Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені


Лекция №1.
Тақырыбы: Философияның қоғам өміріндегі ролі .
Жоспары:
- Дүниетаным ұғымдары және оның типтері. Философиялық дүниетанымның өзіндік ерекшелігі.
- Философияның пәні және проблематикасы.
- Философияның негізгі функциясы
1. Әрбір адамда өзіндік таным деңгейіне қарай, дүние туралы түсінік қалыптасады. Адамда эмоциялық-сезімдік салаға қатысты дүниенің бар екенін сезіну мен оны қабылдау, сонымен бірге зерделік-ұғымдық салаға қатысты дүниені ұғынып, зерделеу қасиеттері болады.
Дүниетанымның құрылымын мына сызба бойынша елестетуге болады.
Бұл жерде мынаны ескере кеткен жөн, кейбір философтар іс-тәжірибе әрекетін дүниетанымның құрылымына қоспайды. Ал біздің пайымдауымызша, өмірлік - іс-тәжірибелік деңгейде дүниетаным тікелей адамның сезімдік тәжірибесінен оның дүниені сезініп, оны қабылдауынан келіп туындайды .
Сонымен, миф дегеніміз - адамның бастапқы санасында шынайы өмірдің фантастикалық көрініске ие болуы және қоғамда қалыптасып отырған қарым-қатынастардың, ұстанымдардың мен нанымдардың, мінез - құлық көріністерінің осыған негізделуі. Мифте қоршаған табиғатқа адами қасиет беріледі, ал кеңістік пен уақыт, субъективтілік пен объективтілік бөлінбейтін, тұтас ретінде қарастырылады.
Мифтің ең басты қызметі - дүниенің орна ласу тәртібін түсіндіру және қалыптасқан қоғамдық қатынастарды реттеу.
Мифпен және мифологиямен дін тығыз байланысты. Қоғамның бастапқы даму кезеңінде олардың мазмұны біріне-бірі сәйкес келеді. Алайда діннің өзіне тән ерекшелігі болады. Дін догма, аян беру сезімі, рәсімдік әрекеттер жүйесін және адамдардың сенімдегі, үміттегі, махаббаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет ететін шіркеу мекемелерін қамтиды.
Құдіретті жаратылыс иесіне құдайға, адам ұғымының сыртында жатқан қандай да бір “қасиетті” бастамаға сену Діни дүниетанымның негізі болып табылады.
Рухани - практикалық сипат миф пен діннің ең басты ерекшелігі:
Миф пен дін адамның қоршаған дүниені игеру деңгейімен адамның табиғат пен әлеуметтік тұрмыс жағдайына тәуелділігімен тығыз байланысты.
Философия қоғамдық сананың ерекше формасы болып табылады. Сонымен қатар, мынадай маңызды ерекшеліктерімен сипатталады:
- Философияның ең бастапқы негізі адам, оның дүниедегі орны және сол дүниеге қатынасы болып табылады.
- Философия әлеуметтік - табиғи болмыстың жалпы негізін, тұтастық ретіндегі дүниенің дамуының жалпылама заңдылықтарын зерттейді.
- Танымның басты құралы адамдық сана (логос) болып табылады.
- Жекелеген ғылымдардың жиынтығы мен қоғамдық-тарихи практика - Эмпирикалық танымның базасы.
- Философия шындықты зерттеу процесінде, теориялық-танымдық көзқарас пен құндылықтық көзқарасты ұштастырады ( алынған білім іс-тәжірибедегі қолданысын қалай және қай жерде жүзеге асырады, осы білімнің адам мен адамзат үшін маңыздылығы мен құндылығы қандай) .
Филосоофия - әлеуметтік және табиғи болмыстың мәнін, тұтастай дүниені,
осы дүниедегі адамның орнын, адамның дүниеге қатынасын және адам өмірінің мәнін ұғынумен байланысты қоғамдық сананың формасы.
2. Философия - бұл дүниетанымның теориялық негізі. Сондықтан ең басты мәселе ретінде бұл жерде сана мен объективті дүниенің қарым-қатынасы қарастырылады, дәлірек айтқанда сана мен материяның өзара қарым-қатынасы қарастырылады. Бұл мәселені екі аспектісі бар. Бірінші аспект мына сұраққа жауап іздеуге айқындалады:
Барлық жаратылыстың түпкі себебі не - материя ма әлде сана ма? Былайша айтқанда осының қайсысы алғашқы болып табылады? Екінші аспект дүниені тануға бола ма? Деген сұраққа жауап іздеумен байланысты. Бірінші аспекттінің мәселесінің шешіміне байланысты философтарды идеалистерге (субъективтік және объективтік) және материалистерге (метафизикалық, диалектикалық) жіктеуге болады.
Алайда мұндай жіктеу философияның екі бағыты - материализм мен идеализм арасында абсолюттік қайшылықтар қалыптасқан деген көзқарасты тудырмауы тиіс. Керісінше материализм мен идеализм, философиялық білімнің дамуының біртұтас процесінің өзара байланысқан екі жағы болып табылады.
Дүниені танып білу мәселесіне келер болсақ, мунда да ортақ пікір қалыптаспаған. Философтардың көпшілігі, дүниені танып білуге болады дейді. Слайда кейбір философтардың көзқарасы бойынша адам таным қабілетініің шектеулігіне байланысты (мысалы, Д. Юм) немесе заттардың өз қалпында объективті түрде танылмайтындығына байланысты. (Мысалы, Кант) Өзін қоршаған дүниені танып білуге дәрменсіз.
Философияның түбегейлі мәселесінің шешімінің табылуына маңызы жағынан кем түспейтін, оның өзге де бөлімдері этиканың, эстетиканың антропологияның, әлеуметтік философияның және т. б. да байланысы бар және әлеуметтік философия үшін дүниенің бір жүйесі ретіндегі социзмнің дамуы ең басты мәселе болып табылады. Этика үшін мұндай мәселе моральдық пайда болуы мен оның табиғаты, мейірімділік пен зұлымдық дегенміз не және т. с. с., антропология үшін мұндай мәселе - Адам және оның қоршаған дүниедегі орны қандай?
Басқаша айтқанда, философияның әрбір бөлімінде өзінің өзекті мәселесі бар.
3. Философияны түсінуде, және сонымен қатар, оның адам мен дүниені танудағы
ролінде шектен шығушылыққа жол берілген кездер де болды. Бірде философия “ғылымдардың ғылымы” немесе “барша ғылымдардың анасы” (Аристотель) ретінде түсіндірілсе, бірде ол ақиқатқа жеткізе алатын барша ғылымдардың ішіндегі патшасы ретінде жарияланды (Г. Гегель, догматикалық марксизм) . Ал кейде керісінше, философиялық білімнің ақиқаттылығы, әрбір құбылыс жайлы біріне-бірі сәйкессіз керек болса біріне-бірі қарама-қарсы бірнеше көзқарастарды айту мүмкіндігі болғандықтан таққа шығарылып отырылды (Софистер) немесе, аталған білімдер априорлық сипатқа ие болып отырды (позитивистер) .
Ал шын мәнінде философия мен жекелеген ғылымдардың өзара қарым-қатынасы танымның символдық жасыл ағашындай. Мунда философия бұтақ болса, жекелеген ғылымдар оның қабығы іспеттес. Философия осы ғылымдардағы зерттеулердің негізгі бағытын белгілеп, оның нәтижесін ой елегінен өткізеді, әрі жалпы мәдени тұрғыдан оларға қорытынды ұғым береді. Философиялық танымның түп негізінің эмпирикалық базасы жекелеген ғылымдардың теориялары мен методтары болып табылады.
Философия сананың ғылыми, тұрмыстық, көркемдік образдық немесе мифологиялық деңгейлерінде көрініс табады. Сондықтан, философияны тек ғылыммен байланыстырып оны білімнің рационалдық жүйесі ретінде ғана қабылдауға болмайды. Себебі философияға образды - пайымдық сипат тән.
Сонымен қатар, философияны Ницше секілді (неміс ойшылы) тек субъективтілікке апарып тіреуге негіз жоқ. Оның қорытуы бойынша, философия, дербес ойшылдың оның субъективтілігін білдіретін жеке шығармашылығы болып табылады. Әрине, субъективті жағдай, өзіндік ерекшеліктер ойшылдың философиялық ой жүйесіне едәуір ықпалын тигізеді. Бірақ, қорыта келгенде ілім ешқашан “объективтендірусіз” өмір сүре алмайды.
Лекция №2.
Тақырыбы: Тарихи өлшемдегі философия.
Жоспары:
- Философияның мәдени-тарихи экономикалық әлеуметтік-саяси алғы
шарттары.
- Философиялық білімнің тарихи типтері олардың типологиясы.
- Философияның құрылымы.
1. Біз алдыңғы тақырыпта дүниетанымның көп түрлілігін білдік. Мифологиялық дүниетаным да, діни дүниетаным да философия пайда болысымен жойылып кетпейді. Олар қатар өмір сүріп келеді Біз қарастырып отырған философиялық дүниетаным адамдардың материалдық мәдениетінің шапшаң дамыған аймақтарында пайда болды. Бұл жерде философия не үшін пайда болды? деген сұрақ туындайды. Мұның мынадай жауабы бізді қанағаттандыратын сияқты: Философия қоғамдық өмірдің жаңа деңгейі, жаңа қоғамдық қозғалыстар дүниетанымның жаңа түріне қажеттілікті туындатқан соң пайда болады. Философияның рухани көзі мифтер мен алғашқы ғылыми білімдер дүниетанымдық бағытқа ие болса, ал ғылымның ықпалымен оларды жүзеге асыру әдісіне ие болады .
Философия шынайы философияға айналуы үшін оған колайлы экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайлар мен алғы шарттар қалыптасуы тиіс. Дүниетанымнын жаңа түрі ретінде философия үшін әлеуметтік қажеттілік қажет. Сондындықтан, қоғамдық өмірдің қандай өзгерістеріне байланысты философия пайда болады?
Ілгеріде философия таптық қоғамда пайда болады деген пікір үстем болды.
Бірақ, тарих көрсеткендей мұндай оқуға философия туындамай жатып пайда болды. Сондықтан, философияның генезисінің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларын нақтылап алған жөн.
“Қола дәуірінде” философия болған жоқ. Болған тек алғашқы философиялық ойлар. Мифалогиялық көзқарас әлеуметтік теңсіздікке қызмет ете бастады.
Шын мәнінде философия таптық қоғамның пайда болуымен емес, оның даму сатысының белгілі бір кезеңінде пайда болады . Дәлірек айтқанда, ”темір дәуірінде” пайда болды .
Темір балқыту әдісінің жетілдірілуі ауыл шаруашылығына және әскери өнерге үлкен бетбұрыс альп келді.
Басты рольді таптар күресі атқарады. Философия қала халқының жаңа әлеуметтік қабатының өзінің билік құқығын және артықшылынтарын жасап алған топка қарсы күресі нәтижесінде пайда болады.
Философия алғаш рет қайда пайда болды деген сұраққа да біржақты жауап жоқ. Кейбір философтар шығыс философиясын жоққа шығарып тек европалық философия болды дейді. Гегель, Хайдегер міне осындай пікірде болды. Ал батыс Азияны алып қарайтын болсақ, ол жерде философия пайда болуына қолайлы жағдай қалыптасып келе жатқанымен жүзеге аспай қалды. Себебі Парсы державасы ежелгі бұл өркениеттер мен мәдениеттерді жұтып қойды.
Философиялық идеялардың алуан түрлілігі олардың дүрыс қойылуы мен дүрыс шешілуі тарихи философиялық ғылымның алдында философиялық ілімдердің типалогизациясының мәселерін туындатты. Бұған типалогизацияның критерийлері де қосылады. Мұндай критерийлер бірнеше негіздемелер негізінде алға шығады. Оның біріншісі - гносеологиялық. Материализм бе, әлде идеялизм бе? Философиядағы бұл екі бағыт жалпы тарихи тағдырмен қалай байланысты болса да олардың өз тағдыры өздерінің қайнар көздері және дәстүрлері бар. Материалистік философияның да идеялистик философияның да тарихи мектептері бар. Гносеологиялық шек идеализмнің өз ішінде де бар, ол объективтік идеализм мен субъективтік идеализм.
Философиялық жүйелерді типологизациялаудың өзге бір негіздемесі ол да гносеологиялық болып табылады. Алайда ол, философиялық танымның негізгі формалары мен түрлеріне және бір-біріне қатынасы мәселесіне қатысты. Таным процесінде ең басты рольді сезім атқарады дейтін философтар, философия тарихында сенсуалистер деген атауға ие болды. Философиялық сенсуализмнің жалпылама қағидасы “алдымен сезімде болмаған нәрсе, интелектте де болмайды”. Жаңа заманда бұл принципті әсіресе ағылшын философы Дж. Локк (1632-1730 жж) белсенді түрде қорғады. Әйтсе де сенсуализмнің алғашқы идеясы Аристотельге барып тіреледі .
Сенсуализмге қарама - қарсы ретінде - рационализмді айтуға болады. Мұнда сезімдік таным толықтай жоққа шығарылмаса да, ’’қараңғы” ілім ретінде жетілмеген әрі заттардың ішіне терең бойлай алмайтын, олардың мәнін аша алмайтын ілім ретінде қарастырылады.
Өзге контексте рационализм ұғымы иррационализмге қарама - қарсы ретінде қолданылады. Иррационализм дүниені танудағы сананың рөлін жоққа шығарады. Ирроцианализм бұл ролді психиканың рационалдылықтан тыс формасына жүктейді. Олар: мистикалық сезім, жоғары сезімді пайым, т. т. б. Ирроционализмнің негізінде болмыстың жалғандығы оның саналы негіздемеге, түсіндіруге тура келмейтіндігі жөніндегі постулат жатыр. Логикаға, санаға деген қатынас - оларды толық қабылдаудан бастан, толық теріске шығару да филофиялық ілімнің типологизациясының критерийлерің бірі (бұл әсіресе Жаңа Заманға тән болды) .
Филоософияның ішкі құрылысы - әдіс бойынша да ерекшеленеді. Мұндай критерий бойынша ойдың бұрынғы жағдайы да қазіргі жағдайы да екі концепцияның біріне - метафизикаға немесе диалектикаға жатады. Метафизикалық философия деп дүниені біржақты, дайын қалыптасқан күйінде түсіндіргісі келетін философияны атайды. Бұл бойынша - заттардың мәні өзгермейді әрі мәңгі, олар қозғалмайды .
Сондықтан, оларды тыныштық қалыптан шығарып қозғалысқа келтіретін тек сыртқы күш ғана. Ал диалектикалық методология, философиялық ұғымдардың бір орнында тұрмайтынын, олардың козғалып отыратындығын мойындайды. Мұндай тұрақсыздық диалектиктердің көзқарасы бойынша, соған бара-бар қозғалыста, шынайылық құбылыстардың өздерінің бір-біріне ауысуын туындатады. Диалектиктер дүниеде дайын заттар емес тек процестер ғана өмір сүреді деп есептейді .
Философиялық ілімдердің типологизациясының өзге де критерийлерін немесе негіздемелерін айтуға болады. Олар атеистік және діни-идеялистік, сциентистік және антисциентистік (оңың айырмашылық критерийі - ғылымға қатынасы болып табылады) .
3. Қазіргі кезеңдегі философияның дамуы мен он, ың құрылымы күрделі бірлестікті білдіреді . Егер әдеттегі ұғымға сай жүретін болсақ, оны мына түрінде көрсетуге болады.
Лекция №3.
Тақырыбы: Ежелгі Үнді философиясы.
Жоспары:
- Ежелгі Үнді философиясының қайнар көздері: Ведалар, упанишадалар және т. б.
- Ежелгі Үндістандағы философиялық мектептер; ортодоксальдық және ортодоксальдық емес бағыттар.
- Чарвактар философиясы.
- Көне үнді қоғамынының өзіне тән ерекшелігі - оның төртварнағабөлінуі (Бұл
атау ұзақ уақыт бойы европада “ Каста ” деп қате айтылып келді) . Бұлар брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар. Санскрит тілінен аударғанда варна сөзі - “қабық”, ”жабу”, “түс”, “бояу” деген мағынаны білдіреді. Барлық варналардың өздеріне тән бояу белгілері болды. Брахмандардікі - ақ, кшатрийлердікі - қызыл, вайшилердікі - сары, шудралардікі - қара.
Ой еңбегі ең жоғары варна - абыздар - бракмандардың варнасының үлесінде
болды. Әскери іс - кшатрийлер варнасының үлесінде болды. Жер өңдеу, егін егу, қолөнер, сауда - вайшьялар варнасының үлесінде болды. Ал ең ауыр еңбек тек қана шудралар варнасының үлесінде болды.
Брахмандардың қолында моральдық билік болды. Тек брахмандардың ғана қасиетті жазбаларды үйретуге, жасанды түрде күрделендірілген діни рәсімдерді жасауға құқы болды. Ал өзге билік кшатрийлер варнасының қолында болды. Вайшьялар сословиесі өздерінің садақасымен Брахмандарды бағумен болды.
Мұндай әлеуметтік теңсіздік мифологиялық негіздемеге ие болды. Мәселен, Өлім құдайы Яманың патшалығындағы Вайтарани өзенінен вайшья, брахманға сыйға берген сиырдың құйрығынан ұстап өте алады.
Ашрама - Тура жолдағы индустың (үнді мен индусты ажырата білген жөн. Себебі үндіс Үндістанның тұрғыны, ал индус - брахманизм - индуизм дініндегі адам ) өмірі - діни өмірдің баспалдақтары ашрамдарға бөлінді.
1) Брахманчарья - үйрену; 2) грихастхата - үй иесі баспалдағы; 3) ванапрастха - орман тақуасының баспалдағы; 4) санньяса - дүниеден безу баспалдағы. Бұл кезде кезбе тақуа - санньясин оң қолында бір-біріне біріктірілген үшеулік аса таяқ ұстаған тақыр кедейге айналады (бхикшу) . Біріне-бірі біріктірілген үш бірдей таяқты білдіретін аса таяқ триаданда деп аталады. Бұл ойды, сөзді, істі бақылауды білдіреді.
Ведалар . Ведалар ең ежелгі әдеби ескерткіш (б. з. д. үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастады) . Кейінірек арийлердің тілі - ведалдық санскритте жазылды. Веда - “білу”, “көру” дегенді білдіреді. Ведалар самхиттерде жинақталған. Самхиттер (құдайларға арналған гимндер) . Оның екінші қабаты - “брахмандар” деп аталады. Брахмандар - самхиттерге мифологиялық рәсімдік түсініктемелерден тұрады. Үшінші қабаты - “Араньктар”; төртіншісі - Упанишадалар деп аталады. Араньяктар қандай да бір ”Брахмандарға” қосылып жатты. Ал “Упанишадалар” - “Араньктарға қосылып отырды. Осы аталған қасиетті жазбалар шрути - (яғни тыңдау) деп аталды. Олардың қосымшасы - смрити - ”еске түсіру”. Бұлар рәсімдік, заңнамалық, ғылыми трактаттар болды.
Самхиттер төртеу. Олар :”Ригведа”, - “Самаведа”, “Яджурведа”, “Атхарваведа” .
Ведаларда арийлердің алғашқы социоантрапоморфты дүниетанымы, көркемдік - мифологиялық - діни дүниетанымдық кешен және көне үнді магиясы келтірілген.
Көне арийлік дүниетаным мифологиялық және көпқұдайлық сипатта болды. Мәселен, “Ригведада” үш мыңнан астам құдайлардың аты аталады.
Ведалық құдайлар құбылыстарды және табиғат процестерін, адамдық қасиеттерді және қоғамдық процестерді білдірді.
Ведалық құдайлар арийлер үшін жаратушы емес, дүниені ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Ведалық дүниетанымда дүниенің жаратылуында Пурушаның - адам кеңістіктің - алғашқы бастама екендігі айтылады. Құдайлар Пурушиды құрбандыққа шалғанда одан тірі жануарлар мен адамдар, қасиетті сөздер, табиғат заттары мен табиғат құбылыстары пайда болған деп түсіндіріледі.
Упанишадтар - ұстаздың алдында отырып дәріс тыңдау дегенді білдіреді. Шындығында “Упанишадтарда” өсиеттер мен дәрістер өте көп. Көптеген ғалымдар “Упанишадты” философиялық шығарма ретінде қарастырады. “Упанишадтағы” негізгі ұғымдар рационалистік сипатқа ие болғанмен, олар жүйесіз және оларға нақты дәлелділік жетіспейді. “Упанишаданың” құрамы өте күрделі. Әйтсе де “Упанишадта” рәсімділік “Брахманға” қарағанда едәуір аз. Дәстүрлі рәсімділікті келемеждейтін элементтер мұнда өте көп кездеседі.
Атман . “Упанишадта” барлық жаратылыстың бастамасы ретінде көрсетіледі. Ол тек бастама ғана емес, ол субстанция. Упанишадтың дүниетанымы алғашқы идеализмді білдіреді. Алайда мұнда алғашқы бастама - тамақ; су; уақыт; кеңістік, жел, жарық, жер бәрі бірге, материя, яғни өмір сүретін зат. Бірақ бұл дүниетаным асурлар (Диу-жындардың) дүниетанымы блып есептелді. Құдайлар (дева) оларды қабылдамайды. Бұл мәселе келесі сұрақта қарастырылады.
- Ежелгі Үндістанда пайда болған жаңадан қалыптасқан мүлік теңсіздігі, үнді
қоғамындағы варналық құрылыстағы әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі, брахман абыздардың озбырлығы кшатрийлердің наразылығын туғызды. Бұл күресте оларды вайшьялар қолдады. Кшатрийлердің дүниетанымы брахмандар дүниетанымынан едәуір айырмашылықта болды. Ол зайырлы болды. Бұл күрес Үндістанның батысында өте жемісті болды.
Көне Үнді философиясының ең кең тараған көне грек термині - “философияның” баламасы. Ол “ даршан ”. Оның кең мағынасы бар. Олар: “көру”, “тану”, ”байқау”, “шолу”, “қандай да бір құбылысты алдын ала көру, байқау” және т. б.
Үнді философиясын зерттеуші С. Радхакришнан даршандар туралы “Даршандарға қарап тұрып біз жүйелі ойлаудың үздіксіз және қуатты күшін көреміз” деген ой айтты.
Алайда көне үнді философиясы әлі пісіп жетілмеген еді. Көне үндінің алғашқы философиясында діни - мифологиялық дүниетаным үстем болды. Ол ежелгі үнділерге өз құндылықтарын мойындатып отырды. Оның ең бастысы - азаптан құтылу. Себебі даршандардың көбінің түсінігіндегі өмір ол -азап.
Көне Үнді философиясына көп жылдар бойы әртүрлі мектептердің тоқырау жағдайында бірге өмір сүруі олардың ғылыммен байланысының төмендігі, дәстүрлілік, идеалистік дүниетанымның үстем болуы тән. Сонымен бірге көне үнді философиясының таң қаларлық ерекшелігі бейпіл материализм мен күшті идеализмнің бір-бірімен үйлесуінде еді. Ойлау, зерделеу, қабылдау мен ұғыну және т. б. тәннің туындысы ретінде қарастырылды.
Даршандардың едәуір бөлігіне антирационализм тән болды. Жан бостандығы ақыл-ойдан азат болу арқылы жүзеге асады. Ақыл-ой жанды шектейді дейді даршандар.
Көне үнді дүниетанымында индивидуализм мен жеке адамға орын жоқ.
Даршандар - сөздің тар мағынасында, олар Ведалардың мәртебесін мойындайтын ілімдер. Олар астика деп аталды. Олар үнді философиясының алты классикалық жүйелері: Веданта, миманса, ньяя, байшешика, иога, санкхья.
Ал сөздің кең мағынасындағы даршандар Үндістанның Ведаларды мойындамайтын ортодоксальдық емес және ортодоксальдық көне философиялық ілімдерінің бәрі ортодоксальдық емес бағыт настика деп аталды. Бұған - бхагаватизм, буддизм және джайнизм жатады. Буддизм мен джайнизм Ведалардың беделін мойындамады. Олар әлеуметтік теңдікті аңсап, қоғамның варналарға бөлінуіне қарсы болды.
Сонымен бірге настикаға чарвактар - локаятиктердің ілімі де жатады. Олар Ведалардың беделін мойындамақ түгілі оны келемеждеді. Олар о дүниеге сенбеді.
- Өзге даршандарға қарағанда чарвактар Ведалар мен о дүниенің бар екенін
мойындамай қоймай, сонымен қатар, құдайды да мойындамады. Өздерінің дүниетанымын материя алғашқы, сана екінші тезисі бойынша құрды.
Чарвактар Ведалардың бүкіл дүниетанымын мойындамады. Олардың пікірінше ведалар, жалғандық пен өтірікке көміліп жатыр.
Чарвактар алғашқы бастаманы тек заттық материялдық мәнге телиді. Олар жаратылыстың бәрі төрт бастамадан, жерден, судан және оттан пайда болды деп есептеген. Чарвактар бұларды төрт ұлы мән - махабхут деп атады.
Сана мәселесінде чарвактар оны жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның қасиеті деп есептеді. Сана махабхутадан, яғни төрт элемент қосылғанда пайда болады дейді.
Чарвактар гедонистер болды. Олар өмір мәні бақытты болуда деп есептеді. Мұндай көзқараста олар буддизимге қарама-қарсы болды.
Танымда чарвактар сенсуалистер болды. Олар кез-келген адам санасынан тыс ілімді беделді жоққа шығарды. Керек болса сана да чарвактар бойынша білімнің көзі бола алмайды. Чарвактар барша білімді сезімнен туындайды деп есептеді.
Лекция №4
Тақырыбы : Көне Қытай филосорфиясы.
Жоспары:
1. Мәтіндік негіздері және философияның пайда болуы.
2. Доисизм философиясы.
3. Конфуцийшілдік философиясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz