Философиялық мәселелер табиғаты
Философиялық мәселелер табиғаты
Жоспар
1Кіріспе
1.1Философиядағы негізгі мәселелердің бірі - адам мәселесі
2 Негізгі бөлім
2.1Болмыс мәселесі
2.2Философиядағы таным мәселесі
2.3Қазіргі философиялық мәселелер
3 Қорытынды
Адам мәселесі. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні,
табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық
философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан
қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны,
табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы,
деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя
мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы
деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт
бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер
мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда,
әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні
қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс
мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде
пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер,
жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі.
Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат
етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни-
философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын
жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық етіп, табына беру
десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде
одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір
ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп
санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік
қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып
жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны
нирвана деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің
айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың бұл
жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм
философиясының адам мәселесін ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей
соған арнағаны жайында болып отыр.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды.
Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз
ілімінің түп қазығы ретінде адамсүйгіштік (жэнь) мәселесін алды. Оның
түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек ,
ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.Бұл қасиеттердің бәрін
біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: Өзіңе қаламағанды өзгеге
жасама-деп, қорытты.
Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі - Демокрит. Демокрит
бойынша, адам - табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан
тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да
өледі. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат
алуы мен өзімшілдік емес.
Адам мәселесіне Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Аристотель
концепсиясында адам қоғамдық , мемлекеттік, саяси деп қарастырылады.
Оның пікірінше, адам – ақылға ие қоғамдық жануар. Аристотельдің айтуынша,
мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы
қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана
ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның алтын аралық деп аталатын
моралдық доктринасы адамның жандүниеснің сырын ашуға негізделген.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру
арқылы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей
арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз
әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт - әр адамның көздейтін
мақсаты. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамның үш түрлі тамаша
табиғи қабілеті болады: 1) ерекше жасалған дене құрылысы; 2) жан
құмарлықтары; 3) ой-парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат берген
қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді
бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқты жеңуді жолы – аталған
үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, сол арқылы
адамның мінез-құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс
нәтиже туғызатын дәрежеге жеткізу. Мұны іске асыру: адамға және мемлекет
басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді:
қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан
сақтану керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі
жаман қасиеттің аралығынан туады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт
бұрын айтылған ойлары бүгінге дейін маңызын жойған жоқ..
Ортағасырлық діни философияда адам обастан-ақ біріне-бірі қарама-
қарсы екі бастаманың: тән мен жанның іштей қайшылықты бірлігі болып
жаратылған деп түсіндіріледі. Сондықтан мысалы, Августин адамды жаны
тәнінен тәуелсіз, өлмейтін жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен
тән бірлігі , жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінеді. Тән
өледі, жан өлмейді, о дүниеде құдай алдында жауап береді, сондықтан адам
күнәсінан тазару үшін құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады.
Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста
болғандықтан, адамды ең алдымен
рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдайдың құдіретімен
байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да
тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деді. Адамның тіпті
өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды.Сол заманның
философтары Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза осыны үндеді. Француз философы
Рене Декарттың: мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін -деген
қанатты сөзінің мәні осында.
XIX –XXғғ идеалистік философиясы адамның өмірінің рухани бастамасын
асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ой арқылы түсіндірілсе, енді
бірде керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу арқылы түсіндіруге тырысады.
XIX ғ классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет
дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама –
рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады.
Тарихта материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық өмірде
алатын орнын түсінуді шын мәнінде ғылыми деңгейге көтереді. Адам
бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғи болып бөлшектеніп,
біржақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде,
нақтылы – тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болады. Адамның табиғи
әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны жөніндегі оның ондаған мың
жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі
сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты.
Болмыс мәселесі. Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің
төңірегінде философияда ежелден бері және қазір де қызу пікірталас болып
келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниеге көзқарастық және методогиялық
басты мәселелердің бірі болып табылады. Не себепті құдайдың болмысы, яғни
ол бар ма, әлде ол жоқ па? – деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас
пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді?
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категориялардың
бірі. Ол жалпылай алғанда бар болу, өмір сүру мәселесін қамтиды. Бұл
түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып
білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманда болмыстың екі түрі бар. Тар мағында болмыс – адамның
санасынан тәуелсіз , тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені
білдіреді. Ал кең мағынада алған болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір
сүретіннің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни
адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін қамтиды. Философтар болмыстың
өткені мен ертеңі жайында ортақ пікірге келмеді. Бір тобы бұл шексіз
дүние өткінші емес, әрқашан болған және бола береді десе, енді біреулер
дүние бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры
бар деп көрсетуге тырысты. Сөйтіп болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас
желісі қалыптасты.
Философия тарихында болыс ұғымын тұңғыш енгізген, оны мәселе
ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид еді. Оның пікірінше, болмыс
дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу –
болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, мәңгілігіне,
ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Антикалық дәуірдің өкілі Платонның ойынша, болмыс дегеніміз –
мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі.
Идеялар – заттар мен құбылыстардың түпнегізі, оларды анықтап өмірге
келтіруші. Заттар дүниесі пайда болады, өткінші, тозады, өледі, яғни
шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінң күңгірт бейнесі ғана.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлық философияныың өзегі –
Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да кеңістіктен де тысқары тұр. Ол
бүкіл әлемді , адамды жаратушы. Қайта өрлеу дәуірінде, әсіресе, Жаңа
заман дәуірі де ғылым мен техниканың өрістеп дамуына байланысты
философияда адамға, ғылым мен ақыл-ойдың жетістіктерін адам игілігіне
пайдалануға бетбұрыс болғаны белгілі. Осыған орай болмыс ұғымын
табиғатпен ұштастыруға, адамның жаратушылық қабілетімен, ақыл-ой
пәрменділігімен байланыстыруға ұмтылыс пайда болды ( Ф.Бэкон, Р.Декарт)
Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г.Гегель шынайы болмыс –
абсолютті идея деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып,
болмыс мәселесіне объективті идеализм тұрғысынан келгенімен, ең бастысы,
болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды.
Болмыстың түрлері туралы мәселе философия үшін де өте маңызды.
Себебі философияның негігі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы
туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін бөлу
керек. Негізгі түрлері:
1.табиғат болмысы немесе заттар және процестер болмысы
2.адам болмысы
3.рухани болмыс
4.әлеуметтік болмыс
Болмыстың жоғарыда қаратырылған негізгі өмір сүру көрініс табу
түрлерінің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар физика,
биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың
зерттеу объектісі болып табылады. Сондай-ақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz