ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ТҮРКІСТАН 2012
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
І. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау дайындалып енгізілген
Орындағандар:
Философия кафедрасының меңгерушісі,
филос. ғ. к., доцент Ө. А. Малдыбеков
лауазымы қолы аты-жөні
"Философия" кафедрасының
магистр оқытушысы М. Т. Дуйсебаев
лауазымы қолы аты-жөні
II. Кафедраның оқу-әдістемелік мәжілісінің 2012 ж. № __ мәжілісінде мақұлданды.
Кеңес төрайымы магистр оқытушы М. Б. Егенбердиева
ІІІ. СЫН-ПІКІР БЕРУШІ
филос. ғ. к., доцент Дайрабаева Г. Б.
лауазымы, бөлімі қолы аты-жөні
« __ » 2012 ж.
ІҮ. ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЖІЛІСІНЕ
БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ хаттама № __ « __ » 20__ ж.
Кеңес төрайымы филос. ғ. к., доцент А. Малдыбек
КІРІСПЕ
«Философия» пәні бойынша философиялық емес мамандықтардың студенттеріне арналған семинар сабақтарының әдістемелік нұсқауы типтік оқу бағдарламасы мемелекетттік жалпы білім беру стандартына және пәннің оқу әдістемелік кешеніне сай жасалынды.
Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты - болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Пәнді оқып-үйретудің міндеттері:
- философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;
- болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;
- пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден, догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.
Пәнді оқып-үйрену процесінде бакалаврдың білуі тиіс:
- -Философияның негізгі терминдері мен мәселелерін;
- негізгі философиялық тұғырнамаларды;
- мәдениет конртекстіндегі дүиетанрымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін
Бакалавдың курстан білетіні:
- философияның предметі, мақсаты мен мінрдеттері
- философия мәселелерінің негізгі шеңбері
- философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның адам өмірлік таңдауының стратегиясына әсері
Сабақ №1 Философия мәдениет феномені хақысында.
Сабақтың мақсаты: Философияның мән-жайын, ерекшелігін, мәдениет аясындағы орнын, қоғам мен адам өміріндегі рөлін ашып көрсету. Философияның негізгі анықтамасы - даналық екендігін, даналықтың қоғам, адам үшін рухани азық болып табылатынын, даналықтан әркімнің нәр алуы керектігін студенттерге түсіндіру. Философияның ерекшелігін сипаттау, оның ғылыммен арақатынасын, ғылыми жолын, ғылыммен
шектелмейтіндігін ашу;
Көзқарас ұғымын талдау. Философиялық көзқарастың ерекшелігін ашу, студенттердің философиялық көзқарасын қалыптастыруға қадам жасау. Көзқарастың тарихи түрлерін талдап, философияның, мифологияның, діннің адамның дүниемен қарым-қатынасын жүзеге асырудағы орны мен рөлін ашып көрсету. Студенттерге философияның басты нысанасы, предметі адам екенін түсіндіріп, сонымен бірге философияның адамды
оны қоршаған дүниемен бірлікте, қарым-қатынаста қарастыратынын түсіндіру;
Философияның әр заманда әртүрлі мәдени, тарихи ортада әртүрлі функциялар атқарып келгенін аша отырып, студенттерге философияның теориялық, методологиялық, тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық, сыни, аксиологиялық функцияларын суреттеу.
Семинар сабағының жоспары:
1. Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары
2. Философия - даналық
3. Философия - ғылым
4. Философия - көзқарас
5. Көзақарастың тарихи түрлері. Мифология. Дін. Философия.
6. Философияның пәні: Адам және Дүние.
7. Философияның негізгі функциялары.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Философияға бірыңғай және біржола анықтама беруге бола ма?
2. Философия мен ғылымның арақатынасын ашып беріңіз.
3. Философия классиктерінің қайсысы философияны даналық ретінде
қарастырады?
4. Философия классиктерінің қайсысы философияны ғылым ретінде
қарастырады?
5. Даналықтың білімнен айырмашылығын түсіндіріңіз.
6. Түсініктің танымнан айырмашылығы қандай?
7. Философиялық рефлексияның мәні неде?
8. Дүниеге көзқарастың түрлерін атаңыз.
9. Философияның пәні қандай?
10. Философияның қызметтерін атаңыз.
Негізгі ұғымдар (глоссарий) :
1. Философия грек сөзі, даналыққа құмарлықты аңғартады, "мәдениеттің жаны" (Маркс), сан қырлы, күрделі рухани дүние.
2. Даналық адамның дүние, өмір, адам, адамдардың қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі, ақыл-парасаттың көрінісі, өмір тәжірибесінің түйіні.
3. Түсінік адамның ішкі жан дүниесіне, философиялық, әдеби, діни туындылардың, классикалық дүниелердің мазмұнына үңілу, бойлау, "адамның сыртқы дүниені танып-білу
тәсілі емес, сол дүниеде өмір сүру тәсілі" (Хайдеггер) .
4. Ғылым табиғат, қоғам, таным құбылыстарының ішкі байланысын, қатынастарын, заңдарын зерттейтін қоғамдық сананың түрі.
5. Көзқарас адамның өзі, дүние, өзінің дүниеге қатынасы, дүниедегі орны жөніндегі ойы, пікірі, түсінігі.
6. Адам философияның басты нысанасы, "барлық заттың өлшемі" (Протагор), неге көңіл бөлсе де бәрін де философия адам тұрғысынан қарастырады.
7. Дүние 1) шетсіз, шексіз объективтік реалдылық; 2) адамды қоршаған табиғи, әлеуметтік орта.
8. Мифология (грек. миф - сөз, аңыз) - мифтер жөніндегі ілім, құдайлар, рухтар, батырлар жөніндегі аңыз-әңгімелер жиынтығы; көзқарастың синкреттік сипаттағы байырғы түрі.
9. Дін (лат. религаре - біріктіру, байланыстыру) абсолютке (құдайға, рухқа) және онымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне сенумен байланысты қалыптасатын адамның ойы, сезімі және қарекеті .
10. Гносеология (грек. гнозис - білім және логос ілім) - таным теориясы, дүниені (объекті) танудың мүмкіндіктері мен шектерін анықтайтын, танушы субъект пен танылатын объекттің қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын білімнің ақиқаттығының шарттарын көрсететін философияның саласы.
11. Эпистемология (грек. епистеме - білім, ғылым) таным, жөніндегі, жаңа
білімге апарар таным жолдары жөніндегі ілім.
12. Онтология (грек. онтос - болмыс, бар нәрсе және логос - ілім) - болмыс жөніндегі ілім, болмыстың іргелі функцияларын және жалпы формаларын қарастыратын философияның саласы.
13. Антропология (грек. антропос - адам…) адам табиғаты мен мәні
жөніндегі ілім, адам философиясы.
14. Аксиология (грек. аксиа - құндылық…) құндылықтар, олардың табиғаты
мен пайда болуы, адам және қоғам өміріндегі орны мен рөлі жөніндегі философиялық ілім
15. Идеология грек. идея - ұғым, көрініс) - қоғамның, қоғамдық күштердің,
таптардың мүддесін бейнелейтін саяси құқықтық, философиялық, моральдық, діни, эстетикалықидеялардың, көзқарастардың жүйесі.
Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар. Ойланыңыз:
1. Неміс ағартушысы Г. Лессинг: «Егер Құдай мені өзіне шақырып: «Бір қолымда Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде ақиқатқа деген іңкәр бар. Қайсысын таңдап аласың?» - десе, мен: «О, Жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі сенсің, маған тек сол ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны», - дер едім» - дейді. Осы көркем сөзбен берілген ойды сіз қалай түсінесіз?
2. «Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын . . . философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін» деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде?
3. Француз ағартушысы Д. Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай?
4. «Өткен және болашақ замандардағы қасіреттерге философия жоғарыдан қарағанмен, қазіргі қасіреттер философияға жоғарыдан қарайды» деген ойды француз жазушысы Франсуа де Ларошфуко айтқан екен. Бұл ой-пікір біздің қазіргі өтпелі заманымызды бағалағанда, қандай тебіреністерді тудырады?
5. «Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар, я болмаса Құдай болу керек» - дейді Аристотель. Бірақ үшінші бар, ол - философ», - дейді Ф. Ницше.
Бұл пікірді қалай түсінуге болады?
6. «Қайғы таныммен бірге басталады», - дейді француз ойшылы А. Камю. Сіз бұл пікірді қалай түсінесіз?
7. «Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам философияға тәуелді болуы керек», - деген екен орыс философы Н. Бердяев. Бұл тұжырым қазіргі өтпелі қоғамда қандай ойларды туғызуы мүмкін?
8. «Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?» - дейді неміс философы А. Шопенгауэр. Оған қалай қарайсыз?
Мәнжазба тақырыптары
1. Философия және миф.
2. Философия және дін.
3. Философия және өнер.
4. Философияның негізгі бағыттары: материализм, идеализм, реализм.
5. Философия - дүниеге деген ерекше көзқарас.
6. Философия құндылықтары және бүгінгі өтпелі қоғам.
7. Философияның жоғары білім саласындағы алатын орны.
8. Философия мен жеке ғылымдардың байланысы.
9. Философияның танымдағы әдістемелік қызметі.
10. XX ғасырдың аяғындағы адамзат тудырған жалпы мәселелерді шешудегі
философияның рөлі.
Блиц-тест
1. Түгендеп көрсетілген пікірдің қайсысы дұрыс:
- адамның қоғамдық жаратылысын, оның еңбегінің қоғамдық сипатын талдамай сананың мәнін түсіну мүмкін емес
- адамның психикасын миды есепке алмай зерттеуге болады
- адамның бас миын зерттеп, сананың мәнін толық түсінуге болады
- машина да санамен ұғып, ойлай алатынын білдіреді
- сана қоғамдық жағдайға тәуелсіз пайда болады
2. Философияның негізгі мәселесінің дәл мағынасын көрсетіңіз:
- ойлаудың болмысқа қатынасы
- материяның бастапқы екендігі және рухтың одан тәуелділігі
- дүниені тану қажет пе
- философиялық бағыттардың, өз көзқарастарын насихаттау күресі
- материя және сана ұғымдарын қарсы қою
3. Дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні:
- дүниені ұғынудың әпсаналығы, бірлігі, біртұтастығы
- дүниені жоғарғы және төменгі өмір сүру салаларына бөлу
- адам мен табиғатты бір-біріне қарсы қою
- дүниенің субстанциялық бастамасын мойындау
- бір құдайдың әлемдік күшіне сену
4. Философия қай кезде пайда болды?
- б. д. д. VІІІ-VІІ ғғ.
- б. д. д. ІV-ІІІ ғғ.
- б. д. д. ІХ-VІ ғғ.
- б. д. д. VІІ-VІ ғғ.
- б. д. д VI-Vғғ.
5. Дүниеге философиялық көзқарас:
- дүниенің құбылыстары заңдарға бағынады, дүние кездейсоқ құбылыстардың жиынтығы емес, ол жалпылық дүниеге көзқараста берілген
- дүниенің басы да, соңы да құдайдан
- дүниені танып білу мүмкін
- объективтік дүние, оның заңдары, адамның ойларын, ғылыми теорияны анықтамайды
- адамның санасы, еркін, сенімін және мақсаты табиғат пен қоғамның дамуына әсерін тигізбейді
6. Философияға дейін қандай екі көзқарас болды:
- мифтік, діни
- софистикалық және метафизикалық
- мифтік, диалектика
- диалектика және метафизика
- діни, мифтік
7. Тарихи тұрғыдан философияның алдында келесілердің қайсысы болған жоқ?
- әлеуметтану
- тарихи білім
- мифология
- дін
- геометрия
8. Философия қай елде пайда болды?
- Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Греция жерлерінде
- Еуропада
- Ежелгі қытайда
- Ежелгі Үндістанда
- Ежелгі Грецияда
9. Философияның ерекшелігі-
- қатаң ғылыми ой-тұжырымдарда
- әлемді, оның жалпыға ортақтығы мен тұтастығында алы тануға тырысу
- анықталмайды
- әлемге деген практикалық қатынаста
- догматизмде
10. Философияның қандай анықтамасы мүлдем дұрыс емес
- философия- бұл дүниетаным
- философия- бұл мәдениеттің квинтэссенциясы
- философия - бұл жеке теория
- философия-бұл ойларға толы, дәуір
- философия-қоғам мен табиғаттың дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым
Әдебиеттер:
1. Әбішев Қ. Философия. Студенттер мен аспиранттарға арналған оқулық.
Алматы, 2001.
2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. Оқу құралы. -Алматы:
Қазақ университеті, 1992.
3. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы. 1999.
4. Рысқалиев Т. Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына
шолу) - Алматы, 1999
5. Рысқалиев Т. Х. Даналық. Ұлттық энциклопедия "Қазақстан" Т. 3. Алматы,
2000
6. Философия. Оқулық (проф. Т. Ғабитовтың ред. ) Алматы, 2002.
7. Философиялық сөздік. - Алматы, 1996.
Сабақ №2 Шығыс мәдениетіндегі философия феномені.
Сабақтың мақсаты: Ежелгі Шығыс философиясының дүниетанымдық ерекшелігін, кейінгі әлемдік философияның дамуынына қосқан үлесін түсіндіру. Ежелгі Шығыс философиясының негізгі бағыттарын, мектептерін ашып көрсету. Данышпандардың өмірі мен қағидаларын айта отырып, студенттерді адамгершілікке, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.
Семинар сабағының жоспары:
1. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері.
2. Ежелгі Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері.
Конфуцийшылдық, даосизм және легистер (заңгерлер) .
3. Ведалар және олардың мәні.
4. Жайнизм, буддизм және локаята (чарвака) мектебі.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Ежелгі Қытай философиясының Ежелгі Үнді философиясынан айырмашылығын көрсетіңіз
2. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептердің ерекшеліктері қандай?
3. Ежелгі Үнді философиясының негізгі мектептерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері неде?
Негізгі ұғымдар (глоссарий) :
1. "Цзюнь- цзы" өнеге арқылы әлемдегі тепе теңдік пен реттіліктің болуына септігін тигізетін " тұрақты ", " қалыпты ", " қайырымды жігіт " деген мағынаны білдіретін Конфуцзы философиясындағы ұғым.
2. Чжи парасат-білім, даналық, интеллект.
3. И парыз - әділетілік, парыз сезімі, парасаттылық, адалдық. Конфуци
философиясындағы іргелі ұғымдардың бірі.
4. Жэнь адамгершілік, адам сүйгіштік, қайырымдылық.
5. Дэ дао, барлығының нәрсенің этикалық себебінің негізі құрайтын көне ұғым.
6. Дао жол, барлық нәрселердің негізін білдіретін дүниетанымдық ұғым, әлемдік үйлесімділік.
7. Инь - ян Көне қытай философиясындағы жұптық күйдегі әлемнің қарама-
қарсылығын, үйлесімділігін, дамуын бейнелейтін ұғым.
8. Сансара жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі.
9. Карма әділ жаза заңдылығы.
10. Мокша жанды қасіреттен азат ету.
11. Дхарма Көне үнді философиясындағы адамның әлеуметтік ордадағы әдептілік нормаларын қадағалайтын моральдық заң.
12. Нирвана адамның рух еркіндігіне жетуі, түрлі сезімдік үйлерден (құмарлық, ләззат) өзін өзі ажырата білуі. Көне үнділік діни философиядағы идеал.
13. Пракрити Көне Үнділік философиядағы табиғаттың материалдық негізін,
әлем обьектілерінің бастапқы себебін білдіретін субстанциялық ұғым.
14. Пуруша өмірлік ұстаным, "бастапқы адам". Барлық жанды нәрселердің тыныс алу көзі: тұтастықтан көп түрлілікке өту символын білдіретін Көне Үнді философиясындағы дүниетанымдық ұғым.
15. Веданта индуизм негізін құрайтын қуатты әрі әсерлі діни- философиялық жүйе.
16 Брахман Көне Үнділік діни философиядағы әлемнің рухани негізін құрайтын таза болмыс, Абсолют.
17 Локаята Көне Үнділік философиялық ілім.
Жағдаяттар:
1. Ешқашанда бұл дүниеде өшпенділік өшпенділікпен жойылған жоқ; тек қана өшпенділіктің жоғы оны тоқтатады. Бұл - мәңгілік Дхамма. Бұл Будданың сөзін қалай бағалайсыз?
2. Жау жауға не істесе де, жалған бағытпен жіберілген ой одан да жаман істейді .
3. Даосизмнің диалектикалық идеялары: Барлық дүние болмыстан туады. Болмыс бейболмыстан туады. Бірдеңені құрту үшін ең алдымен оны гүлдету керек. Біреуден бірдемені алу үшін оған ең алдыменберу керек; Бақытсыздықта бақыт жатыр. Бақытта бақытсыздық бар. Кім оның шекарасын біледі?
4. Адамдарды білетін - дана; өзін-өзі білетін - ағарған.
5. Аспанның тілегі - адамдар бірін-бірі сүю керек және бір-біріне пайда әкелулері керек (Мо-Цзы) .
6. Пайда іздегендер адалдықты ұмытады; Ең биік адамды сүюшілік туысқандық байланыстарды ескермейді (Чжуан-Цзы) .
7. Аспан қарапайым адамдарды елбасы үшін тудырмайды, ол елбасын таққа қарапайым адамдар үшін отырғызады (Сюнь-Цзы) .
Мәнжазба тақырыптары
1. Көне қытай философиясының әлемдік мәдениетегі орны.
2. Дао философиясындағы дүниетанымдық тәжірибелер.
3. Моистер.
4 . Ежелгі Үнді философиясындағы даршандар және олардың негізгі бағыттары.
5. Бхагавадгита бағыты.
6. Хатха - йога.
Блиц-тест
1. Конфуцийшылдардың негізгі көңіл аударған, айналысқан қоғамдық
мәселелері:
А) адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі.
В) адамдар арасындағы қатынас, басқару мәселесі.
С) мемлекетті басқару және мәдениетті өркендету мәселесі.
D) тәрбие мәселесі, оқу-білім және оны ұйымдастыру жұмыстары.
Е) адам және табиғат арасындағы қатынас.
2. Кун фу-цзы ілімінше, ең жоғары жаратушы күш:
А) аспан.
В) күн.
С) ай.
D) құдай.
Е) жер.
3. Конфуцийшылдар көп көңіл аударған ұғымдар:
А) тең орта, адамгершілік және өзара сүйіспеншілік.
В) іс-әрекет, мінез-құлық, адамгершілік.
С) дәстүр, адамдардың қарым-қатынасы, табиғат.
Д) өзара сүйіспеншілік, адам мәселесі, болмыс.
Е) болмыс, тең орта, құдай.
4. Тең орта деген не?
А) адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.
В) ата-анасын құрметтеу, сыйлау.
С) адамдардың батырлығы мен қорқақтығының арасындағы іс-әрекет.
D) үлкен ағаларын сыйлау.
Е) өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас әрекеті.
5. Конфуцийшылдардың пікірінше адамгершілік негізі неде?
А) "жэнь" - "ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау, жалпы
алғанда үлкендерді сыйлау.
В) мемлекетті басқарушыларды құрметтеу және оларды сыйлау.
С) мемлекетте қалыптасқан заңдарды құрметтеу және оларды мүлтксізі
орындау.
D) бұрынғы ұлттық салт-жораны, дәстүрді мадақтау және оларды тарату.
Е) құдайға құлшылық істеу, құрбандық шалу
6. Конфуцийшылдардың әдептілік қағидасы қалай айтылады?
А) өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге тілеме.
В) өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жаса.
С) өзің қаламайтын нәрсені басшылыққа алып, іс-әрекет жаса.
D) мемлекеттік заңды орындау басты әдептілік қағидасы.
Е) басқаларды сүймесеңде өзіңді сүй, туысқандарыңды сила.
7. Барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады"-деген
кім?
А) Кун Фу-цзы
В) Мэн-цзы
С) Сюнь-цзы
D) Лао-цзы
Е) Шан Ян
8. Аспанның еркі - адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген
пікірді кім айтқан?
А) Мэн-цзы.
В) Лао-цзы.
С) Кун Фу-цзы.
D) Хань Фей-цзы.
Е) Сюнь-цзы.
9. Әлем жөніндегі Сюнь-цзының басты пікірі:
А) әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады.
В) әлем жоғары күш аспанның басшылығымен өмір сүреді, оны өзгерту мүмкін емес.
С) әлем жаратушы құдайдың әмірімен өмір сүреді.
D) әлемді өзгертуге болады, ол үшін аадамзаттың ақыл-ойы дамуы қажет.
Е) әлем түсінуге болмайтын күрделі құбылыс, сондықтан оны танып-білуге ұмтылудың қажеті жоқ.
10. Дао дегеніміз:
А) Бәрін қамтитын жалпы дүниетанымдық ұғым, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз.
В) Қытайдың дамуы мен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым.
С) Адам және оның мәдениеті жөніндегі ілім.
D) Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму жолы.
Е) Адамның адамгершілік, саяси мінез-құлқы.
Әдебиеттер:
1. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. Оқулық.
Алматы: Жеті жарғы, 1999 жыл
2. Кішібеков Д. Философия. Оқулық. Алматы: Рауан баспасы, 1991жыл
3. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Оқулық. Алматы:
2000 жыл.
4. Тұрғынбаев Ә. Х. Философия. Оқулық. Алматы: Білім, 2001 жыл
5. Философиялық сөздік. А., 1996.
6. Современная философия: словарь и хрестоматия. Ростов - на- Дону, 1996.
7. Ғабитов Т. Философия. А., 2004.
Сабақ №3 Антикалық мәдениеттегі философия феномені.
Сабақтың мақсаты: Көне Грек философиясының әлемдік философиялық мәдениеттегі орнын, жаратылыстанымдық және қоғамдық ғылымдардың дамуына қосқан үлесін түсіндіру. Антикалық философияның қалыптасу ерекшеліктерін, даму кезеңдерін ашып көрсету. Антика даналығы мен түсінігінен сусындату.
Семинар сабағының жоспары:
1. Антика философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
2. Антика философиясындағы алғашқы бастама мәселесі. Фалес,
Анаксимандр, Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Демокрит.
3. Гераклит. Қарама-қарсылық және қалыптасу жөніндегі ілім.
4. Элей мектебі. Ксенофан, Парменид, Зенон. Болмыс және болмыс емес. Зенонның апориялары.
5. Сократ адам мәні жөнінде. Сократтың әдісі.
6. Платон философиясының мәні.
7. Аристотель филсоофиясы.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Аристотельдің ойынша философияның басқа ғылымдардан айырмашылығы неде?
2. Левкипп пен Демокриттің философиядағы материалистік бағыттың қосқан үлесі?
3. Аристотель философиясындағы болмыс мәселесі?
4. Көне грек философиясындағы қозғалыс проблемасы?
5. Парменид пен Зенон философиясындағы болмыс түсіндірмесі ?
Негізгі ұғымдар (глоссарий) :
1. Архэ барлық нәрселердің бастапқы негізін, шынайы өмір сүру мәнін білдіретін ұғым (Анаксимандр термині ) .
2. Логос сөз, ой, ақыл- парасат. Гераклит ілімінде бұл ұғым дүниенің даму заңдылығының ретті және қажетті өлшемі, рухани бастауы секілді онтологиялық негізде түсіндірілді. Стоиктерде логос - тек қана онтологиялық бастауғана емес, ақиқат принципі, этикалық норматив.
3. Эрос махаббат. Көне Грек философиясында эрос түсінігін алғаш жүйелеген Платонизм. Платонның түсіндіруінше эрос- жоғарғы сезім мен сезім арасын жалғаушы күш, абсолютке жетудің логикалық емес жолы.
4. Логика логика, ойлаудың заңдары туралы, логос және оның қозғалысы жөніндегі рефлексия.
5. Мифос миф. Философиялық зерттеулердің обьектісін құрайтын нәрселердің фантастикалық - поэтикалық түсіндірмелері.
6. Апория көне грек философиясында шешуі қиын проблеманы білдіретін ұғым.
7. Эйдос Сократқа дейінгі ойлауда эйдос түр мазмұнын иеленді ( Демокрит ілімінде атомдардың геометриялық түрлері идея ұғымымен сипатталды ) . Платон бұл ұғымды рухани мағынада ізгілік, парасат секілді құндылықтарға теңеді. Аристотельдік тұрғыда эйдос нәрселердің фундаментальды бастауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz