Функционалды грамматика
Ғ.Е. Имамбаева, филол. ғ. д., профессор
Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ.)
А.Б. Ахметова, филол. магистрі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (Павлодар қ.)
e-mail: lady.gaysha@mail.ru
В статье рассматривается взаимосвязь залога казахского языка с основными
категориями функциональной грамматики.
The article examines the relationship of Voice category in Kazakh language
with fundamental categories in functional Grammar.
Функционалды грамматика белгілі бір тілдік категориялардың бірлігі
негізінде қызметке ие болады. Функционалды грамматика бірнеше тілдік
категориялардың жүйелілік принципіне негізделетіндіктен, оның етістіктің
етіс категориясымен де тікелей байланысудың арқасында функционалдық қызметі
жүзеге асады.
Функционалдық грамматика қарастыратын: аспектуальдылық, темпоралдылық,
персональдылық, етістілік, посесивтік, ком-паративтік, каузальдық,
кондидициональдық, локативті, таксис, модальділік, сандық, кеңістік,
жағдаяттық түрлерін жеткізуде етіс категориясының рөлі ерекше.
Шындап келгенде, функционалды грамматиканың әр түрі мәтін көлеміндегі
сөйлемдермен нақтылана түсетіндігін біле тұра,сөйлем құрамына назар
аударарлықтай тура келеді.
Сөйлемді адамдар арасындағы пікір алмасудың үлкен құралы ретінде қабылдай
отырып,оның ішіндегі қимыл мен іс-әрекетті білдіретін етістік сөз табының
қызметі айқындалатындығы белгілі.
Функционалды грамматиканың негізгі міндеті тілдегі барлық байланысы бар
құбылыстардың ортақ қасиеттерін қарастыруы болып табылатындықтан,аталмыш
грамматика мәселелерінің көріністерін қазақ тіл білімінде, көбінесе,
етіс категориясы арқылы анықтауға болатындығы сөзсіз.
Функционалды грамматиканың өзіндік объектілерінің біріне:темпоралдылық-
мезгіл, персональдылық- жақтылық, посесивтік- меншіктілік,компаративтік-
салыстырмалы, каузальдық- себеп, локативті- мекен, таксис, модальділік,
сандық, кеңістік түрлерін жатқыза келе, олардың барлығы мәтін көлеміндегі
сөйлем ішіндегі қимылды жеткізетін етістік сөз табы арқылы айқындалып,
субъекті мен объектіге іс- әрекеттің қатыстығын білдіреді. Ойымызды
нақтылау үшін, төмендегі кестеге назар аударайық:
Функционалды грамматиканың топтау жүйелерін қарастыра келе,бұлардың
барлығына етістікке тән етіс категориясының қатысы бар екендігін атап
кетуге болады. Өйткені етіс категориясы әр сөйлемнің негізі ретінде
белгіленетін предикативтілікпен және де, жақтылықпен тығыз байланысты.
Предикативтілік- қимылды білдіретін, етістік сөз табы,баяндауыштық қызмет
атқаратындықтан,сөйлемнің негізгі қазығы болып саналады,етіспен қимылдың
субъекті мен объектіге қатысы көрсетіледі.
Мысал ретінде Ж.Аймауытов шығармасынан келтірілген үзіндіде:
Ауылдың кісілерін дереу жиғызып алып, Ақбілекті іздетуге бес кісі
аттандырды -өзгелік етісті хабарлы сөйлем. Бұл сөйлемде өзгелік етіс
арқылы өтіліп жатқан қимылды жан- жақты қарайтын болсақ, функционалды
грамматиканың бірнеше түрлерімен ұштасып тұрғандығын аңғаратын боламыз. Осы
жерде уақыт кеңістігі де орын алып,оқиғаның жеделділігін дереу сөзі
арқылы жеткізе тұруымен қатар, қимылға басқа бір субъектілердің қатыстығын,
солармен іс- әрекеттің өтетіндігін байқаймыз, бұған қоса,таксистік құбылыс
та орнығып, қимылдың әрмезгілділігі айқын көрініп тұр. Шығарма мазмұнына
үңілсек, ең әуелі,адамдарды жинатқызып, содан кейін Ақбілекті іздеуге бес
кісіні аттандырғызады. Шынын айту керек, бұл жерде етістің жақ
категориясына қатысы бар екендігін анықтауға болады. Қандай қимыл- әрекет
болмасын,белгілі бір жақтағы (бұл жерде 3 жақта) субъект арқылы жасалады.
Біз келтірген сөйлемде іс-әрекет бір адамның басқаларды қимылға тарту
негізінде өтетіндіктен, етіс түрі функционалды грамматиканың формадан
мазмұнға бағыт беруде бұл жерде ерекше рөль атқарады.
Етіс мағынасының сипаттамасына субъект пен объектінің арасындағы қарым-
қатынастығы енеді: субъект – іс-әрекетті жасаушысы болса, объект іс-
әрекетке тап болып, қимылдың бағытын көрсетеді.
Етістің әртүрлі формалары, әртүрлі сөйлем құрылымдарында
қолданылатындықтан, бұл – етістікке тән, етіс категориясын, етістіктің
басқа категорияларынан айырмашылығы бар. Басқа сөзбен айтқанда, етістіктің
морфологиялық категорияларына қарағанда, етіс категориясы сөйлем
синтаксисімен тығыз байланыста болады.
Негізінен, етіс морфология мен етістік семантикасында көрініс тапқан, қимыл-
әрекеттің субъектіге қатыстығын білдіретін категория есебінде болса, екінші
жағынан, сөйлем ішінде етістіктің баяндауышы мен бастауыш арасындағы
қатынастықты білдіреді.
Етіс етістікке тән категория болғандықтан, функционалдық тұрғыдан оның
лексика-грамматикалық табиғаты сөйлемнің нақты қазығы болатын, тек қана
етістік сөз табы шеңберінде ғана айқын ашылады.
Темпоралдылық – функционалды-семантикалық категория. Ол белгілі бір
категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық
өрістерден көрінеді. Яғни функционалды-семантикалық категория мен
функционалды-семантикалық өрісі бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі –
потенциалдық жағы, екіншісі – соның сөйлеу актісіндегі берілуі
(реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты.
Семантикалық функциялардың актуалдануының – өзектелінуінің бірнеше жолдары
бар. Олар:
1) таза грамматикалық тәсіл арқылы;
2) лексикалық құралдар, немесе сөзжасамдық құралдар арқылы;
3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы.
Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар;
4) морфологиялық категориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет
атқаруы арқылы да жүзеге асады.
Етіс тікелей етістікке тән грамматикалық категория болғандықтан, бұл жерде
сабақты етістік табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгеретін, яғни табыс
септігін керек ететін етістіктер екенін айтуға тура келеді. Сабақты етістік
объекті арқылы ғана пайда болады дейтініміз сөзсіз. Объекті болмаса,
сабақты етістіктер болмайды. Мұнда етістің қайтесе де объектіге қатыстығы
туындайды.
Етістің кеңістік ұғымына тікелей қатыстығы бар екендігін келесі
сөйлемдерден аңғаруға болады. Ж.Аймауытовтың Ақбілек романынын бірнеше
үзінділер алатын болсақ, мысалы:
Орысшаласу, түтін салысу, күлісу... мидай араласты.
Әңгіме былай: Доға, Төлеген, Тыпаңдар бас болып, Мұқашты Сартауға болыс
қылмаудың әрекетіне кіріскен еді. Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл
жетпейді. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек
жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек
лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын сары қымыз, быжылдаған дәрі
қымыз шара-шара шыпылдайды(Ж.Аймауытов).
Осының бәрі Қартқожаның еңсесін көтертпей, жүдетіп жүрген үстіне аяғына
шарапнелдің сынығы тиіп, лазеретке жіберілді (Ж.Аймауытов).
Кеңістік ұғымы обьектілерді бақылау мен тәжірибелік пайдалану негізінде
қалыптасты.
Уақыт ұғымы адамның оқиғалардың ауысуын сезінуінің нәтижесінде, заттардың
жағдайының біртіндеп өзгеруі арқылы жүзеге асырылады.
Күнделікті адам санасында кеңістік пен уақыт үғымы қалыпты тұрмыстық жағдай
ретінде есептелінеді, материя уақыт пен кеңістіктің аумағында қарастырылып,
материя жоғалған күйде де, олар сақталып қала береді деп есептеледі.
Жалпы салыстырмалылық теориясында кеңістік- уақыт қатынастарының
материалдық процестерге қатысының жаңа жақтары ашылды.
Кеңістік пен уақытты қабылдау-кеңістік пен уақыт – материяның өмір
сүруінің негізгі формалары.Кеңістіктегі обьектілерді қабылдау өте күрделі
процесс. Тек адамның нақтылы тәжірибесі арқылы арқылы ғана кеңістікті дұрыс
қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен –бірінің қашықтығын,бет алысын,
көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылдау арқылы ғана кеңістікті
дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан.
Олардың әрқайсысының белгілі бір көрініс түрлері болады, мысалы: ұзын,
қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т.б.
Сондай-ақ, олар бірден түрлі қашықтықта тұрады. Кеңістікке орналасқан
заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру (монокулярлық көру ) оларды
тереңінен игеріп алуда бір сәттен дәл мағлұмат алуымыз қиындай түседі.
Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мүшесі ғана қатыспайды, мұнда
қозғалыс, сипау, сезу түйсіктері де елеулі рөль атқарады. Кеңістікті
дұрыс қабылдап, қоршаған заттарды тез меңгеріп алу,осыған үйрету кішкентай
кезден басталады.
Заттардың кеңістікте орналасуын дұрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін
қаншама маңызды екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы
материяның өмір сүруінің обьективтік реалды формасы.
Дүниеде қозғалушы материядан басқа еш нәрсе жоқ,ал қозғалушы материя
Әлемнің соңғы кездерінде тілдің қалайша кеңістікті құрайтындығына кеңістік
грамматикасындағы арнайы мақсатты зерттеулерге, яғни кеңістік қатынастарды
көрсететін тәсілдерге ерекше назар аударылып жүр.
Кеңістік жүйесінің грамматикалық типологиясын құруға талпыныс етілгендігі
байқалды.
Тіл білімінде соңғы жылдары белсенді дамып келе жатқан функционалдық бағыт
тілдің динамикалық аспектілерін зерттеуге жол ашады, яғни тілді қимыл-күй
тұрғыдан қоса меңгеруді талап етеді.
Бұндай бағыт тіл жүесін толық сипаттауға, тілдік элементтері мен
объективтік болмыс арасындағы байланысты аңықтауға, осыдан тиісті нәтиже
шығару жағдайларын көрсетуге мүмкіндік береді. Кеңістік қатынастарды
функционалдық тұрғыдан қарастыруы объектілердің жылжуымен байланысты
динамикалық, заттық, жағдаяттық күйде өтіп, бұл категорияның әртүрлі
деңгейде көрінетіндігін есепке алуымен жаңаша меңгеруге мүмкіндік жасайды.
Кеңістік сөйлеу әрекетінің әмбебаптық түрдегі ұйымдастырушылық мәні бар
тіл орталығы ретінде саналады.
Кез-келген ақпарат берудің кең түрі бойынша мәтіндегі әлемдік кеңістік
болмысының орын алуымен сипатталады.
Қазіргі таңда түркі тіл білімінде кеңістікті білдіретін етістіктердің
толық лексика-семантикалық жақтары әлі де күні бүгінгі дейін толық жүйелі
түрде қарастырылмаған. Бұл қатардағы етістіктер объективті болмыста
болатын кеңістік қатынастарды тіл арқылы жеткізуге белсене араласатындығын
атап кетуге тура келеді..
Сондықтан болар, бұл етістіктер тобының жүйелі түрде көп деңгейлі
мәселелерді әрі жүйелі, әрі толық көлемде сипаттауы - осы етістіктерден
құрылған жай сөйлемдердің құрылымдық-семантикалық қалыптарын қарастырып,
соларды аңықтау ісі- тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне жатады.
Кеңістіктің функционалды-семантикалық категориясы бойынша көптеген
тілдердің зерттеу нысанына еніп келгендігін байқаймыз.
Тілдің етістік жүйесі зерттеу нысаны ретінде ену арқылы бұл жерде негізгі
мен көпмағыналы етістіктер назардан тыс қалмай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz