Философиялық антропологияның қайнар көзі және болашағы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1- лекция. Тақырыбы: Философиялық антропологияның қайнар көзі және
болашағы.
Жоспары:
1. Философиядағы антропологиялық сұрақ.. Адамның дифинция мәселесі
2. Философиядағы мен және өзін -өзі тану мәселесі.
3. Адамды зерттеу әдісі.
Лекция мақсаты: Философиядағы антропологиялық мәселелерді жан-жақты
талдау.
Лекция мәтіні: (қысқаша)
Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан
философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі,оның
дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынантуғаны
дәлел болады.Бір нәрсенің сырын ашып,білу үшін алдымен адам бұл туралы
ештеңе білмейтінін түсініп,соны іштей де болса мойындауы қажет.Мысалы,ағаш
отқа жанады,ал тас отқа жанбайды.Мұның себеін білмейтіндігін адам өзі
түсінеді,онда бұған таңдану сезімі пайда болады,ойланады,білуге ынта
туады.Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың
психологиялық негіхзгі адамның өзі түсінбейтін,түсіндіре алмайтын
құбылыстарға ең алғаш таңдану,таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам
жасады.
Біздің білуімізше, философияның мәселесі- бұл сананың,рухтың
табиғатқа,материяға,субьективтің (адамның) ішкі дүниесінің обьективтікке
(сыртқы дүниеге) қатынасы.Бұдан шығатын қорытынды:адамның сана-сезімі мен
ақыл-ойының,тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін
қоршаған ортаға қатысы қандай,табиғат пен қоғамның адамға,оның ішкі рухани
дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және
түбегейлі мәселелері болып табылады.
Адам және оның тегі туралы аңыздардағы түсіндірулер де алуан
түрлі.Адам мәселесімен
антропология,социология,этнология,п едагогика,психология ғылымдары
айналысады.Соның нәтижесінде аталмыш мәселе қазіпргі ғылымда жан-
жақты,біршама толық зерттелген тақырып болып табылады.Солай болса
да,адам,,қоғам,табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері-қанша
зертелсе де таусылмайтын,бір қырынан кейін екінші қыры көрніс беретін,бір
құпиясын ашсаң,екінші алдыңнан адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол
жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық..
Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам
мәселесін құрайды.Олардың қатарына адамның мәні,адамның өмірі,адамның өмір
сүруінің себебі,адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін
факторлар,адамның тәні, жайы, рухани дүниесі және олардың арасындағы
байланыстар,адамның шығу тегі,қазіргі күйі,болашағы т.б толып жатқан
саралаулар мен түсіндірулер бар.
Адам жерде мекен ететін тірі организмдердің әішіндегі жоғары сатыда
дамыған түрі,қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субьектісі,биоәлеуметтік
мәнділік.Материалистік тұрғыны ұстанатын зертеушілердің пайымдауынша,адам
өзге тіршілік иелерімен-жануарлармен соның ішінде маймылмен генетикалық
байланыста қарастырылады.Адам еңбек құралдарын жасай алатындығымен,сөйлеуге
және ойлауда қабілетілігімен және саналығымен жануарлардан ерекшеленеді.
Ежелгі Қытай,үнді және грек философиясында адам ғарыштың бір
бөлігі,өзінше кіші әлем микрокосм,үлкен әлемнің макрокосмның бейнесі және
символы ретінде сипаталады.Адамның бойында денеден және жаннан тұратын дене
және рух ғарыштың барлық негізгі элементтері стихиясы жинақталған.
Антикалық дәуірде өмір сүрген ірі ойшыл Аристотель адам рухы және
ақылы бар,қоғамда өмір сүре алатын тірі мәнділік-жан иесі ретінде
сипатталған.
Үнді философиясындағы жоғары дамыған жанның ауысып қонуы туралы ілімде
өсімдіктердің,жануарлардың,адамның және Құдайдың арасындағы шек жылжымалы
болыа келеді.Алайда,карма-сансара заңдылықтарына сай, тәжірибемен ғана өмір
сүрудің бұғалығынан босанып шығуға тырысу тек адамдарға ғана тән.
Философия адамның өзін қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары
мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым,қоғамдық сана формаларының бірі, адамзат
мәдениетінің адам мәселесінің зерттейтін ғылым саласы.Философия ғылымының
ішіндегі тікелей айналысатын проблемалаы ол антропология.Яғни адам
мәселесімен тікелей айналысады.Адам мәселесіндегі өзін-өзі тану мәселесін
ертедегі грек ойшылы Сократ ерекше дәріптеген.Өзін-өзі тану мәселесін де
одан кейін өмір сүрген ойшылдардың да назарынан тыс қалмады.
Бақылау сұрақтары:
1.Адамды өзін-өзі тану мәселесі.
2. Қазіргі ғылым философиясы мен адам философиясының эпистемологиялық
қырлары.
3. Жаңарған дәуірдегі адам мәселесі.

2- лекция. Тақырыбы: Адам философиялық антропологияның пәні ретінде.
Жоспары:
1. Адам табиғаты және мән проблемасы.
2. Адам қоғамдық қатынас жүйесінде:адам әрекеті және адамдық пәнділік.
3.Философиялық,антропологиядағы,тұл ға мәселесі.Индивид,индивидуалды тұлға.
4. Адамның мәдениеттегі өзін анықтау формасы.
Лекция мақсаты: Адам табиғаты және мән проблемасының қоғамдағы ролін
анықтау. .
Лекция мәтіні: (қысқаша)
Ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы,асыл байлық-
адам.Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттердің негізгі,өлшемі
және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі,ақыл-ой
туындыларының құдіретті иесі.Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен
ролінің сипаттамасын айтып отырмыз.Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті
өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді.Әркімнің әкесі
де,әйелі де,баласы да,өзі де-адам ,айнала жүргендердің бәрі-адам. Адам
дегеніміз кім? Деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша,мұнда тұрған
қиындық бар?-деген сұрақтың ойға оралуы да мүмкін.Дегенмен, бұл сұраққа
тереңірек үңіліп,адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға
тырыссақ,бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесекміз.Тарихшы антрополог пен
психологтың адамға беретін анықтамасы екі түрлі болукы мүмкін,биолог пен
дәрігердің түсініктері бір-біріне ұқсамауы мүмкін.Өйткені,бұлардың
әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді
және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды.Ондай сыңаржақты
көзқарас көп қырлы тұтас тұлғаның өзекті мәнін толық аша алмайды.Тіпті бұл
жекелеген ғылымдарға тән ұғымдардың жай қиындысы да адамның тұтас бейнесін
бере қоймайды.Бұл міндетті орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы
бар ол- философия,дүниені оның құрамына кіретін бөлімдерін философия
жекелеп,бөлшектеп емес,тұтас кңүйінде қарастыруға,сол әдіспен олардың бәрін
қамтитын жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады.
Жеке адам (индивид) туралы ғылыми түсінік адамды қоғамдық
қатынастардың жиынтығының көрнісі ретінде қарастыратын биопсихоәлеуметтік
организм деген түсінікке негізделеді.Индивид деп- белгілі бір әлеуметтік
ортаның өкілін, қоғам мүшесін айтамыз.Индивид өзгелермен салыстырмалы түрде
нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан,адамзаттың
дара өкілі,жеке кісі ретінде қарастырылады.
Индивид (лат тілінде бөлінбейтін) - обьектілердің белгілі бір
түрінен,тегінен класынан бөлініп шыққан, жеке обьект.Адам-адамзаттың жалқы
өкілі, нақты антропологиялық және әлеуметтік белгілеріне қарамастан, ол
жеке кісі, демек индивид.
Индивид яғни жеке адам мәні жағынан,әлеуметтік тіршілік ету әдісі
жағынан дара болады.Даралықтың өзіндік әлемін айқындайды,өзіндік өмір жолын
ерекшелейді.Адамның өмір жолы мазмұқндық жағынан әлеуметтік жағдайларымен
айқындалатындығымен,оның тегі,құрылымы және формасы дара сипатта болады.
Сәби жеке адам.Дегенмен,ол әзірше дара тұлға емес.Индивид қоғамда өз
болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға
айналады.Индивид әрқашан да қоғаммен тығыз байланыста болады.Оларды бір-
біріне қарам-қарсы қоюуға болмайды.Қоғамда тіршілік еткенен кейін,индивид
өмірі қоғамдық өмірдің көрнісі болып саналады.Солай болса да, жеке адам мен
қоғамды теңестіруге де болмайды.Өйткені, жеке адам өз тегінің жалпы
белгілерін сақтай отырып,өзіндік ерекшелігімен көрінеді.
Әр жеке адам-қайталанбас даралық,соенымен қоса,ол өзімен белгілі бір
тектік мәнін ала жүреді.Өзіндік санасы кемелденгенде,өзінің әлеуметтік
міндеттерін түсінгенде,өзінің тарихи өзгеріс субьектісі ретінде сезінгенде
ол тұлға ретінде алға шығады.
Философияда тұлға ұғымын қоғам мүшесі ретіндегі,әлеуметтік даралық
сапасындағы адам,қоғамдық қатынастардың жиынтығынан тұратын биоәлеуметтік
өмір сүруші,әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына
сіңірген адам.
Тұлға ұғымын жеке адам даралық ұғымдарымен шатастыруға
болмайды.Тұлғаның бірегейлігіне қарапайым тілмен айтқанда,даралығына ешкім
шек келтірмейді.Адамның қоғамдық организм ретіндегі өмір сүруінің өзі
олардың үнемі өзара әрекетесулерін қажет етеді.Олар әрекетесулер екі жақты
болады.Адамның тұлға ретінде дамуына қажетті алғышарттар оның табиғи
қабілеттері болып табылады.Тұлға мәселесін
философтар,тарихшылар,социологтар,а нтропологтар т.б. зерттеу нысаны
(обьектісі) ретінде қарастырады.Педагогтар мен психологтар үшін тұлғаны
қалыптастыру ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын,мәңгілік тақырып.Ғылымның әр
саласы зерттеудің мәніне өзіндік тұрғылармен келеді.Олардың жұмыстарының
нәтижелері қоғамдық практикамен өлдшенеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Адамның мәдениеттегі өзін анықтау формасы.
2. Адамның гуманистік концепциясы.
3. Қазіргі кездегі еуропалық философиядағы адам мәселесінің қойылуы.

3- лекция. Тақырыбы: Адамдық субьективтілік.
Жоспары:
1. Қоғам субьективті шындық ретінде.Адамның өмірлік әлемі.
2. Философиялық рефлекциядағы адам еркіндігінің бейнесі.
3. Антропозиция: Адам өмірінің мәні мен мағынасы.Адам мән ретінде.
Лекция мақсаты: Қоғамның субьективтік шындық ретінде адам еркіндігінің
бейнесін талдау.
Лекция мәтіні: (қысқаша)
Адамды адам еткен-қоғам және оның еткен еңбегі. Адамның туып
өскен,тәрбиеленген қоғамы қандай болса,оның өзі сондай деп айтуға әбден
болады.Әрине, мұны әрбір дара адамға жатқызып,тікелей дұрыс түсіндіруән
қайталанбас ерекшеліктерінің болатындығы-талассыз ақиқат..Дүниеде қанша
адам болса сонша мінез,сипат болмақ.Әркімнің жеке басына тән қайталанбас
ерекшеліктерінің болатындығы-таласыз ақиқат. Сонда адам мен қоғам
арасындағы ұқсастық,яғни адамның кісілік қасиеттерінің белгілі бір тарихи
дәуірдегі қоғамдық қатынастардың,идеялдық бейнесіретінде қалыптастыратынын
қалай түсінуге болады?Адамның бойындағы қасиеттердің үш дәрежеде болатыны
аңғару қажет: 1) Әрбір адам – ең алдымен адамзат қауымының мүшесі.Шыққан
нәсілінен,ұлтынан,жынысынан туған жерінен есті адамның барлық өкілдеріне
ортақ жалпы адамзаттық қасиеттер болады.2) Әр адамның физиологиялық
ерекшеліктерінен жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінен туатын және оның тек өз
басына тән философиялық өзгешеліктері.Бұлар оның мінез-құлқына,сезім
көрнісінде,қызба жандылығында,қимылдары мен жүріс-тұрысында,сөйлеу
ыңғайында,сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында,бөтен адамдармен қарым-
қатынасында тіршілік әрекеттерінде байқалады.3) Адам белгілі бір
елде,тарихи дәуірде,белгілі бір дәрежеге жеткен материалдық және рухани
мәдениет жемістерімен сусындап өседі.Оның шыққан әлеуметтік
(таптық),этникалық (ұлттық) ортасы болады.Сол дәуірде,тарихи ортада
қалыптасқан білім-тәрбие жүйесінен тағылым алады.Осылардың бәрі қосылып
адамның жан-дүниесіне өзіндік ізін қалдырады.Психологтар адамдарды
жігерлілер және жігерсіздер деп екіге бөледі.Жігерлі адам әрқашанда өзінің
тұрақты қалпын сақтайды,өз алдына емін-еркін қызмет жасайды,ұстаған
жолынан, қабылдаған шешімінен қайтпауға тырысады.Ал жігерсіз адамның әдетте
тұрақтылығы,батылдығы жетіспейді.Тіпті өте білімді,қабілеті мол,бірақ
жігері аз адам өзінің бай рухани мүмкіндіктері қолайлы жағдайлар болып
тұрған күннің өзінде де іске асыра алмай қалатын фактілер жиі
кездеседі.Бірақ,түптеп келгенде, мәселе жігердің күштілігінде немесе
әлсіздігінде емес.Мұның екеуін де тәрбие арқылы әр адамның еңбегін,қоғамдық
тәртібін, жұртшылық алдындағы жауапкершілігін көтеру арқылы реттеп отыруға
болады.Тек кімнің болса да жігерін теріс,қоғамның,халықтық мүддесіне қарсы
келетін іске емес,адам игілігіне арнаған қызметке жұмсағаны маңызды.
Дәл осы адам бойындағы рефлекция жөнінде неміс ойшылы А.Шопенгауер
былай дейді- жігері мықты адам әрқашанда өзінің көздеген мақсатына жете
алады,ал жігерсіз адам тіршіліктің күйбелең тіршілігіне әйтеуір алынып
салынып жүретіндігін атап көрсетті.Жалпы адам бойында шарты және шартсыз
рефлекция болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Хомо сапиенс.
2. Адам жаратушы ретінде және мәдениеттің жаратылуы.Адам және тарих.
3. Адам-бұқара және бұқаралық қоғам.

4- лекция. Тақырыбы: Адам болмыс модусындағы адам мәнінің проблемасы.
Жоспары:
1. Хомо сапиенс.
2. Адам жаратушы ретінде және мәдениеттің жаратылуы.Адам және тарих.
3. Адам-бұқара және бұқаралық қоғам.

Лекция мақсаты: Ең алғашқы адам түрінің өкілі жайында және бұқаралық
қоғамның мәнін анықтау.
Лекция мәтіні: (қысқаша)
Ең алдымен айтарымыз,адамда екі түрлі: табиғи (биологиялық) және
қоғамдық (әлеуметтік) сипат болады.Әрине, адамның басты қасиеті-оның
әлеуметтік сипаты.Адам мен қоғам бірлікте.Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі
әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады.Адамды адам еткен еңбек дейтін
болсақ,сол еңбек нәтижесінде адамның санасы тілі пайда болды.Олай
болса,еңбек,сана,тіл-бәрі қоғамдық құбылыс,олар қалыптасқан,даму тарихы
бар.
Адам – табиғаттың туындысы,оның бір бөлігі.Сондықтан,сол әсерді сезген
алғашқы адамдар табиғат құбылыстарын құдіретті күш деп,аспанға,айға,
күнге,жұлдыздарға сиынып, бұл әдет шамандық дінді ұстаған халықтарға
кеңінен таралған,одан соң саналы адам (хомо сапиенс) жер бетінде небәрі 50
мың жылдай бұрын ғана өмір сүріп келе жатқан болса,жалпы адам тарихы өте
алыстан басталады,шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.Осы ұзақ дәуір ішінде
адам тағылықтан саналы,қоғамдық сипатқа дейін көтерілген.Алғашқы кезде адам
тәрізді хайуандар тобыр болып өмір сүріп,үңгірде тұрған.Ол кезде жыныстық
қатынастар да реттелмеген болатын.Оны эндогамия-іштей жыныстық,некелік
қатынас деген мағынаны білдіреді.Бірақ эндогамия адамзаттың
денсаулығына,тұқымдық өсіп жетілуіне зиян келтіреді.Түрлі жазылмайтын
аурулар адамзаттың болашағына қауіп төндіреді.Соны сезген адамзат жақындар
арасында некелік қатынастардың болуына ерте бастан-ақ тиым салды.Кейін келе
экзогамия – грекше сырттай түсіндірілген ұғым пайда болды.Былайша
айтқанда,қызды өз руынан тыс жерден сырттан,басқа ру ішінен іздеу тәртібі
қалыптасты.Қазақтарда ол тәртіп мықты сақталған.Соның бір көрнісін
С.Мұқановтың “Адасқандар” (Мөлдір махаббат) романында жазды.
Мәдениет философиялық ой-толғамның аса маңызды,терең теориялық мәнді
ұғымдарынфың бірі.Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты
жиі пайдаланылады.Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет
мәселесінқамтымайынша дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескере кету
керек.Қысқасы бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге
бағытталған.Әрбір дәуірдің өзіндік мәдениеті бар.Сол сияқты әрбір халықтың
өзіне ғана тән дәстүрлері болады.Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы
жалпылықты,әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды
тумайды.Керісінше,мәдениеттің нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының
күрделігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Шынына келгенде,мәдениет – адам әрекетінің,саналы қызметінің
көрнісі.Олай болса, оған рухани да, материалдық та жетістіктер
жатады.Басқаша айтқанда, адам болу үшінеңбеки құралдарын
жасауы,сөйлесуі,пікір алысуы,,түсінсуі қажет.Міне, сол алғашқы еңбек
құралдары,сондай-ақ мақал-мәтелдер ежелгі мәдениет ескерткіштері болып
табылады.
Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала
бермейді.Өндіріс қажетті оның дамуын,жаңаша қалыптасуын туғызады,оны
к.үрделі ете түседі.Әрбір жаңа материалдық белес мәдениеттің де жаңа,
неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді,яғни мәдениет ұғымының
қоғамдық-гуманитарлық білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитығын айтып
өткен жөн.Бұл арада материалдық мәдениеттің адам тарихындағы ерекше ролін
арнайы бөліп айту себебіміз – мәдениеттің адам проблемасымен тығыз
байланыстылығын естен шығармау қажет екендігіне көңіл аудару болып
отыр.Демек, мәдениет адамсыз жасалмайды.Адам дамуы мәдениетке
байланысты.Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің
адамзат тарихында,адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Адам өмірінің мәні және құндылығы.
2. Индивид,индивидуалды тұлға.
3. Космоцентр адамды және әлемді түсіну принцпі ретінде.

5- лекция.Тақырыбы: Философия тарихындағы антропологиялық сұрақ.
Жоспары:
1. Космоцентр адамды және әлемді түсіну принцпі ретінде.Платон және
Аристотель философиясындағы адам мәселесі.
2. Августин философиясындағы адам.Схоластикалық философиядағы адам
кейіпі.
3. Адамның гуманистік концепциясы.
Лекция мақсаты: Философия тарихындағы антропологиялық
құндылықтарды,олардың табиғатын,маңыздылығын қарастыру.
Лекция мәтіні: (қысқаша)
Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның арманынан шығатын
“Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден-бір мемлекет қандай болуы керек
философ осыны кескіндеп,бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған.Мұндай
мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам,яғни Платонның ойынша,философ
басқаруы тиіс.Ондағы адамзаттар үш топқа бөлінеді: қарапайым
адамдар,күзетшілер.Негізінен мемлекет басына келетіндер соңғылардың ішінен
шығады.Бірақ алғашқылардың арасындағы ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі-
жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп біледі Платон.Әділдік принцпі
үстем,мінсіз мемлеекет жасаудың басты шарты етіп Платон адамға сол мақсатқа
лайықты білім,тәрбие беру мәселесін қояды.Оқу тәрбиенің міндеті –
адамдардыізгі ниетті,ержүрек,таза өнерлі азаматтарға айналдыру.
Адам проблемаларына Аристотель де ерекше көңіл бөлген.Әсіресе ол
философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды
қарастырып,оларға тиісті талдау жасады.Аристотельдің айтуынша,мемелекет
басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылыққа,ізгі
ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай
дәрежеге жеткізу.Оның алтын аралық деп аталатын морльдық доктиринасы
адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған.Жоғары мінез-құлық
қасиетерінің әрқайсысы біріне-бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы
болып табылады.Бұлардың екеуі теріс қылықтар.Аристоельдің пайымдауынша,ең
жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді,қайырымды адам.Ол өзін
мақтағанды,жамандағанды сүймейтін адам.Дегенмен,Аристотель өз заманына сай
ойлайды.Құлдарды ол адамға санаған жоқ, сөйлей білетін құлдар деп атады.Құл
иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес,өйткені,ол оның меншігі болып
есептеледі,ал баланың әкеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні
Ежелгі грек антропологиясы
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым
Адам өмірінің мәні
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Мәдениет құрылымы
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы
Пәндер