Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Кант Имануил



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Кант
Имануил (1724-1804 жж.) бүкіл өмірін Кенигсберг қаласында өткізген.
Негізгі еңбектері: “Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы”, “Таза
ақыл-ойды сынау”,
“Практикалық ақыл-ойды сынау”, “Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін”, т.б.
Әдетте, Канты “сыни кезеңге дейінгі” және “сыни кезеңдегі” деп екіге
бөліп қарайды.
Сыни кезеңге дейінгі Канттың күн жүйесінің аса зор газ тектес
тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан
үлес емес, жалпы методологиялық маңызы бар жаңалық болды.Біріншіден,
қозғалыс-материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы
күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған
құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге
болады.Екіншіден, осы күштердің әсерінен әртүрлі әлемдер жүйесі қалыптасып,
күйреп, одан шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып
жатады. Үшіншіден, әлем құрылымына енетін үлкенді-кішілі жүйеленген денелер
өзара сатыланған бағыныштылықта болады.Өзіне кішігірім жүйелерді
бағындырылған үлкен жүйе, өзінен де ауқымды басқа жүйеге кіреді, сөйтіп
шексіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара әмбебаптық
байланыста болады.
Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және
дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын, адамның танып -
білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.
Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден
басталады.Бірақ олар бізге “Өзіндік заттар” туралы емес, олардың
көріністері (феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір қар жауып
тұр. Осы секілді деректерде ылғи да кездейсоқтық элементі басым болады да,
бізге толық білім берілмейді (Қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін
тоқтауы мүмкін). Мұндай білімдер жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен,
апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптық және қажетті білімдер
осындай фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге
қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы (тәжірибеге дейінгі)
қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байланысты болуы керек.Сезімдік
түйсінудің априорлы сыртқы түрі – кеңістік пен ішкі түрі – уақыт түйсіктің
көптүрлі “материяларын” реттеп отырса, ақыл-ойдың априорлы түрі
категориялары реттелген материяларды заңдылықтар жүйесіне келтіреді.Олай
болса, танып-білетін субъект заттарды зерттегенде дайын “туа біткен
идеяны” пайдаланбайды, керісінше,ол тек танымдық “құралдарды” ғана
пайдаланады.
Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді.
Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге “өзіндік
заттардың” көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің
бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы
түрлері – кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп,
реттеледі.
Танымның келесі – сараптаушы парасат сатысында – априорлы категориялар
себептілік, сапа, сан, қажеттілік т.б. арқасында жаңа ғана реттелген
түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа
бағынып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған білімді
трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық таным дегеніміз
таным процесінің заттың өзіне емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы
затты қандай деңгейге дейін біле алатындығы.
Танымның үшінші сатысы – трансценденттік танымда – таза ақыл-ой
заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың не бар екенін бәлуге,
басқаша айтқанда “өзіндік заттардың” табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады да,
шешілмес қайшылықтарға (антениомияларға) тап болады. Айталық, рух өле ме,
өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па т.б. осы сияқты
сұрақтар антиномияларға толы. Осы мәселелерді көтеріп, оған жауап беріп
жүрген схолистикалық, онталогиялық, рационалистік, діни т.б. ілімдер жалған
ғылымға жатпайды. Себебі, бұл аталған идеялардың не дұрыс, не теріс
екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес, олай болса “өзіндік
заттарға” тән оның ішкі заңдылығын, мәнін біз танып-біле алмаймыз,
сондықтан оған талпыну – бос әурешілік.
Керісінше, таза ақыл-ой адамның ерік - жігерін, практикалық іс-
әрекетін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, Адам жеке тұлға ретінде
табиғат заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға
алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің
ерекшеліктеріне, өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол
- өзінің практикалық ақыл ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл
жағдайда Адам барша жұртқа бірдей әдептілік заңы – әдептілік императивін
басшылыққа алады. Әдептілік императиві бойынша игіліктерге, бақытқа жетуге
ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның іс-әрекетін
әдепті қылмайды, керісінше қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлап,
өз міндетіңді өтесең сол өнегелі іс болып саналады. Мұндай этикалық
міндеттілік адамдарға теория жүзінде емес, практика жүзінде әдептілік
бостандығы тұрғысынан іс-әрекет жасауға сенім туғызады. Сөйтіп, адамның ар-
ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғарғы қағидасы – әдептілік
императивінің талаптарына сай келеді.
Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес, себебі ол – өз заңына сүйеніп,
өзінше өмір сүреді. Ал, дін – құдайды ең жоғары идеал, немесе құдай
алдындағы парыз ретінде түсінетін біздің барлық міндеттілігіміздің
жиынтығы. Осыдан келіп Кант, құдайға жағамыз деп сақтап жүрген діни
институттардың тіпті де қажеті жоқ, тек әдептілік императиві негізінде
тақуалы өмір сүрсең болғаны деген тұжырым жасайды.
Әдептілік императиві тұрғысынан Кант құқық, мемлекет, саясат
мәселелерін де қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде әлеуметтік
қарама-қайшылық елеулі орын алады. Ал осындай қоғамда әркім өзңнше шексіз
бостандыққа ұмтылғандықтан, олардың бостандықтары бір-бірімен қарама-
қайшылыққа түседі де, әр азаматқа тән табиғи қасиеттерінің дамуына
мүмкіндік туады. Осы негізде қалыптасқан мәдени өркендеу кейбір жеке
адамдарға қайғы-қасірет, жамандық әкелуіне қарамастан, жалпы адамзат үшін
ілгері басып үдей түсуі керек, онсыз прогресс болмайды.Ал мемлекет болса,
қолына шоғырланған билікке сүйеніп, адамдардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына жағдай жасай бермейді. Сондықтан, мемлекеттік билікті
әдептілік императиві негізінде қалыптасқан құқық арқылы шектеу керек.
Осының арқасында мемлекет дами келе онда құқықтық, азаматтық қоғамның
қалыптасуына жағдай жасады.
Рационализм мен эмпиризмді синездеуге тырысып Кант танымдағы
субъекттің белсенділігін мойындайды. Бұл белсенділік қабілет субъектінің
объектіге әсерінен көрінеді. Және объект субъекттің алдында қалай көрінсе,
ол объекттің субъектіге әсерінің нәтижесі емес, бұл жерде объект парасат
пен ақылдың белсенді әрекеті нәтижесінде өзгеріп көрінеді. Канттың
түйіндеуінше, кез-келген таным субъектпен сипатталады, яғни барлық таным
оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады.Субъект объектке салған барлық
әсердің формасы бар. Объект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік
әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз.Осылай біз себептілік
категорияларының көмегіменжалпымәнді және қажетті формалары негізінде
сезімдік қабылдау формасындағы әр түрлі құбылыстарды объектіден бөліп алып,
белгілі бір тәртіпке келтіреміз. Бұл формалар қатарына кеңістік, уақыт,
себептілік жатады, өйткені олар таным мүмкіндігін қамтамасыз ететін
алғышарттар болып табылады.
Кеңістілік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни
априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына
философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Канттың пікірінше,
барлық сезімдік әсерлер сыртқы нақтылықтан туындайды. Адамның танымдық
әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп аталады, ал танымдық
қабілеттің тікелей бағытталған нәрсесін Кант зат деп атайды. Канттың
пікірінше, математика мен жаратылыстану негізделген ғылымдар болып
табылады, ал олардың пікірлері жалпымәнді және қажетті сипат алады.Бұл
ғылымдардағы зерттелетін элементтерді белгілі тәртіпке келтіру үшін
қолданылатын формалар барлық субъектіге тән. Демек, Канттың пікірінше
математика мен жаратылыстану берік негізге сүйенеді.
Кант Юмнің скептецизм теріске шығарып, оның тұжырымдары кемшіліктерін
айқындайды, сонымен қатар рационалдық интуицияға негізделген рационалистік
догматизмді де теріске шығарады. Канттың пікірінше, рационалдық
догматизмнің берік негізі жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған
меңгеру ғана болып табылады. Осы сәттен бастап Кант танымды сынай бастайды.
Ол дәстүрлі рационализмді жалған ғылым деп есептейді, өйткені біз
рефлексияны тек тәжірибе жағдайында ғана, оның шеңберінен шықпай ғана іске
асыра аламыз. Ал рационалисттер рационалдық интуицияның көмегімен сезімдік
тәжірибе шекарасынан шығып кетеді, яғни трансценденттікке иек артады. Бірақ
адам “трансценденттік” туралы біле алмайды, өйткені ол таным шарттарынан
асып кетеді.
Өзінің көзқарасын негіздей отырып, Кант екі дәлел келтіреді: 1. Біз
тәжірибе мүмкіндігіміз шекарасынан тыс жатқан нәрселерді сезіммен қабылдай
алмаймыз. Сондықтан трансценденттік біздің танымымыз шекарасынан тыс
орналасқан және ол таныла алмайды.
2. Рационалистер өз түйіндерін дәлелдеу барысында “растайтын” және
“терістейтін” дәйектер келтіреді. Мұның екеуі де салмақты болғандықтан
берілген жағдайды бірдей дәләлдейді де теріске шығарады. Мұндай “растайтын”
және “терістейтін” дәйектеме бірдей мөлшерде дәлелденіп және теріске
шығарылатын болғандықтан адамды априорлы теориялық тығырыққа әкеліп
тірейді. Кант мұны антиномия деп атайды.Антиномиялар біздің трансценденттік
туралы ешнәрсе біле алмайтындығымызды көрсетеді. Сонымен, таным үдерісінде
метафизикалық сұрақтар үнемі туындап отырады, алайда оларға толық жауапты
біз бере алмаймыз деп санайды Кант.
Мұндай жағдайда діни сұрақтарға берілген жауаптар сенімге негізделуі
мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінін біз дәлелдей де, теріске шығара да
алмаймыз. Бірақ біздің сенуіміз де мүмкін немесе сенбеуіміз де мүмкін. Кант
сенімнің орнын діннің ауқымы ішінде қалдырады да, ал дін туралы білімді
одан айырады. Философияның зерттеу аймағын қайта қарай отырып, Кант ескі
метафизиканың ескі негізі болып табылатын логиканың шектеулі екендігін
аңғарады. “Жалпы логиканың” шектеулігі, онда пікір мен ойтұжырым
формаларына баса назар аударылып, ал олардың мазмұнын қарастыруды теріске
шығарғанынан көрінеді. Бұл алдын ала бір білімді өзгерткенімен жаңа білім
алуға мүмкіндік бермейді. Бұл логиканы Кант талдау логикасы деп деп атады.
Жалпы логиканың мақсаты мен функциясын жан-жақты қарастыра отырып,
танымдағы пікірдің рөлі мен білім алу туралы мәселелерді зерттей отырып,
Кант жаңа логиканың – синтез логикасының қажеттілігі туралы ойға келеді.
Жаңа логиканың мәні логикалық формалардың мазмұндық жағын зерттеу
болып табылады. Бірақ мұндай логика субъект шеңберінен шығып кетеді, яғни
трансценденттік логикаға айналады. Мұндай логиканың зерттеу аймағы
субъектінің объектке қатынасын зерттеу болып табылады, басқаша айтқанда
танушы субъектінің қоршаған әлемге қатынасы болып табылады. Бұл мақсатты
логиканы таным теориясы мен синтездйтін жаңа философия ғана шеше алады, ал
ескі метафизика болса, ол логика мен таным теориясы арасындағы байланысты
керек етпейтін онтологияға баса көңіл бөлетін еді. Осылай Кант адамның
танымдық әрекеті формаларын, жалпыға тән шарттарды негіздеу философияның
мақсаты деп санады.
Кант моральдың дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде
негіздейді. Оны негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас
ойшылдармен салыстырғандағы ерекшелігі “сен тиіссің” деген нақты нормадан
шығуында болды. Бұл норма абсолюттік міндет болып табылады, себебі ол
тікелей тәжірибеден туындамайды. Ол біздің ішкі дүниемізде негізі қаланған
және біздің моральдық еркімізге бағытталған. Канттың пікірінше, адам өзінің
моральдық принциптерін тәжірибе жолымен тексере алмайды. Адам әрқашан да өз
қылықтары мен әрекеттерінде өзінің парыздық сезімінде сүйенеді. “Сен
тиіссің” деген императив өзге де трансцендентальдық формалар – кеңістік,
уақыт, себептілік т.б. сияқты біздің санамызға сіңіп кеткен.
Кант бойынша мораль абсолютті және міндетті. Бұл жағдайды негіздеу
барысында Кант табиғи адам мен ақылды адам арасында айырмашылық жүргізіп
отырып, “субъектіге” сілтеме жасайды. Адам табиғи мақұлық ретінде ақыл
негізінде бекітілген заңдарға бағынады. Ал ақылды бола отырып адам заңдар
формасындағы абсолюттік моральдық міндеттерге бағынады. Бұл заңдар дербес
мақұлық ретінде өзі үшін ақыл-ой негізінде бекітіледі. Адам ақыл-оймен
қатар ерікке ие болғандықтан этика ақылды мақұлық ретінде адамға
негізделеді.
Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық
императивтері бар: “Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын
ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет”. Канттың пікірінше,
адам осы ұстанымға сәйкес моральдық міндеткерліктіжалпыға тән маңызы бар
деп түсінеді, ал моральдық өлшемі осындай жағдайдағы әрбір адам үшін бұл
ұстанымның әділдігі болып табылады. Демек, бұл ұстаным әркім және барлығы
үшін норма болып табылады, өйткені ол жасырын емес және дұрыс, жалпыға тән
үлгілі стандарт ретінде қызмет атқарады. Категориялық императив Канттың
ойынша априорлы сипат алады. Барлығының бұл ұстанымға деген құрметі, оның
жасырын еместігі мен дұрыстығы адамзаттық қоғам үшін негіз бола алады.

Канттың бірбеткей міндеттілік этикасының кейбір пікірлері
XIX және XX ғасырлар философиясының дамуына зор әсер етті.
Ал XIX ғасырдың ортасынан бастап Францияда, Германияда Кант ілімін
жаңартып, дамытқан ілімдер пайда болды.

Фихте Иоганн Готлиб (1762-1814ж.) философиялық ілімдер ғылымдар
теориясы (ғылымдар туралы ғылым) ретінде қандай да
болмасын білімнің негізін көрсетулері керек деген пікірді өз ілімнің басты
қағидасы етіп алған ойшыл. Негізгі еңбектері: “Ғылым туралы ілім” (1794ж.),
“Адамның міндеті” (1800ж.) т.б.
Фихте “өзіндік затты” танып-білуге болмайды деген пікірді
мойындамайды және оны сынға алды. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын
қамтитын, анықтаушы нақтылық – абсалюттік
“Мен”. “Мен” өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашқы
бастама кезеңіндегі (сана – субъекет) ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы
жағдай “басқа Менге” (табиғат – объект), одан кейін өз дамуының үшінші
сатысы – екеуінің өара қарым-қатынасына айналады. Бұл жердегі “Мен”– рух,
жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, “басқа Мен”– табиғат және материя
ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары синтез – бұрмалаушылыққа қарсы
күресіп жатқан адамның жігерін көрсететін ұғым. “Басқа Мен” (табиғат,
объект) нақты өмір сүріп қана қоймай, “Менге” әсер етіп, кейбір жағдайларда
оның іс-әрекетін де айқындайды. “Басқа Меннің” (табиғаттың, объектінің)
әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл “әсерді”
тікелей сезінеміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бисаналық іс-
әрекеттің жатқандығын көреміз. Ал “Меннің” іс-әрекеті деп Фихте субъектінің
“әдептілік мінезқұлқын” айтады. Демек, адамның іс-әрекетінің мақсаты –
әдептілік заңдары мен парызыңды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда
қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның
табиғи қабілеттері қарсы болады. “Менге” қарсы тұрып, оны іс-әрекетке
итермелейтін “басқа Мен” дегеніміз, айналып келгенде осы.
Фихтенің “басқа Мені”, табиғаты, объектісі Канттың “өзіндік заты”
сияқты санадан тыс өмір сүрмейді, ол – сананың ерекше қызметінің қажетті
туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада осы қызмет жүріп жатқанда,
адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. Сондықтан да қарапайым
күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.
Сол себепті, сананың осы ерекше қызметін қарапайым сана біздің
түйсігіміздің мазұны, бізге табиғаттан берілген деп ойлайды. Қарапайым
сананың бұл қателігін тек философиялық ойлау ғана түзете алады. Шын
мәнінде, түйсігіміздегі мағлұматтар “Меннің” (сананың) іс-әрекетін
туындаған “елестету ” ғана. Демек, “Меннің” бұл іс-әрекеті бірінші де,
“Басқа – Мен”– оның туындысы. Осы айтылған постулатты түсіну үшін ақыл-
ойдың ерекше қабілеті болу керек. Осы қабілет арқылы “Мен” мен “басқа –
Меннің” ажыраспас бірлігін байқап “көруге” болады. Бұл қабілетті Фихте
“интеллектуалды интуиция” деп атайды.
Фихтенің пікірінше, әрекетшіл “Мен” әр уақытта да өзінің қарама-
қарсының әсерімен қозғалымқа және іс-әрекетке түседі. “Меннің” себепсіз іс-
әрекеті – оның қызметі мен алдындағы мақсатының өзара қарама-қайшылықтарын
қайта-қайта қалпына келтіру процесі. Басқаша айтқанда, бір кедергіден өтіп,
оны жойған кезде, екіншісі пайда болады, сөйтіп шексіз кете береді. Өзінің
осы тәсілін Фихте – “антитетикалық” тәсіл деп атаған. Бұл тәсілдің
ерекшелігі антитезис тезистен шығарылмайды (диалектикалық тәсілдегідей),
керісінше, антитезис қарама-қарсылық ретінде тезиспен қатар қойылып, содан
кейін барып олар бірігеді. “Антитетикалық” тәсілді қолдану арқылы Фихте
теория негізінен (түйсік, бақылау, қиялдау, елестеу, ойлау тағы басқаша
қарастыру негізінде) практикалық ақыл-ойдың негізгі мазмұнына, қабілетіне
қара й ой түзейді. Осының арқасында субъект теориялық іс-әрекеттің ең
төменгі сатысынан жоғарғы сатысына дейін көтеріледі де, бұл деңгейде ол –
ойлау объектісін өзінің ақыл-ойының белсенділігінің нәтижесі екенін түсініп-
біледі. Сөйтіп, “ғылым туралы ілім” тәсілі адамзат ақыл-ойының табиғи даму
жолымен сәйкес келгендіктен, айналып келгенде, өзінше байланысқан адамзат
рухының тарихы болып шығады.
Фихтенің “практикалық философиясының” (этика, құқық және мемлекет
туралы ілім т.б.) негізгі ұғымы – “бостандық” ұғымы. Ол бостандық ұғымын
“қажеттілік” ұғымына қарсы қою арқылы түсіндіруге тырысады. Спиноза сияқты
Фихте де адам жігері оның қандай да болмасын рухани іс-әрекеті себептілікке
бағынады деп есептелген. Бірақ осындай жалпыға бірдей қажеттілік
бостандықтың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал, бостандық дегеніміз
қажеттілікті жою емес, керісінше, жеке адамдардың, адамзаттың заңдар мен
мақсаттарға өз еркімен бағынуы. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз
қажеттілікті танып-білуге негізделген іс-әрекет. Өнегелік және құқықтық
мәселелерге тоқтала келе, Фихте этиканы – адамның ішкі дүниесіне
бағытталған бостандық деп, ал құқықты – адамдар арасындағы сыртқы
қатынастарды реттейтін әлеуметтік құбылыс деп санайды. Демек, құқық
әділеттік заңдарына ғана емес, адамдар арасындағы өзара қатынастарға ғана
сүйенеді. Ал өзара қатынастардың, келісімдердің негізі болып, қоғамда
үстемдік етіп тұрған заңдарға әркімнің бағынуы саналады.
Фихтенің айтуынша, Адам теориялық іс-әрекетте қиялдағы бейнелермен
еркін қимыл жасайды.Қиялдағы мұндай еркін құрылымдар кез-келген теориялық
ойлаудың негізі болып табылады.Қиялдың іс-әрекеті нәтижесінде бір жағынан
нақтылықпен байланыс орнатылады, екінші жағынан ол туралы біздің
біліміміздің шынайылығы қамтамасыз етіледі. Өзінің ғылыми ілімінің бастапқы
принциптерін негіздей отырып, И.Фихте мынадай маңызды жағдайға тоқталады:
таным үдерісінің өзі түбірленген сипатта болады және ол анықтаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі еңбектері
Заттардың табиғаты туралы
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
Экзистенциализм философиясы
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Герменевтика философиясының негіздері
Неміс философиясы
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Пәндер