-Суперфосфат
-Үшкальцийфосфаты азықтық;
-Кальцийнатрийфосфаты азықтық;
-Сульфоаммофос
-Нитроаммофос
-Фосфогипс;
-Күкірт қышқылы аккумуляторлық;

2-сурет. Зауыттың сыртқы көрінісі

3-сурет. Практиканың бірінші күні

4-сурет. Қашықтықтан басқару офисінде

1.3 Минералды тыңайтқыштар зауытының тарихы

Қаратау фосфориттер кенішінің ашылуына байланысты ортаазиялық республикаларда минералды тыңайтқыштар шығаратын өнеркәсіп орындарын ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар туды.
Жамбыл суперфосфат зауытын салудағы шешуші фактор - Жамбыл (бүгінгі Тараз) қаласының географиялық тұрғыдан сәтті орын тебуі еді. Бұл оның Қаратау фосфорит кеніштері мен тұтынушыларға жақын орналасуы және жүкті теміржол, автокөліктермен тасымалдауға болатын мүмкіндігі еді.
Зауыт жобасын Мәскеудің Гипрохим институты жасады.
1947 жылы ССРО Министрлер Кеңесінің 1946 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Жамбыл қаласының шетіндегі далалы жерде болашақ химия зауытының құрылысын салу басталып кетті.
Соыстан кейінгі жылдар туғызып отырған ауыртпалыққа қарамастан 1950 жылдың қыркүйегінде-ақ бірінші - суперфосфат цехы пайдалануға берілді.
1950 жылдың 18 қазанында Жамбыл суперфосфат зауыты (тізілімдік бет № 8881) мемлекеттік тіркеуден өтті. Осы кезден бастап зауыт өзінің өндірістік қызметін бастады.
1951 жылдың наурызында екінші кезекпен мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын өндіретін цех пайдалануға берілді. Нәтижесінде күкірт қышқылын сырттан сатып алу тоқтатылды. 1955 жылы суперфосфатты түйіршіктеу бөлімшесі, ал 1956 жылы - жанасымды әдіспен күкірт қышқылын шығаратын цех іске қосылды.
1962 жылы Одақта алғаш рет апатиттің негізінде ұнтақ түріндегі аммофос алына бастады. Бұл үшін экстракция бөлімшесінен (4 таспалы сүзгісі, 4 құтылы экстракторлар желісі бар) және үш кептіргіш тозаңдатқышы бар құрғату бөлімшесінен тұратын аммофос цехы салынды.
1965 жылы қаңтарда сульфакөмір цехы салынып, энергетика өнеркәсібінде суды жұмсарту үшін қолданатын жаңа өнім түрі - сульфакөмір-катиониті шығарыла бастады.
1966, 1972 - 1975 жылдары АФФ -1,2,3 цехтары іске қосылды. Жаһандық деңгейде гидротермиялық жаңа әдіспен Қаратау фосфориті шикізатынан ауылшаруашылығы малдарының жеміне қосымша ретінде салынатын фторсызданған азықтық фосфат алынды.
1973 жылы аммофос цехына төртсекциялы экстрактор, АВС-50 айналмалы вакуумды-сүзгі және тозаңдатып құрғататын-түйіршіктеуші ТҚҚР жабдықтары орнатылып, қайта жаңғыртылды.
1979-1980 жылдары моральдық және физикалық тұрғыдан ескірді деп табылып, мұнаралы және жанасымды әдістермен жұмыс істейтін күкірт қышқылы өндірістері мен суперфосфат цехы жабылды да орнына польшалық кешенді құрал-жабдықтармен жабдықталған КҚ-31 күкірт қышқылы цехы іске қосылды.Ол 1993 жылға дейін жұмыс істеді.
1987 жылдың желтоқсанында екі төртсекциялы экстракторы, екі АВС-100 айналмалы вакуумды-сүзгісі және екі барабанды түйіршіктегіші - БТҚ құрғатқыштары бар түйіршіктелген аммофос шығаратын цехтың екінші кезегі іске қосылды.
2001 жылы зауыт Минералды тыңайтқыштар Тараз филиалы ретінде Қазфосфат ЖШС құрамына кірді.
Ол кезде филиалдың өнеркәсіп алаңдарында: өндірістік аммофос, азықтық фторсызданған фосфаттар, сульфокөмір және қосалқы: қуатпен қамтамасыз ету, электрожабдықтау, көлік, автокөлік цехтары сақтауда жатқан еді.
Қазфосфат ЖШС-нде осыдан 2 жыл бұрын тоқтап қалған зауытты қайта жандандырудың экономикалық-техникалық мүмкіндіктері сарапқа салынып, тыңғылықты қарастырылды.Сөйтіп оның жұмысын ішкі және сыртқы рыноктар сұранысын қанағаттандыратындай, өнімнің өзіндік құнын түсіретіндей, сапасын көтеріп, ассортиментін
Минералды тыңайтқыштар филиалының өндірістік құрылымына кіретіндер:
-Басқарма - бүкіл филиал бөлімшелеріне атқаратын жұмыс көлемі мен сапасына қарай жалпы басшылық етеді;
-Азотты-фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын цех - дайын аммофос, суперфосфат, сульфоаммофос өнімдерін шығарады. Цех құрамына кіретін бөлімшелер:
- шикізат дайындайтын (фосфат шикізатын, күкірт қышқылын, әктас сүттігін),
- экстракциялы фосфор қышқылы,
- дайын өнімдерді кептіріп-құрғататын және түйіршіктеп, жинайтын,
- сұйық аммиак бөлімшесі.
Шамалы мөлшерде аккумулятор қышқылы, аммиак суы шығарылады. Өндіріс қалдығы - фосфогипс ауылшаруашылығы үшін оның сортаң және қышқыл топырақты жерлеріне қолданылатын химиялық мелиорант және күкірт қышқылды тыңайтқыш ретінде сатылады;
-Азықтық фосфаттар шығаратын цех - ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын үстеме азықтандыруға арналған азықтық қоспалар: үшкальцийфосфатын, кальцийнатрийфосфатын шығарады; Цех құрамына кіретін бөлімшелер:
- фосфат шикізаттары мен дайын өнімдерді текшелеп жинау,
-химсу тазарту бөлімшесі,
-балқытубөлімшесі,
-құрғатып тарту бөлімшесі,
-абсорбциялаубөдімшесі. 2013 жылы күкірт қышқылы өндірісін химиялық таза сумен қамтамасыз ету қажеттілігіне орай АФФ цехының химсутазарту бөлімшесі оған у тазартқыш, оны тұзсыздандырып, жұмсартқыш жабдықтар орнату арқылы қайта жарақталды.
Күкірт қышқылын өндіретін цех - Қазақстан Республикасын инновациялық-индустриялық тұрғыдан қарқынды дамытуға бағытталған шараларға орай 2013 жылы іске қосылды. Өндірістің жылына 600 мың тонна моногидрат өндірерлік қуат күші бар. Бұл минералды тыңайтқыштар шығаруды жылына 460 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.Күкірт қышқылын өндіру барысында бөлінетін будан алынатын электр қуаты кәсіпорын қажеттілігіне жұмсалады. Цех құрамына кіретін бөлімшелер:
-ұйыстырылған күкірт қоймасы,
- күкірт балқыту, сұйық күкіртті сүзгіден өткізіп, ыдыстарға жинау,
-компрессорбөлімшесі,
Қуат күшімен қамтамасыз етуші цех -құрамына бугазбен және ауасумен қамтамасыз етуші бөлімшелер кіреді. Зауыт қажеттілігі үшін бу шығаратын қазандықты, магистралды газ құбыры бар газреттеушу қондырғыны, артезиандық ұңғымасы бар ауыз суымен қамтамасыз ету жүйесін, шайынды суларды сүзгілеу үшін қалалық алқаптарға ағызатын кәріз жүйесін қалыпты жағдайда ұстау үшін қызмет етеді;
-Жөндеу цехы - филиалдың өндірістік және қосалқы цехтарында қайта құру мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс, өңдеп-жөндеу және монтаждау жұмыстарын атқарады. Құрамында: монтаждау, құрылыс және насостар жөндейтін шеберханасы бар үш учаскеден тұрады;
-Өлшеп-бақылау аспаптары мен автоматты аппаратуралар цехы - өлшеп-бақылау аспаптары мен автоматика аппаратураларын, теміржолдық және автомашиналық таразыларды жөндеп,тексеру, монтаждау сияқты жұмыстар жүргізіп, оларды күтіп-қарау қызметімен айналысады;
-Техникалық бақылау бөлімі (ТББ), Сынақ жүргізуші өнеркәсіптік-сани-тарлық зертхана (СЖӨСЗ) - дайындалған өнімдердің өндірілу барысы мен сапасына, бөлінетін өндіріс заттектерімен қоршаған ортаның ластанбауына бақылау жасайды;
-Шаруашылық-тұрмыс цехы - оған шайынатын су себізгілері бар тұрмыстық ғимараттар мен монша және кір жуатын комбинат қарайды, аумақты абаттандыру, өнеркәсіп алаңдары мен санитарлық аймақты қөгеріштендіру жұмыстарын атқарады; ШТЦ-на жас білікті мамандарға арналған Жастар үйі жатақханасы, қазандық бөлмелері, тұрмыстық бөлмелер, балдырғандардың ойын бөлмелері, тұрмыстық-гигиеналық бөлмелер (асханалар, кіржуғыш машиналар, кір кептіретін, су себізгі бөлмелері) қарайды;
-Орталық қойма - филиал қоймаларындағы тауарлық-материалдық заттарға есеп жүргізіп, олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді;
-Өндіріс қалдықтарын жинастырып, сақтайтын алаңқай -оның ауқымына шламжинағыштардың 4 тұндырғысы, 2 үстемелеп тұндыру байламасы, насос стансасы, шламкөлігі, құрғақ фосфогипс сақтайтын алаңқай (үйінді) сиыстырылған. Санитарлық-қорғаныс аймағы - суару жүйесі бар, филиалдан бір шақырымдай қашықтықта оны айнала қоршай отырғызылған ағаш көшеттері.

1.4 Фосфорлы минералды тыңайтқыштар олардың маңызы. Қолданылатын облысы

Фосфорлы МТ өндірісі фосфор және фосфорлы қышқыл технологиясының дамуымен және құрылымымен тығыз байланысты. Әйгілі фосфор өнеркәсібінің бастапқы ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарында болды. ХХ жүзжылдықтың басында Қазақстанда 10 фосфор заводы жұмыс жасады, фосфорлы қышқылы термиялық әдіспен жылына 180 мың тонна өнім өндірді.
Фосфор өнеркәсібінің әрі қарай дамуы электропештердің біріңғай күшін көтеру жолымен жүрді, пеш газының тиімді тазалануы, апативті концентратты шикізат ретінде пайдалану. 1969 жылы Жамбылда қос суперфосфат өндірісі бойынша 1970 жылы Жаңажамбылдың фосфор заводы ашылды.
Егіннің бітік шығуына минералдық тыңайтқыштардың маңызы зор екендігі қазірде жұрттың бәріне мәлім. Өсімдік өскенде жерден түрлі еріген заттарды(тұздарды) тамыр арқылы бойына тартып қорек етеді, егінді жинағанда жерден алынған заттар бірге кетеді, мысалы мына өсімдіктердің әрбір тоннасы, өзімен мынадай мөлшерде фосфорды алып кетеді: картоп 3кг, жаздық бидай-10,5кг, қара бидай-11кг. Жер жүзінде жыл сайын ондаған миллион тонна фосфорды (Р2О5есебімен) егін өзімен жерден алып кетеді екен, сөйтіп топырақтың нәрі азайып құнарсызданады.Жаратылыстың өзінде мұның орнын толтыратын процестер жоққа жақын, сондықтан топырақта фосфор тапшылығы басталады.Соған қарсы әрекет ретінде, адам фосфордың түрлі тұздарын егістік жерге сеуіп, топырақты қайтадан құнарланады; бір тонна фосфор тыңайтқышы (Р2О5есебімен) мақтаның түсімін гектарына 5-6тонна, қант қызылшасын 8-9тонна, картоп-40-45тонна арттырады.
Тыңайтқыш түрінде өсімдікке берілетін үш элементтің(фосфор, азот, калий) ішінде фосфордың орны ерекше, фосфор өсімдіктің дәніне жиналады басқалар - сабағы, жапырағы, тамырына жиналады.
Фосфор да азот сияқты протоплазманың маңызды бөлігін түзеді, тірі организм өсіп өнуіне қатынасатын түрлі органикалық заттардың құрамында болады, Тыңайтқыштардағы фосфор оның оксидінін (Р2О5) мөлшері арқылы өлшенеді.
Фосфорит ұны -- майдаланған кальций фосфориті Са3(РО4)2 ақ нс сұр түсті ұнтақ. Оның құрамында 16 -- 35% Р2О5 бар. Өте арзан тыңайтқыш.
Фосфорит ұны суда нашар ериді. Сондықтан оны қышқылдағы жоғары топыраққа пайдаланған жөн.
Жай суперфосфат -- Са(Н2РО4)2 + 2Са3О4. Оны фосфоритке не апатитке күкірт қышқылын қосу арқылы алады:

Са3(РО4)2 +2Н2SO4 =Са(H2РO4)2 + 2СаSO4 жай суперфосфат
Мұның құрамында 14 -- 20% Р2О. болады. Бұл топырақта, суда жақсы еріп, өсімдікке жақсы сіңіріледі. Алайда құрамыңдағы ерімейтін кальций сульфаты тыңайтқыштың құнын арттырады.
Қос суперфосфат Са(H2РО4)2 -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сары фосфор өндірісінің есептеулері
Химия өнеркәсібі
Қазфосфат ЖШС туралы
Шиелібұлақ карьері - фосфорит кенін ашық тәсілмен өндіру
Қазақстанның химия өнеркәсібі
Қаратау қаласындағы ЖШС«Казфосфат» зауытының қоршаған ортаға, адам денсаулығыны, жануарлар мен өсімдіктерге әсері
Фосфорит кені – әлемдік экономиканың аса қажетті шикізаты
Ақша қозғалысы
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
Жамбыл облысының экономикалық жағдайы
Пәндер