Францияның білім беру жүйесі


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Францияның білім беру жүйесі

Францияның білім беру жүйесі икемді. Оқу соңында университет бүкіл әлем таныған ұлттық диплом немесе ішкі диплом (Франциядан басқа елдерде айтарлықтай маңызы жоқ) беріледі.

Францияда 70-ке жуық мемлекеттік университеттер мен 300-ге жуық жоғары мектептер мен зерттеу орталықтары бар. Олардың құрамына кезінде “институттар”, “мектептер” мен “зертханалар” кірген, ал бүгінде Unites de Formation et de Recherche (U. F. R. ) деп аталатын құрылымдық бөлімдер, яғни 800 факультет жатады.

Кішігірім университеттерге тәртіптің әртүрлі түрі мен бірінші оқу циклінің көптеген студенттер саны тән. Лилль, Тулуза, Лион, Экс-ан-Провай-са, Бордо, Гренобл секілді шет аймақтық ірі қалалардың университеттерінде мамандандыру жүйесі тар, онда екінші және үшінші цикл студенттері көбірек. Студенттердің төрттен бірі жиналған Парижде факультет, бағдарлама мен мамандандырудың кез-келген түрін кездестіруге болады.

Францияның ұлттық жоғары оқу орындарында пәндер француз тілінде өтеді.

Францияның жоғары білім беру жүйесі қабылдау әдісіне байланысты екі негізгі құрылымға бөлінеді:

-"Ориентация" жоғары оқу орны ретінде қарастырылатын университеттер -"Мамандандыру" жоғары оқу орны ретінде қарастырылатын институттар мен жоғары мектептер/"Grandes ecoles“. Институттар мен жоғары мектептерде қабылдау конкурсы (емтиханы) немесе қабылдау комиссияға ұсынылған құжаттардан құралған іріктеу жүйесі қалыптасқан.

Ерекше беделді жоғары оқу орындары жоғары мемлекеттік әкімшілік, ірі кәсіпорындар мен оқытушылық салада мамандар даярлайтын Жоғары мектептер болып табылады (Grandes Ecoles) . Жоғары мектептер кандидаттардың құжаттарын қарастырып, конкурстар мен іріктеу емтихандарын қатаң түрде өткізетін инженерлік-техникалық, педагогикалық және коммерциялық топтарға бөлінеді.

Білім беру бағдарламалары

Францияда 3 деңгейлі білім беру жүйесі бар:

Бакалавриат. Бірінші цикл 2 жылға қарастырылған, соңында университеттік білім беру туралы ғылыми-техникалық немесе жалпы диплом алу мақсатында өткізілетін емтиханмен аяқталады. Көпшілігі осы сатыда тұрақтап қалады. Себебі, бұл құжат жақсы жұмыс табуға мүмкіндік береді.

Магистратура. Екінші цикл университетте алған екі жылдық білімді кеңейту мен тереңдетуге арналған. Бір жылдан кейін лиценциат дипломы, екі жылдан кейін магистр дипломы, үш жылдан кейін инженер дипломы беріледі. Дипломның үшеуі де ұлттық түрде танылған диплом болып есептеледі. Екінші циклға студенттер қабылдау бос орындарға байланысты кейде құжаттар конкурсы, кейде қабылдау тестінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Екінші циклдің кезеңдерінің барлығын біртіндеп мына түрде өтуге болады: лиценциат-магистр-инженер. Немесе бірден екіжылдық немесе үшжылдық курстарға түсуге болады.

Докторантура. Үшінші цикл таңдаған мамандықты тереңдетіп оқытуға арналған және мұнда студенттің бағдарламаға түсер алдында жасаған өзіндік ғылыми жұмыстары болуы керек. Осы кезеңді табысты аяқтағандарға арнайы жоғары білім (DESS) немесе тереңдетілген білім (DEA) туралы диплом беріледі.

Университеттің екінші және үшінші циклына түсу үшін тікелей таңдаған жоғарғы оқу орнын көрсету керек. Бұл жоғары инженерлік мектептер мен университеттік инженерлік мектептерге де қатысты.

Франция жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі жалпы талаптар

Француз тілін міндетті түрде білу керек (TCF-ң 699 балынан кемінде 350 балл алу) . Француз тілінің DALF немесе DELF B2 дипломы бар кандидаттар, осы тестілеуді тапсырудан босатылады. Францияда іріктеу арқылы өтетін тіл курстары мен бакалавриаттарға арналған қажетті тестілеуге кандидаттар дайындау мақсатында, Астана және Алматы қалаларындағы Француз Альянстары олардың TCF, TCF-DAP, DALF, DELF дайындық курстарынан өтуін ұсынады.

Инженерлік мамандықтарға түсушілер міндетті түрде жоғары оқу орындарының соңғы курстарында оқулары керек немесе олардың бакалавр дипломы болуы қажет. Франция жоғары оқу орындарының бірінші немесе екінші курсына түсу үшін Францияның орта білімі туралы аттестаты (Baccalaureat) жоқ қазақстандық үміткерлер төмендегідей талаптарды орындаулары тиіс:

-Қазақстандық орта білімі туралы аттестат болуы керек немесе 11 сыныпта оқуы қажет.

-Францияға барар алдында кәмелетке толуы тиіс (18 жас) .

Мамандықтың бірінен магистр дипломын алу үшін осы мамандық түрінен бакалавр дипломы болу керек. Аспирантураға түсу үшін, осы саладағы магистр дипломының болуы қажет.

Франция университеттеріне өтініш беру мерзімі

Жоғары оқу орындарында сабақ жыл сайын 1 қыркүйекте басталып, 30 маусым немесе міндетті түрдегі тағылымдамамен қосқанда 30 қыркүйекте аяқталады (әсіресе, магистратурада екінші жыл оқып жатқан студенттер үшін) .

Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларына өтініш тапсыру мерзімі- шамамен 30 қаңтарға дейін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция ауыл шаруашылық саласының жерді пайдаланудың құрылымы
Франциядағы білім жүйесінің ерекшеліктері
Ресейдегі білім беру жүйесі
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Франция унитарлы мемлекет ретінде
Францияның салық жүйесі
Тауларда климат қатаңырақ
Бюджет шығындарының ішіндегі үлесі
Францияның мемлекеттік бюджеті
ІV Француз Республикасының конституциясы және саяси шиеленістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz