Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ТҮРКІСТАН
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Философиядағы адам мәселесі”

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Түркістан-2008

Мазмұны

Кіріспе
1-Тарау. Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас
1. Адам мәнінің философиялық түсінігі
2. Адамның қоғамдық табиғаты
2-Тарау. Философия тарихындағы адам мәселесі
2.1. Адам туралы ежелгі дәуір философиясы
2.2. Ортағасырлар философиясындағы адам мәселесі
2.3. Жаңа заман философиясындағы адам мәселесі
2.4. Орыс философиясындағы антропологиялық мәселе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адам мәселесі- философия ғылымының маңызды
теориялық мәселелерінің бірі. Бұл тақырып Х ғасырдан бастап, философиялық
ойдың барлық кезеңдері арқылы түрлі формаларда қозғалады. Әр кезең бұл
мәселені жаңа көзқараспен карастырады. Себебі, адамның өзі де, оның өмірлік
жағдайы, құндылықтары мен талпыныстары үнемі өзгереді. Бірақ әр кезде
адамның “құпиясы” өз мәнін сақтап, маңызды философиялық жүйелерге еніп,
нақты бір дәстүрдің қарапайым жағдайы емес, өзгеруші аспектілер мен адам
болмысының тарихи мүмкіндіктерін анықтайды.
Философтардың пайымдауынша, адам мәселесі тереңдетілген теориялық,
философиялық зерттеулер мен адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде-
дағдарыстар мен әлемдік тәртіптердеің өзгерісі, әлеуметтік өршулер мен
ғылыми-техникалық секірістер кезеңдерінің затына айналды. Осы кездері
адамға деген қызығушылық артып, өмірдің мәнін, нақты құндылықтарды, адамға
күш пен үміттің, жұбаныштың қайнар көзін іздеуге ынта пайда болды.
ХХІ ғасырдың қоғамы дағдарыс табалдырығында тұр. Терең күйзелістік
құбылыстарды жеңу үшін қоғамдық өмірдің барлық салалары: мемлекеттілік,
саяси жүйе, құқық, мәдениет және т.б. реформаландырылу керек. Бірақ еш бір
реформалар қоғамды саналы, әдепті және рухани тәртіпке автоматты түрде
келтіре алмайды. Яғни, адамның ішкі, рухани өзгерісісіз қоғамды құтқару
мүмкін емес. Көптеген жылдар бойы кеңестік дәуірде адам рөлдік қызметтермен
шектелген, топтық немесе таптық қор ретінде қарастырылды. Дегенмен, адам ең
алдымен, қайталанбас ішкі дүниесі, құндылықтары мен әлемге, өзіне және өзі
сияқтылырға қатысты дербес идеалы бар тұлға болып табылады. Тұлғаны
құрметтемей, оның егемендігісіз, “жеке” адамның мүмкіндіктерісіз, дарыны
мен “әлсіздіктерісіз” қалыпты, гуманитарлық қоғамды құру мүмкін емес.
Қоғамдық өмірдің бұл жағдайында адамдық болмыстың маңызды
аспектілерінің жиынтығында оның мәнін ашатын, философиялық теорияға
мұқтаждық сезіледі. Адамға, әсіресе біздің отандасымызға өзін терең тану,
жылдам өзгеруші заманда берік әлеуметтік-әдептік бейімдегіштерді табу,
өмірлік мақсаттарын айқын көру және мүмкіндіктерін түсіну қажет.
Зерттелу деңгейі. Философиядағы адам мәселесіне қатысты зерттеу
жұмыстары көп және одан әрі артатына сенімім мол. Курстық жұмысымды жазу
барысында мен бірқатар шетелдік авторлардың, әсересе орыс ғалымдарының
еңбектерін және тақырып аясында ғылыми айналымға түскен мол тарихи деректер
мен құжаттарды, баспасөз материалдарын пайдаландым. Сондай-ақ, бұл жұмыста
бүгінгі таңда интернет торабында кездесетін фактілік материалдар
қарастырылды. Атап айтсам, адамның мәні мен қоғамдық табиғатын ашатын
И.А.Ильин, Н.А.Бердяев, Г.С.Арефьева және т.б. орыс философтары мол мұра
қалдырды. Ал, философия тарихындағы адам мәселесіне келетін болсақ, жоғары
оқу орындарының білімгерлеріне арналған “Философия” оқулығында әрбір
дәуірге тән философиялық көз қарастар кеңінен ашылған. Мысалы, Ежелгі
Үндістанның философиясына аранлған, “Древнеиндийская философия” кітабы
Мәскеуде 1972 жылы шыққан. Ал, адам мәселесіне қатысты ой қалдырған,
Платон, Сократ, Аристотель секілді ежелгі дәуірдің және орғасырлар мен жаңа
заманның ұлы ғұламаларына арналған жеке ғалымдардың еңбектері аз емес.
Мысалы, Адамның рухани дүниесі мен ішкі әлемін терең зерттеуге аралған,
Ф.Ницшенің “По ту сторону добра и зла”, Ортега-и-Гассеттің “Дегуманизация
искусства Эстетика. Философия культуры” және Г.Спенсердің “Система
синтетической философии” деген еңбектері құнды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Философиядағы адам мәселесін
обьективтілік тұрғысынан ашып көрсету жұмыстың мақсаты болып табылады.
Курстық жұмысымның тақырыбын толық ашу, мазмұнында көрселілген
тараулар мен тармақшаларды жан-жақты айқын жазу үшін философия мен басқа
ғылым салалары зерттеушілерінің еңбектерін, интернет желісін пайдалана
отырып, алдыма келесі міндеттерді қоямын:
- Адам мәнінің философиялық түсінігін ашу;
- Адамның қоғамдық табиғатымен таныстыру;
- Философия тарихындағы адам мәселесін қарастыру;
- Адам туралы антикалық философтардың пікірлерін білу;
- Ортағасырлар философиясындағы адам мәселесінмен танысу;
- Жаңа заман философиясындағы адам мәселесі туралы көз қарастарды ашып
көрсету;
- Орыс философиясындағы антропологиялық мәселені талқылау.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі таруадан және әр
тарау бірнеше тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігін ашу үшін философиясындағы адам
мәселесінің өзектілігіне шолу жасалып, бұл тақырыпта жүргізілген негізгі
зерттеулер мен ғылыми деректер келтіріледі. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен
міндеті, сонымен қатар құрылымы сипатталады.
Бірінші тарауда қарастырылатын, адамның өмір сүруінің өзгермейтін
негізін табуға талпынған субстанциялық тәсілдің көз қарасы жағынан, “адам
қасиеттері”, “адамның мәні” және “адамның табиғаты”- бір келкі түсініктер
болып табылады. Дегенмен, ХХ ғасырдың танымал ойшыл-ғалымдарымен адамның
субстанциялық түсінігін жоюға тырыссақ, онда бұл түсініктердің арасында
айырмашылық айқындалады.
Екінші тарауда адам мәселесін қарастырған ұзақ тарихи кезеңдер және сол
кезеңдерде өмір сүрген философтардың көз қарастары мен еңбектері
баяндалады.

1-Тарау. Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас
1. Адам мәнінің философиялық түсінігі
Адам мәні- бұл, шығармашылықтың, өзін-өзі құрбан ету мен
қарқынды өзіндік тәсілі. Христиандық дүниетанымда адам мәні- бұл,
Құдайдың келбеті. Э.Фромм адамның мәнін иеленуге қарама қарсы болмыс
үсінігінде білдіреді. К.Маркс үшін адам мәні-бұл, дүниеге әнбебап
қатынас, “барлығы” болу қабілеті. Ортега-и-Гассет үшін адам мәні- бұл,
үздіксіз қауіп, тәуекел, өзінің шегіңнен үнемі асушылық, адамның “мен”
деген тұрақты бейнесін бұзу қабілеті, бұл “заттық” болмыс емес. Зат
өзінің қасиетіне тән. Ал адам, әр нәрсе бола алмайды. “Адамға өзінен
де, ақиқатынан артық әрі жақсырақ болу және кіршіксіздікке тартылу
тән”- дейді В.Соловьев. Егер ол бір нәрсені қаласа, істей алады, ал
егер істей алса, онда соған міндетті.
Сонымен, адам мәні- бұл оның табиғатымен ұсынылған, екі
мүмкіндіктің біреуін еркін таңдау жасауының нәтижесі. Әр тұлғада адами
мән бар деуге болады ма? Бұл сұраққа жауап бере отырып, бір адамда
адамгершілік көп, ал екіншісінде аз деуге болады ма? “Адам мәні”-бұл
адамнан жоғары бейне, Құдайдың бейнесі. Фейербах туралы алтыншы
тезисте былай делінген: адамның мәні жеке тұлғаға тән абстракті,
шынтуайтында, бұл барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Басқаша
айтқанда, мән адамнан “тыс”, “барлық қоғамдық қатынастардың
жиынтығында” орналасады. Жер шарындағы барлық жәндіктерден тек адам
ғана өз болмысының тәсілін бағалауға қабілетті. Адам мәні, бұл өзінің
өмірлік таңдауын еркін жасайтын, тұлғаның құнды бейімі бола алатын,
“адам бейнесі”. Адамның жаны- бұл нақты тұлғаның мәңгі иелене алатын,
нақты қасиеттерідің жиынтығы [1,36].
Еркіндік, яғни, еркін әрекет адам табиғатының, адамның өмірі мен
оның мәнінің бастапқы шиеленістілігін байланыстыратын көпір болып
табылады. Еркіндік, еркін әрекет- өзін өзі анықтау, өзіндік себеп болу
қабілеті. Еркін, еш кіммен және еш нәрсемен анықталмайтын әрекетті
елестету талпынысы парадокстармен ұшырасады. Егер біз әлемді жаратушы
туралы айтсақ та, “шығармашылық” актісінде “еш нәрседен” құралған
еркін әлем “жағдайға” айналады. Ол санасуды талап ететін, сыртқы
дүние.
Адам туралы сөз қозғасақ, онда оның өмірі сыртқы жағдайлардан
ажырамайды. Бірақ бұл жағдайлар түрлі, олар таңдау жасайтын, адамға
түрлі ықтимал әрекеттерді ұсынады. Кез келеген нақты әрекетті жасауда,
әрекеттің нақты түрін таңдауда адам табиғатына тән құнды бейімдер,
өмір мәнін бағытын таңдауға тап болады.
Еркіндіктің таңдау жасау түрі Э.Фроммның пікірінше,- адамның
қалыптасуының қажетті өтпелі кезеңі. “Ең жақсы” және “ең жаман”
адамдар таңдамайды, олар өз таңдауларын жасап қойған. Біреуі-
жақсылық, ал екіншісі- жамандық. Таңдауды әдетте есеймеген адам
жасайды.
Еркіндіктің үшінші мәні- бұл, “адами үлгіге” еру жолына түскен,
адам үшін қажеттілік, саналы түрде тек жақсылық пен ақиқатты таңдау,
өзінің жанында адами қасиеттерді сақтау талпынысы. Еркіндік адам
болмысының ең жоғарғы құндылығы формасын алып, оны іске асыру адам
өмірінің негізгі мақсаты, мәніне айналады.
Еркіндіктің төртінші мәні- бұл, авторлық ретіндегі еркіндік,
яғни материалдық әлемде барлық салдарларымен өзіне таңдау алған және
жауапкершілік көрсетіледі. Еркін адам- өзінің авторы, әр бір
әрекетінен кейін “қол қояды” [2,95].
Адам басқа жолмен жүрсе де болады. Ол үнемі таңдайды, бірақ
“жеке мүмкіндіктердің” арасында ол өзінің өмірлік міндетін анықтайтын
таңдаудан қашады. Бұл жағдайда адам өз өмірін эпизодтар сериясына
айналдырып, өз өмірінің мәнін таңдаудан кетеді.
Адамның өмірлік маңызы бар шешімді көзді жұмып, дәстүрге және
қоғамдық пікірге еріп қабылдауы- “жалған таңдау” адам үшін зиянды.
Еркіндік, осылайша, адам табиғатында жатқан қарама-қайшылықты
түсінумен, қарама-қайшылықтың “өмірлік шешімі” ретінде таңдаудан
жалтарудың мүмкін еместігімен; өзінде адами мәнді сақтаудың үздіксіз
шараларымен тығыз байланысты. “Нақты еркіндік,-орыс философы
С.А.Левицкий жазғандай- мүмкіндіктермен жауапкершіліксіз ойын емес,
жауапкершілікке тартылатын, қайталанбас мүмкіндіктеріңізді іске асыру
болып табылады”.

1.2. Адамның қоғамдық табиғаты
Адам табиғатының түсінігі- өте ауқымды, оның көмегімен адам
құдіреті мен күшін ғана емес, оның әлсіздігі мен шектеулілігін де
сипаттауға болады. Адамның табиғаты- бұл, өз қарама-қайшылығында
ерекше материалдық және рухани, табиғи және әлеуметтік бірлігі.
Дегенмен, бұл түсініктің көмегімен біз адами, аса адами болмыстың
трагедиялық қарама-қайшылығын көре аламыз. Адамдағы бастама, адамның
мүмкіндіктері біз үшін жасырын болып қалады. Адам табиғаты– бұл, әр
адамға тән жағдай, оның бастапқы жағдайы. М.Шелер мен оның
философиялық анторпологиясының өкілдері (М.Ландман, А.Гелен) адамның
денелік-рухани табиғатын тануды қолдайды. Адам өзінің денелік
ұйымдасуынан жоғары “секіре” алмайды, ол туралы “ұмыта” алмайды.
Адамның табиғаты түсінігінде қалыптылық болмайды, ол адамды “жан”
тұрғысынан сипаттайды [3, 270].
Адам өз табиғатының қарама-қайшылығын сезініп, өзінің қарама-
қайшы әлемдерге- еркіндік әлемі мен қажеттілік әлеміне жататындығын
түсінеді. Э.Фромм жазғандай, адам табиғаттың ішінде де, оның сыртында
да орналасады. Ол “алғаш рет” өзін-өзі түсінетін, өмір болып табылады.
Адам еш бір әлемде өзін жайлы сезінбейді, ол- аң, періште, дене және
жан. Өзіндік қайшылықты сезіну оны жалғызсыратады және оған үрей
туғызады. Испандық философ Х.Ортеги-и-Гассетоның пікірінше, адам- бұл,
“тұтас және қауіпті мәселе” [4, 403].
Жер шарындағы барлық жандардың ішінде тек адам ғана өзінің не
екенін білмейді. Адамгершілік бұл адамның әдептік сипаттамасы, ол адам
түсінігімен ерекшеленеді. Адам- бұл өмір, барлық тірі жәндіктердің
ішінен, орыс философы В.Л.Соловьев жазғандай, адам ғана өлімнен
құтылмайтынын түсінеді.
Сонымен, адамның табиғаты- бұл адам болмысына қарама-қайшылық.
Бірақ адам табиғаты бұл қайшылықты жеке ішкі шиеленіс және оны жеңу
талпынысы ретінде түсінуді қарастырады. Э.Фроммның пікірінше, бұл
теориялық талпыныс емес, жалғыздық, көбінесе- өз “табиғатының” бір
жағынан бас тарту құнымен жеңу қажеттігі.
“Мен кіммін?” деген сұраққа Э.Фромм екі жауап ұсынады. Біріншісі-
регрессивті. Ол жануарлар әлеміне, ата-бабаларға, табиғатқа оралуды,
алғашқы ұжымдық тапқа енуді қарастырады. Адам тіл, мәдениет, сана мен
құқық секілді өзіне кедергі жасағандарды ығыстыруға тырысты.
Адам табиғатын қалай болса да түсіну адамның түрлі философиялық
концепцияларын құруға әкелді. Маркстың философиялық антропологиясында
адам- тұтас әлеуметтік табиғат идеялары келтірілген. Фейербахтың адам
табиғи жәндік деген ойымен қатар, Маркстың ойынша, заттық әлем- адами
психологиямен келтірілген, адами жанды күштердің ашық кітабы болып
табылатын, қоғамдық заттардың ғасырымен құрылған әлем. Бұл кітапты
игеріп, адам адамға айналады. Сезімнің бес сыртқы органдары- дүние
жүзі тарихының өнімі. Адам қоғамдық жан және оның өмірінің көрінісі,
қоғамдық өмірдің тұжырымы болып табылады.
Адам табиғатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде
талқылау бір қатар салдарға әкеледі. Бірінші салдар-: нақты қоғамдық
қатынастарды зерттеп, біз “тірі тұлғалады” зерттейміз(Ленин). Екінші
салдар: қоғам табиғатқа қарағанда жедел дамиды, адам еш шектелмейді
және үздіксіз қалыптасу процесінде орналасады(Маркс). Үшінші салдар:
қоғамдық қатынастарды түпкілікті өзгертіп жаңа адамдарды
қалыптастырып, жаңалатуға болады [5,123].
Қоғамдық-экономикалық формацияның ауысуы секілді тарихи
концепциямен үйлескен бұл тәсілде “уақыттық байланыс” өндірістік
күштердің дамуы арқылы іске асатындықтан, адам және қоғамды зерттеу
саласында бір қатар жаңалықтарды ашуға мүмкіндік береді.
Адам табиғатын түсінуде психоанализдің орны ерекше. Жаңа
заманның классикалық парадигмасына сәйкес, адам- өзі үшін тұнық,
саналы жан. Кез келген уақытта адам өз әрекеттері мен шешімдерінің
қайнарын және механизмдерін, қоздырушы мотивтерін анықтай алады.
З.Фрейдпен ашылған, классикалық психоанализ бойынша, адам психикасы
мен санасын көрсету мүмкін емес, себебі ол адамның өзіндік бақылауы.
Психоанализге сәйкес, сыртқы қоздырушылар емес, іштен шығатын көңілдің
бөлінуі адам дамуының бағытын анықтайды.

2-Тарау. Философия тарихындағы адам мәселесі
2.1. Адам туралы ежелгі дәуір философиясы
Адам туралы алғашқы пікірлер философиядан бұрын пайда болды.
Тарихтың алғашқы кезеңдерінде адамдарға сананың аңыздық және діни
формалары тән болды. Аңыз-әңгімелерде табиғат түсінігі ашылып, адамның
мәні мен мақсаты, болмысы баяндалады. Адамды философиялық түсіну аңыз-
әңгімелердегі ойларды, идеялар мен бейнелердің және қалыптасушы
философия мен мифология арасындағы диалог негізінде жүзеге асты. Адам
туралы алғашқы ілімдер осылайша Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда
болды.
Адамның ежелгіүнді философиясы Веда- ежелгіүнді әдебиетінің
ескерткішінде көрсетілген. Бұл ескерткіште аңыздық, діни және
философиялық дүниетаным мазмұндалған. Оларда адамның әдептілік
мәселелері, адамның обьектілер мен нәпсі дүниесінен босану жолдары мен
тәсілдері көрсетілген.
Ежелгі Үндістанның философиясы әлемдік жанның бөлігі ретінде
ойластырылады. Адамға деген қызығушылықтың артуы және Ведаларға
кіретін мәтіндер- упанишадалар үндістандық адам философиясының
дамуына әсер етті. Әсіресе олардың әсері джайнизм, буддизм, индуизм,
санкхьй, йога ілімдерінде байқалады. Танымал үнді философы М.К.Гандиге
де упанишадалардың үлкен әсер еткені сөзсіз[6,55]
Ежелгі Қытайдың философиясы да адам туралы жеке ілімді
қалыптастырды. Оның әйгілі өкілдерінің бірі- Конфуцийдің
қалыптастырған “аспан” концепциясы табиғаттың бөлігін ғана емес, адам
мен әлемнің дамуын білдіретін жоғары рухани күшті қамтыды. Бірақ оның
ілімінің орталығында аспан емес, адам мен оның жердегі өмірі
тұрғандықтан, антропоцентристік сипат алды. Өз заманының құлдырауына
уайымдаған Конфуций ең алдымен адамның әдептілігі мен тәрбиесіне назар
аударды.
Ежелгі Шығыс философиясында сипатталатын адамның басты
ерекшелігі оның әлеуметке және табиғат әлеміне адамгершілікпен және
құрметпен қарауы болып табылады. Сонымен қатар, философиялық дәстүр
адамның ішкі дүниесін кемелдендіруге бейімделген. Қоғамдық өмірдің,
тәртіптің, басқарудың жақсаруы сыртқы әлем мен жағдайлардың өзгеріне
емес, тұлғаның қоғамға бейімделуінің өзгерісімен байланыстырылады.
Адам өзінің жетілу жолдарын өзі анықтап, өзіне құдай да, құтқарушы да
болып табылады.
Ежелгі Шығыс философиясы адам туралы ілімдердің дамуына және
өмір салтын, ойлау тәсілін, Шығыстың мәдени үлгілері мен дәстүрлерін
қалыптастыруға үлкен әсер етті. Бұл елдердегі қоғамдық және дербес
адамдық сана қазіргі таңға дейін ежелгі дәуірде қалыптасқан ойлар мен
ілімдердің әсерінде.
Антикалық Греция жалпы батысеуропалық философиялық дәстүр мен
философиялық антропологияға бастау жасады. Ежелгі Грек философиясында
алғашында адам өздігімен емес, абсолюттік тәртіп және космос ретінде
қабылданатын, нақты қатынастар жүйесінде өмір сүреді. өзінің
табиғатымен және әлеуметтік ортасымен, көршілерімен және құдайларымен
адам бірыңғай, бөлінбес әлемде өмір сүреді. Құдайлар да адам үшін тірі
тұлға болып табылды. Адамға деген осындай көз қарастарды тірі және
жансыз заттардың арасында шекараны мойындамаған, гилозиозимнің
ұстанымын қолдаған, милеттік мектептің өкілдері мойындады.
Өзіндік антроплологиялық мәселеге бұрылыс софистермен және
философиялық этиканы қалыптастырған Сократтың ағартушылық қызметімен
байланысты.
Протогормен жасалған, софистердің концепциясы бойынша: “Барлық
заттардың өлшемі- адам”. Бұл концепцияда басты үш нәрсеге көңіл
бөлінеді:
- адамгершілік, әділдік секілді этикалық феномендерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағаналы жасушалар
Миманса дүнитанымы
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Философиялық пікірлер
Материализм
Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу
ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ ПРОБЛЕМАСЫ ТУРАЛЫ
Философия мифологиялық дуниетаным
Есімдік және оның мағыналық түрлері. Есімдіктің лингвистикалық қызметтері
Пәндер