Исламдық дүниетаным



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Әбу Насыр әл Фараби (870-950 жж.)

Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына
орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу
Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты -Ұзлағ,
ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы
Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан
шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шәуілдір ауданының аумағы.
Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап
көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында
тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз"
атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған.
Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина,
психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160
трактат жазған.
Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол
сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы
жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда (Дамаскіде)
өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші
қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап,
өзіндік философиялық тұжырымдама ұсынды. Оның бұл көзқарастары қоғамдық
пікірлерімен белгілі бір қақтығыстарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында
араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап,
жақындастыра білді. Мұны "Үлкен музыка кітабы" атты еңбегінен де байқауға
болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды.
Бұл ойын "Ғылым жігі жөніндегі сөз" атты трактатында көрсете білді.
Фараби халыққа білім беруді армандады. Адамзат бойында ағарту мен дамуды
біріктіргісі келді. Ұлы баба ұстанған мұраттың бір парасы мынадай:
ғылымның қайнар көзіне ұмтылған адам өнегелі де жақсы тәрбиеленген болуы
керек. Ең алдымен Құран, заң ғылымдарын оқуы керек. Адал, шыншыл болу
керек. Бұзақылык, өтірік, алдау, арбаудан аулақ болу керек. Заңды
тағайындарға жақындай отырып, заңдық негіздердің тірегін, сүнне мен шариғат
ережелерін бұзбай, қажетті мүдделер арқылы еркін ойлы болуы керек.Саяси
этика мен философияның арқасында шынайы бақытқа жетуге болатынын тапқан
Фараби ізгілікті қала мен надан қаланы салыстырады. Бақыт пен лайықты
өмірге барар жол, адам табиғаты, зиялы және этикалық кемелділік, нағыз
әмірші жайындағы талдаулар әлі терең зерттеле қоймаған "Мемлекет
қайраткерінің афоризмдері", "Азаматтық саясат", "Бақыттың жетістіктері"
атты еңбектерінде өрбиді. Фарабише, бақыт - абсолюттік игілік. Адам кейбір
заттарды (ақша, даңқ, қажеттілік және т.б.) өмірдің негізі деп ойлайды.
Бірақ бақыттың не екенін танып-білу, оны мақсат етіп көздеп, сол мақсатқа
жету үшін, үздіксіз соған қарай жүру үшін жанның теориялық, жағын әбден
жетік білу керек. Бұған тек ақылгөйлер ғана бара алады.
Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық, санаты
алады. Ойшыл "Әлеуметтік-этикалық трактатында": "Жақсылық, негіздің
атрибуты бола тұра, материяға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының
жоқтығымен ажыратылады" - деп есептейді. "Музыка туралы үлкен трактатында"
музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан
музыка мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның
тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді Музыканың әр түрлі жанрын
жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды.
Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың
шындығын көрсете білуде екенін дәйектейді.
Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді.
Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (соғыстардың) мағынасыздығын көрсетеді.
Содан олар "ең, биік игілікке", яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке
жету үшін "келісімге келуге тура келеді. Шынайы бақытқа жету үшін үнемі
іздену мен оқу керек дейді. Өзінің "Әлеуметтік-этикалық, трактатында"
ғалым: "Үлгі-өнегенің арқасында бұзақылық та, керемет істер де шығады", -
деп жазды.
Фараби "Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап" деген еңбегінде орта
ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. Бұл кітап ғылым салаларының
өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді.
Сайып келгенде, Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының кітабы",
"Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Музыканың үлкен кітабы", "өлең сөз
және шешендік туралы", "өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Логика",
т.б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.

Махмұд Қашқари (1029 -1101 жж.)

Махмұд Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол -XI
ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Қарахандар
ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы
Боғырханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік
жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады. Сол жерде білім алып, әрі қарай
Бұхара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл,
фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түркі халықтарының
менталитеті қызықтыра бастайды. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол
өзінің басты еңбегі - "Диуани лұғати-ат-түрікте" зерделейді Ғалымның бұл
кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы есепті. Онда өте
бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын, XI ғасырда өмір сүрген көптеген
түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним,
рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, тағамдар мен сусын атаулары, үй,
жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар,
астрономия, әскери, медициналық діни т.б. атаулар қамтылған. Сол кездегі
түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары,
өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әр түрлі тайпалар арасындағы
тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір
тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды
мәліметтер бар. Тарихшылардың назарын өзіне аударған - шығармадағы дүние
жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашқари оны 1072-
1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
...Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы
әбден дәлелдейді... Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың
сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының
тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы
әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем
мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа
"Түркі сөздерінің жинағы" деп ат қойдым.
"Жинақты" сегіз бөлімге топтастырдым... Әрбір тайпаның тілінен сөз
жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым.
Түркі халықтарының..- бәйіт-жырлары мен... мақал-мәтелдерінен мысалдар
келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен
кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді
пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-
қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем – мәңгілік
өмірге біржола жолдама алды", - деп жазды.

Жүсіп Баласағұн (1017 -1075 жж.)

Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның Қазақстан ғылымындағы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы алатын орны мен ықпалын анықтау
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі
Қазақ халқының діни танымының негіздеріне діни-философиялық сараптама жасау
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
М. Абдух ілімінің негізгі көзқарастарын ашып талдап көрсету
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Пәндер