Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І – бөлім.

1.1. Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл
қайраткер.

1.2. Ахмет Яссауйдің дүниетанымындағы сопылық ағымы еңбегі туралы
зерттеушілердің ой – пікірлері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Зерттеу міндеттері:

1. Қ.А.Яссауидің теориялық негіздерін айқындау, ерекшелігіне сипаттама
беру.

2. Қ.А.Яссауидің Даналық кітабы идеясы.

3. Оқушылардың сезімдерін Қ.А.Ясауйдің хикметтерін оқушыларға үйрету
және мәнін ашу.

Зерттеу обьектісі: Қожа Ахмет Яссауи.

Зерттеу пәні: Қазақ әдебиеті.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, озат тәжірибе, баспасөз
материалдары, өзіндік бақылау.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады.

Кіріспе

Бүкіл түркі халқы қасиет тұтқан Қожа Ахмет Иасауи бар өмірін Алланың ақ
жолында арнаған ғұлама. Ол - Құдай сөзі Құран кәримнің мағынасын Диуани
хикмет атты баға жетпес туындысында жырлап шыққан білімдар жан. Жеті
жасынан бастап ғылымның соңына түскен зерек жас талаптануын, оқуын,
ізденуін бір сәтте толастатпапты. Біз ақынның егіліп –төгіліп айтқан жан
сырынан оның өнер-білімге жастай біржолата бой ұрғанын байқаймыз:
Құл Қожа Ахмет, жеті жаста алдым сабақ,
Сегізімде дүние қызығын қойдым талақ, —
десе Қожа Ахметтің тіпті ерте есейгенін, балалықтың бал дәуренінен
гөрі, жұмбақ дүниенің құпия сырына алаңдауының мол болғанын аңғарғандай
боламыз.
Ақын жатпай-тұрмай, бір ғана ғылымды іздеп, соның ғана соңына шырақ
алып түскендіктен өз заманының асқан оқымысты ғұламасы, әулиесі, данышпаны
дәрежесіне көтеріледі. Елі-жұрты алақанына салып аялап, өзі түгіл, басқан
ізін де қадір-қасиет тұтады.
Қожа Ахметтің үлкен қасиетін шынайы сезінген Әмір Темір Көреген ол
кісіге арнап алтынмен аптап, күміспен күптелген ескерткіш соғыпты. Ақынның
күн нұрымен шағылысқан зәулім күмбезі оның атақ-абыройын дүниенің төрт
бұрышына тұтас жайғаны белгілі.
Асқан тақуа Қожа Ахмет Иасауи жайлы көптеген ғалымдар аса құнды
пікірлер, ғылыми қорытылған ойлар айтқан, солардың ішінде шығыстың ұлы
ақындарының бірі -Әлішер Науаидың орны бөлек. Ол кісі Насиймбул махаббат
атты кітабында: Қожа Ахмет Иасауи Түркістан жұртының шайхы-машайығы-дүр.
Атақ-даңқы кеңінен мәшһүр, кереметі шексіз де шетсіз екен. Имам Жүсіп
Хамаданидің сырласы', - депті. Біз де аса білгір Ә. Науаидың бүкіл түркі
елдерінің ішіне өзінің оқымысты шәкірттерін жіберіп, ислам дінін жан-жақты
кеңейткенін де айтып өткенді жән көрдік. Ақынның осындай кереметін көп
зерттеп, көп қарастырып, ұып байқаған И. Хаққүлов: Ахмет Иасауи түркі
сопылық поэзиясының атақты өкілі - депті. Иә, ғалым айтса айтқандай Қожа
Ахмет Иасауи сопылық әдебиеттің бастаушысы. Ертеде ел аузында хикметі
түспей күн сайын айтылып отырған, әсіресе діншіл қауым алқа-қотан отырып
өзіндік мақам, өзіндік сазымен жатпай-тұрмай толғап отырғаны көне
құжаттардан белгілі.
Қожа Ахмет Иасауи халықты адал еңбекке де үндеген, ол үшін ерте түру
керектігін, таң намазының кезінде Алланың ырызғысының жауатынын бар жанымен
тебірене толғапты.
Артына осыншама өшпес мәңгілік мұра қалдырған Қожа Ахмет Иасауи
айтылмай, зерттелмей, жабық, құпия күйінде келгені көпке белгілі. Қазіргі
жасырын дүниенің беті ашылып, көпшілікке жарқырап жетіп жатқан мамыражай
заманда ғұлама жанды тексеріп қарап хикметтерін аударушылар да шыға
бастады, солардың ішінде Сәрсенбі Дәуітовтың де Диуани хикмет атты
зерттеу еңбегі бар. Бұл жұмысты төрт аяғынан тең басқан мүлтіксіз, мінсіз
деп айта алмаймыз, Дегенмен ғалымның ізденгені, Қожа Ахмет Иасауиге
байланысты біраз дүниені қарағаны, зерттегені көрініп тұр.

1. Қожа Ахмет Яссауй түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл
қайраткер.

Ахмет Яссауи — түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті
ақыны, есімі ислам әлеміне машһүр болған ойшыл қайраткері. Ол мұсылман
қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары
арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет Яссауи
кезінде жахрия (экстаз) немесе Яссауия деп аталып кеткен сопылық-
мистикалық ағымның негізін қалады.
Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. Ақынның туылған жылы
белгісіз, ал 1166 жылы қайтыс болған. Ер жете келе Түркістан (ол кезде
Яссы деп аталған) қаласына келіп тұрады. Сол кезде атақты Арыстан Баб және
Жүсүп Хамадани деген шайықтардан тәлім-тәрбие алған. Бұхарада оқыған. Сосын
оқымысты адам, сопы ретінде Яссы қаласына қайтып келеді.
Сөйтіп, Ахмет Яссауи тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге, ол
адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ,
мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын.
Белгілі әдебиет зерттеушісі Р. Бердібаев қазақ көркем сөз өнері мен
Ахмет Яссауи поэзиясы арасындағы дәстүр жалғастығы туралы айта келіп,
түркі әдебиетінде жиі ұшырайтын иман нұры, заһар көзі, сырдың көзі,
тариғаттың ләззаты, махаббат майданы, маьрифат бостандығы, хақиқат
дариясы, ғашықтың дерті, махаббат бостандығы, гүл шарабы, көңіл
кәбәбі, Дәрислам сарайы, ақиреттің азығы, махаббат жүгі, маьрифат
бұтағы, үміт құрығы, шариғаттың көйлегі, ғашық дүкені, мехнаттың
дариясы, дүрдің кені, жан дауасы, шайтан жолы, нәпсі шайтан...
тәрізді бейнелік қатарлар бұрыннан келе жатқан тамаша дәстүр айдынына
апарды,— деп жазды.
Ахмет Яссауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес
халықтарға ортақ мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе де өзінің мән-
мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір-қасиеті арта түскен бұл
ғажайып хиқмат-жырлар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде емір
сүре беретіні даусыз.
Ахмет Иассауи — түркі тілдес халықтар арасында сопылық әдебиеттің
негізін қалаушылардың бірі, аса көрнекті ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр
ойшыл қайраткер. Ол орта ғасырлық Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған.
Ақынның толық аты-жөні: Хазіреті Сұлтан Шейх-ул-Ислам Қожа Ахмет Иассауи
шайық деп жазылған. Ер жете келе Түркістан (ол кезде Иассы деп атаған)
қаласына келіп тұрады. Иассыға қоныс аударғаннан кейін ол осындағы атақты
Арыстан Баб шайықтан тәлім-тәрбие, діни дәріс алады. Біраз жыл Бұхара
шаһарында оқыған. Сөйтіп, Иассы қаласына атақты ғұлама болып оралған.
Диуани хикмет — түркі тілдес халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби
жәдігерліктерінің бірі саналады.
Ахмет Иассауидің Ақыл кітабындағы он төртінші, он бесінші, он
алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз
өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде, ақын Диуани хикметтің басты
идеясын айтудан ауытқып кетпеген. Қайта ақынның ғұмырнамасы Даналық
кітабының философиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен. Ахмет
Иассауи өз өмірі туралы айта келіп, не себептен алпыс үште кірдім жерге?
деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына бағышталған барлық хикметтер осы жалғыз
сауалға жауап болып табылады.
Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп, Аллаға
шүкіршілік етеді, одан әрі, яғни алпыс үш жастан асып, тірі пенделер
арасында жүруді өзіне үлкен күнә санайды. Сол үшін ол жер астынан арнайы
салынған орынға — хилуетке түсіп, қалған өмірін сонда өткізеді. Бұл туралы
ақын өзінің Даналық кітабында:
Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім,
Мұстапаға қайғы тұтып кірдім міне.
Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.
Бақыл айтып жер астына қадам қойдым,
Жарық дүниені талақ етіп, хақты сүйдім.
Қожа Ахмет Иассауидің Диуани хикметін адамды имандылыққа, ізгілікке
жетейлейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Ахмет Иассауи
әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын, оның ішкі жан-дүниесінің
тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді
ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы
сол кісінің имандылығына байланысты болып келеді.
Ахмет Иассауидің Даналық кітабында қанағат сезімін үлкен философиялық
категория ретінде қарастырады. Ақын канағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя
алмаған адамдарды тойымсыз итке, не ұлып қайтқан итке теңейді.
Түркі халқы ислам діні мен мәдениетін қабыл еткен соң бұрынғы Көк
тәңірісіне табынуға негізделген мәжусилік сенімінен, әдебиетінен, өнерінен,
жалпы алғанда, алғашқы рухани мұрасынан айрыла бастаған еді. Сонымен бірге,
араб-парсы тілдері мен исламның оқу-білімі бұқара халыққа көпке дейін жат
көрініп, түсініксіз болып келді. Міне, осындай бір тарихи бетбұрыс кезеңін
өлең құрылысы жағынан жақын етіп жазған, әрі Орта Азиялық түркі тілінің
қыпшақ диалектісінде өмірге келген Ахмет Иассауи жырлары жергілікті
халықтың рухани өмірінде зор роль атқарады. Ақынның Диуани хикмет атты
жыр жинағы арқылы қарапайым халық ислам әлемінен, сол дәуір үшін ілгерішіл
саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. Рас, әділдік
жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты
құбылыстарды Ахмет Иассауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет
жасады. Ақын халық мүддесін ескергісі келмеген тәкаппар жандарды әшкерелеп
отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді.
Сонымен, бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтарға ортақ мұра саналатын
Ахмет Иассауидің ғажайып жырларын оқып-үйренуге, зерттеуге, жариялауға
біздің елімізде соңғы кезге дейін тыйым салынып келгені мәлім. Тек елімізде
қызу жүріп жатқан қоғамды қайта құру, жариялылық процесінің арқасында ғана
Ахмет Иассауи туралы ашық сөйлесуге мүмкіндік туды. Ақын жырларын зерттеу,
тәржіма жасау істері шындап қолға алына бастады. Есімдері әлемге мәшһүр
Низами, Руми, Сағди, Хафиз, Жәми сияқты шайыр-лар кезінде сопылық ағымның
ұтымды сарындарын пайдалана отырып, гуманистік идеяға құрылған ғажайып жыр-
дастандар жазғаны мәлім. Түркі тілдеріндегі сопылық әдебиеттің негізін
қалаушылардың бірі — Ахмет Иассауи хикметтерінің әлеуметтік астары тереңде
жатқанын аңғару қиын емес.
Сөйтіп, Ахмет Иассауи тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге, ол
адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ,
мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын. Ахмет
Иассауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға
ортақ мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе де өзінің мән-мағынасын
кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір-қасиеті арта түскен бұл ғажайып
хикмет-жырлар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде өмір сүре
беретіні даусыз. Ахмет Иассауидің сопылық сарындағы ой-пікірлерін оның
шәкірттері жалғастырып, кезінде көптеген хикмет-жырлар жазғаны мәлім.
Ғұлама ақынның ел ішінде ең танымал болған дарынды шәкірттерінің бірі —
Сүлеймен Бақырғани еді.
1.2. Даналық кітабы еңбегі туралы зерттеулердің ой – пікірлері.
Диуани хикмет (Даналық кітабы) —түркі тілді халықтардың XII ғасырдан
сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ
әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи
хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А. К.
Боровковтың пікірі бойынша Даналық кітабы оғыз-қыпшақ тілінде өмірге
келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті
тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұлан-
ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті
болатындай ауыз-екі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін
келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін
қосып жіберген сияқты.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы
ХV-ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. Даналық кітабы Қазан
(1887 және 1901 ж.), Стамбул (1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 ж.)
баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.
Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып
табылады. Мұнда 149 хикмат берілген. Соның 109 хикматы Яссауидің өзінікі
екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен
жыр жолдары болса керек.
Түркия ғалымы М. Ф. Кепрюлю-заде Ахмет Яссауи хикматтарының жазылу
тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт-бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану
ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны
мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Яссауи поэзиясын ғылыми негізде жүйелеп,
Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.
Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Яссауи жырларының осы
басылымын негізге алып жүр.
Белгілі орыс ғалымдары А. Н. Самойлович, Е. Э. Бертельс, А. К. Боровков
Г. Ф. Благова, т. б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны
жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері
зор болғанын ерекше атап көрсетті. ,
Сондай-ақ Ахмет Яссауи поэзиясын зерттеу ісіне Э. Р. Рустамов, Н. М.
Маллаев, В. И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.
Даналық кітабында негізінен тәрт нәрсе мадақталады. Олар: шариғат—ислам
заңдары мен әдет-ғұрпының жинағы, тариқат—сопылықтың идеясы, мұрат-
мақсаты, маьрифат—дін жолын танып, оқып білу; хақиқат құдай және оған
жақындау. Ахмет Яссауидің ойынша, Шариғатсыз, тариқат тариқатсыз
маьрифат, маьрифатсыз хақиқат болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі
екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
Түркі халқы ислам діні, мен мәдениетін қабыл еткен соң бұрынғы көк
Тәңірісіне табынуға негізделген мәжусилік сенімінен, әдебиетінен, өнерінен,
жалпы алғанда, алғашқы рухани мұрасынан айрыла бастаған еді.
Сонымен бірге, араб-парсы тілдері мен исламның оқу-білімі бұқара халыққа
көшсе дейтін жат көрініп, түсініксіз болып келді.
Міне, осындай бір тарихи бетбұрыс кезеңінде өлең құрылысы жағынан көне
түркі поэзиясының табиғатына жақын етіп жазылған, әрі оғыз-қыпшақ тілінде
өмірге келген Ахмет Яссауи жырлары жергілікті халықтың рухани өмірінде зор
ролъ атқарды. Ақынның Даналық кітабы атты жыр жинағы арқылы қарапайым
халық ислам әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық
ағымның философиялық ой-пікірлермен танысты, Рас, әділдік
жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмрінің таза болуы сияқты
құбылыстарды Ахмет Яссауи ислам дінінің шарттары арқылы
түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен
теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген такаппар жандарды
әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке
үндейді.
Ғаріп, пақыр жетімдерді қылған шадман,
Құлдық қылып ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман,
Халықтан естіп бұл сөздерді айттым, міне...
Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.
Хақ Мұстафадан естіп, айттым мұны...
Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені сөз деме,
Кісі малын сен жеме, сират кепірінде тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер...
...Алла жадын айта алмай, өліп кетсем,
Ессіз өмірім арманда өтер достар...
...Хақиқат дариясынан ішкен кісі,
Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзі жасты...
...Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер,
Тозақта жүз мың азап тартар достар...
Әділетсіз залым патша болғаны-ай,
Ордасына өңшен, қудың толғаны-ай.
Бірін-бірі жиналысып, қолпаштап,
Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай...
Сонымен, бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтарға ортақ мұра саналатын
Ахмет Яссауидің ғажайып жырларын оқып-үйренуге, зерттеуге, жариялауға
біздің елімізде соңғы кезге дейін тиым салынып келгені мәлім. Тек елімізде
қызу жүріп жатқан қоғамды қайта құру, жариялылық процесінің арқасында ғана
Ахмет Яссауи туралы ашық сөйлесуге мүмкіндік туды. Ақын жырларын зерттеу,
тәржіма жасау істері шындап қолға алына бастады.
Бұған 1990 жылы қазан айының 23—27 жұлдызында Түркістан каласында
ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша Яссауи әлемі деген атпен өткізілген
халықаралық ғылыми конгрестің материалдары толық дәлел. Ахмет Яссауи
мұрасын танып-білу, оны қоғам игілігіне пайдалану қажеттігі осы халықарлық
маслихатта ерекше атап көрсетілді.
Есімдері әлемге машһур Сағди, Хафиз, Жәми, Низами, Руми, сияқты
шайырлар_кезінде сопылық ағымның ұтымды сарындарын пайдалана отырып,
гуманистік идеяға құрылған ғажайып жыр-дастандар жазғаны мәлім. Түркі
тіліндегі сопылық-мистикалық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Ахмет
Яссауи хикметтерінің әлеуметтік астар тереңде жатқанын аңғару қиын
емес.Мәселен, ақын жалған ғалымдар мен жағымпаз жандарды өлтіре сынайды:
Білгірі заман ақыр залым болды,
Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды,
Сойқанды елге ашық айта алмаудан
Ішіме менің дертті жалын толды.

Ахмет Яссауи өзінің ұзақ жылғы өмір жолын түйіндей келіп бұл өмірде
ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытынды жасайды:
Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсыи-өзімен
Халық қана дүниеге ие бұл.

Қожа Ахмет Яссауйдің Диуани хикмет жинағының көркемдік поэзиялық
ерекшелігі.
Қожа Ахмет Иасауидің сопылық поэзиясындағы өзіндік ерекшелігі мен
ұстанған жолы жайлы Р. Сыздықованың пікіріне құлақ түрсек, ол
... Түркі халықтары арасында исламды уағыздаушы емес, оны
діннің бір ағымы сопылықтың ұраншысы, оны түркі тілдес тармағының негізін
қалаушы деп танысақ, бұл жолда қызмет ету құралын, амалын ізестіруге
мәжбүрміз. Ол құрал поэтикалық дүниесі – хикметтері мен мистик сопылар
мектебі.Иасауи өлең жазғанда өзінің құдай береген ақындық құдіретін таныту
емес, сол дарынды сопылық қызметке жеге білу мақсатын көздеді. Сол себепті
осы поэзияның жергілікті бұқара халыққа түсінікті болуын, сезімдеріне
тиетін әсерлі, әдемі болуын қарастырған,– деп ғылыми талдау жасаса, біз де
ғалым Р. Сыздықованың пікіріне қосыламыз.
Дегенмен де білім ақиқатқа баратын ұлы жолдың бір ғана тармағы екені
белгілі. Ал, көзден жас орнына Қан ағызып, ғашық болу - сопылардың мұраты,
сондықтан Қожа Ахмет:
Ғашықтардың шын досына жаны құрбан,
Сол үшін күндіз-түні болар қайран.
Сүйіспендікті еске алып жан-тәнімен,
Ғашықтары өлмес бұрын өлер екен.
Сауда қылсаң, қыл ақыреттің саудасын,
Мойынға алма бұл дүниенің әуресін.
Жаннат барған дидарын көрер екен.
Сопылық құрған адам Қожа Ахмет Иасауише айтқанда жалған дүниені көзге
ілмеуі керек екен, оны тіпті бар екен деп те есіне алмауға тиіс. Көр-жерді
жинап, көрінгенді сөз еткен, өсекке еріп, кек қуып, кердең басқан ол
мұсылман да емес, мұсылмандық былай тұрсын, адам да емес, ол Абай ғұламаша
айтсақ, жарты адам. Толық адам болудың өзі де өте қиын шаруа, ол үшін
кісі бүкіл пендешіліктен биік тұрып, парасатты ғұмыр кешуі керек.
Бізге осы орайда, Абай Қожа Ахмет Иасауиді оқыған ба деген ұғым туады.
Ұлы ақынды талмай зерттеп келе жатқан профессор М. Мырзахметұлы Абайдың
Йасауиді терең білгенін айта келіп: Иасауидің ақындық өнері мен
дүниетанымын жалғастыра дамытушы шәкірттерінің бірі Софы Аллаярдың сөзін
Абай 38-ші қара сөзінде әділет, рақым, ақыл жайлы өзекті пікірін тарату
үстінде Аллаяр Софының бір фәрадан жүз фәра бижай дегені басына келеді, -
деп адамшылық жайлы ой түйінін жәуән-мәртлік ілімімен ұштастыра қарайтыны
бар. Софы Аллаярдың осы сөзін Мұхтар Әуезов Абай жолы эпопеясында Абай
мен Салтанаттың сырласу кешінде тілге ала кететінін де ескермек керек. Ал,
Абайдың өзі ақылдықтың кемеліне келген шағында шығарған жақсылық ұзақ
тұрмайды деген өлеңінде:

Бір қайғыны ойласаң,

Жүз қайғыны қозғайды, -
деп Софы Аллаяр сөзінің мазмүнын қүдіретті поэзия тілімен қазақы
қалыпқа түсіріп, мүлде жаңа сөз қолданыс тәсілінде құлпыртып жетілдіре
беруінде де сопылық поэзия белгісінен ұлы Абайдың бой тартпай қажет жерінде
творчестволық жолмен пайдалана отырып, іске асыру қалпын танимыз.
Иә, бүкіл түркі әлемінде Қожа Ахмет Иасауи атты ұлы ақынның болғанын
кім білмейді? Бұл кісінің есімін, әсіресе, мұсылман қауымында естімеген жан
жоқ шығар? Өйткені, Құранның мағынасын тұңғыш рет түркі тілінде түсіндіріп,
сөйлетіп, оның мазмұн, мақамын, әуезін, ырғағына, ішкі ұйқасын сақтай
отырып, көркем дүние жасағаны белгілі. Оның біз сөз етіп отырған мұрасының
аты - Диуани хикмет деп аталады. Әрине, бұл атауды өмірін сарп етіп, көз
майын тауысып істеген еңбегіне өзі қойды ма, жоқ әлде шәкірттері осылай
атады ма ол жағы бізге белгісіз. Қазірше білетініміз ғұлама жан осы
дүниесін екінші кітап деп санаған. Ұлы ойшылға сөз берсек, ол:

Бісміллә деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым менә.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен Дәптер сәни сөзін аштым менә

деп толғаса, біз де аса қасиетті жанның шын сырын, ақ сөзіне ішіміз
егіліп, жанымыз жайма-шуақтанып құлақ түреміз.
Диуани хикмет Қожа Ахметтің өз төл шығармасы деп білеміз де, бұл
еңбекті қасиетті жанның ұрпақтары біздерге қалдырған ұлы мұрасы деп
бағалаймыз. Өйткені, Қожа Ахмет Иасауиге дейін пәни дүние мен бақи дүниенің
ішкі-сыртқы терең сырларын, Алланың адам баласы үшін шексіз рақымды екенін
және адамзатты өзінен кейінгі жарық әлемнің қожасы етіп жаратқанын тебірене
жырлаған түркі халқында ешкім болған жоқ. Бұл Қожа Ахмет атамыздың
занғарлығы мен ұлылығының бір көрінісі болса, оның Диуани хикмет атты
баға жетпес, асыл еңбегі бүкіл екі аяқты, бір басты пенденің жатса-тұрса
жатып-да ұстайтын, ояуда қасында, ұйықтаса басында болатын қадірлі дүниесі
дер едік. Біздің бұл берген бағамызды Диуани хикметті түсініп оқыған
оқушы ғана қуаттай алады, себебі, атамыз бейне бір жұмыртқасын алдырған
бозторғайдай өз ұрпағын жамандықтан шыр-шыр етіп қорғағысы келеді. Ненің
жақсы, ненің жаман, ненің күнә, ненің сауап, ненің қайырсыз, ненің қайырлы
екенін, сондай-ақ Алланың ақ жолын да барынша аиқын, барынша жарқын
жырлапты.
Иә Қожа Ахмет секілді данышпандар қаншама жылдарды араға салып, өмірге
сирек келетін болса, оның ақ жанынан ақтарылып, құйылып, төгіліп, сорғалап,
ғасырлар қойнауынан жеткен баға жетпес маржан сөздері де бізге, біздің
болашағымызға соншама қымбат.
Ақынның осы аталған кітабы негізінен қара өлең түрімен жазылған, екінші
сөзбен айтсақ, төрт жолдан тұратын он бір буынды байырғы дүние. Бұл асыл
туындыда егіз жолдан тұратын хикметпен бірге, шалыс ұйқастардан жасалған
хикметтер де кездеседі. Осы шығармадағы шумақтардың соңғы жолы үнемі бастан-
аяғына дейін қайталанып отырады. Мысалы, Сол себептен хаққа сыйынып
келдім, менә немесе насихатын халыққа айтып кетті, достар, -
деп хикметтің өнбойында, тұтас шумақтардың соңында осылай келіп отырады.
Диуани хикметтің ешбір шығармаға ұқсамайтын мұндай өзіндік ерекшелігіне
қарағанда, бұл еңбектің айрықша ішкі ырғаққа, сазға, үнге, әуенге, әуезге,
мақамға құрылғаны байқалады. Аталған кітаптағы мұндай оқшау қасиет оның көп
адам алқа-қотан отырып, бірлесе айтуына да лайықталған сияқты көрінеді.
Ақынның осы аталған кітабы негізінен қара өлең түрімен жазылған, екінші
сөзбен айтсақ, төрт жолдан тұратын он бір буынды байырғы дүние. Бұл асыл
туындыда егіз жолдан тұратын хикметпен бірге, шалыс ұйқастардан жасалған
хикметтер де кездеседі. Осы шығармадағы шумақтардың соңғы жолы үнемі бастан-
аяғына дейін қайталанып отырады. Мысалы, Сол себептен хаққа сыйынып
келдім, менә немесе насихатын халыққа айтып кетті, достар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшылы
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Орта ғасырлық ғылымның дамуы
Ахмет Иассауи Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнеті өкілі
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Қазақстанның ежелдегі мәдениеті
Қожа Ахмет Яссауидің өмір сүрген уақыты, тарихи жағдайлары
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Яссауи мұрасы
Шынайы сопылықтың тағы бір белгісі - құдаймен сұхбаттасу
Пәндер