Спорт ойындарының ережесі


ФУТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Футбол-спорттық ойын түрі. «Футбол» - ағылшын тіліндегі foot - аяқ, ball - доп деген сөздерінен шыққан. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі.
Футбол ойыны 2 таймнан тұрады. Әр тайм 45 минуттан. 1-ші мен 2-ші тайм арасындағы үзіліс 15 минут болады. Үзілістен кейін қарсыластар қақпамен ауысады.
Футбол ойынында 2 команда қарсылас болып ойнайды әр командадан 7 немесе 11 ойыншы ойнай алады. Әр команда да 1 ойыншы (қақпашы) болады, өзінің қақпасы жанында қолмен ойнай алады, оның басты мақсаты қақпа қорғау.
Қорғаушылар өз аланында орналасады. Олардың мақсаты қарсылас команда шабылуына кедергі болу.
Жартылай қорғаушылардың мақсаты ойын барысына байланысты қорғаушыларға және шабуылшыларға көмектесу.
Шабуылшылардың басты мақсаты қарсылар команда аланында орналасып гол салу. Ойынның басты мақсаты - қарсылас команда қақпасына көбірек доп салып қоймай, өз қақпасына доп жібермеу. Егерде командалардың ұпай саны тең болып қалса, онда олар қосымша 2 тайм ойнайды әр тайм 15 минуттан.
ОЙЫННЫҢ ТАЛАБЫ:
Егер ойын басталмас бұрын ойыншы қарсыласын теуiп жiберсе, алаңнан қуылады. Дегенмен жаттықтырушы алаңнан қуылған футболшыны басқа ойыншымен алмастыра алады.
Егер ойыншы қарсыласын алаңға шықпай тұрып теуiп жiберсе, оған қызыл қағаз көрсетiлмейдi. Футболшы ойынға шыға бередi. Бiрақ бұл жайт хаттамаға енгiзiледi.
Ойын барысында қақпашы мен қорғаушы жейделерiн алмастырып, «Жаңа қақпашы» өз айып алаңында допты қолмен тоқтатар болса, ойын жалғаса бередi. Дегенмен доп тоқтатылғанда, екеуiне де ескерту қағазы көрсетiледi.
Бұрыштама кезiнде қорғанушы жақтың ойыншысы биiк секiру үшiн командаласының көмегiне сүйенсе, спорттық ережеге жат қылық көрсеткенi үшiн айып добы белгiленедi.
Гол соққан ойыншы жейдесiн шешiп, алаң жиегiндегi бөгеттен секiрiп кетсе, екi сары қағаз көрсетiлiп, бiрден ойыннан қуылады.
Футболшының бутсасы шешiлiп қалып, ол әрiптесiне пас берген болса, айып добы белгiленедi.
Допты ойынға ауттан қосқанда теңбiл снарядты қарсыласына әдейi лақтырса, төрешi айып добын белгiлейдi де, ойыншыны алаңнан қуады.
Допты ойынға ауттан қосқан ойыншы теңбіл снарядты алаңның арғы жиегіне асырып жіберсе, доп қайта ауттан лақтырылады.
Офсайд жасамақ оймен қорғаушы алаң шетіне шығып кеткен сәтте, ойыннан тыс қалған шабуылшы гол соққан болса, бұл гол саналады. Ал қорғаушы ескерту қағазын алады.
Өз алаңында айып добын орындаған қорғаушы допты қақпашысына берген сәтте, теңбіл снаряд өз қақпасына кіріп кетсе, гол саналмайды. Шабуылдаушы команда бұрыштама добын орындайды.
Негізгі және қосымша уақытта «А» командасының үш ойыншысы алаңнан қуылған болса, матч соңындағы пенальти кезінде «Б» командасының бапкері пенальтиге қатыспайтын үш ойыншысын анықтайды.
Айып добы кезінде төреші қолын көтеруді ұмытып кетсе, ал доп ешкімге тимей, қақпа торынан табылса, гол саналмайды. Айып добы қайта орындалады.
Это стабильная версия, отпатрулированная 3 апреля 2011 .
ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Волейбол (ағылшынша: volleyball, volley - «қалқып ұру», ball -«доп») - ойын спорты. Ойында 2 қарсылас команда ойнайды әр командада 6 ойыншыдан болады. Ойын 4 таймнан тұрады қай команда бірінші боп 25 ұпай жинаса, сол команда таймның жеңімпазы болып саналады. Ойын барысында тек 3 ойыншы ғана допқа тиуге болады. Әр команда құрамында 14 ойыншы болады, бірақ әр командадан аланға 6 ойыншы шыға алады.
Ойын тік төртбұрыш алаңда жүреді, көлемі 18х9 метр. Ойын алаңы ортасынан сеткамен бөлінеді. Сетканын биіктігі еркектердікі - 2, 43 м, әйелдердікі - 2, 24 м.
Тайм барысында әр команда жаттықтырушысы 30 секундтік 2 тайм-аут алуға құқығы бар.
Волейбол - спорты байланыссыз, комбинациялық түрі, қайда әрбір ойыншы алаңда қатал мамандандыруда болады. Тордың үстінде биік көтерілу волейбол ойыншыларына арналған өте маңызды қағида.
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
- Алаң аумағы: 25х50 фут (7, 6х15, 1 м) .
- Себеттің көлемі 2х27 фут (0, 61х8, 2 м) .
- Биіктігі: 6, 5 фут (198 см) .
- Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.
Ойыншылардың алаңда ауысу ережесі
Қаптау - одақпен бәсекелес шабуылын жабу.
Самғау - аймақты қысқа жылдам пасты шабуылшыға, қолмен кезеңге доп жанасулары ауада орнында болуды байланыстырып тұратынмен, дайынның соққы түсіруіне арналған.
Шабуыл екінші екпін - түрі, қайсыда диагональдық шабуылшыны байланыстырып тұратын іске қосады .
Диг (dig ағылшынының) - қорғау соққы, орындалатын ырғуда, алақандарды сырт жақ жақпен соққымен жоғары доп көтеретін.
Құрту өңір - волейболға ойын негізгі мақсаты.
БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫ
Баскетбол (ағылшынша: basketball, basket - торқалта, ball - доп) - командалық спорт ойыны.
ОЙЫННЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6, 25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды. Әр команда құрамында 8-10 ойыншы болады. Ойын барысында әр командадан 5 ойыншыдан ойнайды. Тайм барысында әр команда жаттықтырушысы 30 секундтік 2 тайм-аут алуға құқығы бар.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Тоғызқұмалақ - қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЕРЕЖЕСІ
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны - бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны - қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін - ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
ЖҮРІС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
- Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12) сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
- Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
- Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
ТҰЗДЫҚ АЛУ ЕРЕЖЕСІ
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде - “тұзды үй”, қазіргі тілде - тұздық деп атайды.
- Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде - Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау - қостаушының меншігіне айналады.
- Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
- Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“АТСЫРАУ” ЕРЕЖЕСІ
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
- Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы - атсырау деп аталады.
- Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады.
Мысалы:
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz