Фольклор материалдары этнопедагогакалық ғылыми-зерттеу объектісі ретіндегі ролі


Фольклор материалдары этнопедагогакалық
ғылыми-зерттеу объектісі ретіндегі ролі
Өркенниетті, мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата-бабаларымыз жас ұрпаққа ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырған. Түз далада не жүйрік - тіл жүйрік. Тілдің әсерлі, ықпалды құдыретіне сенген. Сол себептен де "Ұлы сөзден ұлағат", демекші, халық педагогикасының нәрімен суарылып, өзінің тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден бір киелі мұра - фольклор. Соңғы кезде фольклор термині "Халық ауыз әдебиеті" деген өзінің бір кездегі қысаң ұғым шеңберін кеңейтіп, халық өнерінің музыка, қолданбалы өнер, халық ойыңдары сияқты салаларын толық қамтитын кең мағынаға ие болды. Оның тәрбиелік ролін де осы кең мағынасын да қарастырған жөн.
Фольклор - халық өмірінің айнасы оның бойында халықтың тұрмыс салты театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай тұтас күйінде көрінеді. Сондыктан оны - синкреттік өнер деп атаймыз. Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы тіл жетіле келе, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырады.
Оларды біз ертекші, ақын, жырау, термеші, айтыскер иелері ретінде қарастырамыз.
Фольклордың осындай ерекшелігіне ғалымдар ерекше орын берген, Атап айтсақ А. Н. Веселовский, Н. П. Андреев, Аничков. В. Ф. Миллер, Аникин т. б. бұлардың әрқайсысының жеке ойына тоқтамай ортақ ойларын айтсақ:
"Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сондықтан фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. "
Міне, сондықтан халық, өз ұрпағының тәрбиенің басты құралы етіп фольклорды қолданғаны тектен-тек емес. Ғалым зерттеуші Қоңыратбай "Өнері өрге тартқан дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де дана сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды кәсіп етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт, айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз. " - десе, В. Г. Белинский "Фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әр кез халық" деген тұжырым жасайды.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-санасы мен түрлі сөзімдерін дәл танып білуге болады. Сонымен қатар фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Әрбір айтушы - импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік сөзімін келелі ой - ниеттерге бастап отырған.
Ғылымда халық поэзиясын "Фольклор", ал оны зерттейтін ғылым саласын "Фольклористика" деп атайды. Неміс ғалымы И. К. Кнафльдің анықтауынша фольклор халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Ағылшын ғалымы У. Дж. Томс та бұл пікірді дамыта түскен. Ол бұл фольклор ел арасында туған өлең жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным сенімдерді жинактайтын термин ретінде пайдалануды ұсынған.
Фольклор шығармаларының ерекшелігі тәрбиелік касиеті -ол "қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын болғандықган, пессимизм /тұңғиыққа кету/ дегенді білмейді. Оның бас кейіпкері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм дейміз.
Қазақ фольклорының зерттеуші атасы Шоқан Уәлиханов дейміз. Өзінің "Абылай" деген шағын еңбегінде қазақтың батырлық жырлары XVII ғасырда туып, халық санасымен жасалған десе, "Жоңғария очерктері" атты еңбегінде қырғыз және үйсін тайпаларының тарихи маңыздары эпостық жырларын зерттей келіп, жіктей келіп, эпос, шежіре, этнографиялық материаддарға анықтама берген.
"Қазақтардағы шамандыктың калдығы" деген еңбегінде қазақтың әдет ғұрпындағы, шаманизмнің наным сенімінде үлкен орын алғанын сөз етеді. Шаманизм Шоқанның пікірінше табиғатпен адамды қасиеттеуге негізделеді, ал әруақты сыйлау кие, кесір, көз тиіп, аластау, түрлі ауруға тас бұзатын сиқырлы сөздің қуаты мен ем іздеу, психологиялық ұғымдарға төрт түлік мал жайындағы жырлары бірде материализм, бірде діншілік түрінде халық фольклорына еніп отырған тұңғыш еңбек екендігі және бұл еңбек ғылыми жағынан қазақ этнография ғылымының атасы деп атауға болады. Ал этнография туралы түсінік беретін мұның мағынасы барлық жыр өлеңдермен аңыздардың сөзбен бейңелегендерін біз ауыз әдебиеті дейміз, зат арқылы берілетін ұғымдарды этнография дейміз. Мысалы, тұрмыс-салт жырларын алайық Келін үйге енгенде әйелдер май құяды. Бұл ырымның заттық көрінісі фольклор болады. Күн көрісі малмен байланысты халық болған соң төрт түлікке сай. өлең жырлар көп. Ал олардың этнографиялық көрінісі - малды басқа ұрмау, аяқпен теуіп қорламау, сүтін аяқ асты төкпеу сияқты әдістерге баулу.
Республикамыздың тәуелсіздік жолына қадам басуының жылдық той тойлай отырып, ендігі жерде халықтық салт- дәстүрлер, әдет-ғұрып негізінде жас ұрпақты қайта тәрбиелеу мәселесі алға қойылып отыр. Осы орайда этностық және халықтық тәлім-тәрбие ұғымдарының жарыса қолданылып келе жатқанын да айта кеткен жөн. Алайда бұл екі терминнің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Көп жағдай тәлім бұкаралық сипатта түсіндіріліп, ежелден келе жатқанын әдет-ғұрыптың, тәрбиенің көптеген түрі "ескілік сарқыншағы ретінде зерттеу объектісінен сырт калып келді. Соның салдарынан тәрбие ұлттық құнарынан айрылып, бейұлттық бірыңғай сипатқа ойысты. Этностық тәлім ұғымының ауқымы одан гөрі кеңірек. Ол белгілі ғылым саласы ретінде бір халықтың тәлім-тәрбие мәслелерін тұтас қамтып, оның калыптасу, даму жолдарын әр қырынан қарастырады. Әрі осы халықтың тәлімінің қалыптасуына өзге этностардың да әр қилы, тарихи жағдайларға сәйкес тигізген ықпал әсері де назардан тыс қалдырмайды мұндай байланыстарда халықтың наным-сенімі, көзқарасы, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрінен аңғаруға болады: От, су, топырақ, жануарлардың киесі мен табиғаттың құбылыстарына байланысты ырымдар көптеген халықтарға ортақ. Мұнымен қатар ертегілерде мысалы, "Ертөстік", "Алпамыс" т. б. сияқты ертегілер бірнеше халыкқа тән мәдени мұрасы екенін көреміз. '
Сондықтан ұлттық ерекшеліктерге байланысты мәселелерді этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары қарастырады, этнография мен етене астарласа дамыған этнопсихология әрбір халықтың рухани әрекетінің /миф. фольклор, тіл, дәстүр т. б. / продуктыларын сол халықтың психологиясын, сана-сөзімін көрсететін негізгі критерийлердің бірі деп есептейді. Этнопедагогика халықгық тәрбиенің /ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетика, дене тәрбиесі т. б. / сан алуан әдіс-тәсілдерін, айла-амалдарын қарастырады. Қазақ халқында да ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиенің белгілі жүйесі бар.
Сондай-ақ қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымға, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді /обрядовые/ тұрмыс-салт жырлары деп атаймыз. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.
1. а) Төрт түлік мал туралы
ә) Діни әдет-ғұрып тудырған жырлар /жарапазан, бәдік/
б) Үйлену жырлары /той бастар, жар-жар,
сыңсу, жұбату, беташар/
в) Ұлыс жырлары
г) Бөбек жырлары
д) Жаназалау жырлары /естірту, қоштасу, жоқтау/
ж) Шешеңдік сөздер, мақал-мәтел, жұмбақтар
«Сөз асылы - мақал»- дейді халық, Оны айтушылар да, тұтынушылар да халық. Сондықтан макал халық тәжірибесіңде туған, тұжырымдалған оның ой-пікірі, тыныс тіршілігі, "Түйеге мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі" дегендей, философиялық мәні бар мақал-мәтелді қолданып сөйлеу ерте кезден бері қарай қазақ халқының психологиясына сіңісіп, әдет болған, Онда ел, халық, Отан, бірлік, өнер, білім, еңбек, жанұя, бала тәрбиесі, төрт түлік мал, жан-жануар, ас-қазық, ауру-сырқау, дау-шара, жақсылық пен жамандық, адамгершілік парыз жайында айтылған өнегелі сөздер ете көп. "Туған жерге туың тік", "Ер өзі үшін туады, елі үшін еледі", "Ел іші - алтын бесік" деген макалдар елдікті біддірсе, "Ырыс адды- ынтымақ", "Бірлік болмай - тірлік болмас" деген мақалдар халық бірлігіне, ынтымағына ұласады.
Мақал-мәтеддер халық творчествосының төл жемісі, халықтың моральдық кодексі, тәрбие теориясы. "Адамға өткен дәуір бәрі сабақ". Олай болса заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпақка кітап сөзіңдей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан. Мақал-мәтеддерді көне түркі тілінде "аталар сөзі" деп те атайды, яғни бұл "атадан балаға мирас болып" келе жаткан кдзына" деген сөз.
Ғұлама ғалым Әбу Ибрахим Исқақ Әл-Фараби ол жөнінде былай дейді: "Мақал - өзінің формасы жағынан болсын ақсүйектер мен қарапайым бұқараның да қажетін бірден атқарады. Сол себепті де ол халық арасына кең тараған. Қуаныш пен қайғылы сөттерде де ол ауызға ілігеді. Сол арқылы сараңды жомарттыққа итермелейді. Соның көмегімен /халық/ мақсатына жетіп, меңзеген қайғы мұңынан қүтылады. Бұл өзі бір өтімді де үтымды, нағыз даналық десе даналық. Өйткені жұрт кемеліне келген, кемшлік, мінсіз, әдемі нәрсені ғана қабыл алуы мүмкін".
Әр халықтың мақал-мәтелі сол халықтың өзі жасаған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, оралады. Сөйтіп көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететіні қиын нәрсені жеп-жеңіл. оп-оңай. бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады. Туған еддің қадыр-қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей-ақ: "Ел іші алтын бесік", "Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол" деген сияқты екі-үш ауыз сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы К. Д. Ушинский мақал-мәтеддер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуыңдағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы деп санады. Ушинскийдің нақышты сөзімен айтқанда, балалар тәрбиесі саласындағы мақал-мәтелдер, сондай-ақ басқа да канатты нақыл сөздер, сөздің інжу-маржандары, онда халықтың даналығы, бай-кампаздығы, оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген көзкарасы, үміті мен арман мүддесі калыптасып сақталған.
Макал-мәтел - егіз жанр, туыс жанр. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылығы бар. Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Мысалы, "Толмасқа қүйма, таймасқа берме?".
Ал мәтел жеке түрып тиянақта ойды бере алмайды, тек белгілі бір ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады. Эпитет, теңеу қызметтерін атқарады. Мысалы, "Ат қойып, айдар тағып, көргеннен көзі ақы алған" деген мәтелдер тиянақты ойды біддіріп тұрған жоқ. Бұл жөнінде этнограф, жазушы В. ИДаль мақал-мәтелдің даралық ерекшелігін түсіндіре келіп "Мәтел халық сөзімен айтқанда - гүл, ал мақал дән" дейді. Осы пікірді фольклорист М. А. Рыбникова: "Мәтел - бұл сөз оралымы, калыптасқан сөйлем, пікірдің элементі. Мақал аяқталған пікір, біткен ой"-дейді.
Мақал-мәтелдің әрбір жеке адамның сөзім мүшелеріне әсері Қ. Б. Жарықбаев: "Мақал-мәтелдер адамдарды ақыл-ой, сана-сөзім жағынан екі топка бөледі. Біріншісі, ақыл парасаты мол, ойлы адамдар да, екіншісі, бұған қарама-қарсы сөздің парқына оншама бара бермейтін, оған үстірт қарайтындар. Халық ұғымында ақыл баға жетпес қазына. Білім тәжірибе, тәлім-тәрбие - адам ақылының нәр алатын бұлақтары", -деп тұжырым жасаған халқымның мақал-мәтелінің ақыдцы, ақылсыз адамдардың психологиясын аша түседі. Мысалы, халқымның "Ақылдылар шымыр келер, ақымақтар қыңыр келеді", "Саналы адам сағыңды сыңдырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас", деген макалдар дәлел бола алады. Шыныңда да ақыл ерен еңбектің нәтижесі. Ақылды болу үшін көпті көріп үйрене жүре оның жақсы жағын бойға сіңіре білу керек. Ақыл өте қымбат қасиет. Білім мен ақыл табиғатында егіз ұғымдар. Мысалы, халқым, "Бой жетпеген жерге ақыл жетеді", "Ақыл азбайды, білім тозбайды " деуі дәлел бола алады. Адамда ақыл мен естің егіз болуы да - адам баласы үшін асыл қасиет. Сондықтан халық "Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық", "Есті ірілік көрсетпес" деп есті, ақылды көпке үлгі етіп отыруының өзі үлкен тәрбие мектебі болғанын дәледдейді.
Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны- халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері - мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол - ұрпақ тәрбиесінің кұн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл - халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың мақал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де тұсініктемелеріне арқау бола алады.
Бесік жырының тәрбиелік мәні
Тұрмыс-салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес.
Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сөзім мүшелері аркылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратады, яғни үнамды, үнасымды әсермен баланы жұбатады.
Екіншіден, баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді.
Үшіншіден, ата-ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандар да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Тұсаукесер жырлары
Тұсау кесу - әдет-ғұрыптық, ырым-рәсімдік қуаныіц мәжілісінде айтылатын жыр. Көбінесе, бір жасқа толық, еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата-анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға балбөбектің тұсауын кестіреді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен байланады да, тұсау кескен соң тұсау кесушіге сый-сыяпат көрсетіліп, сыйлық беріледі. Жағдайы келіп, жақсылыққа жайы мол әке-шеше бұл рәсімді кішігірім той-томалаққа айналдырып, баланың тұсауын жарыстан озып келген ең жүйрік азаматқа кестіреді.
Жаңылтпаш - тіл ширату тәсілі
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.
Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сөзімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбінесе әрі тіл ширату, әрі дүниеге таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу.
Отбасында балаға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше жолы бар: ең әуелі бала жаттықтырушының айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез-тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден, бірнеше баланың жаңылтпаш айтудағы жаңылмай айту қабілетімен қатар, қанша жаңылтпаш білетінін байқау үшін жаңылтпаш айтысуын ұйымдастыра білу керек. Жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан, жаңылтпаштарды білуден озып шыққан баланы ынталандырып, мадақтап, сыйлық беріп мерейін арттыру қажет.
Балалар бақшасында фольклорлық кеш өткізіп, онда жаңылтпаш айтысуға да тиісті орын беріп, айтқыш балалардың абыройын арттырып отыру керек.
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар жаңылтпаш айтысып, тіл үстартуды үлкендер де салтқа айналдырған болатын.
Санамақтың тәрбиелік мәні
Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.
1. Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді,
оның үстіне санға аты үйқасқан заттарды танып біледі:2. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге ынталандырады, көңілдендіреді.
Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жаттатып, /олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту - ата-ананың борышы. Ересек балаларға неғұрлым күрделі санамақтарды айтқызып, ол санамақтардың шешімін мүмкіндігінше, өлең ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек.
Мектепте (әсіресе бастауыш класта) күрделі санамақтарды айтып, олардың шешімдерін тез тапқан оқушыларға ұпай қою, баға беру ісі ұйымдастырылады. Қүрделі санамақтарды "Өнерпаздар мен тапқыштар" клубының жарысына қатысушылар да өнер сайысының бір кезеңінде орынды пайдалана білуі тиіс. Ол үшін оқушы ойлануы керек. Ойын кезінде ойлануға кеткен уақыт та есептелінеді.
Жұмбақтың дүниетанымдық, тәрбиелік мәні
Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.
Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса берді. 19-20 ғасырларда бу машиналары, электротехника, радио, телеграф, самолет, ракета, космос кемелері т. б. техникалық, мәдени прогрестерге байланысты жұмбақтар туды.
Жұмбақтарды Аристотель "Жан-жақты жымдасқан метафора" дейді. Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады.
... жалғасыЖұмбақтар, көбінесе үйлесімді үйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады. Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. "Отқа жанбас, суға батпас" (мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады. Авторы белгісіз ел аузында жатталып қалған жұмбақ айтыстар да кездеседі:
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді, тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлендік үйлесімі болуға тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz