Философия туралы жалпы түсінік



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Таңдаулыға:   




Философия туралы жалпы түсінік 16.01.2011, 08:11
Бұрын философия пәні үш салаға бөлініп қарастырылатын:

1) Диалектикалық материализм;

2) Тарихи материализм;

3) Этика, эстетика.

Бұл бөлімдер маркстік-лениндік философияның принциптеріне сәйкес бөлінген
болатын. Қазір философия пәнін тұтас қарастыру тенденциясы мына салалар
бойынша жіктелінеді:

-философия және оның тарихы;

- әлемді философиялық тұрғыда түсіну;

- адамның іскерлік әрекетінің маңызы.

Әдістемелік оқу құралында жоғарыда көрсетілген алғашқы мәселені, яғни
философияның тарихын негізге ала отырып, мынадай тақырыптарды қарастыруға
тырыстық:

1) Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде.

2) Ежелгі Үнді философиясы.

3) Ежелгі Қытай философиясы.

4) Антика философиясы.

5) Ортағасырлық батыс Европа философиясы.

6) Ортағасырлық Араб-мұсылмандық философиясы.

7) Қайта өрлеу дәуірі философиясы.

8) Жаңа заман философиясы.

9) Неміс классикалық философиясы.

10) 19-20 ғ.ғ. философиясы.

Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі,
қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы
ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім,
саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне,
осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері
болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген
махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек
жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, философия
терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі
Пифагор.

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы
пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи
тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады:
Мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат
жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда
әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер
көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан
бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат
баласымен араласуы т.б.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам
баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас
формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер
бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық
мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің
қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа,
әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде
діннің атқарар маңызы ерекше.

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық
көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға,
категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.
Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм,
антропоцентризм.

Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана
отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және
Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы
түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).

Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын
философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман
философиялық мектептерінде қарастырылады).

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының
едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге
келді.

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың
философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды.
Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани
өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық
білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-
322 ж.ж.).

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын
мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің
бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани
құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім;
Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы,
материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен
әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет,
экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың
(сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы
мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны
айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның
әлемдегі орыны.

Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы)
сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма
деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

екінші ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Философия ұғымы туралы түсінік
Қоғам туралы жалпы түсінік
Ғылым туралы жалпы түсінік
Сана туралы жалпы түсінік
Неке туралы жалпы түсінік
Ойлау туралы жалпы түсінік
Педиатрия туралы жалпы түсінік
Бұйрық туралы жалпы түсінік
Лексикография туралы жалпы түсінік
Жалпы питомник туралы түсінік
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь