Франк мемлекетінің құрылуы және феодалдық қатынастардың дамуы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Франк мемлекетінің құрылуы және феодалдық қатынастардың дамуы.
Австразияның Пипиндер әулетінен шыққан майордомдары (Пипин
Геристальскийдің төңкеріс ұрпақтары), біріккен Франк
мемлекетінің билеушісі болғаннан соң, Франк корольдерінің жаңа
династиясының негізін қалады. Бұл династия кейініректе, өз уәкілдерінің ең
ірі — Ұлы Карлдың есімімен, Каролингтердің династиясы деген атқа ие болды.
Каролингтер әулетінің уәкілдері (Пипиндер) Франк мемлекетін VII ғасырдың
аяғынан IX ғасырдың орта шеніне дейін әуелі жалқау корольдердің жанындағы
майордомдар ретінде, ал содан соң корольдер ретінде басқарып биледі. франк
мемлекетінің тарихындағы бұл дәуір іадетте каролингтік дәуір деп
аталынады.
Карюлингтердің билеген кезінде франк қоғамында аграрлық қарым-
қатынастарда төңкеріс жасалды. Бұл төңкеріс жерге феодалдық меншіктің
қалыптасуын, шаруалардың крепостнойларға айналуын және феодалдық құрылыстың
орнатылуын тездетті. Бұл төңкерістің мәнісі — қауымның ішіндегі әлеуметтік
жіктелудің есебінен ірі жер меншігінің жедел өсіп, қауымдас шаруалар
бұқарасының күйзеліп әбден кедейленулерінде болды. Бұлар өздерінің
аллодтарынан айрылып, бірте-бірте тәуелді адамдарға, ал содан соң
крепостнойларға да айналды. Меровингтердің тұсында басталып және сол кезде
бір-шама Чэаяу жүргізілген бұл процесс, VII—IX ғасырларда аса қауырт сипат
алды: ол ірі ақсүйек және шіркеу жер иелерінің шаруалардың жер үлестерін
тура басып алушылықпен тездетілді. Бұл топтың екеуі де күш жұмсау және
алдап-арбау арқылы қауымдастардың жерлерін шімірікпестен өздеріне тартып
ала берді. Каролингтік дәуірде шаруалардың күйзеліске ұшырап, әбден
кедейлене түсуіне, оларды шаруашылықпен айналысудан гөрі әскери
міндеттемелерді орындау үшін үнемі алаңдата берген шексіз ішкі және сыртқы
соғыстар мен егіннің жиіжиі шықпай қалып, аштыққа ұшырай берушіліктері де
себепкер болды. Шаруалардың жерлері қожаның меншігіне айнала берді және ең
қолайлы дегеннің өзінде оларды бұрынғы иелеріне — шаруаларға —оброк немесе
барщиналық еңбекпен өтеу үшін пайдалануға берілді. Ал шаруаның өзі бұрынғы
жер иесінен енді тәуелділікке немесе тіпті крепостной адамға айналды.
Жер қарым-қатынасындағы бұл төңкерістердің басталуы VIII ғасырдың
бірінші жартысына жатады. Бұл кезде Франк мемлекетінде бір-біріне қарама-
қарсы дұшпан екі тап қалыптасты: бір жағынан, үлкен ірі жер иелерінің табы
болды. Бұған кіретіндер өздерінің жерлеріне ешбір шүбәсіз жеке меншік
(аллод) правосында қожалық етті және сол себепті өздерін орталық өкіметке
біршама тәуелсіз ұстады және тіпті керек десе қолдарына қару алып, жиі-жиі
оған қарсы шығып та отырды; екінші жағынан, әйтеуір белгілі бір дәрежеде
тәуелсіздікке ұшырап, жер меншігінен жұрдай болып айырылған сансыз көп
шаруалар табы болды. Ал осы таптармен қатар франк қоғамында тағы да қауым-
марканың ішіндегі әлеуметтік ыдыраудың нәтижесінде пайда болып, сан жағынан
әжептәуір көп аралық топтар да өмір сүрді. Бұлар шаруалар типтес, ішінара
еріксіздердің еңбегін пайдаланған ұсақ және орташа аллодшылар болды. Олар
кейде аллодпен қатар феодалдык типтес ұсақ жер ұстаушылар ретінде (ұсақ
вотчинниктер) вотчиналарда жер ұстау кәсібімен айналысты.
Міне нақ осы аралық топтардың есебінен едәуір дәрежеде VIII және IX
ғасырдың басында болған аграрлық төңкерістің процесінде феодалдық қоғамның
ңегізгі таптары, атап айтқанда, тәуелді шаруалар табы қалыптасьш шықты.
Франк қоғамының әлеуметтік құрылысындағы өзгерістер Пипин Геристальскийдің
мирасқоры — майордом Мартелл Карлдың саясатың. белгіледі.
Қарл Мартелл (Молот), 715 жылдан 741 жылға дейін өз билігін
жүргізді және меровингтік корольдермен әсте санаспады. Тіпті кейде
бірнеше жыл бойына корольді де тағайындап қоймады. Ол өзінің билеушілігін
ішіндегі лаңға тыйым салудан бастады, Карл өзіне қарсы көтеріліс жасаған
нейстрилік феодалдардың, содан соң Аквитания мен Прованс герцогтарының күл-
талқанын шығарды және бағынушылықтан шығып кеткен Рейн өзенінің сыртындағы
герман тайпаларына — сакстар мен фриздерге, алемандар мен баварларға қарсы
аттанып, бағындырып, оларға қайтадан алым-салықтарды бастырта салды. VIII
ғасырдың басында Испанияны жаулап алып, ал 720 жылы Оңтүстік Галлияға баса
көктеп кіріп, Франк мемлекетіне қауіп туғызған арабтарды, Карл Мартелл 732
жылы Пуатьенің маңында болған шешуші қырғын соғьгста ойсырата жеңіп
талқандады. Арабтармен жүргізілген күресте Франктердің атты әскері үлкен
роль атқарды. Франктердің Пуатье маңындағы жеңісі арабтардың. Европада
бұдан былай жылжуына шек қойып тоқтатты. Арабтардың қолында енді Оңтүстік
Галлияның тек бір шамалы ғана бөлігі — Септимания мен Нарбонн ғана қалды.
Карл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франктерді Галлияны жаулап алуы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Ұлы Карл империясының тарих сахнасынан жоюлуы
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Батыс Европа мемлекетi
Оңтүстік Славян халықтары мен мемлекеттері
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Ежелгі мемлекетер тарихы
Рим империясының құлдырауы
Рим империясының құлауы
Пәндер