Флювиалдық геология процестер


Флювиалдық геология процестер.

Сабақтың жоспары:

• Өзендердің геологиялық бұзушылық әрекеттері

• Деллювилік процестер

• Регрессиялық процестер

• Прллювилік процестер

• Сел тасқындары

• Аллювилік үйінділер

Сабақтың мақсаты: Экзогендік процестер: жер үсті, жер асты сулардың, мұздықтармен жел әсерімен, теңіз толқындары әсеріндегі геологиялық процесстерді және сонымен қатар қалыптасқан шөгінді тау жыныстарының құрамы мен құрлысы, жаратылысы, түрлерін, өнімдерінің пайда болу жолдарын көрсету.

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Өзендердің геологиялық қызметі, тау жыныстарыи бұзып - шаю, үгілу заттарын басқа орындарға тасымалдап көшіру әрекеттерімен сипатталады. Мұндай әрекеттер эрозиялық процестер деп аталады. Өзен арнасының тереңдеуі және өзен жағаларының шайылып жар қабақтардың пайда болуы да өзен суларының бұзушылық әрекетін көрсетеді. Сонымен қатар өзен сулары тау жыныстарын әр түрлі дәрежеде (азды - көпті) ерітеді.

Түптік эрозия өзен арнасының еңістік шамасына қарай анықталады. Су бетінің еңістігі аз болған жағдайда, өзен жағалауының бұзылып-шайылуы жиі байқалады. Аллювийлік шөгінділер, каллоидты ерітінділер (25-30%) және ірілі-ұсақты кесек бөлшектер (тозаң, саз, ұсақ түйірлі майда құм, қоймалжың лай) түрінде су түбінде домалап көшіп-қонады. Ағысы күшті тау өзендерінде диаметрі бірнеше метрлік өте ірі дөңбек тастар домалап көшіп жүреді.

Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді, бірақ ені тар болып кездеседі. Мұндай аңғарлар каньондар деп аталады. Өзен суының алғашқы басталар жерін бастау, ал оның теңізге қүяр жерін сағасы деп атайды. Өзен сағасында байқалатын теңіз су деңгейі осы өзеннің «эрозия базисі» болып табылады.

Террасалардың құрылысы. Террасалардың пайда болуы эрозия базисінің өзгеріп отыруына немесе су шығынының жиі-жиі өзгеруіне байланысты. Өзен аңғарлары симметриялы және ассиметриялы болып кездеседі. Өзеннің бір жағалауында терраса болмаса немесе оның ені қарама-қарсы жағадағы террасамен салыстырғанда бірдей болмай өзгеше болса, мұндай аңғарлар симметриялы деп аталады. Олар жердің өз осінен айналу жылдамдығына байланысты және меридиандық бағыттарда ағатын өзендер бойында жиі кездеседі.

Аңғардың тұрақты өзен суы астындағы бөлігін арна деп, ал жиі-жиі уақытша тасыған су астында қалып қоятын ең төменгі (қазіргі) террасаны жайылма деп атайды Аласа жайылмаларды өзен тасыған сайын жылда су басады, ал биік жайылмаларда өзен суы шамадан тыс тасып арнасынан шығып кеткен жағдайларда ғана (10-15 жылда бір рет) ғана су басады. Жайылмалардан жоғары қарай бірнеше террасалар орналасады, олар (төменнен жоғары қарай бағытта) номерленіп белгіленеді. Қазіргі жайылмадан жоғары орналасқан террасалар біртіндеп биікке қала береді.

Жазық алқаптардағы өзендер террасаларының жалпы саны 4-6-ға дейін жетеді, ал тау өзендерінде бұдан әлде қайда көп болады. Мысалы, Дон өзенінің аңғарында терраса саны 5-ке деиін, ал Кубан өзені аңғарында 14-ке дейін барады. Оладың биіктігі бірнеше метрден ондаған метрге дейін, ені ондаған метрден ондаған километрге дейін жетеді. Террасалар кейде борпылдақ шөгінді жыныстардан (үгінді жыныстардан), ал кейде түбірлі қатты жыныстармен қатар байқалады. Құрамына қарай террасалар эрозиялық, цоколдық(түбірлі жыныстан), аккумулятивтік (аллювилік) болып ажыратылады.

Таулық өзен аңғарларының эрозиялық террасалары тектік жыныстардан тұрады. Аллювилік жұқа қабаттар мен жабылған эрозиялық террасалар цокольдық деп аталады. Аккумулятивтік террасалар толығымен аллювилік шөгінділерден құралады және олар жазық алқаптық өзен аңғарларына ғана тән болып келеді. Аллювилік шөгінділер қалыңдығы бірнеше метрден ондаған метрге дейін жетеді. Аккумулятивті террасалар есленген және үстемеленген болып екіге бөлінеді. Еселенген террасалар аллювилік үйінділердің үздіксіз шайылу әрекеттеріне байланысты біртіндеп қалыптасады. Бұл жағдай өзен аңғары өзінің жуып-шайылуы нәтижесінде біртіндеп тереңдей келе түбірлі жыныстарға дейін жетеді. Одан кейін, өзінің аңғарын бұрынрақ шайылған үгінді жыныстар есесінен қайтадан аллювилі жыныстармен толтырылады. Үстемеленген террасалардың еселенген террасалардан айырмашылығы өзінің аллювилі шайылуы кезінде түбірлі жыныстарға жетпейтіндігі болып саналады.

Селді тасқындар . Сел дегеніміз, зор екпінмен жүйткітіп, жойқын күшті балшық пен тас аралас сұрапыл су тасқыны. Биік таулы аймақтарда қар мен мұз суларының орасан мол қорлары бар екендігі бәрімізге де белгілі. Олар ете ыстық жаз айларында қар мен мұздың тез еруіне байланысты, нөсер жаңбыр жауған кездері, кішіпрім тау өзендерін балшық пен тас аралас қоймал-жың лай тасқындарымен толтырып, өте тез жылдамдық-пен шың-құздардан қүлай аққан саркырамаға айналып, ары қарай сай-саланы бойлап немесе жыраларды қуалай ағады.

Тарихи деректер бойынша жойқын күшті мұндай селді тасқындар Тянь-Шань тауларында 1841 жылдаи бері мәлім. Мысалы, 1887 жылы Іле Алатауында болған жер сілкінуі кезінде, Ақсай жәпе Алматы езендерінде селді-тасқын болған; 1921 жылы июль айында болған селді-тасқын кезінде сол кездегі Верный қалашығы (қа-зірп Алматы қаласы) зардап шегіп су астында қал р ая. Ал 1963 жылы 7 июльде болған сел-тасқыны кезінде биіктаулық Есік көлі сарқырамаға айналып, шарасынан асып тегілді де, қас қаққандай аз уақыт ішінде жоқ болды.

Бұдан он жыл өткен соң, 1973 жылы 15 июльде Іле Алатауының Медеу шатқалында сел тасқыны болғаны көпшілікке белгілі. Бірақ қопарылыс жасау арқылы бұрынырақ колдан салынған тасты бөгет селді тоқтатып. қаланы апаттан сақтап қалды. Бұл әрине, селге қарсы күрестің дүние жүзінде алғашқы жасалынған эксперименті болды. Соңғы жылдары Іле Алатауында және т. б. жерлерде сел тасқынына қарсы темір бетонды және тасты бөгеттер көптеп салынуда.

Ғалымдардыц есебі бойынша, сел тасқыны 3, 8 млн. текше метрден астам балшық пен тас аралас қою массаны тасты бөгетке әкеп тіреген екен. Қазіргі уақытта Медеудегі тасты бөгеттің биіктігі 200 м-ге дейін көтерілді.

Медеу шатқалында салынған тасты бөгет, селге қарсы күрестің үлгісі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Бұрыннан атақты Медеу мұз айдынының даңқы онан сайын арта түсті.

Сел тасқындары қалай пайда болады және олардың болу себептері қандай деген сұраққа жауап берейік. Селді тасқындар - лайлы-тасты, сулы-тасты және лайлы болып үш түрге ажыратылады. Олардың биіктігі ондаған м-ге, ені километрге дейін жетеді. С. М. Флейшманның пікірі бойынша, Іле Алатауында байқалатын селді тасқындар нөсер жаңбырмен байланысты (1841, 1921, 1940 жылдардағы селдер) . Таулы аймақтарда жауған нөсер жаңбыр неғүрлым күшті болса оның зардабы да соғұрлым зор болады. Нөсерлі жаңбыр кезінде, өзен алқабына келіп қосылатын құрғақ сайлар балшық пен тас аралас қою массаға толып кетеді.

Сел қаупі, әсіресе ыстық жаз айларында (июль, ав~ густ) өте күшті. Кейде селді тасқындар жаңбыр жаумай, ыстық болмай-ақ мұздық белдеулерде жер астындағы көлдер жер бетіне бұзып шығатын жағдайларда да болып туады. Мысалы, 1979 жылы 19 июльде Орта Талғар бзэдіінің бас жағында осындай жолмен сел тасқыны болды.

Сонымен елдің болуы үш жағдайға тікелей байланысты;

  1. атмосфералық ылғалдың (қар мен жаңбырдың) мол болуы
  2. 2) биік таулық бедердің болуы;
  3. үгілу заттарының көп болуы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Тектоникалық құрылым және рельефтің негізгі ерекшеліктері
Геология пәнінен дәрістер
Жер қабығының құрамы
Геология оқу - әдістемелік кешен
Жер қабығы (құрамы, қозғалыстары), бедер туралы жалпы мәліметтер
Геология –жер туралы ғылым
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Оңтүстік Балқаш маңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz