Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
философия
Абсолют - (лат.absalutus) мәңгілік, шексіз, тұрақты деген ұғымда
жиынтығын білдіреді.
Абстрактілеу - (лат.abstractic) дерексіздік, бөліну, оқшаулану. Белгілі бір
затқа, құбылысқа тән көптеген қасиеттер мен олардың арасындағы толып жатқан
өзара байланыстардан оқшау алып қарастыру, яғни танымның бір әдісі.
Аверроизм - 13-16 ғ.Батыс Еуропадағы философиялық ағым. Ағартушылық - 18-19
ғ. дамыған идеялық ағым. Ғылым, білім арқылы қоғам негізін өзгерту.
Аксиология - құндылықтар жүйесі туралы ұғым.
Ақиқат - таным теориясының негізгі категориясы, адам түсінігінің өмір
шындығына сәйкестігі.
Афоризм - қысқа сөзбен түйінделген тиянақты ой.
Болмыс – философиядағы негізгі онтологиялық ұғым. Дүниенің бар бейнесін
білдідіретін биболмыстың екінші жағы.
Брахманизм -Үнді философиясындағы ағым.
Бихевиоризм - прагматизмді негізге алатын философиялық ілім.
Веданта -Үнді философиясының объективті-идеологиялық, діни ілімі,
Вайшешика - көне үнді философиясындағы жүйе.
Витализм - барлық өмірлік процестер материалдық емес факторлар әсерінен
болады деп түсіндіретін ілім.
Гипотеза - болжау, негіз ұғымын білдіреді.
Гносеология - таным теориясы, адамның ақиқатты танып, білуіндегі
философиясының ең маңызды бөлімі.
Гуманизм - адам мүддесі үшін жасалатын ізгіліктердің топтамасы.
Адагершілікке баулу.
Даосизм - б.э.д. 6-5 ғ. Қытайда дамыған дао ілімі. Негізін салушы Лао-
цзы.
Деизм - Англияда пайда болған ілім. Діннен бас тарту, атеизмнің жасырын
түрі.
Детерменизм - себептілікті жоққа шығару.
Диалектика - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Диалектикалық материализм - марксистік философияның негізі, ғылыми
философиялық дүниетаным.

5
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Дуализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп
санайтын философиялық ілім.

Дүниетаным - қоршаған орта туралы танымдар мен түсініктер, көзқарастар
жүйесі.
Идеализм - философияның негізгі мәселелерін шешуде материализмге қарсы
бағыт.
Имманеттік сын - идеяларды және олардың өзіне тән шарттарға сүйене отырып
сынау.
Индетерменизм - дүниедегі құбылыстардың объективтік себепті байланысын
теріске шығаратын философиялық ілім.
Интуитивизм - қазіргі философияда кең өріс алған ілім.
Иррационализм - адамзат танымының мүмкіндігін, ақыл-ой танымдық қабілетін
жоққа шығаратын философиялық ілім.
Категориялар - заттар мен құбылыстардың елеулі жақтарын, белгілерін
бейнелейтін жалпы ұғымдар.
Кеңістік пен уақыт - бүкіл әлемнің, матермя болмысының объективті өмір сүру
формалары.
Классификация - белгілі бір принциптер негізінде ғылымдар арасындағы өзара
ішкі байланысты ашу және логикалық жағынан негізделгенін көрсету.
Конструктивистік әдіс - ғылыми теориялардың дедуктивті құрылымының бір
түрі.
Концептуализм-схолостикалық философияның бір бағыты.
Космологиялық ілімдер - аспан әлемінің және ондағы денелердің, аспан
жүйесінің дамуы туралы зерттейтін ғылым.
Логикалық позитивизм – 20 ғ. 20-шы жылдарында пайда болған неопозитивтік
ағым.
Локаята -Үнді философиясындағы материалистік ілім.
Материализм - идеализмге қарсы бірден-бір ғылыми философиялық бағыт.
Материя - санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты танып білетін
философиялық категория.
Мифология - ерте дәуірдегі халық творчествосының бір түрі.
Наитивизм - ақиқатты іздніссіз, тылсым күш арқылы ашуға болады деп
сендіретін танымның діни түрі туралы идеалистік ілім.
Натурфилософия - табиғат философиясы, қоғам дамуының қажеттіліктері
натурфилософияның қозғаушы күші болып табылады.
Неопозитивизм – 20 ғ. пайда болған субъективті-иделистік бағыт,
Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты.
Позитивизм – батыс философиясындағы сценистік үрдіс.
6
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Прагматизм – классикалық философияның абстрактілігін сынау.
Персонализм – тұлғалық философия.
Реализм – дүниедегі заттардың шынайылығы мен ақиқаттылығын растайтын
философиялық бағыт.
Рационализм – философиядағы нақтылық ұғымы.
Сенсуализм – сезімдік философиясы.
Структурализм – философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда және құрылымдық
негізде түсіндіру.
Сана – ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.
Таным – адамның дүниеге деген тарихи дамып отыратын әлеуметтік-мәдени
қатынасы.
Теология – дін туралы ғылым.
Табиғат философиясы – адам мен табиғат арасындағы байланысты айқындайтын
философиялық ілім.
Утопия – Т. Мор мен Т. Кампанелла бастаған әлемнің теңдігі туралы реалсыз
ойлар.
Үшінші позитивизм – неопозитвизм немесе сараптаушы философия.
Феноменология – Гуссерль негізін салған ғылымның шуғу тегі туралы ілім.
Фальсификация – ғылымдағы ақиқатты теорияларды терістеу.
Футурология – болашақты болжау туралы ғылым.
Экзистенциализм - өмір туралы философия.
Эмперизм – ағылшындардың ағартушылық философияны дамыту үшін негізге алып
қолданған ілімі.

7
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Курстың мақсаты мен міндеті

Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
Философия- даналыққа құштарлық дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге,
адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат,
білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
- дүниеге оң позитивтік көзқарас;
- өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен
үндестігі;
- қоғамда болып жатқан процестерді терең түсіну және ойластыу;
- өз елінің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуы тиіс;
- сонымен қатар, қазіргі озық ойлармен идеяларды, технологиялардың
меңгеруі тиіс;
- халықтар арасындағы бірлікті, бауырластықты сыйлай білу, үлкендерге
деген зор ілтипатты қалыптастыру, бағалау т.б.
Жалпы философияны оқыту барысында студенттердің адам болмысының мәні
проблемасына дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуы, адамзаттық өркениетке
ұмтылыс, болашаққа деген нық сенім қалыптасуы міндетті.
Осы пәнді игеру арқылы, алғаш білімдерді басқа оқытылатын пәндерді
меңгеруге қадам болады. Саясаттану.Әлеуметтану. Құқық негіздері. Тарих т.б.

8
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

2. Дәріс сабағынының конспектісі
1-ші дәріс.
Тақырып. Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі.

Негізгі мақсаты: философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның
құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.
Негізгі түсініктер: философия, мифология, агностицизм, метафизика,
диалектика.

1. Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
2. Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.
3. Дүниетаным және философия.
4. Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.
Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты
бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді
қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция
еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен
пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек
математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп
философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен
аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні
бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы
философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол
ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек
философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина
математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде
мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы,
құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық
деген не?
Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу
дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.
Фиолсофияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ
ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.
Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж.

9
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің
тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның
дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық
факторлерге байланысты.
Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды
оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын
қалыптастырады.
Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін
ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)
Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл
гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен
бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді.
Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін
нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия
дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни
түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны
қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде
қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде
дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны
ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық
алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып,
бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған
болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы,
байқаушы ретінде бой көрсетті.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім
ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ
жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.
Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі
құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады.
Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын
зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс,
сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы
білім Дүние және адам қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және
ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат
объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.
Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:
1. Ең алғашқы материя және сана?
2. Дүниені тануға бола ма?
10
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.
Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал
идиализм сананы бірінші кезекке қояды.
Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды
деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай
бағыттарын ажыратамыз:
1 Ежелгі ойшылдардың материализімі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).
2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро
т.б.)
3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).
Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.
1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)
2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).
Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метофизика
диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс
принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және
методолоиялық.
Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ
болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген.
Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден
туындағандығы.
Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам
мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған,
жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Философия құрылымы мен қызметі.
2.Қоғамдық ғылымдар жүйесінде философияның орны.
3.Философияның тарихи типтері.
4.Философия және дүние таным.
18 5-15 бет 22 5-20 бет.23 5-18 бет.

2-3-ші дәріс
Тақырып. Ежелгі Шығыс және Антикалық философия.
Негізгі мақсаты: Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы
болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.
Негізгі түсініктер: брахманизм, джайнизм, буддизм, конфуции, даосизм.
1. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі.
2. Ерте грек философиясы (Фалес, Гераклит)
11
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

3. Ерте грек философиясындағы онтологизм (Демокрит)
4. Адамға бетбұрыс Сократтың философия туралы ілімдері .
5. Ерте грек философияның жүйелік принципі (Аристотель, Платон)
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында
ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи
философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың
діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі
проблема төңірегінде өрбіді.
1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.
2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі –
материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына
жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол
брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм
ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді
елінде 4 – кастаға бөлінді.
1. Әскери (кшатрий)
2. Абыздар. (брахмандар)
3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
4. Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады.
Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік
құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген,
былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен
оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан,
құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына
жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа
кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі,
джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.
Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім
ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік
ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д.
623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1.Өмір азапқа толы;
2.Ол азаптардың себебі бар ;
12

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4.Азаптан құтылудың кезі бар.
Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол
идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық
және прогресшілдік, бірі – мистикалы, екіншісі – атеистік бағыттар.
Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның
негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай
мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп
болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң
ұстады:
1. Бос қиялға салынбау.
2. Мен білемін дегендіктен аулақ болу.
3. Қасарыстық көрсетпеу
4. Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ол бірнеше кітаптар құрастырды (Өлендер кітабы, Көктем және күз
жылнамасы, Сұқбат және пікір айту, т.б.). Конфуцийдің Ұлы ұғынуы
кітабы 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.
Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы:
1. әділеттік
2. табиғатты сүю
3. әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау
Мо – Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын
белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс - әрекетінен, жаппай
сүйіспеншілігінен туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге –
сезімге (у – лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.
Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда,
Дао жөніндегі Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао – мәнінде,
мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше,
табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. “Дао – заттардың
табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін
құрайды, - деді – Бүкіл әлем сол заңға бағынады”. Лао – Цзы пікірі
бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.
Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл
атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері ж.руді жақтайды,
дамуды қолдайды
Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге
тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан
бастаушысы Лао – Цзы төңірегінде топталды.
13
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық
философия б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың
көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Ежелгі грек философта“жаратылыстанушылар. Грек философиясының ерекшелігі
табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын
физиктер деп атаған. Грек философиясының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы
неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал
философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге
пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының негізін
қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы –
су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқ кірпіш ауа деді. Анаксимандр
апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға
жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.
Грек философы Гераклит өз шығармасының “ Табиғат” туралы, дүниенің
генетикалық бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос деп түсіні. Ерте
грек философиясының дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің
философтары (Парменид, Зенон, Ксенофон )
Бұл табиғаттың басты тақырыбы – болмыс. Ежелгі грек философиясының
дамуына антологиялық бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды, яғни
дүниенің бастауы – атом. Грек философиясында адамға бетбүрыс бағыты Сократ
есімімен байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген софистер.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Ежелгі шығыс философиясының негізгі бағыттары.
2. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелікері, маңызы.
3. Ерте грек философияның дамуының негізгі кезеңдері.
4. Аристотель, Платон, Сократ т.б. философиялық көзқарастары туралы.

18 17-27 бет 22 21-34 бет.23 19-28 бет.

4-5 ші дәріс
Тақырып. Орта ғасыр философиясы

Негізгі мақсаты: Батыстық христиан философиясымен шығыстық мұсылман
философиясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын таразылап дәйектеу.
14
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Негізгі түсініктер: католицизм, протестанцизм, суфизм, номенализм,
реализм, универсалий, аверроизм.

1. Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні.
2. Христиандық Орта ғасыр философиясы.
3. Номинализм және реализм проблемалары.
4. Шығыс философиясының дамуы және маңызы.

Ежелгі шығыс философиясы антикалық және философия адамзаттың
өркениетінің дамуына өзіндік үлес қосты. Арестотельден кейін көне грек
филсофы б.э.д. 16 – ғасырдан бастап Рим философиясы өзіндік ізі бар,
дәстүрі бар философиялық мектептер болды. Сондықтан грек Рим философиясы
тұтас шектеулі жабық философия деп адады. Бірақ та қалыптасу, шарықтау
кездері сонымен қатар тоқырау замандарын басынан өткізді. Рим
философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен
християндық философиялық дүниетанымнан пайда болды осы көз қарасты орта
философиялық батыста I – XV ғасыр аралығын қамтиды.
Орта ғасыр философиясы басты ерекшелігі дін проблемасы мен
байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық домалы шіркеу
конондарын ескере отырып дамыды себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің
дамуына дін ықпал етіп отырды.
Орта ғасырлар батыс философтар негізінен дін басылары қызметкерлер
болып батыс философиясының басты проблемасы ерекшелігі болды. Мысалы:
дүниені құдай жаратты ма? әлде өзіндік бағытта өмір сұре ме?
Философия мен дінің жақындасуын философияның сокролизациясы.
Орта ғасырлық философияның негізгі кезеңдері:
1. Потристика
2. Схоластика
1 – кезең “Потер” - әке, шіркеу әкесі деген. Философия тарихында бұл кезең
1 – 15ғасыр қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары ұлы
Василий, Августин, Ориген т.б.
Потристикалық негізі проблемалары:
1. Сенім және ақыл ойдың қатынасы.
2. Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты анықтаушы мақсаты бар.
3. Құдайдың мәні және тринитарлық проблема.
4. Адам бостандығы адам жанының құтқару.
5. Дүниедегі зұлымдылықтын пайда болу проблемасы.
2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз.
Схоластика термині - “Мектеп”.
15
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Мектеп философиясы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европада
университетте философия пән ретінде оқытылды.
Схоластикалық философия өкілдері Фома Аквинский, Альберт фон Больштедт,
Раймунд Луллий, т.б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым
(әмбебаптар) үш түрлі өмір сүрді. Олар:
1. Заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық
заттар, тіпті бұкіл әлем жаратылды;
2. Заттардың өзінде көптің бірі ретінде;
3. Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді
Ф. Аквинский (1225-1274) – орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі,
қазіргі католизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Ол Арестотельдің идеалистік
философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмады,
деді.
Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм
бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай
болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы
егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат.
Кентерберскийдің саластика философиясына қосқан үлесі уневерсализм
ақиқат данышпандық түсініктерін қалыптастыру осы кезден бастап нақты өмір
сұретін құбылысты анықтау үшін реализм термені енгізілді.
Схоластика проблемасын негізін қалаған Росцелий номинализм терменін
енгізді оның негізгі концепциясы мынада, универсализм жалпы түсінік бұл
сөз, ал адам дауысы бұл номиналь осыдан номинализм деген сөз шыққан.
Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көз қарас оның басты мақсаты,
діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді. Орта ғасырлық
философия өз проблемаларын шешуде антологиялық, гноциологиялық,
космологиялық әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды.
Орта ғасырлық философияда қоғамдық саяси әлеуметтік проблемалар шешуге
теологияға жүгінеді. Теология грек тілінен құдай туралы ілім деген сөз.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары

1. Ф. Аквинскидің философиялық көзқарастары.
2. Номинализм және реализм.
3. Орта ғасыр философиясының діни сипаты.
4. Әл-Фарабидің адамгершілік және саяси-құқықтық көзқарастары.
16
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

1 30-42 бет 2 35-45 бет.5 29-38 бет.

6-шы дәріс

Тақырып. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Негізгі мақсаты: Ортағасырлық діни философия шырмауынан құтылған ғылым,
білім, өнер салаларының дамуын зерттеп, қайта өрлеу философиясының мәнін
түсіндіру.
Негізгі түсініктер: утопия, эстетика, ренессанс, гуманизм,
антропоцентризм, пантеизм, концептуализм.

1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
2. Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
3. Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды
бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі
қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына
келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге
философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып
келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс
Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол
іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы
себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка
арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары
қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес
енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына
Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге
айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді.
Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық
діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып,
ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері
инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік
көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин
испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны
үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано
Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не
17
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті
күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған
Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге
түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай
деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам
баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай
Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып
тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп,
гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін
Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін
идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді,
бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының
рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол
кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық
діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен
сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс
ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.
Қайта өрлеу іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске
ұмтылуды білдіреді.
Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік
адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты проблема табиғат
космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі
адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде
түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің
философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай
емес ал адам. Құдай баолық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы,
негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние
танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға
ретінде қарастырылды.
Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметіне табыну әсемдік
сұлулық символына деген құлшыныс.
Николай Кузанский өзінің “шындықты алдын ала болжау”, “Білетін білместік
туралы” деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан түратынын дәлелдейді.
Қайта қрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет
дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте
сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.
18
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Философиядағы антропоцентристік бағыт.
2. Философиядағы пантеизм.
3. Адамға бетбұрыс және философияның ойын дамытудағы жаңашылдық.
1 43-52 бет 2 46-55 бет.5 39-48 бет.

7-ші дәріс.

Тақырып. 16-18 ғасырлардағы ағартушылық философия

Негізгі мақсаты: Ағылшын эмперизмі мен француз материализмінің
ағартушылық саласындағы істелген еңбектерін талдау, жалпы ағартушылық
философиясына ден қою.
Негізгі түсініктер: диалектикалық материализм, натурфилософия, қоғамдық
келісім, рационализм, эмперизм, субстанция, сенсуализм, интуиция, идол.

1.17 ғасырдағы философиядағы материализм.
2.Материализм философиясының өкілдері:Ф.Бэкон,
Т.Гоббс,Р.Декарт т.б.
3.17-18 ғасырлардағы ағартушылық философиясы және француз
материализмінің пайда болуы, дамуы және ерекшеліктері.

15-18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі
төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады.Осыдан
бастап, тап ретінде буржуазия дүниеге келді.Ол феодалдық құрылысты құлатып,
жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті. Айталық,15 ғасырда
Нидерланды, 17 ғасырда Англия, 18 ғасырда Франция революциялары бірінің
бастамасын бірі жалғастырды. Дүниеге келген жаңа тап-буржуазия ғылым
табыстарына сүйенуді қажет етті,схоластиканы қатты сынға алды.Ең алдымен
олар схоластиканың басты кемшілігі-тәжірибеден бас
тартып,бақылау,эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған
догмалық топшылауға негізделген,жалған,тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.Бұл
жаңа тап материализмге сүйенді.Бірақ ол метафизикалық материализм болатын-
ды.Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болады: 1)ол
механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика
заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын,
19
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамудағы процесс екенін
мойындамады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады,сондықтан ол
идеалистік тұрғыда қала берді.
Материализм философиясының өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626)
болды.Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға
түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрады.Қайтып
келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің
үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарады. Кейін Англия мемлекетінің
канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесінде көтеріліп,
барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Өмірінің қалған уақытын
бүтіндей ғылымға жұмсайды.Әлемде қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды
жоспарлайды.Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгереді.Бірі-Ғылымдардың
байсалдылығы мен дамуы,екіншісі-Жаңа Органон деп аталады.Ф.Бэкон-
материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның
қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент
жасау.Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға,
діни, идалистік көзқарастарңа қарсы болды. Білім-күш, Күш-білімде деген
қағидаларды насихаттады. Ол: Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады-
деді-Энергия материяның өзіне байланысты оның ішкі қасиеті, деді. Оның
пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі
елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің
жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардың
құтылудың басты жолы- тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан үғымдарды
сол күйінде алмай, тексере білу.
Келесі бір өкілі Рене Декарт (1556-1650). Ол- француздың атақты
философы, дворяндар отбасынан шыққан. Оның басты еңбегі- Әдіс туралы ой-
толғау. Космология (дүниенің құрылымы), космогония (планеталардың пайда
болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт-материалист
болды. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін,
бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным
теориясында ол идеалист болды. Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін
–деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол
сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу- тірлік
кепілі,-деді. Бірақ ол өзін материалист екенін анық байқатты. Декарт-
рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Декарт
сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Келесі
бір өкілі ретінде Томас Гоббс (1588-1679) Оксфорд университетін бітірген,
20
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Басты еңбегі-
Левиафан (1651). Ол өз еңбегінде мемлекеттің пайда болуын зерттеді.
Өйткені Т.Гоббс дәл ағылшын революциясының дәл кезінде өмір сүрген еді.
Оның мемлекетке мән беруі содан болатын. Т.Гоббстың пікірінше, адам қоғам
өмірінің екі дәуірін: а) табиғи; б) азаматтық кезеңдерін басынан өткізген.
Табиғи кезеңде адам-адамға қасқыр, біреуге біреу қас деп уағыздады. Бірақ
бұл жағдай адам баласының жойылып кетуіне әкеп соғады. Олай болмау үшін
адамдар бірігіп, әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін
жалпы ырыққа кесіп беруге көндігеді. Сөйтіп, бәрін қорғайтын бірдей ортақ
ырық жасалды. Ол жалпы ырық- мемлекет деген қорытындыға келді. Сөйтіп, ол
мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шығарады.
Бенедикт Спиноза (1632-1677) –Голландияның көрнекті философы. Ол
Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында дүниеге келді. Азғана өмірінде ол
екі кітап қана жазып үлгереді. Бірі- Діни-саяси трактат (1670), екіншісі-
Этика (1675) болды. Спиноза бір ғана субстанция бар, ол – табиғат,
деді. Табиғат, бір жағынан жаратушы күш, екінші жағынан- жаратылған құбылыс
деп уағыздады. Жаратылыстан жоғары күш нәрсе жоқ. Табиғаттың өмір сүруі
үшін еш нәрсенің керегі жоқ. Өйткені, табиғаттың өзі-Құдай деп түсінді.
Табиғат мәңгі, шексіз. Ол-өзіне-өзі себеп және салдар, мән және мағына, ол
санадан тыс өмір сүреді. Сана, оның атрибуты(қасиеті) деді. Келесі бір
өкілі Джон Локк (1632-1704). Ол Оксфорд университетін бітірген. Дж.Локктың
басты еңбегі-Адам санасы жайлы тәжірибе(1690). Адам жаны- таза тақта.
Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады. Міне, сана дегеніміз,
дәл осы, дейді ол. Адам интеллектісінде өмірде жоқ, кездеспейтін еш нәрсе
болмайды, дейді. Дж.Локк екі түрлі- сыртқы және ішкі тәжірибеге болады
дейді. Біріншісінен сезім, екіншісінен рефлекс пайда болады деді. Сезім
идеясы- бастапқы, сырттан келген құбылыс, рефлексия іштен пайда болады.
Сезім арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Бірақ сапа екі түрлі болады.
Бірінші сапаға заттардың саны, салмағы, көлкмі, сипаты, қозғалысы жатады.
Бұл-заттардың нағыз өзі,дейді. Екінші сапаға дыбысы, түсі, дәмі, иісі
жатады. Бұл біздің ішкі сезімімізге байланысты, дейді Локк.
17-18 ғ.ғ. өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар П. Гассенди (1592-
1655),Вольтер (1694-1778),Жан Жак Руссо (1712-1778),И.В.Гете (1749-
1832)т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның
қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың,
физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. адам санасына
материалистік ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Бірақ оған үстемдік
құрған діни идеология қарсы
21
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

шықты. Ең алғаш ол идеологияға қарсы күрес Англиядағы, Франциядағы,
Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олардың басты мәселелерінің бірі-
адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм
мәселелері болатын.
18 ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық метафизикалық
материализмге жатады. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету
үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып,
энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты.
Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық
сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік
шеңберден шыға алмады. Француз философиясының өкілдеріне мыналарды
жатқызуға болады: Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751),Дени Дидро(1713-
1748),Клод Адриан Гельвеций(1715-1771),Поль Анри Дитрих Гольбах(1723-1789).
Тақырыпты пысықтау сұрақтары.

1. 17-18 ғасырлардағы ғылыми революция.
2. Метафизикалық материализм.
3. Ағартушылық философиясы.
1 53-62 бет 2 56-65 бет.5 49-58 бет.

8-9 шы дәріс.

Тақырып. Классикалық неміс философиясы

Негізгі мақсаты: Неміс классикалық философиясының классикалық биік
дәрежесін таразылап, Кант, Гегель, Фейербах сынды классик философтардың
философиялық негізгі ой-пікірлерін жетік меңгеру.
Негізгі түсініктер: гносеология, антиномия, априори, кеңістік пен уақыт,
диалектикалық категориялар, космология, философиялық жүйе, феноменология.

1.Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры.
2.Метафизика және натурфилосфия.
3.Неміс философтарының өкілдері Кант,Фихте, Шеллинг,Гегель көзқарастары.

XVIII – ғасыр аяғымен XIX – ғасыр басында неміс топырағында да философия
кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф. Энгельс
22
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

класикалық неміс философиясы деп атады. Германия Англия мен Францияға
қарағанда мешеу ел болды. Осындай жағдайдағы Германияға француз
буржуазиялық революциясы найзағайдың жалтындай әсер етті. Бірақ немістер
Европаның басқа халықтарының іс – жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой
жүзінде ғана іске асыруды армандады . Бұл дәуірдегі неміс философиясы осы
тұрғыдан алғанда неміс тарихының ой жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді.
Сөйтіп, осы кезеңде өмір сүрген неміс халқының ұрпақтарының үлесіне тиген
іс философиялық төңкерәс жасау еді. Сондықтанда ол кейін класикалық деген
атқа ие болғанды. Сондай ерекше философиялық төңкерістің басында неміс
халқының ұлы И. Кант (1724-1804ж). Кант деген ғұлама ғұлама тұрған. Кант
жан – жақты ғұлама болған, ол уневерситетте философиядан, логикадан және
жаратылыстану ғылымдардың көптеген салаларынан лекциялар оқыған. Кант
өзінің философиялық жүйесін “Таза ақылдысын ал” (1781), “практикалық
ақылдысын ал ”(1788ж) және “пікірлесу қабілетін сынау” (1790ж) деген
еңбектерінде алға тартты. Сонымен байланысты ол өзінің философиялық жүйесін
үш бөлімнен тұрады деп есептеген. Олар адам психикасының үш қабілетіне
сәйкес келмек:
1. танымдылық.
2. талғампаздық. (қанағат сезім)
3. еріктілік (көңіл қалауы
Кант өз философиясында материализммен идеализмді табыстырып, бұл екі
қарама – қарсы философиялық бағыттарды бір – бірімен келістіргісі келеді.
Сөйтіп, ол өз ілімінде сенімге, дінге орын қалдыруды көздейді.
Класикалық неміс философиясының Канттан кейінгі көрнекті өкілі болып
объективтік идеализмнің негізін салушы Георг Вильгем Фридрих Гегель (1770 –
18831 ж) есептелінеді. Гегель Штудгард қаласында туылып Тюбинген
университетінде жоғары білім алады. Жалпы алғанда Гегель философиясы неміс
идеализімінің шарықтауының соңғы сатысы деуге болады. Әрине, Гегельдің өзі
айтқанындай бұнымен жалпы таным процесі аяқталады десек, ол ақылсыз күлкі
болар еді. Қалай дегенде де Гегель бүкіл адамзат мойындаған 18 – 19ғ
класикалық неміс философиясының ұлы өкілі болды, және алға қарай болып қана
бермек. Гегель класикалық неміс философиясының дәстүрді бағыттарын ілгері
дамыта отырып ұғымдар диалектісіне көбірек көңіл бөледі, оған дейін
диалектика бір жүйеге түспеген еді, өзіне дейінгі неміс философиясының және
өз заманының жаратылыстану ғылымдарын жетістіктерін таразыға сала отырып
Гегель өзінің диалектикалық тәсілін жан – жақты негіздейді. Философияның
негізгі міселесін Гегель объективтік идиолизм тұрғысынан шешеді. Оны
сендіруінше дүниенің түп негізі объективтік рух. Гегельдің
23

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия. Ол философияны рухтың
өзін - өзі тану процесс ретінде қарастырған. Бірақ Гегель асқан
керегенділікпен философиялық ілімдердің үздіксіз даму үстінде болатындығын
ешқандай фйлософиялық жүйенің іс – түссіз жоғалып кетпегендігін
философиялық ақиқаттың тарихи даму барысында қалып басатынын пайымдай алды.
Алайда философия тарихын Гегель объективтік идеолизмнің мүддесіне орай және
оның негізгі қағыдаларының тұрғысынан сарапқа салды. Ол субъективті
идеализмнің метафизикалық материализмді Юм және Канттың агностипцзйдің
қатал санаға қалай дегенде Гегельдің ұлы философ екендігі ақиқат. Гегель
философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б)табиғат
философиясы; в)рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының
басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны
айтылады. Бұл пікірді Гегель “Логика ғылымы”деген еңбегінде жан – жақты
баяндаған.
Класикалық неміс философиясының ұлы өкілдерінің бірі – Людвик Фейербах
(1804 – 1872ж). Фейербах 1823ж Гегельдер университетіне түсіп оқуын Берлин
университетінде түсіп оқуын Берлин университетінде жалғастырды осы кезде ол
Гегельдің лекцияларын таңдаған 1830ж Лаққап атпен “Өлім және мәңгілік”
туралы ойларын жариялаған, мұнда ол Гегельдік философияның тұрғысынан
мәңгілікті жоққа шығару Фейербахтың ойынша адамның мәні оның денелік жандық
біртұтастығында тек теорияда ғана рухпен денінің бөлек қарастыруға болады.
Ал шын мәнінде олар ажырамас бірлікте болады әрі рух ойлау денеге тәуелді
қасиеттер сөйтіп Фейербах философияның негізгі мәселесін материалисік
тұрғыдан шешеді. Табиғат пен адам міне жаңа философияны зерттейтін пәні
дейді Фейербах.
Людвиг Фейербах – класикалық неміс философиясының соңғы өкілі.
Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл
сыпырып тастап, өзінін ашықтан – ашық материалистпін деп жариялады. Оның
басты еңбектері: “Христиандықтың мәні”, “Болашақ философиясының негізгі
қағидалары”, т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың
санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының
алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастаушы, сананы баяндауыш деп
қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды
Фейербах. Табиғат мәнгі және шексіз. Сана – срның тек көшірмесі, ал
психолог – идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, - деп
түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық материализмдіқуаттады.
Өйткені, ол барлық
24

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С.
Базарбаев К.Б.

материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ
ұстамақ болды. “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек
антропология”, - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық
материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным
сезімнен басталады, - деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның
іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған
кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып,
оның диалектикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары
Пәндер