Философия және индуизм философиясы
1.1 Философия және индуизм философиясы
Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері даналыққа
құштарлық деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең
танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде
молынан ұшырасады. Мысалы, Платон ...геометрия және басқа философиялар
деген сөздерінде философия ұғымын ғылым сөзінің мағынасына жақын
қолданады. Оның айтуынша Сократ философия терминін даналыққа құштарлықты,
ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Алайда
Аристотель ізбасарлары, болмыстың іргелі негіздерін айқындауға мүмкіндік
беретін жалпылама ғылым ретінде бұл бастапқы философияны метафизика деп
атады.
Аристотельдік мағынада бұл термин болмыстың озіндік тұтастығыңдағы
әралуандылықты игеруге бағытталған философиялық білім түсінігімен тығыз
байланысты (Аристотельдің болмыс ұғымын қалай түсінгені туралы кейінірек
соз болады). Физика, әдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты, оның
заттар мен үдерістердегі (процестердегі) сыртқы корінісін зерттейді. Демек,
метафизиканың үлесіне бұл құбылыстардан кейін орналасқан, олардың арғы
жағындағы нәрсе тиесілі. Аристотельдің пайымдауынша заттардың,
жағдайлардың, құбылыстардың, үдерістердің сыртқы көрінісінің арғы жағында
мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділікті, болмыстың универсалдық
заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей және жанама
қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл арғы жаққа
үңілу жасырын нақты мәнділікті ашуға бағытталған белсенді танымдық ойлау
қозғалысы, пайымдаушы күш. М.Хайдеггер былай деп жазады: ...Метафизика —
бұл мәңділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану. Бірақ бұл
дефиницияны мәселенің қойылуы ретінде ғана бағалауға болады, яғни мынадай
сұрақ қойылады: бар нәрсе болмысының мәні деген не? Демек, осыдан күрделі
сұрақтар тізбегі қүралып, не өмір сүреді? деген мәселе туындайды. Мұны
не нақты өмір сүреді? деген сұрақ жалғастырады. Бұл жерде бар нәрсенің
өмір сүруі туралы мәселеден оның мәнділігі туралы мәселеге көшеміз. Бұл
сұрақтардың тізбегін осы мәңділікті тану мүмкіндігі мәселесі аяқтайды, яғни
бұл жерде таным үдерісінің мәні туралы мәселе қойылады. Сонымен, болмыс
туралы сұрақ ойлау туралы сұраққа алмасады. Хайдеггердің 1935 жылы жазған
Гельдерлин және поэзияның мәні деген еңбегінде осы айтылған цикл тіл
туралы сұрақпен аяқталады. XX ғасырдың ұлы философының пайымдауынша тіл ең
соңғы негіз, адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар, оны
игерудің жалғыз универсалды құралы болып табылады.
Енді даңалыққа құштарлық деп анықталатын философияға қайта оралайық.
Бұл сөз тіркесіндегі құштарлық белгілі бір нәрсеге тандануды, өзіңнен
жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді
білдірумен қатар, өзге үшін өзіңді ұмыту, өзіңнен бас тарту сезімінде
аңғартады. Даналыққа құштар осы адам үшін өзге нәрсе нені білдіреді? Ол
физикалық тұрғыдан алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да озіндік меннен
өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды меннің өзі де физикалық тәннің өмір
сүруінен өзгешеленеді.
Философия дегеніміз — адамның өзінің шеңберінен шығуға мумкіндік
беретін рухани форма
Сонымен, философияны даналық түсінігімен байланыстырар болсақ, онда
бұл соңғы ұғым білімнің жоғары синтезі, белгілі бір нәрсе туралы толық
жетілген білім деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге
деген құштарлық, ал бұл даналықтың объекті — менің өзімнен тыс табиғат
және адамзат әлемі, сонымен қатар, өзім және феномен ретіндегі
білімнің өзі (ескерте кетейік, антик дәуірінде философия білімге ұмтылуды,
таза да тұнық Ақиқатқа жетуді білдірді).
Адам — ақыл-ойы бар әлеуметтік мақұлық. Оның іс-әрекеті белгілі бір
мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп
біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына
сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең
алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарды,
және оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін
дүниетанымның қажеттілігі шарт.
Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, бірақ ол сонымен
қатар, қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік
дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның бәрі
білімнің ерекше жүйесі — философияны игеруді қажет етеді.
Белгілі француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуірі
етті деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша позитивті
ғылымдар — физика, математика, химия және т.б. философияны керек етпейді.
Олар барлық мәселелерді өздері шеше алады, олар өздерінше фи-лософия. Бұл
кезқарас позитивизм деген атауға ие болды.
Контпен келісуге бола ма? Ол үшін кітапхана сөрелеріндегі әр елдерден
басылып шыққан жүздеген, тіпті мыңдаған философиялық кітаптар мен
журналдарға көз жүгіртіп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында
философияның оқытылатынын ескерсек те жеткілікті. Ғалымдар мен мемлекет
қайраткерлері, саясаткерлер мен өнер адамдарының философиялық еңбектерге
деген қызығушылығын жоққа шығару мүмкін емес. Және бұл қызығушылық өсе
түсуде, сондықтан жоғарыдағы Конттың пікірі өзін ақгамайды. Табиғат
болмысына қатысты, ондағы заггар мен үдерістерге қатысты философиядағы
білімнің ерекше саласы - натурфилософия. Натурфилософияның, сол сияқты
онтологияның және басқа салалардың отаны метафизика болып табылады.
Ал табиғаттағы адам болмысы оның іс-әрекетіне қатысты философиялық
білім шеңберінде натурфилософиямен қатар философиялық антропология, яғни
техника философиясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты жөне өмір сүруде.
Адам болмысының озі табиғаттан тыс мағынасында көптеген әлемдерден
тұрады. Бұл, мысалы, экономика, тарих, мәдениет, саяси және құқықтық
қатынастар әлемдері, әлеуметтік-топтық және этникалық қауымдастықтар
әлемдері және т.б. Философияда бұлардың әрқайсысына сәйкес өзіңдік салалары
бар: мысалы, шаруашылық философиясы (қазіргі кездері кең таралған экономика
философиясының арғы отаны десе де болады), мәдениет философиясы, саяси
философия; құқық философиясы, философиялық антропология және т.б
Философияның кайнар көздері
Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір болігі болып табылады. Біз
мұны мойыңдасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің
күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолына ілесіп
келеді.
Философия б.з.д. VI—V ғасырларда қалыптасты осы кезден бастап адамзат
әлем туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас
қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс
болып табылады. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалық, иллюзиялық
козқарастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті.
Әлемнің рационалды түсіндірілуіне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы
туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай
ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық математиктер мен астрономдар
әлемнің гелиоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның
негізін қалады, квадраттық және қубтық түбірден шығару тәсілдерін
меңгерді).
Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екеңдігі, оның өз осінен
айналуы туралы ойларды айтты, математиктері санаудың он мәнді жүйесін,
цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.
Философиялық ой біздің дәуіріміздің алғашкы І-ші мыңжылдықтың
ортасында Ежелгі дүниенің негізгі үш орталығындағы -Үндіде, Қытайда
ертедегі Грецияда шамамен бір мезгілде туды. Ежелгі шығыс елдеріндегі, ең
алдымен, Үнді мен Қытай философиясының дамуы мен қалыптасу тарихы, оларда
философия толық дамымаған - деген еуропашылдық көзкарастарды жоқка
шығарады. Қазіргі уакыттары Шығыс және Батыс философиялык ойларының бір-
біріне деген ықпалдары адамзат өркениетінің жаңа үлгісіндегі тұжырымдарды
тудыруда.
Ежелгі шығыста адам өмірінің мәні, жағдайды өзгерту арқылы емес, оның
өзін-өзі өзгерту шарттарымен байланыстырылады. Өзін-өзі өзгерту идеалы
болып көнелік саналады. Шығыс философиясы әуеліде көнеліктің, кейіннен
діннің қызметшісі және де жаңа ілім ескі теорияларды дәл, нақты оқуымен
баламаланды. Шығыс философиясы эр уақытта бірсалалы болып келеді және онда
онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, психологиялык тұрғылардан қарастыру
позициялары болмайды.
Шын мэнінде, үнді өркениеті, біз саналы немесе рефлексиялы түрде үлгі
нұсқа ретінде санайтын еуропалыктан айырмашылығы бар, мэдениеттің және
тарихтың басқа үлгісі болып саналады. Алайда адамзаттың рухани жетуілуі -
ғылым, философия, демократия батыста дүниеге келген деген түсінік біздің
санамызға әбден сіңсіп кеткен.
Ал, үнді мәдениетінде көптеген философиялың сюжеттер еуропалықка
қарағанда баскаша дәлелденеді. Бұл элемге адам қайдан келеді, оның мақсаты
неде, өлім дегеніміз не? Ежелгі үнді дәстүрлері бойынша, бұл жерге жаңа
адам, жаңа дене кейпінде кайта-қайта келеді және алдьш ала анықталған
түрде, бұл реинкарнация идеясы яғни қайта туу идеясы. Индустар үшін жердегі
өмірі жаттану күй-жағдайын бейнелейді, ал, өлім болса қосылуды, рухани
босануды және оянуды әкеледі. Тағдыр донғалағы әрбіреуді рух жетілгенше
қайта келудің азабын көтеруге мәжбүр қылады. Бұл мәдениеттін адамдарды
өлімнен емес, жаңа тіршіліктің қайталануынан қорқады. Міне сол себептен
касиетті доңғалақтардың астына ұмтылып, Ганга суларына бататыны. Адам не
ғұрым қайта туудың кезеңдерінен өтсе, сол ғұрлым жақсырақ .
Дәстүрлі мәдениет Құдай, құдайлар, құдайлылық, касиеттілер, тақуалар
туралы тұрақты түрде айтьш келді, яғни біздің табиғаттан тысқы күш деп
айтатындарымыз. Соған қарамастан дәстүрлі мәтін жұмбақтарға толы және оны
түсіндіру де киын. Бірақ дәстүрлі мэтін өзінің бастапқы түрінде пәнділік
белгілерсіз болған.
Ол адам жадында болады және есте сақтау арқылы ауызша бірден-бірге
беріледі. Үндістік касиетті мәтін дәл осылай - шрути (естілген) деп
аталады және смрити, (есте калған). Сонымен қатар, әсіресе мынаны ерекше
атаған жөн, ауызша айтылатын мәтіндер алғашкы жазылу түріне түскенге дейін
жүздеген жылдарға созылуы мүмкін.
Үнді философиясы туралы айта кететін тағы бір ерекшелік мынада, ондағы
бізге жеткен шығармалар тікелей философияға арналған емес.
Ежелгі Үнді философиясының пайда болуына ықпал жасаған діни, дині-
философиялық әдебиеттер.
Ия оларда метафизикалық ойлар көп. Бірақ олар қатаң философиялық
трактат түрінде баяндалмаған. Бұл, бір жағынан әдеби мұра және сонымен
бірге діни сананың элпеті және мифтік жеткізілімдер. Философиялық мазмұн да
және нұрға бөлену де бар. Бірак, айрыкша бөлектенген түрде философиямен
айналысу әзірге жок. Сол себептен болар қазіргі заман философтарының
көшілігі философияның пайда болуын Үндімен емес, антикалык мәдениетпен
байланыстырады.
Жалпы, сараптап айтсақ үнді философиясын ерекшелендіретін негізгі
касиеттер жиынтығы мыналардан тұрады:
1) өзіндік мәдени негізде болуы;
2) дәстүрлілік;
3) діншілдік;
4) өз-ін-өзі іштей терендету және руханилықтың шынына ұмтылушылық,
(спиритуалдылы бағыттыда
5)рационалдылыкқа мистиканы қосу;
6) ең жоғарғы мақсаттарды аныктағанда және әлем бейнелерінің көптігін
мойындауда көпшілік мектептердің бірлігі;
7) әлемді мойындауды және оны жокқа шығаруды үйлестіру;
8) транстык жағдайға көшуді барлық мектептердің қабыл алуы;
9) философияға өмір сүру салты ретінде қарау;
10) қоғамда философияны жоғары дәрежеге қоюы және мәдениетте
философиялық ойлардын ықпалдылығы.
Даналықтың сарқылмайтын қайнар көздерін, тарихилықтан гөрі
мифологиялықты баяғы өткеннен іздестіру, уакыттан тыс мәңгілік - ежелден
қалыптаскан философиялық ілімдер, үлгі ретінде бағаланады.
Үнді философиясы - адам ақылының тәуелсіз жетістігі, Дін мен
әлеуметтік мәселелер өмірде басты роль аткаратын болса да, ол философиямен
еркін айналысуға мүмкіндік берді. Адам өмірі касталык қүрылым нормаларымен
шектелсе де, кез-келген пікірге косылуға құқығы болды.
Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерден тұрады:
1. Ведалық (сөзбе-сөз - білім) кезең (б.д.д. ХV-VІІ г.г.) арийлық
өркениет пен мәдениеттің біртіндеп таралу мезгіліне сай келеді. Ведалық
әдебиеттің төрт сатысы: самхиттер (қасиетті жазбалар немесе діни гимндер),
немесе ведалардың тікелей өздері (Ригведа, Самаведа, Яджурведа және
Атхарваведа).
2. Эпикалық кезең (б.д.д. VI г. - б.д II г). Рамаяна және Махабхарата
поэмаларының түпкілікті қалыптаскан мезгілі.
3. Сутр кезеңі (6.д III ғ. бастап - - XVIII г.) әртүрлі мектептер
жинақтаған философиялык нәтижелерін қорытындылан, оларды бір жүйеге келтіру
мезгілі болды.
Үндідегі ең алғашкы мәтін Веда (кіріспе, білім) деп аталады.
Солардың ішінде діни ән ұран болып аталатын Ригведаның дүниеге
көзкарастарының ең басты принципі, табиғат пен әлеуметтік өмірдің кейбір
кұбылыстарын құдай деп түлу болды. Мыс: Ивдра - найзағай құдайы, құдіретті
сардар; Варуна - әлемдік тәртіптілік пен әділеттіліктің құдайы; Агни - от
пен әулиеттің құдайы; Сома - қасиетті сусынның құдайы.
Ежелгі үнді философиясы екі мектептер (даршан) тобына айырылады.
Біріншісі, ортодоксальдық - алты даршаннан тұрады: сан-кхья, йога, нъяя,
вайшешика, пурва - миманса, веданта. Екінші топ - үшеу: будднзм, джайнизм,
локаята (кейде үшінші ортодоксальды емес даршанга адживиканы жатқызады)
мектептен тұрады.
Бірінші топтағы даршандар кейде қосарласқан күйінде аталады, өйткені
санкхья - йогаға, ньяяға, вайшешикке; пурва - миманса ведантаға жақын
келеді. Енді осыларды қыскаша сипаттаймын.
1. Санкхъя (санскрит бойынша - сансаг шығу, есептеу, қарастыру деген
мағынаны білдіреді). Негізін қалаған біздің д. д. VII ғ. өмір сұрген
Капила. Санкхъя мектебі веда жолымен дамыды, болмыстың жалпыға бірдей
рухтылығын жариялады. Әлемнін әртүрлілігінің көптігін екі алғашқы
басталыммен байланыстырды - материалды (пракрити) және идеалды (пуруши).
Пракрити (жаратушыдан алгашқы) Әлемді жасаушы күш және әр түрлі сапалықтың
қайнар көзі. Ол алғашқы материя - барлығының баскы себебі. Ол әлемдегі
шекті, өзара тәуелді, нақтылы заттарының себебі. Пуруши (адам, еркек) ешбір
іс-әрекет жасамайтын сапасыз таза трансцендентальды сана. Пурушты денемен,
сезімдермен, ақылмен, зердемен теңдестіруге болмайды. Ол танымның
объектісіне жатпайтын субъектілі көптітік тәжірибе.
Пракритилердің субстанционалдың күштері гун деп аталады (санскритте -
арқан, ықпал жасауға). Пракрити үш гуннан түзіледі: саттва - жарық пен
қуаныштың қайнар көзі, раджас - кайғы-касіреттің қайнар көзі, тамаса -
қараңғылықтың қайнар көзі.
Гун физикалык түрде қабылданбайды. Оларды салдарына байланысты, яғни
қуаныш, кайғы-қасірет, рахаттылықты тудыратын объектісіне байланысты
біледі. Мысалы, гүл кызға жан рахатын әперсе, ауру адамға басқаша әсер
етеді, ал жас жігітте немкұрайлылықты туғызуы мүмкін. Гунның тепе-
теңдіктегі өз ара әрекеттестігі пракрити қозғалысы болып саналады. Гун шын
мәнінде тіршілік энергиясы, әртүрлі күштердің жиынтығы. Жалпы гун заттардың
пайда болуы үшін өзара шырмалған.
Пуруши және пракрити - негізгі субстанция. Олардың қосындысынан тірі
жандар сияқты әлемді құрастырылады, сезімтал дене (джива) пайда болады.
Әлем ғарыштық ұйқысынан оянып саналылыққа айнатғандай болады. Пуруши мен
пракритидің қосылуы өз қозғалысына ықпал жасайтын адам денесін еске
түсіреді. Пуруши шығармашылыққа ие, әлемнің дамуына түрткі болады. Өзін-өзі
жетілдіру мен танымның мақсаты - Әлемнің кұрылымын, пуруштың пракритиден
дербес екіндігін түсіну, рухтың кемелділігі, өз максатын онымен біттестіру,
өзіндегі пракрити мен пурушиды айыру арқылы азаттыққа жету - мокша.
Адам өзінің парықсыздығынан, бітімсіздігінен Пурушиді заттық әлеммен
байланыстырады. Кез-келген қайғы-қасірет сонымен қатар куаныш пен
рахаттылық сондай араласудың нәтижесі. Тап осы күй-жағдайдан шығып даналық
жолына түсу үшің оқиғалардың әділ бақылаушысы болу керек. Сонымен Мен
(ІІуруши) сыртқы әлемнен босанып, еркіндік алады, қайта жаратылу және өлу
айналымдарынан (сансара) босанады.
Карма ұғымы, сансара (қайта туылу жүйелері) ілімімен тығыз байланысты.
Осы сансарадан шығу мокша (босану) деп аталады. Мокшаға жету жолдарын
әртүрлі мектептер өзінше айқындайды: құрбандың шалу, аскеза, йогалық
практика.
2. Йога (байланыс, күш салу, тырысу) негізін қалаған (біздің д. д. II
г. Немесе б. д. II г) Патанджали - Йогасутрдың авторы. Иога, азат болудың
санкьхя белгілеген жолдар мен Әдістерін іс-тәжірибелік жолға қойды. Йога,
белсенді жігерлік арқылы және қадалушылық арқылы, өз-пурушын өзінің
пракритиінен айыру арқылы, өте құнды киелікке ие, Жоғарғы Пурушиге және
Ишваро деп аталатын жаратушы Әміршіге әкеледі. Бұл үшін йогтердін
сегіздік Әдісі өңделген: діни жарлыктың орындалуын және өнегелі
талаптарды қатал сактау. әсіресе ахимсаны - тірі жанға зиян келтірмеуді;
физикалық және тыныс органдарын жаттықтыру арқылы денеге бакылау орнату;
назарын, сезімдерін, пайымдарын шоғырландыру - осынысымен Пракритидің өте
нәзік кұрамаларының байламдарын бірте-бірте жүйелі түрде жоя бастайды. Акыр
соңында, әйтеуір транстық күй-жағдайына жетеді (самадхи), тіпті әртүрлі
айырмашылықтар, ойлар жоғалады, тоқтайды және бостандык орнайды.
3. Ньяя (ереже,қисын) даршанының негізін салған Готама (II г. б. э.
дейін немесе 5. э. II г.) Негізгі мәтіні - Ньяясутра. Бұл мектептін
жақтастары адамдык Меннін қимастарын киып өтіп таза ойдың органы болып
есептелінетін өзіндегі атманға қарап, обьектіге, еркіндік алуға карай жүру
керек, - деп есептейді. Мұнын негізгі жолы - таным. Ньяя философтары
танымның тәсілдерін зерттей отырып, ең анық және анык емес білім түрлерінің
жіктелуін жасады, әртүрлі логикалык қорытындыларды шығару формаларын
өндеді. Дүниетану мәселерінде ньяя негізінен вайшешиктердің ережелеріне
ерді.
4. Вайшешика (айыру) мектебінің негізін салған Канада (б. э. Дейінгі I
г. Немесе б. э. I ғ.) Вайшешика сутрды жасады. Вайшешиктер
метафизикасының негізінде теизм, атомизм, сонымен қатар схоластика
үлгісіндегі реализм идеялары жатады. Соңғы вайшешиктің буддисттермен болған
таласында қорғаған тезисі: категориялар, заттарға ұқсас накты, дербес бар
бодуына ие бола алады. Вайшешиктерде, абсолютті кұдайшьи Мен - Ишвара
Әлемді атомдардан жаратады, оларды сүйейді және оларды карма заңымен
жасалатын (көрінбетін) каузалды-құндықтықпен - адришты арқылы қиратады.
Білім - Әлемдегі жүйені табу. Онда нақты ақикаттың жеті түрлі айырмашылығы
бар, олардың әрқайсысы көптеген түрлерден тұрады. Мысалы: сапа және
қарекеттерді сактаушы - субстакцияның тоғыз түрі бар: апаттардың бес
элементі: жер, су, от, ауа, эфир (акаша) және тағы да (санада берілген
үйлестік (координация) органы) төрт элемент - кеңістік, уақыт, жан - атман,
ақыл-манас.
5. Пурва - миманса (дәл.: алгашқы зерттеу). Бұл мектептің негізін
калаған Джаймини болып есептеледі (б. д. дейінгі IV - Ш ғғ.),
Мимансасутраның авторы. Бүт дарашан Веда және ведалық
салттарды сақтау мақсатында пайда болды. Веда жетілген, өзімен дхарма
ақиқатын әкелетін фундаментальды қасиет ретінде түсінілді Ол бастапқыда
сөзді табиғи деп түсінді, тек кейіннен ғана бір шама адам сөздерінің
дыбыстарынан ғана көрінді. Салт-жоралардың орындалуының нәтижесінде адам
азаттыққа жетеді. Бостандықты, кайғы-қасіреттерден құтылу және салттарды
атқару нәтижесінен рахаттану тұрғысында түсінді. Миманса қоғамдық -
касталық ұжымды демеуге және брахманизм мен индуизм мәдениеттерінің
құндылықтар қатарын сүйемелдеуге көмектесті.
6. Веданта (Веданың аяцталуы), ежелгі Үндідегі негізгі мектептердін
бірі. Ол баска да мектептер сиякты упанишадтын негізінде кұрылды, кейіннен
индуизмнің пайда болуының қайнар көзі болды. Бұл мектептің негізін салушы
және Ведантасутраның авторы Бадаран (б. д. дейінгі IV - III гг.) болып
есептелінеді. Ведантаның қалыптасу шыны ведалық бағыт ретінде орта ғасырдың
басынан басталады. Оған дейін эпикалық туындылар Махабхарата және Брахма
- Сутра бұрын болып өткен. Ведантаның ең ірі тұлғаларының бірі Шанкара
(VIII- IX гг.) болды. Ол шиваизм ілімінін ұстазы, буддизм идеясьш қайта
қарап шығармашылық негізде монистік адвайта - ведантаны жасады (санскритте
адвайта -екі жақтысыз). Шанкараның ойынша Әлемдегі әр түрлілік бұлынғыр,
бірақ солай бола тұрса да обьективті.
Табиғат зандары - барлық мәңдердің бостандыкка жетуімен аныкталады. Ал
адамның Брахманмен, кұдаймен бірігу мақсатында йогадан басқа әдістерді
веданттар мойындамайды. Олардың ішінде ведантизм арасында мына төртеуі ең
маңыздысы болып саналады: карма-йога, бхакти-йога, джана-йога, раджа-йогал
Карма-йога - еңбек жолындағы, істегі, әрекеттегі бостандық әдісі.
Карма-йога - әрекеттену, істеу деген мағынаны береді. Карма-йога -
материалды және рухани әлемдегі барлық жаратылысты итереді. Карма-йога -
табиғаты күдіретті үш күштен түрады. Олар: раджас - белсенді, тамас - енжар
саттво - тепе-тендік. Карма-йоганы - Вивекананда, адамдағы ең қорқынышты
касірет - өмірге деген бойкүйез көзқарас, белсенді іс-әрекеттен қашу,
өзінің тағдырына бас шо деп тұжырымдайды. Карма-йога ілімінде, адам не
істеее де табиғат үшін емес, тек өзі үшін, өзіне ғана жағдай жасап,
әрекеттенуі керек. Табиғат адамның көмегін керек етпейді. Табиғат бізге
дейін де өмір сүрген, бізден кейін де өмір сүре береді. Табиғаттың өз
кармасы бар. Карма-йога - өзіміз үшін еңбек етуге бағыттайды. Вивекананда
кез келген әрекет жақсылык пен жамандықтан тұрады, барлык әрекетте жақсылық
пен жамандық бір-бірімен тығыз байланыста дейді.
Бхагти-йога екі сатыға бөлінеді: біріншісі - дайындық, немесе төменгі
түрі, адамдар арасында көп таралган, яғни сезімдік ләззатынан жоғары
көтерілмейді. Олар үшін өмірдің мәні: ішіп жеуден, ұрпақ қалдырудан,
өмірден етуден тұрады. Бұл адамдар сеаінуді үйренудін алдында жоғарғы
тәртіпті керек етіп, жаңа түрлердің сынынан өтуі керек. Вивекананданың
айтуынша, бхагтидің төмені деңгейдегі өкілдері бірбеткей адамдар
(фанатиктер) болып табылады.
Вивеканандаша, адам жердегі өмірінде өзіне мұрат таба білуі керек және
өмірінің соңына дейін соған беріліп өтуі тиіс. Бхагта руханилыктың жоғары
деңгейін және тазалығын талап етеді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz