Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі

Жалпы жанрлар теориясынан фольклорлық проза жанрларының теориясын бөліп алатын болсақ, оның мынадай басты - басты (түбегейлі) міндеттерін атап көрсетуге болады. Олар: а) прозалық фольклорды басқа қара сөздерден, күнделікті жай әңгіме мен әдеби көркем прозадан ажыратудың ғылыми негізделген критерийлерін анықтау; ә) прозалық фольклордың өлең үлгісіндегі фольклордан айырмасын белгілеу; б) халық прозасының өз ішіндегі жанрлық топтар мен бөлшектерді айырудың принциптерін айқындау.

Аталған міндеттердің ішінде дау туғызбайтыны - өлең түріндегі фольклор мен қара сөз үлгісіндегі фольклордың айырмашылығы. Бұл мәселені шешуде фольклортану ғылымы әдебиет теориясының тәжірибесіне сүйене алады. Сонымен бірге, еркінірек, кеңірек, тереңірек бара алады. Себебі дүние жүзіндегі көптеген халықтар фольклорының дәстүрінде өлең жанрлары әнмен, әуенмен тығыз байланысты болып келеді.

Ғылымға қиынырақ тиетін мәселе - фольклорлық прозаны күнделікті жай әңгімеден, жай сөзден ажырату, яғни фольклорлық прозаға не жатады, екі -үш адамның әңгімесі, сұхбаты қалай аталады (не болады) - міне, осыны анықтау қиын. Басқа сөзбен айтқанда, жай әңгіме де ауызша прозаға жатады, бірақ ол фольклор болып есептеле ме, жоқ пеа - мәселе осында. Біздің ойымызша, жай сұхбат - әңгіме циклге түспесе, бірден -бірге тарап, тұрақтанған сюжет құрамаса, фольклор болып саналмайды.

Фольклорлық проза шығармаларын айтылу мақсатына (пайда болуына да) қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші топты танымдық (познавательный) мақсат көздейтін шығармалар құрайды. Мұндай шығармалар тыңдаушы жұртқа жаратылыстың, дүниенің, адамды қоршаған нәрселердің және неше түрлі жан - жануарлардың пайда болуын, олардың мінез -құлқын түсіндіреді (мифтің барлық түрі, кейбір аңыздар) . Екінші топқа мағлұматтық (информативный) мақсатпен айтылатын шығармалар жатады. Бұл шығармалар көбінесе екі- үш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде болып келеді. Мұнда көп жағдайда айтушы өз басында болған ғажайып оқиғаларды немесе естіген хикаясын әңгімелейді (хикая, меморат -әңгіме) . Үшінші топтың шығармалары көркемдік - тәрбиелік (эстетическо - воспитательный) мақсатпен айтылады. Бұл шығармалардың көркемдігі жоғары, сюжеті дамыған болып келеді. Бұған классикалық ертегілердің барлық түрі кіреді.

Бұл сараланған проза жанрларының арасында қатып қалған шекара жоқ. Олар өзара тығыз байланысты. Бір біріне кірігіп жатады. Мысалы, қиял - ғажайып жағдаяттар кәдімгі ауызекі әңгімеде де кездесіп жатады, немесе таңғажайып оқиғалармен қатар бір ертегіде болмыстың шындық суреттері де ұшырасады.

Оның үстіне оқиға желісінің дамуына байланысты прозалық жанрлар бір түрден екінші түрге ауысып та жатады. Мысалы, тіршілікте жиі кездесетін бір ғана оқиға жай әңгіме болуы да мүмкін, ал осы оқиға көркемделіп, сюжеттік дамуға түссе, ол аңызға, немесе ертегіге айналып та кетеді.

Жанрлардың жалпы көркемдік және морфологиялық (құрылымдық) белгілері көркем творчествоның ғасырлар бойы жасаған тәжірибесінен туғандықтан айтарлықтай тұрақты. Сол себепті фольклорлық проза жанрларының әрқайсысының (айталық, ертегінің, аңыздың, хикая-әпсананың т. б. ) компазициялық және сюжеттік құрамын белгілі бір мөлшерде анықтауға, білуге болады. Белгілі зерттеуші М. Қаған дұрыс жазған: «Жанрлар арасындағы жіктің шарттылығына, олардың өзара оңай кірігіп кету мүмкіндігіне қарамастан өзгермейтін нәрсе - жанрдың объективті түрдегі сапалық белгісі»32.

Прозалық жанрларда қаһармандық пен лирикалық элементтерді көптеп ұшыратуға болады. Бірақ олар жанрды анықтауда критерй бола алмайды. Біз жанрды айқындауда бірнеше шартқа сүйенуіміз керек. Айталық, шығармадағы басым түсіп жатқан (доминирующие) элементтер қандай; басты оқиға, қақтығыс қандай, ол қандай көркемдікпен, құрылыспен бейнеленген; шығармада баяндалған оқиғаға тыңдаушы жұрт пен орындаушы қалай қарайды, сене ме, жоқ па?

Егер баяндалған оқиғаға ел сенсе, оны құрмет тұтса, онда ол шығарма ертегі жанрына жатпайды, яғни аңыздық проза болып есептеледі; ал, баяндалып отырған оқиғаға тыңдаушы жұрт пен орындаушы сенбесе, одан бір эстетикалық ләззат алса, көңілі қанағаттанса, ол шығарма ертегі жанрына кіреді.

Фольклорлық проза шығармалары табиғатқа табынушылықтың салдарынан да пайда болады. Ондай әңгімелер мен мифтердің алғашқы мақсаты - адамға табиғат күштеріне қарсы күрес. Сондықтан олардың мазмұны - адамның небір ғажайып мақлұқтармен кездесіп, қақтығысуы, солармен соғысуы болып келеді.

Бірте -бірте фольклорлық проза адамның табиғат күштерімен қақтығысын тікелей бейнелеуден арылады, ол енді көркем жанрға айнала бастайды. Сөйтіп, оу - бастағы қарапайым миф, әңгіме енді көркем шығарма бола бастайды. «Шығарма құрылысының қарапайымдылықтан күрделілікке ауысуы, іс- әрекетті төтелеп баяндаудан гөрі диалог, монологтар беруге ұмтылушылықтың бой көрсетуі олардың жаңа деңгейге көшуінің де көрсеткіштері болып саналмақ».

Бүкіл совет фольклортану мен әдебиеттану ғылымдарының прозалық жанрларды нақтылы - тарихи тұрғыда зерттеу нәтижелері мен жетістіктері енді прозалық жанрларды салыстырмалы - типологиялық тұрғыда қарастыруға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге, жанрлардың жүйе ретінде даму мен өмір сүру, қызмет ету заңдылықтарын ашу мүмкіндігі туып отыр.

Біздің еңбектің бір нысанасы - осы заңдылықтардың басты жолдарын айқындау, прозалық жанрлардың даралану принциптерін анықтап, олардың типологиялық белгілерін ашу.

Ғылымның қай түрі болса да өзінің объектісін зертеу үшін ең алдымен қолда бар нәрсені жүйелеп, саралап алады. Яғни классификация - зертт еудің негізі және басты шарты. Сонымен бірге материалды саралау - ең бірінші қадам емес. Саралаудан бұрын материалды жинау керек, онымен түгел танысып шығып, топтастырып, оның негізгі қасиеттерін білу міндет. Зерттеудің предметін, объектісін анықтау үшін, оны белгілі бір топқа, түрге, бөлшекке жатқызу лазым. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, бүкіл совет фольклортану ғылымы алдында үлкен әрі күрделі міндеттер тұр. Солардың бірі - фольклор жанрларын саралаудың тиянақты шарттарын анықтау. Бұл қазақ фольклортану ғылымы үшін де аса маңызды мәселе.

Фольклор жанрларын саралау әр түрлі мақсатта болуы мүмкін. Таза практикалық мақсатпен саралау да, ғылыми танымдық мақсатпен саралау да бар. Практикалық саралау күнделікті жұмыс үшін аса маңызды. Ол қатесіз болмауы ықтимал, бірақ ғылыми тиянақты саралау пайда болғанша оның атқаратын қызметі зор. Мұндай саралауды кітапханалар мен баспалар, архивтер мен библиографтар және фольклорды жинаушылар мен шығарушылар қажет қылады. Кез келген жинақ құрастырушы немесе фольклорлық экспедиция ең алдымен сұрыптайды, топтайды, бір жүйеге келтіруге тырысады. Бұл - саралаудың алғашқы түрі, ол күнделікті жұмыс барысынан туған қажеттік. Сондықтан мұндай саралауға жоғары талап қоюға болмайды. Егер практикалық саралау қолдағы материалды дұрыс анықтап, білуге жәрдемін тигізсе, онда ол саралау өте орынды болғаны өз міндетін атқарғаны. Міне, осындай саралаудың жақсы үлгісі ретінде біз М. Әуезов пен Е. Ысмайыловтың басқаруымен жинақталып, жарыққа шыққан үш томдық «Қазақ ертегілерін» атар едік. Мұнда, шынтуайттап келгенде қазақ халық прозасының негізгі дерлік жанрлары қамтылған. Әрине, олар біркелкі атаумен аталмаған және біріңғай ғылыми түрде сараланбаған. Бірақ бай материал жақсы жүйеленген. Құрастырушылардың практикалық мақсатында жүйеленген шығармалар жалпы қазақ халық прозасы туралы оқырманға керегінше мағлұмат береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін томдарды сипаттап шығайық.

I томның текстері былай жүйеленген: қиял -ғажайып ертегілер, хайуанттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер, Жиренше шешен мен Алдар көсе туралы аңыздар, Қожанасыр туралы аңыздар.

II томында : қиял -ғажайып ертегілер, хайуанттар туралы ертегілер, тұрмыс салт ертегілер, аңыз ертегілер, Алдар көсе туралы аңыздар, Қожанасыр туралы аңыздар.

III томның жүйеленуі : қиял -ғажайып ертегілер, хайуанттар туралы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер, аңыз ертегілер, өтірік ертегілер мен күлдіргі ертегілер, Жиренше шешен мен Алдар көсе туралы аңыздар, Қожанасыр туралы аңыздар.

Міне, барлық томда қазақ ертегілерінің негізгі үш жанры -өзгеріссіз, тұрақты түрде белгіленген. Ал, классикалық ертегі жанрына кірмейтін шығармалар аңыз ертегі, әңгіме, өтірік және күлдіргі ертегі деп топтастырылған. БҰл атауларда терминдік ұғым болмаса да, олар топқа енген шығармаларды сипаттап тұр. Демек, жинақтағы алғашқы практикалық чаралау өз міндетін толығымен атқарған. Ендеше практикалық саралау - қажетті де пайдалы іс.

Алайда фольклорлық жанрларды, дәлірек айтсақ халық прозасының түрлерін жан -жақты, терең зерттеу үшін бұл жеткіліксіз. Енді практикалық іске сүйене отырып, ғылыми тұрғыда саралау керек. Ғылыми саралау үшін ең алдымен әдетте, әр түрлі көрсеткіштер жасалады, архивтегі фольклор үлгілері каталолгқа түсіріледі. Яғни жиналған архивтерде, қолжазба қорларында сақталған, сондай -ақ жарыққа шыққан фольклорлық шығармалар барынша түгел есептелінеді. Содан кейін ғана фольклордың жанрлары ғылыми саралауға түседі.

Қай халықтың фольклорында болсын прозалық жанры жеке бір үлкен топ құрайтыны, бірақ оның әлі күнге дейін айтарлықтай зерттелмей келе жатқаны жайында ғалым - фольклористер ертеден жаза бастаған. Мысыалға, европа оқымыстылары А. Иолесс, К. Сидов, А. Весельский, А. Никифоровтардың халық прозасын жүйелеп, саралауға арналған еңбектерін атауға болады. Осы еңбектерді және орыс халық прозасына, оның ішінде ертегіге жатпайтын тобына арналған зерттеулерді шолып шығып, Қ. В. Чистов 1964 жылы былай деп жазды:

«Фольклортану ғылымында халық розасының жанрлары әлі күнге дейін сараланбаған, оларды атайтын терминдер халықаралық дәрежеде жүйеленбеген . . . Ертегіден басқа жанрлардың сюжеттік құрамы ойдағыдай анықталмаған, әрі есепке алынбаған, әпсана - хикаяттардың, әңгімелердің көптеген циклдері зерттелмеген».

1934 жылы неміс ғалымы К. Сидов халық прозасының ертегіден тыс жанрларын айтылуына қарай хабар ( Chroniknotizen), естелік ( Memorat) және әігіме (Fabulat) деп үшке бөлген.

Бұл терминдер халықаралық фольклортану ғылымында кең қолданылып кетті де оларға жанрлық ұғым берілді.

Швейцер оқымыстысы М. Люти мен чек ғалымы О. Сировтақа халық прозасын ертегілік және аңыздық деп бөлгенде, айтушы мен тыңдаушылардың шығармаға сенетіні, сенбейтіні негізге алынбау керек деген пікір айтады. Олардың ұсынған шарты бойынша, мәселен, ертегіге жатпайтын прозаны адам мен о дүниенің арасындағы қатынас негізінде жіктеу керек, ал ертегіні саралауға кейіпкердің даралануы, аластануы, ескерілуі қажет.

Классификацияның мұндай шарттары ғылыми жағынан дәлелсіз.

Орыс совет фольклортануында халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрларын зерттеу ісі 50 -60жылдардан бастап қолға алынды. Бұл ретте В. Я. Пропптың, В. А. Аникиннің, Н. И. Кравцовтың, С. Н. Азбелевтің т. б. еңбектерін атауға болады. Бұл зерттеулер жалпы фольклортану ғылымы қабылдайтындай саралау жүйесін жасамаса да, белгілі бір заңдылықтарды ашып, әр прозалық жанрды комплексті жүйеде зерттеу қажеттігін көрсетті. Аталған еңбектердің нәтижелері оқулықтарға еніп, халық прозасының әр жанры жеке қарастырылатын болды.

Аса көрнекті ғалым, совет фольклортануы теориясының негізін қалаушылардың бірі В. Я. Пропп халық прозасын екі үлкен салаға бөледі: ертегі және мазмұнына ел сенетін әңгімелер. Ол ертегілерді түр деп санайды да, оның ішкі бөлшектерін жанр деп есептейді. Сонда ертегі мынадай жанрларға бөлінеді: қиял - ғажайып, тізбекті (кумулятивтік), хайуанттар жайында, адамдар туралы, өтірік және жалықтыратын ертегі.

Ал, ертегіден тыс прозада оқымысты мынадай жанрлар бар дейді: себепті (этиологиялық), мифтер, хикая(были), әпсана-хикая (легенды), тарихи аңыз (исторические предания), жай әңгіме (сказы) .

Жанрларды саралаудың басты критерийі деп В. Я. Пропп олардың морфологиялық (құрылымдық) белгілерін айтады.

Халық прозасын көп уақыт бойы арнайы зерттеген К. В. Чистов жанрларды жіктеп, саралаудың негізгі принципі - әлеуметтік - тұрмыстық функция деп есептейді. Осы негізінде ол кісі бүкіл халық прозасын екіге бөледі: а) эстетикалық функциясы айқын жанрлар (ертегінің барлық түрі, мысал, өтірік, анекдот) ; ә) эстетикадан басқа қызмет атқаратын жанрлар (аңыз, әпсана - хикаят, әңгіме, хикая) .

Фольклордың прозалық жанрларын зерттеп жүрген ғалымдардың бірі С. Н. Азбелев халық прозасын көркем және қарапайым деп екіге бөледі. Оның былай саралауда ұстанған принципі - әр жанрдың болмысқа, шындаққа қатынасы.

Фольклорды эстетикалық тұрғыдан зерттейтін В. Е. Гусев халық прозасын жанрларға саралағанда, үш түрлі негізгі критерийді ұстану керек деп есептейді. Біріншісі - шығармада шындықтың типтенуін ерекшелендіретін саласы, екіншісі - бейнеленген шындықтың қабылдануы және осымен байланысты сол шындықтың бейнелену түрі, ал үшіншісі - шығарманың әлеуметтік тұрмыстық функциясы.

Бұл жерде, түптеп келгенде, үш емес, екі принцип бар. Ол - жанрлардың шындыққа қатынасы және атқаратын қызметі. Басқаша айтқанда, фольклорлық шығарма болмысты, шындықты қалай бейнелейді, және ол қандай мақсатпен айтылады - міне, осы екі нәрсе жанрды ерекшелендіретін басты шарт.

Қазақ фольклортауында халық прозасын жанрға сараламай, түгелімен «ертегі» деп ұғу қалыптасып кеткен. Мысалы, қазақ фольклорына арналған М. Ғабдулиннің оқулығында былай деп жазылған: «Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлемі. Солардың ішінде бастылары : қиял -ғажайып ертегілер; ә) хайуанттар жайындағы ертегілер, б) тұрмыс салт ертегілері және аңыздар».

Көріп отырғанымыз: ертегі жанрына аңыздар да кіріп кеткен. Бірақ не себепті бұлай істелгені кітапта айтылмайды. Сондықтан жанрлық саралауда автордың ұстанған шарты белгісіз. Оны мынадан да көруге болады. Осы еңбегінде ғалым жаңағы аталған ертегілер тобынан аңыз - әңгімелерді жеке бөліп атайды, оған Алдар көсе, Асан қайғы, Жиненше шешен туралы шығармаларды жатқызады.

Демек, М. Ғабдуллин қазақ халық прозасында ертегіден өзгеше жанр бар екендігін аңғарып, соны М. Әуезовтың пікірімен қосыла отырып, аңыз - әңгіме деп атайды. Бұл жанрды жіктеудегі ғалымның крийтерийі - шығарма оқиғасының шындығы, өмірде болғандығы. Бұл да М. Әуезовтың пікірінен шыққан.

М. Әуезов 1927жылы жарыққа шыққан кітабында кейін, 1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп жазған еңбегінде одан соңғы зерттеулерінде де ертегі жанрын арнайы қарасытырып, оның ішкі жанрларын сипаттап берген еді. Сондай -ақ ол кісі халық прозасында ертегіден басқа да жанрлар бар екенін анықтап, оларды бірде аңыз ертегілер бірде аңыз әңгімелер деп атаған.

1948жылы жазған еңбегінде М. Әуезов қазақ ертегісін классификациялық мәселесінде Европа мен Россия ғалымдарының тәжірибесіне сүйену керектігін айта келіп, былай деп жазады:

«Ендігі тереңдеп тексерулерде қазақ ертегісін де сол аарне каталогында салыстырып, сол әдіспен зерттеп ұғынуымыз керек.

Қазақ ертегілерінің көбі жиылып жазылмағандықтан қазір бұл әдісті қолданбай отырмыз.

Орыс халқының 2136 ертегісін Андреев жиылған басылған күйде қолына алып отырып, тексеру жасаса, қазақта ертегі байлығы бірнеше жүз -ақ болып жазылған. Талай жүздеген ертегілер әлі қағаз жүзіне түскен жоқ. Барлық ертегі қоры жиналып топталмай тұрғанда Аарне каталогынан қазақ ертегілерінің барлық орындарын көрсетіп жіктеу мүмкін емес. Аз материалмен шалғай үстірт шолу ғана жасауға болады.

Бірақ түбінде аз жылдар ішінде қазақ халқы айтып жүрген бар ертегіні шама келгенше мол жиып алып отырып, сол жаңағы Аарне - Андрев үлгісіндегі дүние жүзілік каталогке қоса тексеру өте қажет болады.

Әзірше, жиылған дерек аз болғандықтан біз қазақ ертегісін бүгінгі бар, мәлім түрлерінің ретімен ғылымдық жалпы классификация бойынша, көпшілік қолданатын жанрларға бөліп тексереміз.

Міне, бұл айтқанның бәрі де ертегі жөніндегі ғылымдық, жалпы негізгі түсініктер. Енді осында аталған бағытпен қазақ ертегілерінің жіктеріне, түрлеріне келейік. Тек алдын ала ескертетін тағы бір сөз - бұл топқа нағыз ертегінің өз түрі ғана емес, өзге қосымша үлгілер де кіретін болады. Ертегі қатарында қара сөзбен айтылатын аңыз - әңгіме, тарихта болған кейбір адамдар жайындағы мұраларды да тексереміз. Әсіресе, бұл адамдардың тарихтағы дәл болған кездері анық еместіктен және жұрт әңгімесі олар жайындағы сөздерді ертегіше өскелең, еркін қиялмен бейнелегендіктен ол мұраларды осы топқа қосамыз. Жалғыз ақ жалпы ертегінің өзге түрлерінен айыра ұғыну үшін олар жайындағы халық шығармаларын «аңыз ертегі», «күй аңызы» деген түрге бөлеміз. Және ертегі атаулы мен бұл түрдегі ескерткіштерді бір арада тексеруіміздің себебі, қара сөзбен айтылатын тіл, стиль жөніндегі бір тектестіктен екенін ескертеміз.

Демек, М. Әуезов қазақ фольклортану ғылымында тұңғыш рет қара сөзбен айтылатын бір тектсе шығармаларды жеке дара бөліп алып, жанр ретінде қарастырды. Рас, ғалым қара сөз үлгісіндегі шығармаларды тек мағынасында түсінген ал ертегіні топ деп пайымдаған. Сол себепті ол «ертегі тобына қосылатын фольклор тобын . . . негізгі үш жікке «бөлген. Яғни ертегінің түрлерін жанр деп есептеген.

Қара сөз үлгісіндегі фольклорды М. Әуезов ертегі, аңыз ертегі, күй аңызы деп саралағанда, ол крийтерий қылып шығарма мазмұнындағы оқиғаның ақиқаттығын және шығарманың тілдік, стильдік ерекшеліктерін алған. Бұл сол кез үшін үлкен табыс екенін атап айтуымыз керек. Сөйтіп, М. Әуезов халық прозасын ғылыми тұрғыдан классификациялауды ұсынып, оның басты шартарын белгіледі.

Кейінгі жылдары М. Әуезов өзі анықтап, жіктеген жанрына терминдер жасап, оларға ұғымдық мағына беруге талпынды. 1957, 1959, 1961 жылдары жарық көрген еңбектерінде ол халық прозасы жанрларын атау үшін бір топ терминдерді қолданды. Әсіресе, ертегіден басқа прозалық фольклорды атаған терминдері көңіл аударарлық: аңыз, аңыз ертегілер, ертегі -аңыз, жұмысшы нақылдары, өмірбаяндық әңгімелер - «болғандар», анекдот әңгімелер. Аталғандардың ішінен бір тобы мағынасы жағынан нақтыланған. Жұмысшы нақылдарын ғалым орысша «сказы» деген, өмірбаяндық әңгімелер «болғандарды» орысша «быль» деп анықтаған. Және бұл жанрлар қазақ фольклорында кеш пайда болған деп есептейді зерттеуші. Ал, терминдердің енді бір тобы - аңыз, аңыз әңгімелдер, аңыз ертегілер, әңгіме ертегілер - мағынасы жағынан айқындалмаған, бәрі «аңыз» («легенда») ұғымында қолданылады. Біздіңше, алдыңғы топтың да, кейінгі топтың да қабылдауға болатындарын алып, оларға белгілі бір нақты мағына беру керек. Егер біз бұл іске ынтамен жанарлықпен қарасақ, халық прозасының барлық жанрларына ат қойып, айдар таға аламыз. Мұны біздің бүгінгі ғылымымыз, халық прозасын зерттеудің зәрулігі қажет қылып отыр. 1957 жылы М. Әуезов пен Е. Ысмайыловтың:

«Ғылым дүниесінде ертегіні түр, жанр жағынан жіктеу әлі белгілі бір жүйеге түсіп қалыптанған жоқ. . Әрине, бұл жіктеуді түпкілікті бір әдебиет заңы деп санамаймыз; қолда бар материалға сүйеніп айтқан алғашқы тексерудің, бақылаудың қорытындысы ғана», -деп айтқан сөзі әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Фольклордың прозалық жанрлары бүгінге дейін ғылыми жіктеуге толық түскен жоқ. Біршама зерттелді деген ертегілік прозаның өзі де жанрлық тұрғыдан зерттеліп біткен жоқ. Аға буын фольлористердің еңбектерінде ертегі жалпы сипатталып зерттелді де, тек 70- жылдары ғана ертегінің ішкі жанрлары жеке зерттеле бастады.

Алайда, бұл зерттеулерде қиял- ғажайып ертегі мен тұрмыс - салт ертегі жеке жанрлар ретінде қарастырылды, олардың шығу тегі мен жанрлық сипаты, өзіндік ерекшеліктері, образдар жүйесі мен поэтикасы зерттелді. Сондықтан жалпы жанрлар теориясы мен фольклорлық жанрларын жүйелеу, саралау мәселелері назардан тыс қалды.

Тек, 1968жылы орыс, тілінде жарық көрген «қазақ әдебиетінің тарихында» ғана халық прозасын бір жанрлық жүйе тұрғысында қарастыру нышаны болды. Онда да бүкіл халық прозасына арналған тарау «Ертегілер» деп аталып, ертегіге жатпайтын прозалық жанрлар арнайы тараумен бөлінбеді. Дегенмен, олар бұл кітапта «былички, предания, легенды» деген атпен арнаулы түрде қарастырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проза, оның даму сатылары және дәстүрмен жаңашылдық
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
Проза жанрының қалыптасуы мен дамуы
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗА
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Ауыз әдебиеті - әдеби тілдің бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz