Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері

ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДАЛЬДІЛІКТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ
 

Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі курстық жұмыс

Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің
функционалды-семантикалық категориясы
 
Қазақ тілінде сөз таптастырудың
негізгі принциптері туралы

Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы
(Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)

Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері
Абдуова Б.С., ф.ғ.к., доцент
Астана. Қазақстан.
 
Функционалды-семантикалық өріс тіл білімінде функционалды лингвистиканың
бір бағытын құрайтын функционалды грамматиканың негізгі нысаны болып
табылады. Функционалды-семантикалық өріс дегеніміз белгілі бір
семантикалық категорияға негізделіп, семантикалық қызметінің ортақтығына
қарай өзара әрекеттес келетін грамматикалық және лексика-грамматикалық,
сондай-ақ әр түрлі аралас (лексика-синтаксистік т.б) тілдік құралдар тобы
[1,11]. Құрылымдық грамматикада тіл статикалық қалыпта, ортамен байланыссыз
қарастырылады. Мұндағы орта деп отырғанымыз тілден тыс, сөйлеу ортасы. Ф.
Де Соссюрдің сөзімен айтқанда тіл өз ішінде өзі үшін зерттеледі [2].
Грамматикалық мағынаға жасалған сипаттама парадигмалық (тілдік) ортамен
байланысты түсіндіріледі. Мысалы, етістіктің шақ категориясы іс-әрекеттің
сөйлеу сәтімен байланысты өту мерзімін білдірсе, өткен шақтың грамматикалық
мағынасы (көрсеткіші -ды-ді, -ты-ті) шақтық мәнді білдіретін парадигмалық
ортада (осы шақ, келер шақ) алып қарастырылғанда айқындалады. Сондай-ақ,
сөйлеу сәтіне дейін болып өткен мағынаны беретін -ды-ді формасын осы
мәндес басқа өткен шақ (-ған-ген, -атын-етін) формаларымен бір
парадигмалық ортада алып, өзіндік ерекшеліктерін анықтауға болады.
Ал функционалды грамматикада тіл сөйлеу деңгейінде (речь), динамикалық
тұрғыда қарастырылады. Мұнда тілдік бірліктер мен тіл жүйесінің сөйлеудегі
қызметі, жұмсалымы сөйлеу жағдаятымен, контекспен бірлікте алып зерттеледі.
Сөйлеу жағдаяты тілден тыс, ал контекстік немесе сөйленімдік орта тілдік
болып табылады. Функционалды грамматика мен құрылымдық грамматиканың
өзіндік ерекшеліктерімен қабат, ұқсас жақтары да көп. Тілдік функционалды
қырын зерттеу барысында бір еңбектерде оның таза функционалдық жағы басым
сипатта болса, екінші бір еңбектерде құрылымдық сипаты басымдыққа ие болып
жатады.
Функционалды грамматикада тіл деңгейі бірліктеріне талдау кешенді түрде
жүргізіледі. Мұнда тіл деңгейлері арасындағы байланыс ортақ семантика
арқылы жүзеге асады. Мазмұнды беруге қатысатын әр деңгей элементтері жеке
дара емес, мағыналық тұтастықта алып талданатындықтан, бұл функционалды
грамматиканың, бір жағынан, деңгейлі (дәстүрлі) грамматикадан ерекшелігін
көрсетсе, екінші жағынан, құрылымдық сипаты бойынша түрлі деңгейлі, басым
сипатына қарай жүйелі-үйлестіруші грамматика деп аталуына негіз болады.
Дәстүрлі грамматикада әр тіл деңгейі – фонетика, лексикология, морфология,
сөзжасам, синтаксис жеке-жеке алынып, ондағы тілдік бірліктердің өзіндік
ерекшеліктері жете ашып көрсетілетіндіктен тілде ол жүйелі-саралаушы
сипатқа ие болып келеді.
Функционалды грамматика тілдік жүйе мен оның элементтерінің қалай, не
үшін қызмет ететіндігін айқындауды мақсат етеді; тілдік бірліктердің
сөйлеудегі жұмсалым потенциалын оны жүзеге асыратын ортамен байланыста
қарастырады; әр түрлі тіл деңгейі бірліктерінің қызметі жағынан өзара
байланысы мен өзара әрекеттестігі сияқты т.б. мәселелерді зерттейді. Ал
дәстүрлі грамматикада грамматикалық категориялар қарастырылып,
грамматикалық мағына беретін грамматикалық формалар жеке дара, ал
“мазмұннан ( формаға қарайғы” бағытта мазмұнды беруге қатысатын тілдік
бірліктердің жұмсалымы кешенді түрде талдауға түседі. Мазмұнды жеткізу үшін
тілдік жүйеден алынған бірліктер өріс түзеді. Тілдік бірліктер өріске
семантикалық функциясының ортақтығы негізінде бірігеді. Функционалды
грамматика аясына енетін семантикалық функция тілден тыс объективті
шындықпен сәйкестеніп, өз бойына “мағыналық мазмұн” (смысловое содержание)
элементтерін жинақтайды. Яғни әр түрлі деңгейге жататын тілдік құралдар
белгілі бір мағынаны, ойды жеткізу үшін бірлесе қызмет етеді. “Тілдік
бірліктердің жұмсалымы” дегеніміз, біріншіден, сөйленім мағынасын беру үшін
сөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажетті тілдік құралдарды таңдауы;
екіншіден, тіл жүйесінің әр түрлі деңгейіне жататын бірліктер қызметінің
өзара әрекеттес келуі; үшіншіден, потенциалды функцияның нәтижелі функцияға
айналуы.
Өзара әрекеттестікке негіз болатын және ортаның лексика-грамматикалық,
лексикалық элементтерін біріктіретін грамматикалық жүйе (бір немесе
бірнеше) сол ортамен функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ) деп аталатын
бірлік түзеді. Әр түрлі тілде бір семантикалық категорияға негізделетін
өріс құрылымы жағынан түрліше болып келеді. Бұл әр тілдің ішкі
ерекшеліктеріне байланысты. Жүйе ретінде ФСӨ белгілі бір мағынаны жеткізуге
қызмет ететін түрлі деңгейдегі тілдік құралдарды біріктіреді. Кез келген
жүйеге тұтастық, бірыңғайлық тән. ФСӨ-ге тән мұндай сипат белгілі бір
семантикалық категорияға негізделетін өріс мазмұнынан көрінеді. Әдетте,
өріс негіз (ядро) бен перифериядан тұрады. Өріс құрылымына енген қандай да
бір мазмұнды жеткізу үшін ұйымдасқан тілдік құралдар семантикалық жүкті
бөліп арқалайды. Тілде белгілі бір мағынаны беруге бейімделген тұрақты
тілдік тұлғалармен бірге, басқа да сол мағынаны жеткізуге қабілетті тілдік
құралдар болады. Олар осы сипатына қарай өрісте өзіндік орын иеленеді.
ФСӨ-лердің құрылымына қарай бірнегізді және көпнегізді болып
бөлінетіндігі өрістің өзегін құрайтын негізгі тілдік құралға байланысты.
Бірнегізді ФСӨ-лер грамматикалық категория, дәлірек айтқанда, морфологиялық
категорияларға негізделеді. Ол өрістің ядросы болып табылады. Мысалы,
етістіктің грамматикалық шақ категориясын тірек ететін темпоралдылық –
бірнегізді ФСӨ болып табылады.
Шақ көрсеткіштері қазақ тілінде сөйлеу сәтіне қарай үшке бөлінеді және
олар өз ішінде семантикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа
ажыратылады. Белгілі ғалымдар Қ.Жұбанов, Ы.Маманов, Т.Қордабаев,
А.Ысқақов, С.Исаев, И.Ұйықбаев, З.Ахметжанова, Н.Оралбай, т.б. өткен шақ
түрлерінің мағыналық ерекшеліктеріне қарай былайша жіктеген:
1) өткен шақ көрсеткіштерінің ішінде -ған-ген қимылдың аяқталуын,
нәтижелікті білдіреді.
2) өткен шақ көрсеткіштерінің ішінде -ды-ді нәтижелікті білдіреді.
3) -атын-етін, -ушы-уші + еді тұлғалары арқылы қимылдың қайталануы
беріледі. Енді осы көрсеткіштердің мезгілдік қатысына тоқтала кеткеніміз
жөн.
-атын-етін қосымшасы. Бұл қосымша өткен шақ есімше тұлғасының
көрсеткіші ретінде танылған. Бірақ А.Ысқақов аталған қосымшаның қай
мезгілді білдіруі контекске байланысты деп көрсетеді. Мұны сөйленімдегі осы
тұлғамен байланысты болып келетін сөздердің семантикасына қатыстылығымен
түсіндіреді: бұл форма, әдетте, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-
әрекетті қазіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін көбірек
қолданылады да, осы шақ пен келер шақты болатын әрекетті білдіру үшін сирек
жұмсалады [3, 302]. Ғалым бұл тұлғаның ауыспалы сипатын қосымшаның күрделі
құрамымен түсіндіреді. Сөйтіп, -атын-етін қосымшасының негізінен өткен
шақ, сондай-ақ синтагмада келер шақ пен осы шақ мағынасында да
қолданылатындығын айтады. -атын-етін жұрнағын А.Ысқақов өткен шақтың
ішінде айғақты өткен шақтың көрсеткіші деп береді. Ол айғақты өткен шақты
іс-әрекеттің басы-қасында сөйлеушінің көзімен көргендей, тыңдаушы әбден
қанық боларлықтай етіп жеткізетін форма деп анықтайды. Ғалымның аталған
тұлғаға қатысты пікірлерінен түйгеніміз, біріншіден, -атын-етін тұлғасының
бірнеше мағыналарда жұмсалатындығы:
1) іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болғандығын білдіретін өткен шақ;
2) іс-әрекетті сөйлеушінің айғақты түрде жеткізетіндігі;
3) осы шақта тұрып қимылдың өту сипатын, яғни дағдылы әдетті білдіре
алатындығы.
Ы.Маманов -атын-етін жұрнағын дағдылы өткен шақ көрсеткіші деп таниды.
Өткен шақтың бұл түрін қимыл иесінің ертеде дағдысына айналған іс-әрекетін,
қимылын білдіретіндігін айтады. Бұл тұлғаның контекске қатысты келер шақ
мағынасын да бере алатындығын автор сөйлеушінің субъективті көзқарасымен
байланыстырады [4, 111]. Аталған форманың сөйлеу сәтіне дейін болып өткен
дағдылы әрекетті білдіретіндігін Ж.Түймебаев та атап көрсетеді [ 5, 68].
Қазақ тіліндегі шақ категориясын арнайы қарастырған ғалым Т.Қордабаев
-атын -етін аффиксінің келер шақты білдіруін өте сирек кездесетінін және
бұл мағынада қолдану қосымшаның жеке өз басына ғана тән емес, мезгіл мәнді
сөздерге немесе контекске байланысты болатындығын айтады. Ал -атын-етін
тұлғасының негізгі мағынасы ретінде оның іс-әрекет, жай-күйдің бірнеше рет
болғандығын білдіретін мағынаны атайды: Мұның өткен шақтық есімшеден
өзгешелігі: бұл ертеде болған іс-әрекеттің бір рет болмай, бірнеше рет
болғандығын немесе оның заттың бойындағы бір кездегі әдетіне, дағдысына,
қасиетіне айналғандығын білдіреді. Бірақ бұл өзгешелігі іс-әрекеттің ертеде
болғандығын қайта айқындай түспесе, осалдатпайды [6, 65].
Сонымен, -атын-етін тұлғасының негізгі мағынасын А.Ысқақов, Ы.Маманов,
Т.Қордабаев, Ж.Түймебаевтың пікірлеріндегідей, өткен шақтағы дағдыға
айналған іс-әрекетті беру деп санауға болады.
Сонымен, -атын-етін – қазақ тіліндегі қимылдың қайталануын беретін
негізгі грамматикалық форманың бірі. Бұл көрсеткіштер өзіндік сипатына
қарай жалпы қайталану; жүйелі түрде қайталану деп бөлінеді.
Жалпы қайталануда қайталанатын дағдыға айналған іс-әрекеттің себебін,
жүйесі, үзіксіз, араға уақыт салып қайталану, қайталанудың созылыңқылығы
сияқты сипаттары ескерілмейді. Тек өткен шақта бірнеше рет қайталанып,
дағдыға айналған әрекетті жалпылама береді: Соның төлін бөліп жаза салатын.
(О.Бөкей). Көбен тауының ой-қырын аралап, күн екіндіге таянғанда оралатын.
(О.Бөкей)
Жүйелі түрде қайталануды білдіру үшін -атын-етін тұлғалы етістік
сөйленімде жүйелік мағынаны беретін үстеу сөздермен нақтыланып келуі тиіс:
К ү н д е кешке ауыл шетінен Мишаның гармонға қосылып шырқаған әсем әні
естіліт жататын. (С.Мұқанов).
-ушы-уші аффиксі. Бұл өткен шақ көрсеткішінің мағынасы -атын -етін
тұлғасымен бірдей деуге болады. Алайда -ушы-уші тұлғасы жеке тұрып дағдылы
әрекетті білдіруде қолданылмайды. Аталған тұлға еді көмекші етістігімен
тіркесіп келіп өткен шақтық және қайталанатын қимылды береді. Әрине, бұл
синтетикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл болып табылады.
-ушы-уші тұлғасы өткен уақытта амал-әрекеттің бірнеше рет қайталанып,
дағдыға айналып кеткендігін білдіреді: Өзгенің қайғысы жаныма қаншама
батқанымен, іштей Ақанның есен-сау оралуын тілеуші едім. (О.Бөкей)
Қашан көрсең де шашын жылмита тарап, үстіне шаң жуытпай жүруші еді.
(С.Мұқанов)
-ған-ген қосымшасының негізгі мағынасы сөйлеу сәтіне дейін болып кеткен
іс-әрекетті білдіру болып табылады. Ы.Маманов -ған-ген тұлғасын бұрынғы
өткен шақ жасайтындығын айта келе, оның мағыналық ерекшелігі туралы былай
дейді: бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болған
істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың
болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған
жағдайда қолданады [4, 106]. Сөйтіп, ғалым -ған-ген тұлғасының негізгі
мағынасын оның істің нәтижесін білдірубілдірмеумен байланысты деп санайды.

-а-е, -й аффикстері. Зерттеушілер аталған осы шақ көрсеткішін түрліше
атағанымен, оның бір ғана шақтық мәнді білдірумен шектелмейтіндігін бәрі де
мойындайды. Мәселен, А.Ысқақов -а-е, -й арқылы жасалатын шақтық мағынаны
жалпы осы шақ деп атайды. Оның сөйлеп отырған кездегі амал-әрекетті
білдірумен қатар, үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті
және адамзатқа, ғаламзатқа тән үйреншікті дағдылы әрекетті де білдіру үшін
қолданылатындығын айтады және бұл грамматикалық көрсеткіштер арқылы келер
шақтық мағына де беріледі [3, 330].
Т.Қордабаев -а-е, -й арқылы жасалатын осы шақ түрін ауыспалы осы шақ
деп атайды. Оның мағыналық қолданыс аясын осы шақ, келер шақ, өткен шақ
және дағдылы қимылды білдіру деп көрсетеді [6, 71]. Ғалым -а-е, -й
тұлғаларының осы көрсетілген мағыналарда жұмсала алатындығын оның басқа шақ
көрсеткіштерінен ерекшелігі деп біледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі
аспектуалдылықты қарастырған ғалым З.К.Ахметжанова -а-е, -й тұлғалары
қайталанатын, дүркінді қимылды білдіретіндігін айтады [7, 65]. Осы
айтылғандарды жинақтай келе, зерттеушілердің бәрі де ауыспалы осы шақтың
-а-е, -й көрсеткіштерінің қимылдың өту ағымына қатысты қайталану мағынасын
бере алатындығын көрсетеді. Сонымен, -а-е, -й көрсеткіштері қимылдың өту
ағымына қатысты мынадай мағыналарды бере алады: 1) қайталанатын қимыл; 2)
созылыңқы қимыл; 3) жасалу үстіндегі қимыл немесе аяқталмаған қимыл
(процестілік).
-а-е, -й тұлғалары қайталану мағынасын беру үшін қолданылғанда шақтық
мағынадан алыс кетеді. Басқаша айтар болсақ, бұл жағдайда олардың бойында
шақтық мағынаны беру екінші орынға ығысады да, алдыңғы орынға дағдылы
әрекетті беру мағынасы шығады. Қайталанатын қимылдың өзі жалпы және әдетке
айналған дағдылы әрекет ретінде көріну сипатын қарай бір-бірінен
ерекшеленеді. Ішкі мағыналық ерекшелігіне қарай оларды жалпы қайталанатын
қимыл және узуалды қимыл деп ажыратамыз.
Жалпы қайталанатын қимыл: Мұның өзін екіге ажыратып қарауға болады. Бірі –
қайталану мағынасының сөйленімде айқын көрінуі: Адамзат жаратылғаннан
бермен жағаласа жарысып, өмір атты дәу шананы қосақтала сүйреп келе жатқан
Жақсылық пен Жамандық – осы екі ұғымның қай-қайсы да жер бетінде желе
жортып, сайран салуға қақылы екенін дәлелдеп-ақ келеді. (О.Бөкей)
Екіншісі – зат пен адамға тән қимылдық қасиетті және белгілі бір кәсіп
иелерінің айналысатын істерін нақты көрсету арқылы, сондай-ақ хайуанаттар
мен жан-жануарларға тән қасиет арқылы қайталану мағынасының астарлы түрде
берілуі: Қансонарда бүркітші шығады аңға. (Абай) Ерді намыс, қоянды қамыс
өлтіреді. (Мақал)
Узуалды қимыл: Шодырдың үйінде апта сайын моншаға түсемін. (С.Мұқанов)
Созылыңқы қимыл: Кейде күн шықпай Біжікен зиратының басына барып
отырады да, күн бата қайтады (Ғ.Мүсірепов).
Жасалу үстіндегі қимылды білдіруі -а-е, -й тұлғаларының осы шақ
мағынасымен байланысты: Ол қазақша білмейді де, менің нан сұрап жерлік
орысшам бар еді, осы Иванмен сөйлесе-сөйлесе келе ептеп жаттыға бастадым.
(О.Бөкей)
-уда-уде аффиксі соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында жиі
қолданылады және жалпы осы шақтық мағынаны білдіреді. Ал аспектуалды
семантиканы беруге қатысы оның процессуалдық мәнді беруімен байланысты
болса керек, яғни процесс үстіндегі қимылдың жасалу кезеңі мағынасын
білдіреді. Процестілік мәнге созылыңқылық тән десек, аталған тұлға сондай-
ақ белгісіз созылыңқылықты да бере алады: Астана тойына жақын және алыс
шетелдерден мәртебелі меймандар толассыз келуде. Азиада ойындарына арналған
құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.
-ар-ер, -р аффикстері амалдың келешекте іске асуаспауын болжалды
түрде, қимылдың жасалуының екі талай екендігін білдіретін негізгі
мағынасынан басқа, шақтық мағынаны сирек те болса бере алады. Бұл ретте
аталған -ар-ер, -р тұлғасы немқұрайды жасалатын қимылды білдіреді. Мысалы:
Түптің түбінде сіз де қартаярсыз. (О.Бөкей) Ұшарымды жел білер, қонарымды
сай білер.(Мақал)
2. -ыңқыра-іңкіре аффикстері жалғанған сөздің лексикалық мағынасына
қосымша қимылдың жеткілікті аяқталмағандығын, не үдей түсу мәнін қосады.
Мысалы: Алдында тұрған қымыздан бір ұрттап, кесені ысырыңқырап қойды.
(О.Бөкей) Кенже қызы облыс орталығына кеткен күннен бері ыбырсыңқырап
қалған ыдыс-аяқты жуып, әр затты тиісті орнына қойды. (О.Бөкей)
Сөйлемнің құрылымдық негізін қалыптастыруда етістік семантикасы ерекше
орын алады. Қазақ тіл білімінде етістік семантикасына қатысты зерттеулер
екі бағытта жүргізіліп келеді: етістіктің лексика-семантикалық топтарына
және грамматикалық категорияларына қатысты зерттеулер. Соңғы бағыттағы
еңбектерді екіге топтауға болады: грамматикалық мағына құрылымын таза
формальді түрде тіл жүйесінде және грамматикалық категорияларды
функционалды-семантикалық аспектіде олардың мағынасы мен қызметін қабат
ала отырып қарастыру. Бұл етістік семантикасының екі жақты қаралып
келгендігін көрсетеді: лексикалық мағынасы және етістіктің грамматикалық
мағыналары.
Ақиқат болмыстағы түрлі заттар мен құбылыстар және оларға тән сын,
қимыл белгілер адам санасында бейнеленіп, тілдік ақиқатқа айналады. ФСӨ
негізі болатын шақ көрсеткіштерінің сөйлемдегі семантикалық ерекшеліктері
біз көрсеткен үлгілермен шектемек емес. Санадағы болмыстың тілдік
бейнесі барлық тілде арнайы парадигмалық сипатта көріне бермейді. Қазақ
тіліндегі темпоралдылық категориясының негізгі өзегі болатын шақ
көрсеткіштері тұтас сөйлем, мәтін аясында ғана мезгілдің уақытқа
қатынасын ашып көрсете алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная
локализованность. Таксис. – Л.: Наука, 1987. – 352 с.
2. Ф. де Соссюр. Курсы общей лингвистики Труды по языкознанию. – М.:
Прогресс, 1977. – 696 с.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.
4. Маманов Ы. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 490 б.
5. Түймебаев Ж. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш.Алматы, 1991.–84 б. 6.
Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы.
– Алматы: ҚМОПБ, 1953. – 113 б.
7. Ахметжанова З.К. Функционально-семантические поля русского и казахского
языков. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 108 с.
 
 

ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДАЛЬДІЛІКТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ
 
Құсайынова Ж.А., филология ғылымдарының кандидаты
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Астана қаласы
 
Модальділік терминінің пайда болуына, қалыптасуына логика ғылымының
әсері болғаны белгілі. Бұл мәселе (аталған түрлерінің ішкі байланысы) бұған
дейінгі мақаламызға өзек болып, талданды. Ендігі жерде екі түрінің
арасында қандай айырым белгілер бар? деген сұрақ туындайды.
Біздің ойымызша, бүгінгі лингвистикалық еңбектерде модальділік
категориясына тән белгілерді саралауда, логика ғылымының ықпалы басымдау.
Әдетте, әрекеттің ақиқат шындыққа қатысы, реалды, ирреалдылығы логикалық
пайымдаудың көріністері. Бірақ бұл терминдер грамматикалық модальділікті
сипаттауда жиі қолданылады. Бұл тұстан біз логикалық модальділік пен
грамматикалық модальділіктің ара жігінің, зерттеу нысанының ғылыми негізде
бір жүйеге түспегенін аңғарамыз. Ойымызды осы бағытта жазылған еңбектердің
ізімен талдауға болады.
А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі еңбегінде грамматикалық модальділіктің
ішкі семантикалық қырларын дәл жүйелегенмен, оның түрлерін логика ізімен
жіктейді. Бұл, әсіресе, рай көрсеткіштері арқылы модальді реңктердің
жасалуын сипаттаған тұжырымдарынан анық байқалады. Дегенмен, автор
модальділік категориясының анықтамасын беруде, көбінесе грамматикалық
модальділікке тән семантикалық реңктерге жан-жақты тоқталады. Бұған қатысты
ғалымның ойы төмендегідей: Адам сөйлегенде я жазғанда белгілі бір жайт
туралы жалаң хабар беріп қана қоймайды, соған қатысты өзінше түйген
көзқарасын, көңіл қошын, ой құбылысын да қоса білдіріп отырады. Өйткені
ондайда көңіл, ой құбылысы арқылы айтылатын хабардың анықтығы, танықтығы,
ақиқаттығы, шындығы, айқындығы, неғайбылдығы, күдіктігі, күңгірттігі,
күмәнділігі, болжалдығы, жорамалдығы, ықтияттылығы, тыңғылықтылығы,
үстіртіндігі, шалағайлығы, орындылығы, мүмкіндігі, ықтималдығы... тәрізді
жай-жапсарлар да, сондай-ақ, аяныш, жалыныш, қуаныш, реніш, жиреніш,
өкініш, өтініш... сияқты көңіл күйі жайлары да аңғартылып отырады.
Сөйлеушінің я жазушының көңіл қошының осындай сәттері модальдік (арайлық)
рең деп аталады (1, 310).
Ф.А.Агаева Модальность как лингвистическая категория деген еңбегінде
логикалық модальділік пен грамматикалық модальділікті қалыптасуындағы
тарихи байланыс тұрғысынан саралап, екі түрлі көзқарас ұстанады. Бірінде
аталған модальділіктің екі түрін теңестірудің дұрыс еместігін мойындаса,
екінші пікірінде байланыста сипаттайды. Автордың: Лингвистический
модальный мир не тождествен логическому модальному миру, который имеет дело
с онтологической реальностью нереальностью- деген ойлары бірінші пікірін
бекітсе (2, 14), осы ойының жалғасы іспетті тағы бір қорытынды жасайды:
Несмотря на нетождественность логических и лингвистических модальных
миров, не вызывает сомнения тот факт, что в основе лингвистической
реальности лежит реальность онтологическая...- деп, мәселені екінші
қырынан талдаған (2, 14).
Осындай бағыттағы еңбектің қатарына О.В. Агуца еңбегін жатқызуға болады
(3).
Тіпті қазіргі еңбектерде де модальділіктің екі түріне тән белгілер
жүйелі сараланбаған. Б.Сманова Грамматикалық модальділік және рай
категориясы деген мақаласында грамматикалық, логикалық модальділіктің
өзіндік белгілері бар екендігін айтқанмен, тереңірек талдаулар жасамаған.
Автордың: Логикалық модальділіктің өз заңдылықтары, қалыптасу жолдары мен
даму жолдары бар. Оларды зерттейтін логикалық пәннің нысаны болып саналады
да, біздің іздеу нысанымыз бола алмайды деген ойлары дамытуға тұрарлық (6,
14-15).
Модальділік мағына мәселесін талдаған Ә. Қызырова еңбегінде де
объективті, субъективті модальділік деп жіктелген (7, 70-74). Бұдан әлі де
модальділік категориясының грамматикалық сипаты толық сараланбаған деген
қорытынды жасауға болады.
Е.В.Милосердова бұл мәселенің бір жүйеге түспегенін ескере келе,
негізгі себебін модальділік категориясының күрделілігімен түсіндіреді. Бұл
туралы автор: Несмотря на повышенный интерес лингвистов к этому явлению,
лингвистический статус модальности до сих пор нельзя считать установленным
окончательно. Причина этого кроется в сложности самого явления модальности
- деп қорытады (5, 4).
Зерттеу еңбектерінің бағытына қарай төмендегі еңбектерден модальділікті
лингвистикалық арнаға бұру көзқарастары байқалады. Бұл қатарға
Н.Сауранбаев, Н.Е.Петров, М.Ю.Ибрагимованың зерттеулерін жатқызуға болады.
М.Ю.Ибрагимованың ғылыми зерттеуінде қалыптасқан дәстүр бойынша
модальділіктің екі түріне жалпы сипаттама жасалған. Дегенмен ғалым реалды,
ирреалды терминдерін лингвистикалық түсінікте қабылдап, реалды ақпаратқа
болған, болып жатқан іс-әрекет тұрғысынан баға берсе, ирреалды ақпаратқа
жорамалдау, болжал мәнді сөйлемдерін топтастырған (7, 6-7).
Біздің ойымызша, сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысы деген
қорытындыны шақ категориясымен байланысты қабылдауға болады. Егер осындай
түсінікпен талдасақ, сөйлемнің өткен шақ, осы шақтағы формалары астарынан
сенімді, құптау, құптамау, наразылық т.б. модальді реңктері дараланса,
келер шақтағы қолданыстардан болжау, жорамалдау, сенімсіздік реңктерін
ажыратуға болады. Өйткені субъект сөйлеу актісінде ойдың ақиқаттығы,
шындыққа қатысын сараптауға мән бермейді. Сөйлеуші сөйлеу, қабылдау кезінде
ақпаратты коммуникативтік мүддені, талапты орындауға бағыттап, ішкі
көзқарасын білдіріп, баға беру мақсатын өтеу үшін жұмсайды. Осы тұста
логикалық модальділік пен грамматикалық модальділіктің зерттеу нысандары
жіктеліп, ажыратылады. Яғни, грамматикалық модальділік коммуникативтік
қарым-қатынас деңгейінде сөйлеуші мен қабылдаушы арасындағы барлық әрекет
жиынтығынан қалыптасатын, қорытылатын субъекті аралық көзқараспен,
бағалаумен өлшенеді.
Сөйлеу актісінде субъектінің логикалық тұрғыдан реалды, ирреалдылығына
назар аудармайтындығын лингвист Н.Е.Петров та ескеріп, бұған қатысты
көзқарасын рай жұрнақтарымен байланысты талдайды. Автор: Говорящий, когда
употробляет повелительное наклонение, вовсе не думает о том, что названное
им действие нереальное, мыслимое, так как для него на первый план
выдвигается представление о побудительной модальности, которая реализуется
в зависимости от характера отношения к адресату - дей келе, ақпараттың
шындыққа қатысын, реалдылық, ирреалдылық терминдерін логикалық
астардан грамматика шеңберінде кеңейте қарауды ұсынады (8, 27). Автор бұл
ойларын: Суть языковой модальности заключается в отношении говорящего к
действительности в широком смысле этого емкого понятия- деп бекіткен (8,
27).
Қазақ тіл білімінде модальділіктің екі қырын ажырата қарау қажеттігін
кезінде ғалым Н.Сауранбаев ғылыми негізде сөз еткен. Автор бұл мәселені рай
жұрнақтарының қызметін сипаттаған пікірінде: Наклонение, как и другие
грамматические категории в современных развитых языках, представляет собой
отвлеченную языковую категорию, которая установилась в языке в результате
абстрагирующей деятельности мышления. Конкретные отношения к реальной
действительности, существующей независимо от сознания людей определяют лишь
сущность наклонения. Обусловленность сущности наклонения отношением
действия к действительности еще не означает полного соответствие глагола
характеру и всем разновидностям отношения действие к действительности,-
деп өзекті талдайды (9, 258). Бұл пікірінде автор логикалық модальділік пен
грамматикалық модальділіктің белгілерін жай теңестіре салудың жеткіліксіз
екендігін тұжырымдап, төмендегідей қорытынды ойларымен түйіндейді:
...таким образом, при рассмотрении категории наклонения нельзя не
учитывать внешней языковой формы. Необходимо, анализировать внешние факты
языка и таким путем раскрыть внутреннюю сущность. К определению категории
наклонения должна подайти не с точки зрения логики, а с точки зрения
языковых форм, с позиции определения формы проявления сущности.
Лингвистика, которая ставит своей задачей изучение и раскрытие внутренних
законов языка, все же основным своим объектом имеет форму, структуру языка
(9, 258).
Р.Әміровтың төмендегі пікірінен грамматикалық модальділікті ажыратуға
тірек болатын негізгі белгіні қабылдаймыз. Автор: субъектінің айтылған
пікірге субъективтік бағасын, қатынасын білдіретін формаларды ғана
модальдық категория қатарына жатқыздық - дейді (10, 142).
Модальділік категориясының грамматикалық сипаты Е.В.Милосердова
еңбегінде нақтыланған. Еңбектің айтып өтетін ерекше тұсы – модальділікті
объективті, субъективті деп жіктемегендігі. Автор грамматикалық модальділік
туралы сөз қозғағанда, 1-ден, тілдік қарым-қатынас аясында жүзеге
асатындығына, 2-ден, модальді реңктің қалыптасуында айтушының және айтушы
мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынасқа мән бере талдау қажеттігін
ескертеді. Автордың көзқарастарын төмендегі пікірлері толықтырады: ... в
данной работе не разграничиваются понятия объективной и субъективной
модальности как два принципиально разных типа модальных отношений. Принята
точка зрения, что любое модальное отношение есть отношение субъективное,
т.е. отношение конкретного субъекта (говорящего) к содержанию высказывания
(6, 5).
Грамматикалық модальділіктің ішкі реңктерін топтау мәселесі де реттеуді
қажет етеді. Яғни, грамматикалық модальділік қандай семантикалық реңктерді
қамтиды деген сұрақ төңірегінде де әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Аталған
мәселе туралы Қ.Мамаділов қазақ тіл білімінде модальділіктің әлі де
табиғатының, білдіретін мағыналарының түрлері, оның басқа мағыналармен
сыйымдылығының анықталмағандығын айтып, талдауды қажет ететін өзекті тұсты
нұсқаған (11, 3).
Бұл мәселені субъектінің қарым-қатынас актісінде ақпаратты қабылдаудағы
өзіндік көзқарасы, бағалауымен байланыстыра шешуге болады.
Субъектінің көзқарасы: болжау, жорамалдау, сенімді, сенімсіз, үміт,
өкініш реңктерін қамтыса, бағалауда: құптау, құптамау, наразылық, қарсылық
сияқты реңктерді жеткізе алады. Мұның бәрі - субъектінің өзіне, ақпарат
мазмұнына, басқа субъектіге қатынасын сипаттайтын модальді реңктер.
Грамматикалық модальділіктің нысаны да - осы мәселелер. М.З.Закиев
пікірімен бекітсек, сөйлеушінің ақпарат мазмұнына, қарым-қатынас жасаушы
субъектіге, өзіне, жағдайға және сөйлеу құрылысына қатынасы модальді
реңктердің пайда болуының көздері (12, 218).
Қазақ тіл білімінде модаль сөздерді талдаған зерттеуінде Е.Жанпейісов
модальді реңктерге субъектінің күдігін, тілегін, болжалын, сенімін
жатқызады (13, 166-170).
Ғалым Р.Әміров модальді реңк үстейтін формалар аясында болжау
сипатындағы етістіктерді және іс-әрекеттің, предикативтік сапаның
субъектіге танылу сипатын білдіретін формаларды (алды, алған, алған екен),
іс-әрекетті жасанды ретте сипаттап атайтын формаларды (алған болды), іс-
әрекетті, пікірді нанымсыз версия сипатында білдіретін формаларды (алыпты-
мыс) қарастырады (10, 142). Автор көрсеткен бірінші сипаттағы етістіктердің
астарынан болжалды модальді реңктің сипаттамасын, екінші топтан сенімді,
сенімсіз модальді реңктерін, үшінші жорамалдау модальді реңктерінің
белгісін қабылдаймыз. Бұл еңбек бойынша модальді реңктерді болжау, сенімді,
сенімсіз, жорамалдау реңктерімен толықтырамыз.
С.Исаевтың төмендегі пікірлерінен де модальді реңктің семантикалық
реңктеріне қатысты маңызды тұжырымдарды аңғарамыз. Автордың: ... адам-су,
білгіш-сіне, жетім-сіреу, білген-су, жүр-іңкіреу, кел-гіштеу сияқты қимыл,
іс-әрекетті білдіретін етістік қана емес, сонымен бірге, -сы (-сі), -сын (-
сін), -сір (-сыра), -іңкір (-ыңқыра), -гіште (-ғышта) т.б. қосымшалар
қимылға бәлдену, тыраштану, әлденемедегі бола қалып, болып көріну,
бәлсіну, менсінбеу, бұлдану, зартұту, зәрулік, тапшылық көру, тең еместікті
сезіну, қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық, жағымсыздық сипаты,
қимылдың күшейтпелі, үдей түсу мәні т.б. сияқты модальдық реңктер үстейді
- деген қорытындысында субъектінің бағалауымен қабыса жүретін экспрессивті-
модальді реңктер жан-жақты сараланған (14, 193). Бұл аталғандар -
грамматикалық модальділіктің іргесін кеңітетін, субъектіге баға беру
сәтінде еріксіз байланысты қаралатын модальді-экспрессивтік реңктер.
Оның себебін Ғ.Танабаев пікірімен толықтырсақ: Кісімсу, оқығансу,
білгенсу, көкірегін көтеру деген етістіктердің білдіретін мағынасы –
эмоциялық мағына. Бірақ олардың мағынасы таза эмоция емес, амал-әрекетке,
болған қозғалыс пен субъектінің қалпына баға беру мәнін қоса білдіреді.
Яғни, мұндай етістіктер (субъектив мәнді етістіктер) қозғалысты, әрекетті
және эмоцияны жалаң білдірмей, көзқарасты, баға беруді де білдіреді (15,
10).
Бүгінгі ғылыми еңбектерді салыстыра отырып талдасақ, грамматикалық
модальділіктің ішкі реңктері жеке зерттеулер көлемінде сөз болуда. Бұл
талданған мәселенің бір жүйеге түсіп, модальділік категориясының зерттелу
аясының кеңи түскенін көрсетеді. Бұл қатарға қазақ тіл біліміндегі және
жалпы тіл біліміндегі еңбектерді жатқызуға болады. Дегенмен бұл еңбектерде
модальді реңктерді семантикалық астармен де, белгілі бір грамматикалық
құрылымның жұмсалу мақсатын тірек ете отырып жіктеу де байқалады.
Атап айтсақ, С.Қ.Құлманов бұйрықты сөйлемдерді қолдану арқылы
қалыптасатын модальді реңктерді, бұйрықтық модальділігі деп жіктеген (16,
24-29).
Ал төмендегі еңбектерде модальді реңктер семантикалық астармен
жіктелген.
М.В.Петрушина Семантико-прагматические функции высказываний с
модальном значением неодобрения деген мақала көлемінде құптамау модальді
реңкін қалыптастыруға тірек болатын семантикалық бірліктердің қызметіне,
олардың модальді-стилистикалық бояуына талдау жасаған (17, 58-67).
Е.В.Алтабаева қалау, тілек мәнді сөйлемдеріндегі қалау реңкін
грамматикалық модальділік қатарына қосады. Оның жасалу жолының тек қалау
рай көрсеткіштерімен шектелмейтінін айта келе, лексика-синтаксистік,
интонация-синтаксистік, лексико-морфологиялық тәсілдердің үлесі болатынын
нақты деректермен бекіткен (18, 3).
Ю.В. Овсейчик мүмкіндік модальділігінің құрылымдық-семантикалық
белгілерін топтастырған (19). Ал Е.Т.Гуцу зерттеуінде болжау модальді
реңкінің функционалды-семантикалық өрісі талданған (20).
Сонымен, грамматикалық модальділік және оның семантикалық реңктерін -
сөйлеу актісін есепке ала отырып, коммуникативтік мақсаттарды өтеу
тұрғысынан сипатталатын, субъектінің айтылған ойды қабылдауын, бағалауын
көрсететін амалдардың жиынтығынан тұратын лингвистикалық категория деп
қорытамыз. Мақала көлемінде олардың негізгі белгілері барынша салыстырмалы
деңгейде талданды.
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 1.     Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана тілі, 1991. – 384б.
2. 2.     Агаева Ф.А. Модальность как лингвистическая категория. –Ашхабад:
Ылым, 1990. -305с.
3. 3.     Агуца О.В. Вербальные функций модальных средств в современном
русском языке. Автореферат. – Краснодар, 1998. -24с.
4. 4.     Сманова Б. Грамматикалық модальділік және рай категориясы
Ізденіс, 2002. №1. 14-15бб.
5. 5.     Қызырова Ә. Қазақ тіл мен әдебиеті 2004. №5. 70-74бб.
6. 6.     Милосердова Е.В. Семантика и прагматика модальности. – Воронеж:
Изд. ВГУ, 1991. – 196с.
7. 7.     Ибрагимова М.Ю. Ирреальная модальность и средства ее передачи в
татарском языке. Автореферат. – Казань,
8. 8.     Петров Н.Е. О содержаний и объеме языковой модальности. -
Новосибирск: Наука, 1982. -161с.
9. 9.     Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. –Алматы: Ғылым,
1982. - 352б.
10. 10.                        Әміров Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем
синтаксисі. –Алматы: Қазақ университеті, 2003. 199б.
11. 11.  Мамаділов Қ.А. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің модальдік
құрылымдары. Автореферат. - Алматы, 1996. – 24б.
12. 12. Закиев М. Синтаксический строй татарского языка. - Казань, 1968.
- 464с.
13. 13.                        Жанпейісов Е. Қазақ тіліндегі сөйлем
модальділігі және оның жасалу жолдары Известия Академии Наук Казахской
ССР. Серия филология и искусствоведения. 1958. Вып. 1-2. 166-170с
14. 14.                        Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің
грамматикалық сипаты. –Алматы: Рауан, 1998. -304б.
15. 15.                        Танабаев Ғ.Ө. Қазіргі қазақ тіліндегі
субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы. Автореферат. -
Алматы, 2005. 26б.
16. Құлманов С.Қ. Бұйрықтық модальділігінің семантикалық құрылымы ҚРҰҒА
Хабарлары. Филология сериясы. 2007. №1. 24-29бб.
17. 17.                        Петрушина М.В. Семантико-прагматические
функции высказываний с модальном значением неодобрения Филологические
науки. 2003. №5. 58-67с.
18. 18.                        Алтабаева Е.В. Выражение модального значения
желательности в простом предложении. Автореферат. - Москва, 1986. 16с.
19. 19.  Овсейчик Ю.В. Модальность возможности: семантический и
прагматический аспекты (на материале фран. языка). Автореферат. - Минск,
2004. 18с.
20. 20.  Гуцу Е.Т. Функционально-семантическое поле микрополе
предположительно-вероятной модальности и средства ее выражения в
современном французском языке. Автореферат. – Москва, 1975. -28с.
 
 

Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі курстық жұмыс

 Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 тарау. Көсемше тұлғаларының грамматикалық қызметі және
1.1 Көсемше тұлғаларының грамматикалық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Көсемше тұлғаларының жұмсалым өрісінің
кеңеюі ... ... ... ... ... ... ... . .. 10
2 тарау. Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік
2.1 Көсемшелердің пысықтауыштық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Көсемшелердің күрделі етістік
жасауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2.3 Көсемшелердің баяндауыштық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4 Көсемшелердің бірыңғай баяндауыш
жасауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 30
Кіріспе
Қазір дәстүрлі тіл білімінде нақты тақырыптарды зерттеу нысаны
Зерттеудің нысаны ретінде Абай қара сөздеріндегі көсемшелердің
синтаксистік
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты –
Осы мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
Көсемшелердің тілдік бірлік болып қалыптасуының тарихын көрсету;
Көсемшелердің қазіргі қазақ тіліндегі жұмсалу парадигмасын анықтау;
Көсемшелердің морфология деңгейіндегі қызметі мен синтаксис деңгейіндегі
қызметінің
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Көсемшелердің функционалдық-парадигмалық жүйесі анықталды;
көсемше жұрнақтарының жұмсалымдық мүмкіндігі парадигмалық қатар,
синтагмалық тізбек
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында қолданылған лингвистикалық
сипаттама,
Зерттеу жұмысының материалдары. Зерттеу жұмысында Абай Құнанбайұлының қара
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Тұлғадан мағынаға
Жұмыста алынған нәтижелерді жоғарғы оқу орындарының филология
факультеттерінде
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
көсемшелер көпқызметті жұрнақ болып саналады;
көсемшелердің әр деңгейдегі жұмсалу өрісі өзара парадигмалық және
1тарау
1.1 Көсемше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Етістіктің ерекше бір түрі – көсемше. Бұл көсем
Лингвистикалық сөздіктерде есімшеге берілген анықтамаларға көңіл
аударайық: Причастие
Ғ. Қалиев шығарған іргелі лингвистикалық сөздікте көсемшеге берілген
А. Салқынбайдың лингвистикалық сөздігінде көсемше былайша сипатталған:
Көсемше
Байқап отырғанымыздай, қазақ тіл біліміне қатысты негізгі деген
Етістік мәселесі сөз болған барлық еңбектерде есімшелер туралы
1. Көсемше – етістіктің бір түрі ретінде жанама
2. Ал есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалымы – көсемшелердікінен
Салттылық, сабақтылық – таза етістікке тән категория. Қазақ
Есімше -ған (-ген, -қан,-кен), -ар (-ер, -р, -с),
Есімше жұрнақтарының қызметі өзі жалғанған етістіктің негізгі мағынасын
Есімше жіктеледі, бірақ жіктелудің үлгілерінің ішінде етістіктерше емес,
Қазақ тілінде жіктелудің бес үлгісі бар. Бірдей үлгіде
1-кесте. Көсемшелердің жұмсалу әдісі
Жұмсалу өрісіне қарай Күрделі етістік жасау Пысықтауыш болу
Шаққа қатысына қарай
жіктелетіндер -а; -п -а; -п -п -а; -п
жіктелмейтіндер -ғалы -ғалы
-ғанша
-мастан
-ысымен
-майынша - -ғалы
-ғанша
-мастан
-ысымен
-майынша -ғалы
-ғанша
-мастан
-ысымен
Есімшелер де бірдей үлгімен жіктелгенімен әр шақты білдіріп
Жоғарыдағы кестеде көрсетілген көсемшелердің жіктелмейтін түрлеріне
морфологиялық талдау
-ғанша (есімше + қызметтік (функциялық) жұрнақ)
-мастан (болымсыз етіс + есімше + шығыс септік)
-ысымен (қимыл есім + тәу. ІІІ жағы +
-майынша (болымсыз етістік + көсемше + дәнекер +
Есімшелер есім сөздермен бірдей үлгіде жіктеледі де, үшінші
Қазақ тілінде есімшелер сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқарады.
2-кесте. Есімшелердің сөйлемдегі қызметі
Сөйлемдегі қызметі Тұлғалануы Сөйлемдегі орны
Бастауыш атау, (жай, тәуелді, көпше) ілік
Анықтауыш атау, ілік Анықталушы сөздің
Баяндауыш атау, жіктік Сөйлемнің
Толықтауыш Септеулі Меңгерген сөздің алдында
Пысықтауыш жатыс, барыс, шығыс септік, демеулікті,
(-дай, -дей) Байланысқан сөзінің, етістіктің алдында
Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі олардың қандай сөйлем мүшесі
Қазақ тілінің морфологиялық жүйесі күрделі, көрсеткіштерге өте бай.
Есімшенің -ған (-ген, -қан, -кен), -ар (-ер, -р,
3-кесте. Көсемшенің жіктелуі
Шаққа қатысына қарай Жіктелетіндер Жіктелмейтіндер
Жұмсалу өрісіне қарай -а, -е, -п -ғалы, -ғанша,
-ысымен, -майынша
Күрделі етістік жасау + –
Пысықтауыш болу + +
Бірыңғай баяндауыш жасау + –
Күрделенген сөйлем жасау + +
Құрмалас сөйлем жасау + +
Байқап отырғанымыздай, бір категория жұрнақтарының жұмсалыну ерекшеліктері
әр
Тіл жүйесінде парадигмалық және синтагмалық қатынас болатындығы белгілі.
1.2 Көсемше формаларының жұмсалым өрісінің кеңеюі
Тіл даму барысында қарапайымнан күрделіге қарай бағытталатыны белгілі.
Бұл мәселе, нақты алғанда, Абай қара сөздерінде қолданыста
Курс жұмысында көсемшелердің шақтық қызметінен басқа тілдегі қызметтеріне
Көсемшелердің бірбіріне ұқсамайтын әртекті қызметтерін (күрделі етістіктің
бар
Бұл құбылыс ХХ ғасырдың басында швейцар ғалымы Ф.
Бұл мәселелердің ұқсастығы мен айырмасын мына сызбамен беруге
4кесте
І. А. Синтагмалық қатынас
1) ақылды;
2) үлкен;
3) әдемі т.б.
Б. Парадигмалық қатынас
1) ақылды;
2) кез келген нәрсенің алғашқы бөлігі;
3) жанды денені басқарушы т.б.
ІІ. А. Синтагмалық қызмет
1) себеп бағыныңқылы;
2) мезгіл бағыныңқылы;
3) амал бағыныңқылы т.б. сөйлемдерді жасауға қатысады.
Б. Парадигмалық қызмет
1) сабақтастарды құрмаластырады;
2) сөйлемде пысықтауыш болады;
3) күрделі етістік жасауға қатысады т.б.
Аталған қызметтердің қайнар көзі пысықтауыштық қызмет болып
Бізге лексикалық деривация, яғни жұрнақтар арқылы сөзжасам, флекция,
Қазіргі қазақ тіліндегі жайылма сөйлемдер мен күрделенген сөйлемдер
Тілдің алғашқы даму сатысында тіліміздің бүгінгі қалпында ұшырасатын
1. Аңдар жүр.
2. Қашаған аңдар жүр.
3. Қашаған аңдар жайылып жүр.
4. Қашаған аңдар орманда жайылып жүр.
5. Қашаған аңдар орманда бытырай жайылып жүр.
6. Қашаған аңдар келіп, орманда бытырай жайылып жүр.
7. Қашаған аңдар келіп, кейбіреуі орманда бытырай жайылып
Байқап отырғанымыздай, барлық жеті сөйлемдегі хабар біреуақ, бірдей.
Жоғарыдағы мысалдарда көрсетілген ең соңғы жетінші сөйлем күрделенудің
Баяндауыш мүшенің де кеңею шегі мұнымен бітпейді. Бүгінгі
Бұдан байқайтынымыз, құрмалас сөйлемдер міндетті түрде жекежеке жай
Синтаксисте дәлелденген теория бойынша гипотаксис (сабақтаса байланысу)
паратаксистен
Құрмалас сөйлемнің пайда болуы мен дамып қалыптасуының бірінші
Фонеманың басқа бір фонемалармен тіркесімінен сөздің пайда болатыны
Ғалым Ғ.Мұсабаев пікіріне сүйенсек, жалпы түркі халқының бабасы
Сушы тілей(ді) қаң
Бұғы тағы ау даң!.
Қала берді, А. Байтұрсынұлының сөйлемдердің құрмаласуын сыйыса және
Жоғарыда айтқанымыздай, адамзаттың пікір алысуына дәнекер болған сөйлемнің
А. Байтұрсынұлы меңзеген сыйысулы құрмаластар қолданыста жиі кездеседі.
Тағы да баса айтарымыз сол, екі есім сөзден
Құрмалас сөйлемдердің сыйысулы жолмен берілуі С.Аманжолұлы тарапынан
көтерілгенімен,
С.Аманжолұлы "құрмаласты сыйыстыру жалпы сөйлемнің мәнін бұзбайтынын"
дұрыс
Құрмалас сөйлемнің даму жолын көрсетуде тілші ғалымдар А.П.Рифтиннің
2тарау
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
2.1 Көсемшелердің пысықтауыштық қызметі
Әрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі бар да,
Осы қызметтердің ішінде ең алдымен көсемшенің пысықтауыштық қызметіне
Пысықтауыштың жалпы сипаты туралы көптеген ғалымдарымыз өз еңбектерінде
Осынау сөйлем мүшелерін ғылыми талдау жасаған ғалымдардың ішінен
Сөйлем мүшелерін топтастыруда А.Байтұрсыновтың жүйелеуіне өзіндік сын
айтады.
Жалпы автор пысықтауыш болатын, бүгін кеше сияқты сөздерді
Қ.Жұбанов пен С.Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жіктеуі ғылыми
С.Аманжолов алғашқы топтауын өзі қаншалықты батыл айтқанымен (оны
Сөйлем мүшелерін топтастыруда Х.Басымовтың бірнеше мақаласы жарық көрді.
Сөйлем мүшелері туралы біраз мағлұматты М.Балақаев еңбектерінен аламыз.
Орыс тілі және роман-герман тілдерінде 5-8 сөйлем мүшелері
1. Кейбір тілші ғалымдар осы күнгі сөйлем мүшелерін
2. Ғалымдардың екінші бір тобы жалпы қазіргі қолданып
3. Ғалымдардың үшінші бір тобы сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін
Осылардың ішіндегі жалпы сөйлем мүшелерін алып тастау немесе
Жалпы тіл білімінде сөйлем мүшелерін айқындауда мына принциптер
Сөйлемде етістіктен болған мүшемен байланысты болып, етістік мағыналы
Пысықтауыштар қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? қанша? не
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер – көсемше, үстеулер, үстеу
Көсемше мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан етістік пен
Абайдың қарасөздерінде көсемшелер пысықтауыштың мынадай мағыналық түрлерін
жасауға
Амал пысықтауыш
Жалпы біз пысықтауыш туралы көптеген мәліметке ие болдық.
Амал пысықтауыштар деп – іс-әрекеттің, қимыл-қозғалыстың жүзеге асу
Істің істелу тәсілін (тәсілдік амал)
Істің сапалық белгісін (сапалық амал) білдіретін амал пысықтауыштар.
Соның ішінде көсемше арқылы жасалған амал пысықтауыштарға тоқталып
1) ып, іп, п тұлғасы: Сонда мен ойлаушы
Көсемше тұлғалы етістік (қызық көріп, қуанып, боқтап, рақаттанып,
Бірнеше көсемше қатар келуі арқылы күрделі пысықтауыш жасайды.
Көсемшелер амал пысықтауыш қызметінде келгенде қимылқозғалыстың жүзеге асу
Мақсат пысықтауыш
Іс әрекеттің не үшін, қандай талапқа лайық істелетінін,
Көсемшелердің ішінде мақсат пысықтауыш жасайтын жұрнақтар бар. Олар
1) етістіктер көсемшенің ғалы, гелі, қалы, келі тұлғасында
Мысалы: Екінші – бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені
2) қалау, бұйрық рай тұлғалы етістіктерден кейін де
Көсемшелер пысықтауыштың басқа да мағыналық түрлерін жасауға қатысады.
Пысықтауыштар мен бағыныңқылардың генетикалық жақындықтарына дәлел бола
алатын
Пысықтауыш қызметінде өзінің табиғаты жағынан ылайықты, арнай жұмсалатын
Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы (Абай). Бұдан
Синтаксистік деривация тұрғысынан алғанда көсемшеден жасалған
пысықтауыштардың сөйлемнің
2.2 Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Етістік басқа сөз топтарынан, есімдерден етіс, рай,
Етістік түбірлері деп бір
Кел, жу, ой, көр, біл, т.б. бір буындылар
Көсемшенің жанама қимылды білдіріп, негізгі етістіктің алдынан тіркесуі
Көсемшенің осы қызметіне байланысты оның сөйлем мен сөйлемді
Көсемше формалы етістік жіктік жалғаусыз (атау тұлғада, формада)
Құрамы үш сөзден құралған күрделі етістіктің алдыңғы екеуі
Сондайақ көсемше тұлғалы (а, е, й және ып,
2.3 Көсемшелердің баяндауыштық қызметі
Предикаттық ісәрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш деп
Әрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында белгілі бір сөз таптарының
Етістік басқа сөз таптарына қарағанда ең күрделі сөз
Етістіктер дара күйінде бұйрық рай, шартты рай, көсемше,
Осылардың ішінде біздің ерекше тоқталып өтетініміз, көсемшелердің
баяндауыштық
Көсемше баяндауыш қызметінде сол қалпында тек сабақтас құрмалас
Өзімізге мелім құрмалас сөйлем баяндауышының тиянақсыз тұлғада көрінуі
Ғ. Бегалиев аңғартқандай, "Көсемшелердің дара кұйінде баяндауыш болып
Есімшенің де байланыстырушылық қызметі басым. Дей тұрғанмен,
Сайып келгенде, аралас құрмалас сөйлем құрамында құрмалас сөйлем
Ал көсемшелер жай сөйлемнің баяндауышы болуының өзіндік ерекшеліктері
Қазақ тілінде бірнеше етістіктің түйдекті топ құрып, баяндауыш
Осындай көсемше мен көмекші етістіктердің түйдектелуі арқылы жасалған
Ал: Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп, сол айдап
Қимылдың түрлі кезеңдерін білдіруге көмекші етістіктердің қатысын жоғарыда
2.4 Көсемшелердің бірыңғай баяндауыш жасауы
Сөйлемде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері
Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру
Тіл қарым-қатынас құралы
Сөздердің байланысу формалары
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Қазақ тіліндегі көсемшелер
Септіктер Септіктердің жалғаулары
Пәндер