Философиялық ой дамуының бастапқы кезеңі


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Философия пәні

Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп анықталып кс. гендй і белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихы-философиялық очерктерде қарастырады. Мысалы, Платон «геометрия және бас философиялар» деген сөздерінде философия ұғымын «ғалым» сөзінің мағынасына жақын қолданады. Оның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Аристотель ізбасарлары, болмыстың іргелі негіздерін айқындауға мүмкіндік беретін жалпылама ғылым ретінде бұл «бастапқы философияны метвфизика деп атады.

Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың өзіндік тұтастығындағы әралуандылықты игеруге бағытталған философиялық білім түсінігімен тығыз байланысты (Аристотельдің «болмыс» ұғымын қалай түсінгені туралы кейіпірек сөз болады) . «Физика», әдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты оның заттар мем үдерістердегі (процестердегі) сыртқы көрінісін зерттейді. Демек, «метафизиканың» үлесіне бұл құбылыстардан «кейін» орналасқан, олардың арғы жағындағы нәрсе тиесілі. Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, үдерістердің сыртқы көрінісінің арғы жағында мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділік, болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс тікелей және жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл «арғы» жаққа үңілу» жасырын нақты мәнділікті ашуға бағытталған белсенді танымды ; ойлау қозғалысы пайымдаушы күш. Ал М. Хайдеггер былай деп жазады: « . . . Метафизика - бұл мәнділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану. Бірақ бұл «дефиницияны» мәселенің қойылуы ретінде ғана бағалауға болады, яғни мынадай сұрақ қойылады: «бар нәрсе» болмысының мәні деген не? Хайдеггер М. Кант и проблема метафизики. М., 1997, 5-8 бет) Демек, осыдан күрделі сұрақтар тізбегі құралып, «не өмір сүреді?» деген мәселе туындайды. Мұны «не нақты өмір сүреді?» деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде Бар нәрсенің өмір сүруі туралы мәселеден оның мәнділігі туралы мәселеге көшеміз. Бұл сұрақтардың тізбегін осы мәнділікті тану мүмкіндігі мәселесі аяқтайды, яғни бұл жерде таным үдерісінің мәні туралы мәселе қойылады. Сонымен, болмыс туралы сұрақ ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердің 1'35 жылы жазған «Гельдерлинрлин және Поэзияның мәні» деген еңбегінде осы айтылған цикл тіл туралы сұрақпен аяқталады. XX ғасырдың ұлы философының пайымдауынша тіл ең соңғы негіз адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар. оны игерудің жалғыз уииверсалды құралы болып табылады.

Енді «даналыққа құштарлық» деп анықталатын философияға қайта оралайық. Бұл сөз тіркесіндегі «құштарлық» белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, өзге» үшін «өзіңді ұмыту», өзіңнен бас тарту ссзімін де аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшін «өзге нәрсе» нені білдіреді? Ол физнкалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзіндік «меннен» өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды «менінің» өзі де физикалық тәннің өмір сүруінен өзгешеленеді.

Ия, бұл тәндік өмірдің шектелуі екендігі бәрімізге белгілі. Былайша Йайымдауға болады: адамды өзнің шектеулі шеңберінен шығарып, «өзгеге» құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек оның жалғыз тәсілі - бұл рухани күш -жігер болып табылады. Мұны идеалдык, руханилық ақыл-ой және т. б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шыгады: философия дегеніміз адамның өзінің шеңбсрінен шығуға мүмкіндік бсретін рухаи форма.

Сопымен, философияны «даналык» түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұгым «білімнің жоғары синтезі». белгілі бір нәрсе туралы «толық жетілген білім» деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың обьекті - менің өзімнен тыс табиғат білімнің өзі және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретінденгі білімнің өзі (ескерте кетейік, Антик дәуірінде философия білімге ұмтылуды, таза да тұнық ақиқатқа жетуді білдіреді.

Философияның қайнар көздері

Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолына ілесіп келеді.

Философия б. з. д. VI-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылады. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалық, иллюзиялық көзқарастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірілуіне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық математиктер мен астрономдар әлемнің гелиоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қалады, квадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді.

Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігі, оның өз осінен айналуы туралы ойларды айтты, математиктері санаудың он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.

Азиялық мәдениеттің көптеген ертедегі ескерткіштерінде әлемдегі адамның орны туралы, оның тағдыры, өлім мен мәңгі өмір сияқты дүниетанымдық мәселелер көтеріледі. Мысалы, «Гилгамеш туралы эпоста» батыр мәңгілікті іздеп, өмірдің мәні туралы сұрақ қояды. Утнапишти оған былай деп жауап береді:

«Сұм өлімнен құтыла алмассың қашсаң да!

Соғылған үй мәңгілік пе?

Қойылған таңба мәңгілік пе?

Әлде қаны бір туыс мұрасын мәңгілікке боле ме?

Көбелек те қуыршағын қалдырар,

Күнге қарап үнемі, ол да мәңгі өмір сүрмейді!

Ұйқы менен жансызға тән нәрселер - сол өлімнің елесіндей емес пе?»

Келтірілген бұл үзіндіде қойылған сұраққа жауап іздеу ғана емес, өмірдің мәні, өлім мәселелсрі туралы ой толғау басым. Гильгамеш бұл өмірдің өткінші және шсктеулі екендігін, оның өліммен аяқталатынын түсінеді. Сондықтан ең жоғарғы құндылық бұл дүниедегі өмір болып табылады. Бұл өмірді бағалап қана қоймай, өзгелердің де өмірін қорғау арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады. Мәңгілік - бұл өмір мен жақсылық үшін бұрын-соңды жасалған ерлік істер туралы адамдар мен халықтардың жады, тарихи есі. Өмір, өлім мен мәңгілік туралы осындай ойлар, құдайлардың өмір сүруі туралы күмәнді ойлар азиялық мәдениеттің көптеген ескерткіштерінде кездеседі: «Құлдың қожайынымен әңгімесі». «Ригведа».

Логосқа қарай батыл қадам жасаған ерте дүние ескерткіштерінің бірі Упанишад (б. з. д. 800-300 жылдар) болып табылады. Бұнда қоршаған әлемнің мәнін тереңірек ұғынуға деген ұмтылыс, діни, догматтық түсініктерге табан тірей отырып өрілген ақыл-ой басым болды. Болмыстың субстанциялық негізін раңиоиалды іздеу, адамның рухани-құқықтық әлеміндегі күрделі ұғымдар мен категориялар, қайғы-қасіреттің мәнін түсінуге талпыныс - мұның бәрі Упанишадтың раиионалды-рухани ізденістерінің өзегіне айналды.

Санкхья. Б. З. Д VII ғасырда (негізін қалаушы Капила) пайда болып, ал б. з. д ІІІ ғасырда дарбес ілім ретінде толық қалыптасып бітті. Санкьхия ілімі бойынша бүкіл әлем дүниедегі ең субстанцияның - пракрити жәнс пурушидің өзара әрекеті нәтижссінде пайда болады. Егер пракрити - бұл мәңгі әрекеттсгі және құбылмалы энергия, әр түрлі материалдық объектінің бастау көзі болса, ал пуруши - таза сананың немесе «Меннің», рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидің қосындысы әлемді құрайды және ғарыш эволюпиясының себебі болып табылады. Мәңгілік әлемді мойындау - оның таным обьектісіне айналуы. Адам әлемді логикалық формалар мен құралдардың көмегімен таниды, ал әлем туралы білімнің ақиқаттылығын адам мынадай логикалық тәсілдер көмегімен нсгіздейді: дәйектеу, дәлелдеу, ой қорытындылау.

Өзіңді өзің жеңу буддизм философиясындағы адамның негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ертедегі Үндіде буддизмнің пайда болуы ежелгі Грекияда Сократқа дейінгі философия қалыптасқан уақытпеи бір мезгілде іске асты. Буддизмнің негізін қалаушы Сиддхартха Гаутама (б. з. д. 563-483) Гаутама діни ой-сананы теріске шығарды. Оның ілімі адамды азат етуге бағьпталған. Бұл үшін барлық күйбең тіршілікке қатысты бағыныштылықтардан азат болып, нирванаға жету шарт. Сондықтан да Будда үшін философия - бұл иирванаға жету құралы. Бірақ, нирванаға жетпей тұрып, адам «төт игілікті ақиқаттың» мәнін терең ұғынуы қажст: 1) дүние қасіретке толы; 2) барлық қасіреттің себебі адамның құлқынынан; 3) қасіреттің себептсрін жою; 4) нирванаға жету. Ол үшін мына жолды ұстану қажет - дұрыс түсінік, дұрыс сөз, дұрыс ойлау, дұрыс жүріп-тұру, дұрыс өмір сүру тәртібі, дұрыс күш-жігер, дұрыс ой бағыты, дұрыс жинақтала білу.

Буддизмнен өзге, брахманизмге қарсы оппозициялық көңіл-күйдегі келесі бір мектеп - джайнизм (б. з. д. VI-V ғғ. ) Веданың қасиеттілігін, әр түрлі діни әдет-ғұрыптар мен салттарды, адамзат тағдырына құдайлардың ықпал етуін теріске шығарды. Джайндар пікірінше адамды оның құдайға табынушы тақуалығы да, әлеуметтік шыққан тегі де емес, жеке тұлғалық қасиеттері ғана айқындайды. Адам карманы өзінің адамгершілік іс-әрекеті мен моральдық деңгейі арқылы ғана жеңуі тиіс.

Үндінің философиялық ойы сияқты қытай даналығы да өте ерте кездегі мәдени қабаттардан бастау алады. Мифологиядағы «Ян» және «Инь» туралы көзқарастарды ежелгі қытай ойшылдары дүниетанымдық ұғымға айналдырды және оны «ци» ұғымымен толықтыра отырып (б. з. д. VIII-V ғғ. ), «У-син концепциясын (б. з. д. V-ІІІ ғ. - бес түпкі элемент туралы ілім) дамыттты. Бұл көзқарастар Лао-Цзыдың (б. з. д. VI-V ғ. ) «Дао дэ Цзин» деп аталатын еңбегінде жарқын көрсетілген. Лао-Цзы пікірінше, дао - бұл ғаламдық заңдылық. «Цимен» бірге дао әлемдегі заттардың дамуы мен өзгеруіне ықпалын тигізсді. Әлем алуан түрлі жәнс үнемі өзгерісте. Адам, даостардың пікірінше, Даомен кірігіп, жер пендесіне тән тәуелділіктен құтылуы қажет

Антик философиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антик философиясы туралы ақпарат
Батысшылдық бағыт.Славянофильдік бағыт
Орыс философиясы
Философия дәрістер
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Әлемге философиялық көзқарас
Антик философиясы туралы
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz