Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Франк мемлекеті және оның құқығы

Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Рим империясы
Еуропаның ескі мемлекеттеріне жататын, онымен қатаркүшті жаңа мемлекеттер
пайда болды. Жаңа халықтар бір-біріне ұқсамайды, олардың құрылысы
тайпаларға ұқсайды. Олар бір-бірімен жиі соғысатын. Парсылардың және
римдердің империялары ыдырап, әлсіресе, дала тайпалары күшейіп, өрлеудің
жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Бұл тайпалар: хұн, алаңдар, дала көшелері Батыс
Еуропаға жылжыды. Еуропада герман тайпалары: франктер, лангобардтар,
вандалдар, вестготтар және остготтар туған жерлерін қалдырып, басқа жаққа
қоныс ауыстыра бастады. Олар Рим империясының Рейн және Дунай өзендерінің
арғы жағалауындағы жерлеріне қызығып жүретін. Герман тайпалары бұл жерлерге
бұрын да шабуыл жасаған болатын. Бірақ шығыс тайпалары қыса бастағаннан
кейін, олардың белсендігі күшейді. Герман тайпалары бұрыннан Рим
империясының шекарасын қорғайтын әскерлерде қызмет атқаратын, бірақ
бірсыпыра уақыт өткеннен кейін Рим императорлары герман халқынан шыққан
әскерлерсіз өз жерлерінің шекарасын қорғай алмайтынын түсінді. Германдардан
құрылған әскерге толық сенуге болмайтын. Оларды басқарған бастықтары
өздерін Рим императоры ретінде мәлімдеп, азаматтық соғыс ашатын болды. Рим
азаматтары әскерге қызмет істегісі келген жоқ.
Рим халықтары герман тайпаларының бәрін " варвар " жабайы деп атайтын.
Бұл сөз гректерден рим халықтарына көшіпті, олар римдіктерден басқаның
бәрін " варвар " деп атады.
Варварлар Рим империясын солтүстік шекарасы жағынан, франктер Рейн өзені
жағынан, готтар, аландар және хұндар Дунай өзені жағынан қыспаққа алады.
Бұл тайпалар бір-біріне ұқсас болмаса да, оларды біріктіретін жалпы бір
ортақ нышан – бәрінің атты әскері болды. Туғаннан ат құлағында ойнайтын
олар өмірлерінің жартысын ат үстінде өткізетін. Рим империясының әскері
көбіне ауыр қаруланғанлегионерлерден тұратын. Бірақ 378 жылдан бастап гот
пен хұндардан жеңілгеннен кейін, өз әскеріне өзгеріс енгізді. Олрда да атты
әскер құрылды. Рим қоғамы екіге бөлінді: бір жағынан әскери адамдар, екінші
жағынан әскерге қатыспайтын азаматтар. Варварлар олай бөлінген жоқ. Олардың
бүкіл ер адамдары әскерге қатысты. Көсемдердің де және белгілі адамдардың
да жеке сарбаздары болатын. Бастық оларды қаруландырды,асырады және
басқарды. Варварлар жауынгер болды. Олар көшпелі өмірді қалады, сол үшін де
жаңа табыс, жер мен жайлау іздестіруге мәжбүр еді.Ақылды көршілерінен
соғыстың жаңа әдістерін жылдам ұғып үйренетін. Сондықтан олар Рим
империясын жеңіп, тізе бүктірді.
Рим империясының шекаралары 410 жылдан бастап бұзыла бастады. Италияны
вестготтар, Галлияны вандалдар мен аландар басып алды. Төменгі Рейн
жағалауында жүз жылдан астам уақыттан бері франктер тұрып жатты.
Солтүстік Африканы вандалдар тайпалары басып алды. Сонымен Рим империясы
шегірен былғарысы сияқты қусырылы берді. 455 жылы Африкалық вандалдар Рим
қаласын талап, өздеріне бағындырды, Италияны олар Рим императорына
қалдырды, оның әскерлері франктерден тұратын. 476 жылы Одоакр-герман әскери
бастығы Ромун Августул – соңғы Рим императорын тақтан қуды да, мемлекет
билігін өз қолына алды. Алайда оның қолына тигені Рим империясының қаңқасы
ғана болатын.
Ондаған ғасырлар болйы Рим бүкіл дүние жүзінің біраз елдеріне билік
жүргізді. Ал енді оның дәуірі аяқталды. Ескі дүниенің күндері аснаулы еді.
Сонымен қатар жаңа дүние туды. Олар қазіргі еуропа мемлекеттерінің негізін
қалады. Сондықтан 476 жылы тарихшылар жаңа кезеңнің, жаңа дәуірдің басы деп
санайды. Ежелгі мемлекеттердің орнына орта ғасырлар мемлекеттері келе
бастады. Римді басып алған тайпалар Еуропа жеріне жаңа мемлекеттердің,яғни
кәзіргі еуропаның негізін құрды. Рим империясының қаңқасынан пайда болған
Франк мемлекеті ерте-феодалдық Еуропаның ең ірі мемлекеттерінің бірі деп
саналды. Ол дамуының ең жоғары шетінде қазіргі Франция, Бельгия,
Люксембург, Нидерланд мемлекеттерінің кейбір аудандарын, ГФР, Италия және
Испанияның жерлерін біріктірді. Демек, Франк мемлекетінің 400 жылдық тарихы
қазіргі Еуропа мемлекеттер көшінің басы деп санауға болады.
Франк мемлекеттерінің пайда болу үрдісін өзіндік ерекшеліктері көп.
Галлия – Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуәрдің бас кезіндегі V ғасырда
ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Құлдар, колондар, шаруалар, қаланың
кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып,
билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар,
франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Олар небәрі жирма
жылдай ғана уақыт мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.
486 жылы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы
наместнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг
руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвик басқарды. Франктер әскери шабуылдармен
өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк карольдері Меровинг
руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери
демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Христиан дініне ену үшін
Хлодвик өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтті. 496 ( 497 ) жылы Рим
католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты.
Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвик мемлекеттің шекарасы
Пренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да
оған кірді.
Франктер Галлияны басып алғаннан кейін олар таптық қоғамның құрылуы мен
мемлекеттің пайда болу үрдістері жедел өтті. Франктердің әскери көсемдері
Галлияға жорыққа барып келгеннен кейін қатты байыды. Олар жаңа жерлерге,
малға, құлдарға ие болды. Кейін басы бос туысқандарын да өздеріне бағындыра
бастады. Франк шаруалары жаңа жерде қауым құрды, ол марка деп аталды.
Қауымды бүкіл орман, жайлау, құнарлы жерлер марканың жеке меншігінде болды.
Франктердің көбі жеке бостандық бар адамдар болғандық, олар ауыл
шаруашылығын мемлекет басқару функциясымен қоса атқарды. Олардың құқықтары
мен міндеттері мынандай болатын: әскерге қатысу, жүздіктің жиналысына бару,
сот шешімдерін орындау, сот қызметкерлерін сайлау, әскери табысты бөлісу.
Әрбір бос франктың үйі, жер үлесі, шетелден келген құлды,яғни, жартылай
бостандық сақтаған литті жеке меншігінде ұстады. Бұдан басқа оның
ормандарды, жайлауларды, суды басқалармен қатар пайдалануға құқығы бар
болатын.
Бір ауданның адамдары қауым құратын. Қауымның адамдары бір-біріне көмек
беретін, өлген адамдардың жерін және бөлінбеген жерлерді бірге
пайдаланатын. Ерікті франктерге франк ақсүйектері қарсы тұрды, бірақ
алтыншы ғасырда олар ерікті франктерді әлі езуге сала алмаған еді. Маңызды
мемлекеттік қызмет орындары ақсүйектердің қолында болатын. Олардың жеке
меншігін шетелдік құралдар және кейбір тәуелді адамдар құрайтын.
Құнарлы жерлер үлеске бөлініп, әрқайсысы жеке отбасыла адамдарға
пайдалануға беріледі. Уақыт өте келе жаңағы үлестер әр отбасының жеке
меншігіне айналады. Жаулап алған жерлердегі бағынышты халық езгіге түсті.
Бірақ Римдік ақсүйектер өздерінің байлықтарын сақтап қалған болатын.
Франктердің және галло-римдердің ақсүйектері өзара аралас-құралас болып,
біріге бастады.
Олар халықты өздерінің үстемдігіне көндіріп, ортақ мүдделерін қорғау үшін
мемлекет құрды. Рулық қоғамның орнына мемлекеттік құрылыс пайда болғаны да
осы кезең.
Мемлекеттік жоғары лауазым иесі-король басқарды. Оған әскер, түрме, басқа
күш қолданатын органдар жәрдем жасады. Франктердің жерлері округтерге
бөлінген еді. Олар паги деп аталды.
Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвик ( 486-511 ). Ол Меровингтер
руынан шыққан көсем. Хлодвик әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның
жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-әрекеттері аз емес.
Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының
астына кірді. Король атағы оның ер балаларына мұралықпен берілді. Сондықтан
франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын. Ол халық
әскерін басқарды. Ол әскерге франктер ғана емес, галло-римдер де қатысатын.
Король епископтармен және жоғары вельможалармен ақылдасып, бүкіл жоғары
қызметкерлерді тағайындады. Олар сыйлық ретінде жер және басқа заттар
таратты. Корольдің сарайы ең жоғарғы мемлекеттік орган болды.
Франк мемлекеті ерте-феодалдық мемлекеттер қатарына жатады. Бұл мемлекет
феодалдық қарым-қатынастарға құрылған. Мұның өзі жаңа қарым-қатынастар
үстемдік ететін екі топты жоғары көтереді. Олар франктер мен галло-римдер.
Дегенімен олардың феодализмге келу жолы бірдей емес еді. Франктер
феодализмге рулық қоғам ыдыраған соң келсе, римдер құл иеленушілік
қоғамының барлық кезеңдерінен өтіп, құл иеленушілік дағдарысқа ұшырағаннан
кейін ғана феодализм жүйесіне бет бұрды.
Франк монархиясының бірінші кезеңі Меровинттердің монархиясы деп аталды.
Хлодвиг қайтыс болғаннан кейін оның балалары бір-бірімен тіл табыса алмай,
соғыс бастады. Бұл шиеленіс жүз жылдан аса уақытқа созылды. Мемлекет
бірнеше рет ұсақ тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.Жетінші ғасырда Кароль
феодалдардың өзіне қарату үшін жерге қатысты жаңа саясатын жүргізе
бастағаннан кейін ғана жағдай тынышталды. Ол феодалдарды жеке меншігіне
көптеген жер үлестерін таратты. Бұл жерлер " бенефиции" деп аталатын. Жер
үлесін алған феодал королге қызмет істеуге міндетті болды. Кейін бұл жерлер
аллодқа айналды. Аллод дегеніміз-толық жеке меншікке жататын жерлер.
Сонымен корольдің жасақтары мен әскерлері жерге ие болды. Меровингтер
тұсында бұлар тез байып кетті. Феодалдармен қатар шіркеу де ауқаттанып,
нығая түсті.
Франк шаруаларының да жағдайлары өзгерді. Олардың арасында саралау үрдісі
басталды. Шаруалардың көбі жеке бостандығын жоғалтып, жерінен айырылып,
амалсыз прекарлық қағаз грамота жазуға тиісті болды.
Прекарий, Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп,
меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды.Әмірші сол
жерді оған кері қайтарып қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа
өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп,
салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қағаздарда шаруаның жеке басының
міндетті туралы ештеңке айтылмайды. Бірақ бұл шарт шаруаның жеке басын
феодалға бағындыруға жағдай туғызды.
Бенефиций-феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бұл шарт
бойынша "сеньор,вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий"
делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа жерді алғаны үшін
әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефицарий керек кезінде жылына бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франктер олардың королі хлодвиг
Франктерді Галлияны жаулап алуы
Жерге жекеменшіктің орнауы
Франк мемлекеті және оның құқығы
Феодалдық қоғамның құқықтық мұралары
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Франк мемлекетінің құрылуы
Ежелгі мемлекетер тарихы
Феодалдық қоғамның құқықтық дамуы
Пәндер