Францияның салық жүйесі


Мазмұны
Кіріспе
1. Францияның салық жүйесіне сипаттама
2. Францияның жергілікті салықтық басқарудағы ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Батыс Европалық елдердің салық жүйесі өзара әрқилы. Бірақ 80 жылдардың аяғынан тасмал жүргізіліп келе жатқан салықтық реформалар оларды жақындатады. Экономикалық бірігу қарқыны халықаралық шаруашылық байланыстардың кеңеюі бұл процеске әсер етеді. Көптеген елдерде салық жүйесі үш деңгейлік сипатқа ие.
Қазіргі салықтық реформаның негізгі бағыттарын және себептерін қарастырайық. Салық жүйесінің қазіргі үлгісінің негізгі принциптері және оны нарықты экономика көмегімен реттеу 70 жылдардың аяғынан басталды. Ол кездерде индустриалды дамыған елдерде мемлекеттік реттеу әдістеріне өзгеріс енгізілді: экономикалық салаға мемлекеттік араласуға және оның материалдық негізі - мемлекеттік қаржыларға шек қойылды. Бәсекелестік қатынастарды ынталандыру және шаруашылық қызметті нарықтық реттеу механизмдері артықшылыққа ие болды.
Бұндай өзгеріс салықтық реформалар бағдарламасына бастапқыда енгізілген деп айтуға болмайды.
Салықтық реттеу саясатындағы бағыттар қателіктер және тәжірибе арқылы өңделді.
Франция салық жүйесі нарықтық қатынастардың дамуына ықпалын тигізеді. Салықтар мұнда экономиканы реттеу және дамыту құралы ретінде қолданылады. Франция мемлекетінің экономикалық саясатын өткізуде бюджеттік қаржыларды қалыптастыруды және қозғалысын қамтамасыз етеді. Франция қазіргі таңда салықтық реформалар тұрғысынан алдыңғы орында, оған жалғыз мысал Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың 15%-ға жуығы осы елдің еншісіне тиеді. Франция прогрессивті аса дамыған ел бұл елден біздің аларымыз әлі өте көп.
1. Францияның салық жүйесіне сипаттама
Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері:
- міндетті аударымдардың жоғары үлесі;
- әлеуметтік бағыттағы қорларға аударылатын жарналардың жоғары үлесі;
- тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі.
Францияның салық жүйесі салықтарды орталық бюджетке түсетін салықтар және жергілікті салықтар деп бөледі. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60% жуығын жанама салықтар береді, әсіресе ҚҚС-ғы.
ҚҚС-ң отаны да осы Франция мемлекеті болып саналады. Ол 1954 жылы Лоре оқымыстысының еңбегімен енгізілген. Салық бюджеттік түсімдердің 45% ҚҚС-ның үлесінде.
Қазіргі кезде бұл салықтың негігі ставкасы 18, 5%. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы, автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы терілерге жоғарылатылған мөлшерлеме 22% қолданылады. Ал, төмендетілген 5, 5% азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне, кітаптар мен дәрі-дәрмектерге қолданылады.
Бұл салық бойынша айтарлықтай жеңілдіктер де қарастырылған. Мысалы, 1991 жылдың қаржы заңдылығындағы айналымы 70 мың франктан аспаған жағдайда, бұл салықтан босатылады.
Осымен қоса, ҚҚС-нан мыналар босатылады:
- мәдени, спорттық, тәрбиелік, әлеуметтік, әкімшілік салалардағы істерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;
- медицина және білім беру;
- кейбір еркін мамандықтар: жеке мұғалімдік іс, жеке тәжірибеленуші дәрігерлер, рухани шығармашылықпен айналысатын адамдар.
Салық төлеушіге таңдау мүмкіндігі де берілетін жайлар болады, яғни ҚҚС-ң төлеу ме, немесе табыс салығын төлеу ме? Бұл ғимаратты жалға бергенде, қаржы және банк ісінде; әдеби, әртістік, спорттық салада, жергілікті шаруашылықта берілетін жеңілдік түрлері.
Сондай-ақ тұтыныс салықтары ҚҚС-мен қоса басқа да жанама салықтармен толықтырылады, яғни акциздер. Акцизделетін тауарлар тізіміне мыналар кіреді: алкоголь ішімдіктері, темекі бұйымдары, сіріңке, оттық, бағалы металдан жасалған бұйымдар, қант және кондитер бұйымдары, сыра және минералды суы автомобиль көліктерінің кейбір түрлері, ұшқыш аппараттары.
Кеден баждарын да қажетті салықтар қатарына қосуға болады. Кеден баждарының басты мақсаты - табыс табу емес, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ұлттық өнеркәсіпті де қорғау болып табылады. Кеден баждары мемлекеттің экономикалық саясатының құралы ретінде пайдаланылады.
Табыс салықтарын кәсіпорындар және жеке тұлғалар төлейді. Кәсіпорындардың таза табысына салық салынады. Салықтың жалпы мөлшерлемесі - 34%. Кейбір жағдайларда ол 42% көтеріледі. Әлдеқайда төмен мөлшерлемелер 10-нан 24% жер пайдаланылуынан түскен табыстарға, құнды қағаздарға салынған салымдарға т. б. қолданылады.
Ал жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы Францияның мемлекеттік бюджеттеріндегі түсімдердің 20% жуығын қамтамасыз етеді. Бұл салық мөлшерлемесі прогрессивті сипатта. 0-ден 56, 8% мөлшерлемесі табыс көлеміне қарай қолданылады. 0 - мөлшерлеме дегеніміз, табысы 18140 франктен аспайтын жеке тұлғаларға қолданылады, яғни салыққа ілінбейді деген сөз.
Барынша көп мөлшерлеме 246770 франктан асатын табыстарға салынады. Ақшалай капиталдардан түскен табыстарға да салық салынады. Қозғалмайтын мүлікті сатудан түскен пайда, салық салынатын табыстарға қосылады. Ал құнды қағаздар операциясынан түскен пайдаға 16% мөлшерлеме қолданылады.
Қозғалмайтын мүлік операциясымен байланысты пайдаға да салық салынады, егер келісім-шарт саласы 20 мың франктан асса. Бұл жағдайда үш мөлшерлеме қарастырылған - 4, 5% және 7% өнер бұйымдарына және де 7, 5% бағалы келісім-шарттары үшін.
Келесі жерде меншікке салынатын салық туралы тоқтаған жөн. Мүліктер қатарына мыналар жатады: ғимараттар, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, қозғалмалы мүлік, құнды қағаздар т. б. Салық мөлшерлемелері мүлік құнына байланысты ажыратылады.
6-кесте. Франциядағы меншікке салынатын салық мөлшерлемелері.
Меншікке салынатын салықтар тобына сондай-ақ, тіркеу және елтаңбалық алымдарды да қосуға болады, сонымен қатар кәсіпорындар мен компаниялардың көлік құралдарына салынатын салық та осы топқа жатқызылады. Францияның салық жүйесінде жергілікті салықтар мен алымдардың алатын орны ерекше. 1982 жылдан бері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтарын кеңейту мәселелері жиі қозғалып келеді.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет таббыстарының шамамен 40% құрайды. Жергілікті салықтар құрамындағы төрт негізгі салықтарды атап айтуға болады:
- құрылған учаскелерге салынатын жер салығы;
- құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы;
- тұрғын үй салығы;
- кәсіби салық.
Бұл салықтардың мөлшерлемесінг жергілікті органдар анықтайды. Құрылған учаскелердің жер салығы тұрғызылған учаскелерден алынады. Салық қозғалмайтын мүліктің бәріне қатысты, яғни ғимараттар, резервуарлар, мұнаралар т. б., сонымен қатар өнеркәсіп пен саудаға аранап пайдаланылатын учаскелерге де қатысты.
Бұл салықтан мемлекет меншігі босатылады; қала шетінде орналасқан және ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылатын ғимараттар да босатылады; жасы 75-тен асқан жеке тұлғалар да сондай-ақ қоғамдық қорлардан жәрдем ақы алатын, немесе мүгедектік жөнінде жәрдем ақы алатын жеке тұлғалар да босатылады.
Ал, құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы алқаптар, ормандар, жайылымдар т. с. с. қатысты. Бұл салықтан мемлекет меншігіндегі учаскелер босатылады.
Тұрғын үй салығы тұрғын үй иелерімен қоса, жалгерлерден де алынады. Тұрмысы төмен адамдар бұл салықтан біртіндеп босатылады. Кәсіби салықтарды белгілі бір кәсіппен айналысатын, бірақ оған еңбек ақы алмайтын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Салықты есептеу үшін екі элемент алынып, жергілікті органдар бекіткен мөлшерлемелерге көбейтіледі.
Олар мына элементтер:
- қозғалмайтын мүліктің жалгерлік құны;
- салық төлеушінің өзінің қызметкерлеріне төлейтін еңбек ақысынан қайсібір процент (пайыз) (әдетте 18%), сонымен қатар жалпы пайдасы (әдетте 10%) .
Осы элементтер бойынша есептелген салық мөлшері өндірілген қосымша құнының 3, 5%-нан аспауы керек. Бұл заңды түрдегі шектеу.
Осы негізгі төрт салықтан басқа, жергілікті органдар басқа да жергілікті салықтарды енгізе алады:
- территория тазалауға салық;
- кеніштерді игеру үшін жергілікті алымдар;
- электр жарығын орнату үшін алымдар;
- көлік құралдарына салынатын баждар;
- департамент бюджетіне аударылатын, ғимаратты сатуға салынатын салық т. с. с. жергілікті деңгейдегі көп түрлі алымдар мен төлемдер алынады.
Франциядағы салық жүйесіне тән мәселелердің барлығын Бас Салық Басқармасы (БСБ) қарастырады. БСБ қаржы және экономика министрлігінің құрамында. Жалпылама елде 830 салық орталығы және 16 ақпарат орталығы орналасқан. Салықтық бақылау көбінесе құжаттық және калиралдық тексерулер арқылы жүргізіліп отырады. Салықтан жалтару қатаң қадағаланып, тіпті қажетті жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Қарапайым жағдайда байқаусызда, яғни қасақана емес, білместікпен декларация қате толтырылып қалса, нәтижесінде табыс азайтылып көрсетілген жағдайында 0, 75% мөлшерінде айыппұл салынады. Қасақана табысты жасыру жағдайлары анықталған жағдайда салық екі есе мөлшерде өндіріледі.
БСБ-сы арқылы орталық және жергілікті бюджеттердің жиынтық табысының шамамен 50% жиналады.
БСБ-ң жалпы басқару жұмыстарын бас директор жүзеге асырады, оның бірнеше кеңесшілерімен бір орынбасары бар.
БСБ құрамы мынадай орталық қызметтерден тұрады: дербес қызметкерлер және бюджет; ұйымдастыру және ақпарат; ұлттық салық мектебі; ішкі және сыртқы тексеру басқармасы; ұлттық салық тергеу басқармасы; статистикалық және құжаттық тексеру басқармасы т. с. с.
БСБ Францияның қаржы және экономика министрлігіндегі алдыңғы қатарлы, ерекше бөлімше. 90-шы жылдардың басында министрліктегі еңбекпен қамтылғандардың 45% осы салада қызмет атқарған, бұл шамамен 83 мың адам.
Салық қызметіндегілердің негізгі бөлігі салық инспекторлары мен бақылаушылары. Салық инспекторларын оқыту Ұлттық салық мектебінде жүргізіледі (Париж және Киперман-Ферран бөлімшелерінде) немесе Тулуза
Францияда қосылған құнға салықтың ставкалары қолданылады:
Бірінші ставка - қазіргі уақытта салықтың негізгі ставкасы 18, 6% тең.
Екінші ставка - жоғарланатын ставка - 22% тауарлардың келесі түрлеріне қолданылады: автокөліктер кинофототауарлар, ішімдік, темекі бұйымдары.
Үшінші ставка - төмендетілген ставка - 7%, мәдени күнделікті тұрмыс тауарларына, оның ішінде кітаптарға белгіленген.
Төртінші ставка - ең төменгі ставка - 5, 5% - бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен қызметтерге қолданылады. Бұл категорияға шокалад және ішімдіктен басқа тұтыну тауарлары, ауыл шаруашылық өнімдері, тұрғын үй, көлік, саяхат және қонақ үй қызметтері, жүк және жолаушылық тасымалдау жатады.
Бұдан басқа, ҚҚС келесілер босатылады: мемлекеттік мекемелердің әкімшілік, әлеуметтік, тәрбиелік, мәдени, спорттық бағыттағы қызметтері, медицина және білім беру; кейбір еркін мамандықтар: жеке оқытушылық қызмет, жеке тәжірибелік дәрігерлер, діни шығармашылықпен, жанама салықтар:
- акциздер;
- кедендік баж.
Табыс салығы тобында жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы маңызды орын алды. Табыс түсінігі жыл бойы алынған барлық ақшалай түсімдер жатады: еңбекақы, сыйақылар, зейнетақы, рента, коммерциялық алынған табыс, жылжымайтын мүліктен табыс, құнды қағаздар операцияларынан алынған пайда. Құнды қағаздар операцияларынан алынған пайда. Кейбір шегерімдер белгілі әлеуметтік топтарға қолданылады: қарт адамдар, мүгедектер және тағы басқа. 90 жылдарда жеке тұлғалардан табыс салығы әлеуметтік аударымдармен толықтырылған. Еңбекақыға әлеуметтік салықты Францияда жұмыс берушілер төлейді. Бұдан басқа жұмыс берушілер мамандану біліміне салықты төлейді. Егер кәсіпорында 10 адам жұмыс істесе, онда кәсіпкер кәсіпорында жұмыс атқаратын адамдарды ұзақ мерзімді мамандандыру қаржыландыруға қатысуы тиіс.
Кәсіпорында 10 және одан артық адам жұмыс атқарса, кәсікер тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға қатысу тиіс.
2. Францияның жергілікті салықтық басқарудағы ерекшеліктері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz