Әлемдік монотеистік діндердегі адам еркіндігі мәселесі


Мазмұны
Кіріспе. . ……… . . . … . . . 4-9
І Тарау. Философия тарихындағы еркіндік мәселесі
1. 1. Антика философиясындағы еркіндік . . . 10-19
1. 2. Христиан және иудаизм теологиясындағы еркіндік түсінігі . . . 20-27
ІІ Тарау. Ислам ойлау жүйесіндегі еркіндік
2. 1. Ислам ойлау жүйесінің қалыптасуы және дамуы . . . 28-36
2. 2. Ислам ілімдеріндегі еркіндік . . . 37
Қорытынды: . . . 56-57
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59-60
Кіріспе
Зерттелу жұмысының өзектілігі: Қаншама жылдар бойы адамдарды мазалаған сұрақтардың ең маңыздысы осы адам еркіндігі мәселесі болған. Адамдар өз істерінде еркін бе әлде мәжбүр ме? Егерде іс-әрекеттерінде еркін болса, бұл еркіндік шексіз бе әлде шектеулі ме? Деген сұрақтарға психологтар да, философтар да, кәләмшылар да жауап табуға тырысқан болатын. Адам еркіндігі мәселесі сонау антик философтарынан бастап, соңғы иләһи дін ислам философтарына дейін жауап іздеген тақырыптардың бірі болып табылады. Философтар бұл мәселені тек қана ақыл жолымен шешуге тырысса, психологтар адам еркіндігін психологиялық жағдай деп психофизикалық және биологиялық негіздер арқылы зерттеуге тырысқан. Қалау еркіндігі туралы ойдың кез-келген басқа ойлар сияқты өзінің даму жолы бар екендігі баршамызға белгілі. Адам еркіндігі туралы мәселенің төркіні жақсылық пен жамандықтың шығу себебі не? - деген сұраққа жауап іздеген уақытта ортаға шыққан.
Әһли Суннат ғұламалары болса адамның әрекеті туралы мәселелерді ақылмен тіпті Құран Кәрімге де сүйене отырып анықтауда. Іс- әрекетке басты көзқарасқа себеп болған «Аллаһ барлық нәрсенің жаратушысы» деген аят кәләмшылардың сонымен бірге Әһли Суннаттың ең қуатты дәлелдерін құрайды. Нәтежиеде іс-әрекетті адам жаратпайды. Ол Аллаһтың құдіреттілігімен жаратылады. Біздің іс-әрекет деп отырғанымыз, адамның өз еркімен жасаған қандай да бір іс- әрекеті, қимылы. Яғни адам еркін қолданып жасаған барлық нәрсе іс- әрекет ұғымының ішіне кіреді [4, 137 б] .
Зерттелу жұмысының мақсаты мен міндеті: Адам - жер бетіндегі тіршіліктен ақыл-ойымен, азат еркімен, сөзімен ерекшеленетін тіршілік иесі болып табылады [13, 1] . Сондықтан да адам өмірге әртүрлі сұрақтар қояды. Сол көптеген сұрақтарына жауап іздейді. Біздің де мақсатымыз жалпы адам еркіндігі туралы түсінік беріп, әлемдік монотеистік діндердегі адам еркіндігі мәселесін қарастырып, олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау. Біздің бұл мақсатымыз зерттеу жұмысының келесідей міндеттерін анықтайды: адам еркіндігі туралы мәселеге байланысты негізгі философиялық ой - пікірлерді қарастыру; адам еркіндігі мәселесінің құрылымы мен түрлерін айқындау; христиан, иудаизм және ислам діндеріндегі адам еркіндігі мәселесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, қолдағы бар мәліметтерді бір - бірімен салыстырып, қорытынды жасау. Сонымен қатар қазіргі таңда адамдардың арасында қалыптасқан еркіндікке байланысты әртүрлі терминдерге анықтама беру. Соның ішінде, валюнтаризм еркіндікті адам өмірінің принцпі ретінде қарастырады. Бұл идеялар Шопенгауер мен Ницшенің көзқарастарында кездесіп ХХ ғасырда көпшілікке таралды. Валюнтаристік көзқараспен жүру дегеніміз - өмірдегі объективтік жағдайлармен, қоғаммен, табиғаттың заңдылықтарымен келіспеу, тек өз көзқарасыңды ең жоғары даналық деп есептеу. Сонымен қатар фатализм - адамның өмірі алдын - ала белгіленіп қойылған деген түсінікті ұстанады. Бұл тағдырмен немесе Құдайдың қалауымен (христиандағы және исламдағы) немесе детерменизмнің жабық системасымен түсіндіріледі [21, 110 б] .
Зерттелу жұмысының деңгейі: Еркіндік хақында ислам философиясы болсын, жалпы философия тарихында саналуан көзқарастар кездеседі. Осы мәселе сондай ол туралы ой толғамай өткен ешбір белгілі ойшыл жоқ деуге болады. Басқа мәселелерде соншалықты сабырлы, салқын күйде ой кешетін даналардың өздері де еркіндікке келгенде айрықша жан толқынысын сездіріп тұрады. Еркіндікті түсінуде барлық философиялық ой - түйіндерді жәй тізіп өтудің өзі кішігірім кітап болып шығатын еді. Сонымен қоса еркіндіктің бар екендігін теріске шығаратын ойшылдар да бар. Мұндай көзқарастардың өзі саналуан болып келеді. Бірақ осы принцпті логикалық шегіне жеткізе өрбіткендер - механикалық материализм бағытындағы кейбір ойшылдар деуге болады. Олар (әсіресе Т. Гоббс, Б. Спиноза, Ламетри т. б) адам, қоғам тіршілігін табиғи механикалық заңдармен түсіндіруге ұмтылған болатын. Олар жалпы алғанда механика, геометриялық принцптердің тұрғысынан еркіндік туралы адамдардың ойы жалған елес қана, ал шын нәрсе қажеттілік деген пікірлерді айтқан. Француз философы П. Гольбах былай дейді: «адам өзінің әрбір әрекетінде қажеттіліктерге бағынады . . . оның еркіндігі химерде бар» [27, 516 б] . Гоббс былай дейді: Еркіндік пен қажеттілік үйлесе алады . . . ерікті әрекеттер адамдардың ырқынан, ал ырық еркіндіктен, сонымен қатар адамдардың ырқынан туатын әрбір акт, тілек және талпыныс белгілі бір себептен, ол себеп тағы бір себептен, себептердің тізбегінен (ал тізбектің соңғы тізгіні, ең ақырғы себеп құдайдың қолында) болғандықтан оның бәрі қажеттіліктен туындайды. Осы байланыстарды көре алатын адамға адамдардың еркінсіген әрекеттерінің қажетттілігі айқын болар еді. Бәрін көріп, бәрін реттеп отырған құдай, әрине, адамдар қалаған нәрсесін істеп жатқанда да содан қажеттілікті, құдайдың өз қалағанының да болып жатқанын көреді . . . адамдарда ешнәрсеге құштарлық та, ешнәрсеге құмарлық та құдайдың ырқынсыз болмас еді . . . » [6, 26] .
Зерттелу жұмысының құрылымы: мәтін
Зерттелу жұмысының ғылыми жаңалығы: мәті
I-тарау. Философия тарихындағы еркіндік мәселесі
- Антика философиясындағы еркіндік
Антик заманының философиясы б. з. б VII-VI ғасыр аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келген болатын. Ең бірінші материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала Милетте туды б. з. д VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейінгі үш ірі ойшыл Фалес, Анаксиамандр, Анаксимен өмір сүрген. Фалес (625-547ж. шамасында) дүниедегеігің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұстанған. Су Фалестің ойынша барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің алғашқы мәні, «бастамасы» деп қарастыру, қәзіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «Олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сөйтіп, дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру енді етек ала бастаған еді [1, 31б] . Фалестің еңбектері: «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы» деген еңбектер жазған. Фалестің ілімінше барлық ілімнің бастамасы-су. Фалес бір жағынан барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан ол жай су емес ақыл-ойдың осы тұрғыдан ол Құдай тектес деп есептейді. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді - деген пікірін айтады [2, 18б] .
Келесі бір антика заманының өкілі, Фалестің шәкірті Анаксимандр (б. з. д 610-547ж ) шамасы өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Анаксимандрдың негізгі еңбектері: «Табиғат туралы». «Жер картасы», «Глобус» [2, 18б] . Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешті алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат апейрон-шексіз деген ұғымды білдіреді деп есептеген. Бұл пікір материяның қазіргі түсінігіне жақындау. Фалес пен Анаксимандр өз пікірлерін осылай білдірсе келесі ойшыл Анаксимандрдың шәкірті Анаксимен де өзінің материалистік ой-пікірлерін айтып, дәлелдеуге тырысады. Негізінен Анаксимен (б. з. д 582-525 ж шамасы) дүниеде бар нәрсенің барлығының бастауы біртұтас материалдық негізі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен ауаға тән қасиет сұюлу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болады. Ауа Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ тіршілікпен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табыдады- деп ауаны бастапқа орынға қояды [1, 31б] .
Зертеуші ғалымдар, әсіресе Дж. Реале мен Д. Антисери антика заманының филосифия жолының дамуы туралы көзқарастарын зерттеп былай жеткізіп отыр:
1. Б. з. д VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физикалық және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифогоршылар, элеаттар, физик-электиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері-софистер және Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтез кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикреизм, стоицизм және электецизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі-неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі - деп Дж. Реале мен Д. Антисери антика заманының философиясын алты кезеңге бөліп қарастырады.
Ежелгі Грекия қаласы дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуына Ежелгі Үнді және Ежелгі Қытай жерлеріндегі заңдықтар қатты әсер етті. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болады. Философияның қалыптасуына алғышарт болған Грек өмірі формалары қатарына мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады - деген пікірлерді ұсынған [2, 17б] .
Ал Милет қаласына келетін болсақ (б. з. д V ғасыр басында) саяси серіктестіктен айырылуға байланысты ондағы философия құлдырап, ашық дамуы тоқтады. Бірақ Милет материалистерінің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға зор әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан Гераклит (б. э. деінгі 530-470ж шамасы ) болатын. Гераклит те өзінің көзқарасын материалистік тұрғыдан дамытты.
Ежелгі Грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі - бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи және әлеуметтік ортасымен, көршілерімен полиспен, жанды және жансыз заттармен, жануарлармен, құдайлармен бірге ол біртұтас, ажырамас әлемде өмір сүреді. Ғарыш түсінігінің өзі мұнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тірі ағза ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде пайымдалады. Гилозоизм позициясының, яғни тірі мен өлі арасындағы шекараны теріске шығарып, универсиумның жалпы жандылығын мойындайтын позицияны ұстанған Миллет мектебі өкілдерінің көзқарастары дәл осындай еді [44, 235 б] .
Ерте Грек философиялық антропологиясы да Ежелгі Шығыс философиясы сияқты мифология мен дін таңбасын өзімен бірге ала жүреді және олармен сұхбаттаса дамиды. Бірақ Ежелгі Грекиядағы адам философиясы өз мектептеріне бағыттары мен позицияларына қарай әртүрлі болып келеді. Оның шығыстық философиядан басты ерекшелігінің бірі, мұнда адамның әлемге қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсенді позиция ұстанылады. Оның үстіне, шығысқа қарағанда, батыстың философиялық антропологизмінде рационализм принцпі басым.
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады. Барлық нәрсе оттан жаратылған және ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болған-деп есептеді. Оның ойынша, жан материалдық, ол ең ылғалы аз құрғақ от. Дүниені «логас» басқарады. Біртұтас дүниені, ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады. Гераклит сонымен қатар дүниенің үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатындығын, қозғалыстың қайнар көзі қаншалықты екендігін, қарама-қарсылықтардың өзара бір-біріне өтетіндігін және басқа бірқатар диалектикалық ой-пікірлерді атап көрсетті «бәрі де қозғалыста жылы суиды, ал суық жылиды, ылғалды нәрсе құрғайды, құрғақ ылғалданады. Туу мен жойылу, өмір мен өлім, болмыс пен болмау - міне бұлар өзара байланысты, бір-біріне тәуелді және бір-біріне өтіп отырады. Мұның бәрі диалектикалық ойдың даму тарихына қосылған зор үлес екендігіне ешқандай дау жоқ. Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеялистік бағытта болды [1, 32б] .
Дүниеде - Жер болсын, аспан болсын, біз екі бір-біріне толық ұқсас зат, я болмаса құбылысты таба алмаймыз. Микроәлемдегі элементарлық бөлшектерден бастап Мегаәлемдегі жұлдыздарға дейін әрбір зат, я болмаса құбылыс тек өзіне тән болмысымен сипатталады. Даралық және қайталанбастық, басқаға ұқсамастық, жалпы алғанда, материалдық және рухани болмыстың өмір сүру тәсілі болып табылады. Оны өз уақытында Эпикур болжамдаған болатын. Оның ойынша, атомдар кеңістікте құлдырап бара жатқан кезде алғашқы бағытынан «өз еркімен» ауытқиды. Қазіргі ядролық физиканың деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңдағы ашылған 300-ге жуық элементарлық бөлшектердің әрқайсысының өз табиғаты, сыры бар. Ең ақырында, бүгінгі таңдағы ашылған ең ұсақ бөлшектер-адрондардың құрылымын құрайтын кварктардың өздері «бір-бірінен салыстырмалы түрде тәуелсіз және біршама еріктіктің деңгейінде өмір сүреді». Термодинамиканың екінші бастамасы Дүниеде дезинтеграция (ыдырау), энтропия (күш-қуаттың төмендеуі), хаос (бытырау) үрдістерінің жүріп жатқанын мойындайды. Ал мұның өзі де заттар мен құбылыстардың болмыстағы «өз еркіндігіне» деген «ұмтылысын» көрсетпей ме? Өйткені олардың әрбіреуінің болмыста өз негізі бар! Классикалық механиканың негізгі қағидаларының бірі - әрбір зат өзінің салмағы арқылы ерекшеленеді, ал оның өзі бастапқыдан бір-бірінен тәуелсіз берілген [7, 411б] .
Демокрит- адам туралы ілімдегі материалистік монолизмнің өкілі. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады. Оның айтуынша өмірдің мақсаты - бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес. Бақыт - бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл - күйде болуы. Оның маңызды алғы шарты ақыл - ой. Демокритпен салыстырғанда Платон жан мен тән антропологиялық дуализм позициясын ұстанады. Бірақ жан ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ал тән оған қарсы материя ретінде қаралады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның мақсаты және әлеуметтік статусы жанның сапасына тәуелді. Адам жаны үнемі идеялардың трансенденті әлеміне тартылып тұрады, ол мәңгі, ал денеге өлім тән болып табылады. Платонның көзқарасы бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның тұтастығында және жан мен тәннің қарама - қарсылығында [ 44, 235 б] .
Негізінде антика заманының философиясында тағдыр мен еркіндік бір - бірімен сәйкес келмейді, бірақ бірақ антикалық философияда қалау еркіндігі туралы түсінік болмады деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Антика заманының философтары еркіндіктің мүмкіндіктері туралы өз пікірлерін барынша айтуға тырысқан.
Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б. з. д 580-500 жылдары) болатын. Оның пікірінше барлық заттардың мәні - олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуеді. Пифагор өз ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын сынға алды. Яғни Пифагор бүкіл жаратылысты санмен байланыстырады [1, 33б] . Сонымен қатар, Пифагор ежелгі Үндістандағы философиялық көзқарастар сияқты жанды тазарту, оған құмарлықты жеңу, жастарды, үлкендерді бұлжытпай тыңдауы, достық пен жолдастықты дәріптеу сияқты қағидаларды сақтай отырып жетуге болады дейді. Қорыта айтқанда Пифагор философтардың ішінде ең бірінші болып сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан ғұлама. Пифагоршылар Гераклит сияқты ғарыш қарама-қарсылыққа толы дей отырып олардың 10 жұбын атап көрсетеді. Олар: шектілік және шексіздік, тақ және жұп, жалпы және жалқы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен қозғалыс, түзу және қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен көпқырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы шектілік және шексіздік. Шекті нәрселерді танып білу мүмкін болса, шексіздікті танып білу мүмкін емес. Шекте денелер геометрия арқылы мәлім болса шексіздік танымның мүмкіндік шеңберінен тыс сондықтан оны тек ойша шамалауға болады [ 2, 18 б] .
Демек ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында-ақ тек материализм мен диалектикалық ғана емес, сондай-ақ идеализм мен метафизиканың да алғашқы бастамалары материя мен ойлау дүниелерін қарама - қарсы қою орын алғанын көріп отырмыз [1, 33б] . Антика заманында Милет мектебінен басқа да мектептер болды, әрі олардың әрқайсысының өз ұстанымдары мен пікірлері болған. Антика заманындағы тағы бір метептің бірі Элеаттар мектебі болатын.
Элеаттарда түп негіз - болмыс. Элеаттар негізінің қағидалары мынаған сыйады: түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды. Керісінше олардың бәрінде өздерін ақыл ой арқылы негіздеуге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді. Элеат мектебінің көрнекті өкілі және негізін қалаушы Колофон, полисінен шыққан Ксенофон (б. д. д. 579-487ж. ) Оның пікірінше барлық заттардың негізі жер. Жер өзінің тамырымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жер мен қоса судың да маңызы зор. Жанның өзі де жер мен судан жаратылған. Ал судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаратылады. Ксенофон жер космостың түп негізі ретінде бір тұтастық деп тұжырымдайды. Ксенофонның Құдайы-таза ақыл-ой болып табылады. Оның барлық күші данышпандығында. Ол әлемді тек ақыл оймен ғана басқарады-деп есептеген [ 2, 18 б] .
Антика заманында идеалистік ой-пікірдің түптеп қалыптасуына күш салған Сократ болатын. Сократ б. з. д. 470-469 ж. ж. Афинада дүниеге келіп, б. з. д. 399 жылы қарғыс айтып, жергілікті құдайларға сенбей оларды сыйламай, жастарды бұзықтыққа үйреткені үшін дарға асылды. Негізі осының бәрінің артында басқа себептер тұрған. Ол тас қашаушының ұлы және кіндік апаның баласы болды. Ол басқалар сияқты өз мектебінің негізін қаламады, кез-келген жерде сабақ берді (гимназияда, алаңдарда) бұқара, жан сырын тыңдаушылар іспетті, ол ерекше тартымды және жастарға ғана емес, әртүрлі жастағы адамдарға ықпал ете алатындығы билік тарапынан қарсылық туғызды. Тіклей антропологиялық мәселеге өту софистердің сыншыл ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған. Сократтың еңбегімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. Ол «игілік - білім» деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принцпне негіздейді. Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылық жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыққа ұмтылуда. Және бұл ең алдымен өзіңді - өзің тануға, өз адамгершілігіңнің мәнін ұғынуға бағытталады [ 44, 236 б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz