Әлем философиясы


61-лекция тақырыбы: Философияға кіріспе
- Философия сөзінің тілдік және терминдік мағыналары
- Философия және шындық
- Философияның статусы
- Философия ғылымының пайда болуы
- Пәннің мақсаты мен міндеттері
Философия сөзі араб тіліндегі «фәлсәфә» көпше түрі «фәлсафият» сөзінен келеді. Кинди, Хауаризми және Шахристани сияқты философтар және ойшылдардың көзқарастары бойынша «фәлсәфа» сөзі грек тілінен еніп философия сөзі арапшаға ыңғайлы етіп айтылды-дейді. Бұл грек сөзінің «фило» (сүйемін) және «софия» (данышпандықты) деген екі тіркестің қосындысы екендігі айтылады.
Алғаш рет философия терминін Пифагор өз еңбектерінде қолданған. Ал айрықша білім саласы ретінде философияны Платон енгізді.
Әбу Сүлеймен ас-Сижистаниге қарайтын болсақ мұсылман философтардың философия сөзінің алты мағынасын білгендігі айтылады. Аристотелдің, Платонның, Пифагордың т. б. көрсеткен алты анықтаманы ислам философтары тек қана қайталап қоймай өздері де анықтаманы одан әрі дамытқан.
Алты анықтама:
- Этимологиялық анықтама: Фәлсәфа, хикмет сүйіспеншілігі болып табылады. (Пифагордың сөзі)
- Жақын тақырыбына қарай анықтама: Фәлсәфа болмысты сол қалпында тану (Пифагор сөзі)
- Ұзақ тақырыбына қарай анықтама: Фәлсәфа, илаһи және адамдық істердің жиынтығы. (Пифагор)
- Жақын мақсаты мен іс-әрекетіне қарай анықтама: Фәлсәфа, өлімге дайындық. (Платон сөзі. Бұл сөзді Федон еңбегінде «өлім тәжірибесі» деп қолданған. )
- Ұзақ мақсаты мен іс-әрекетіне қарай анықтама: «Фәлсәфа, адамның мүмкін болғанша өзін илаһқа ұқсатуы». (Платон сөзі. өз еңбегінде «Бұл әділетсіз дүниеден қашу» деп қолданған. )
- Ұлылыққа қарай анықтама: Фәлсәфа өнерлердің өнері және ғылым. (Аристотель сөзі. Бұл сөзді метафизика деген еңбегінде қолданылады. )
Осы философия анықтамаларына кішкене өзгешеліктер енгізген мұсылман философтары өздерінің жеке көз-қарастарын білдірген.
Кейбір мұсылман философтары алты анықтаманы қайталайды.
Мысалыға Кинди, Хауаризми және ибн Араби сияқты философтар «фәлсәфа хикмет сүйіспеншілігі» деген сөзді қайталайды.
Кинди, ибн Мискеуейх және ибн Хинди «Фәлсәфа өлімге дайындық» деген сөзді (анықтаманы) қайталайды. Өлім деген кезде екі өлімді түсінеді. Бірі рухтың денені тастап кетуі. Екіншісі шәхәуатты өлтіру. Мінеки олардың айтып жатқан өлім осы өлім.
Фараби, ихуани сафа, ибн Хинди «фәлсәфа адамның күші жеткенше ұлық Аллаһтың іс-әрекеттеріне ұқсауға тырысуы» деп қайталайды.
Кинди «Ұлылығы тұрғысынан фәлсәфа өнерлердің өнері және хикметтердің хикметі» деп қайталайды.
Ислам философтарының анықтамаларына келетін болсақ Кинди «фәлсәфа, адамның ойлау қабілетіндегі мәңгі барлық заттардың ақиқаттылығы, түр-түсінің себептерінің жиынтығы» дейді.
Фараби, «Фәлсәфа (хикмет) бизатихи Уажибул Ужуд болған ақиқат болмыстың болмыс ретінде білінуі».
Ибн Рушд «Фәлсәфа, болмысты өнердің нәтижесі ретінде қарап Жаратушыны тану».
Ибн Хинди «Фәлсәфа, рухтың ғылым және амал мен тәрбие етілуі»-дейді.
Философия- адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келген. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Философия дінге жақын, өйткені ол да философиялық нақты фактылармен қатар дін сияқты догмаға сүйенеді. Бірақ ол дін емес. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары - табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады. Объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда. Философия адамзаттың рухани табысы. Ол ғасырдан ғасырға бір халықтан бір халық үйреніп, біліп, ұғу арқылы ойдан өрнек құрап, рухани дами береді.
Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі метафизикалық әдіс. Бұл біріншіге қарсы дүниені өзгермейтін қозғалмайтын дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.
Диалетикалық әдісті Гераклит, Аристотель қолдады оны одан ары Гегель дамытты.
Метафизиктерге К. Маркске дейінгі материалисттердің басым көбі жатты.
Философия ғылымы басқа нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. өйткені философия жалпы теориялық ілім. Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой пікірдің теориялық жиынтығы.
Философия құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Ол кезеңде философия адамның объективтік дүние және өзі туралы түсініктерінің жиынтығын құрайтын ілім. Бұл жағдай, антика заманындағы білім деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Философияның сана формасында пайда болуы белгілі бір туындайды. Біріншіден дүниені білу үшін ең алдымен ол туралы жалпы көзқарас болуы қажет. Екіншіден дүниені тереңдей тану үшін ол туралы дұрыс, рационалды ойлау әдісі, логика және дүниетаным теориясы қалыптасуы керек. Осы қажеттіліктердің нәтижесінде философияның ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселесі алдыңғы қатарға шықты, ал оның шешімі таным логикасының негізінде жатты. Философия көптеген салалардан тұрады: онгология, гносеология, логика, этика, эстетика, психология, социология, философия тарихы. Бір кезде философия «ғылымдардың ғылымы» деп атанды. Бірте-бірте практиканың дамуына, ғылыми білімнің көбеюіне, тереңдеуіне байланысты философияның «ғылымдардың ғылымы» деген функциясы әлсірей бастады. Қазіргі өзінің қоғамдағы орнын, ролін проблемаларын шеңберін нақты анықтап бұл функциядан мүлдем арылды.
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс. оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты, ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс. белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады) . Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады, бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң, олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған, адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы-қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып, оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай, әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып, өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, өз дүниетанымын құрастырады. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү, оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi, ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарасқа айналады) . Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз, айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас -сезiмнен, нанымнан, танымнан тұрады. Оның құрамына бiлiм, сенiмдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер, эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi. Сонымен, дүниегекөзқарас адамзат санасының, дүниетанымының қажеттi бөлiгi. Бiлiм мен сенiмнiң, ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т. б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады. Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан, бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне, дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi - практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi - практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi, ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi -практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т. б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар. Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған, жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниеге өзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен, ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады, өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар (категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады, объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы, моделi құрылады да, адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады. Мәселе шешу тұлғаның көзқарысына қоғамда қалыптасқан ой-пiкiрлер, принциптер, әдептiлiк нормалары, құндылықтар табиғаты және т. б. әсерiн тигiзетiнi көпшiлiкке белгiлi.
Философия (б. д. д. 6-5 ғғ. ) Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда болды. Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы, математигi Пифагор, ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады. Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма. . Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық, ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi) . Философияның бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина) жатыр.
1. Оның негiзгi зерттеу объектiсі - адам, оның әлемде алатын орны және оған деген қатынасы.
2. Ол дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi мен мазмұны қандай.
3. Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция (мифте-сезiм, қиял болса; дiнде-сенiм және сезiм) .
4. Философиялық танымның эмпирикалық (тәжiрибе) негiзi, базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.
Философияны түсiнуде және оның дүние мен адамды тануда атқаратын ролiн анықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель (б. з. д. 384-322, философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және политика, метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика», «Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т. б) . философияны «ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi. Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия». Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар бойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн құрайтын көптеген идеяларды тұнғыш рет философия ұсынған(Левкип пен Демокриттiң- атомдары, Декарттың-рефлекс туралы ұғымы, П. Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер молекулалар деген) . Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi) . Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр. (Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда, өйткенi ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның қиыншылықтары) . Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп отыр, сондықтан ол жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т. б. жалпы даму теориясы) . Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р. Декарт: (1596-1650) «барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар») . Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады. Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке жатқызуға болмайды (Ницше - философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк, интерсубъективтiлiк.
Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми бiлiмнiң арақатынасында үш кезеңдi аңғартуға болады:
1) ертедегiлердiң алғашқы бiртұтас бiлiмдерiнiң жиыны барлық пәндердi қамтитын «философия» немесе «табиғат философиясы» деп аталды; бұл алғашқы бiлiм ғылым бастамалары да, философия бастамаларын да қамтиды.
2) бiлiмдердiң мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып, бiртұтас жиыннан бөлiнiп шыға бастауы, әсересе 16-18 ғғ. жылдамдата жүрдi.
3) Бiрқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың бiртiндеп интеграциялануы. 19ғасырдан басталған үшiншi кезең одан әрi жалғасуда. Соңғы кезеңде бұрынғы дерексiз философиялықформада ғана қарастырылып келген көптеген теориялық мiндеттердi ендi ғылым өз мiндетiне алды. Философия қайта ғылыми бiлiмдердi жалпылаудың негiзiнде шешушi тиiс екендiгi барған сайын дәлелдене түстi. Ал бұл философияның ғылымилық сипатың арттыра түстi.
Пәннің мақсаты мамандарды жоғарғы кәсіби деңгейде дайындау және студенттерді әлем, таным, адам, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін діни - философиялық тұрғыда жете түсінудің негізгі жағдайлармен таныстыру. Сонымен қатар өзге діндердің діни философиялық ілімін, философиялық мектептерін, қазіргі заман философиясындағы адам және қоғам жайлы философиялық ой-пікірлерді үйрету.
Пәннің міндеттері: діни философияның қалыптасуының негізгі кезеңдерін білу; діни феномендерді талдау үшін біртұтас дүниетанымдық және методолгиялық тәсілдер жасау; діни проблематикаға қатысты әртүрлі тәсілдерді жете түсіну; ағымдардың көп түрлілігін қамтитын діни философияның тарихын жүйелі баяндау; дүниетанымдық плюрализм шеңберінде студенттерді діни-философия, теологиядағы әртүрлі тәсілдермен, сонымен қатар дін сынындағы негізгі тәсілдермен, сонымен қатар дін сынындағы негізгі тәсілдермен таныстыру; студенттерге діни-философияның категориялық және методолгиялық аппараттарын оның негізгі теориялық тарауларында меңгеруге көмектесу; студенттердің философиялық ойлау, діни проблематикаларды жете түсінуде құнды дүниетанымдық тәсілдер мәдениетін дамыту; шектес және болып өткен пәндер: Қазақстан тарихы, философия негіздері, дін филосфиясы, дін тарихы, қазіргі дінтанудың өзекті мәселелері және бірнеше мамандану пәндері. Студенттерді діни философия және болмыс туралы ілім және рух, теориялары және танудың методтарымен таныстыру; Студенттерге діни мәселелеріне дүниетанымдық тұрғыдан ұғынудың құндылығын және философиялық ой-мәдениетін меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
- Философия сөзінің мағынасы
- Философия ғылымы нені зерттейді?
- Философияның негізгі әдістері
- Мұсылман философтарының философия туралы анықтамалары
2-лекция тақырыбы: Дін және философия
- Дін және философияның өзара әсерлері формаларының көп түрлілігі
- Дін философиясы және діни философия, діни философия және теология
Философия мен діннің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтар болсақ, дінде де, философияда да дүние туралы жалпылама түсінік бар, оларды адамдар өмірінде басшылыққа алулары керек; адам орындауы керек Құдай туралы, дүниенің жаратылуы, уахи, рухтың өлімсіздігі фундаментальды діни идеялар философиялық сипаттамаға жақын келеді. Философия сияқты дін де қоғамдық сананың формасы ретінде ойланылғанның (Құдай) алғашқы себебін зертейді. Г. Гегель дінді философиямен салыстыра келе, «діннің философиямен мазмұны бір, тек олардың формалары әр түрлі» деген. Гегель бойынша, дін мен философияның айырмашылығы мынада, философия түсінік пен ұғымдарға негізделсе, дін негізінен түсінікке негізделеді (яғни, нақты-сезімдік образдарға) . Сондықтан, философия дінді түсінеді, ал дін философины түсінбейді. Дінде сенімге, культке, уахиге мән беріледі, ал философияда интеллектуальды танымға негіз беріледі. Осылайша, философия діндегі даналықтың мазмұны мен мәнен түсінуге қосымша мүмкіндік береді. Дінде ең алғашқы болып сенім тұрса, философияда ой мен білім тұр. Дін догмалық болса, философия антидогмалық. Философиядан айырмашылығ дінде культ бар. Карл Ясперс былай деді: «Философиялық сенімнің, сенетін ой адамының белгісі болып оның біліммен одақ құрғанын айтуға болады. Ол біліммен айқындалавтынның бәрін біліп, өзін түсінгісі келеді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz