Философиядағы герменевтика мәселелері



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
ХХ ғасырдың 70-90 жылдарында сыни рационализм ғылым
методологиясы, герменевтика, интуитивизм және басқа да философиялық
мектептер кеңінен тарала бастады. Герменевтика термині гректің
түсіндіремін, көз жеткіземін деген сөзін, мәтінді түсіндіру өнері мен
теориясын білдіреді. Герменевтикаға өте ежелгі философтар назар аударған,
олар мифтерді, философиялық мәтіндер мен афоризмдерді, рәміздер мен
айтылған сөздерді түсіндірумен айналысты. Мысалы, неоплатониктер Гомердің,
Платонның және басқа да ойшылдардың шығармалырын түсіндірумен айналысты.
Христиан ойшылдары Библияны түсіндірді. Қайта Өрлеу дәуірінде антикалық
кезеңнің ескерткіштерін түсіндіруге көп көңіл бөлінді.

Философиялық мәселе ретінде герменевтиканы алғаш рет неміс
философтары Ф.Шлегель (1772-1829) және Ф.Шлейермахер қолданысқа енгізді.
Оларды тіл философиясы( қызықтырды, бәрінен бұрын поэзиядағы объективтік-
сұлулықты көрсету мәселесі, сондай-ақ өнердегі және мәдениеттегі алуан тглі
фрагменттердегі көрініс мәселесі болды. Бұл туралы Ф.Шлегельдің Поэзия
туралы әңгіме, Грек поэзиясын зерттеу туралы және Ф.Шлейермахердің -
Монологтар мен Диалектикасы мысал бола алады.

Герменевтика мәселесіне сондай-ақ неміс философы В.Дильтей де назар
аударды. В.Дильтей герменевтиканың пайда болу тарихын зертеп қана қоймай, ,
ол сонымен бірге герменевтикаға өткен кезеңнің мәдениетін түсіндірудің
әдісі ретінде зерттеліп отырған дәуірдің жанды-рухани өмірінің туындысы
негізінде анықтама берді. В.Дильтейге Ф.Шлейермахердің түсіну мәселесін
мәдениетті және оның фрагменттерін түсіндіруге қосу туралы идеясы жақын
болды.

1. Философиядағы герменевтика мәселелері

Герменевтика ілімінің басында ХІХ ғасырдың протестанттық философтары
Ф.Шлейермахер,В.Дильтей, Э.Гуссерль, М.Хайдеггер және біздің замандасымыз
Ганс Гадамер тұрды, Г.Гадамер герменевтиканың көрнекті де соңғы өкілі болып
табылады. Хайдаггердің шәкірті Г.Гадамер философияның басты міндеті – бұл
мәтінді түсіндіру мен ой елегінен өткізу тәжірибесі деп түсіндіреді. Бұл
жағынан алып қарағанда мәтін - бұл кітаптың парағы емес; мәтін бұл –
мәдениеттің өзі. Әлем туралы адамзаттың барлық білімді мәтін деп
қарастыруға болады. Бұл жағынан алып қарағанда мәтін - бұл түсіну қажет
болатын адамзаттың өмірі. Түсіну – герменевтиканың басты категориясы .
Түсіну – бұл өмірдің механизміне ену, өмірді теория және іс жүзінде түсіну
дегенді білдіреді.

Г.Гадамердің пікірінше, философияның өнбойын түсіну мен түсінуге
күш жұмсау алып жатыр. Адам өзінің әлемдегі орны мен өзінің маңызын біле
отырып, болмысты шегі бар мағыналық мүмкіндік ретінде түсінеді.

Түсіну – басқалармен қатар тұрғанда таным ерекшелігі емес. Бұл
адамның өзінің өмір сүру сипаттамасы, оның болмысының тәсілі.
Герменевтиканың іргелі ақиқаты деп Гадамер мынадай ережені есептеді:
Ақиқатты бір адам ғана танып, хабарлай алмайды. Диалогты барынша қолдап,
басқаша ойлайтын адамға сөз беру керек. Оның айтқан сөзін миға тоқып алу
керек – міне герменевтиканың жаны осында. Түсінудің философия әдісі
ретіндегі мағынасы осында. Гадамердің түінігіне сәйкес, түсіну бұл мәтінге
енуәдісі, бұл кезде түсінуші объект шығармасы талданып жатқан автордың
орнын иеленбейді. Түсінуші субъект автор өмір сүрген дәуірге, немесе автор
өмір сүрген оқиғаларға көндігіп кетпейді, керісінше, мәтінді өзі өмір
сүрген уақыттың айқын мәселелері жағынан мәтінді ой елегінен өткізеді.

Түсіну тарихи контекспен негізделеді, ол алдын ала түсіну деп
аталады. Алдын ала түсіну дегеніміз не? Бұл сөздегі ең бастысы – наным-
сенім. Наным-сенім – логикалық қате түсінушілік емес. Наным-сенім
субъектіні түсінуші, танушы қоғамның жай-күйін білдіреді. Бұл –
түсінудің іргетасы, ол анық берілмеген болмыстың мағынасы, дәуірдің
мәні.Түсінуші адам ешқашан түрлі алғышарттардан босболмауы тиіс , өйткені
абстрактылы субъектіні танымайды, ал керісінше өзі өмір сүрген кезеңнің
ойлау стереотипін білдіруші, дүниеге деген өзіндік көзқарасы бар нақты
кеудесінде жаны бар адамды таниды.

Түсіну әрдайым екі тең құқықты тараптардың істің мән-жайына қатысты
келісуді іздеу диалогын блдіреді. Диалогта әрдайым үш қатысушы болады: 1)
мәтін; 2) мәтінді түсіндіруші; 3) уақыт. Диалогта біз дәстүрмен ісіміз
болады, ол уақыт ішінде түсіндіріледі. Біз дәстүрді түсінеміз, яғни өткен
мәдениетті ой елегінен өткіземіз және соған сәйкес өзіміз бен өзіміз өмір
сүретін қоғамды өзіміз ой елегінен өткіземіз. Нәтижесінде біз теориялық
жағынан өзіміздің әлемімізді танимыз, және ең маңыздысы, өмірлік-
тәжірибелік етіп меңгереміз. Ғылым таным мен наным-сенімнің рационалды
әдістеріне сүйенуі тиіс. Пікірлер диалогы – ғылымның және білімнің даму
моделі.Диалог – бұл кез келген ғылымның даму формасы, әсіресе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ғасыр философиясы
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Философия пәні және оның қызметі
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Араб философиясы
Философиялық антропология - адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым
Қазіргі заман философиясы туралы
Әбу Насыр Фараби және оның ғылыми - философиялық еңбектері
Ғылым дамуының тарихи кезеңдері: салыстырмалы талдау
Әл - Фараби философисы және шығыстық перипатетизм
Пәндер