Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат:
идеологияландыру және дінге қарсы күрес
1. Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық құралы ретінде
негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Дінге қарсы жүргізілген іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2. Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат: іске асырылуы және
зардаптары
1. Атеистік үгіт-насихат жұмыстарының ауқымы және оның әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. Атеистендірудің рухани-идеологиялық
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5

Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 17

Кіріспе

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы
мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта
қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені, халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер
әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні
тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан
өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-
бағдарын айқындау мүмкін емес. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни
фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе
әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени
серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта,
кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті
мәселелердің біріне айналды. Ал кеңестік дәуірде жалпы діндерді, соның
ішінде ислам дінін де мәдениетке, прогресс ұғымына жат, буржуазияның,
империалистердің құралы етіп көрсету кең тарады.
Кеңестік қоғамтану ғылымында бұрындарда орныққан теріс тұжырымдар мен
түсініктерге келсек, ол мәселен, дінді мәдениетке қарсы қою, көнеден келе
жатқан діни дәстүрді жоққа шығару, оған қарсы құрал ретінде атеистік үгіт-
насихатты кең түрде жүргізу, мәдениет пен руханияттың өзегі-әлем мойындаған
діннің өзін түбегейлі жоққа шығарушылық, оның адамгершілік, ізгілікке
бастар мәнін түсінбеу, оның орнына ешқандай тамыры да, бастау-көзі де жоқ
коммунистік қоғамң және жаңа атеист адамң тәрбиелеу партияның түпкі
мақсаты болды. Нәтижесінде КСРО-да бейрухани тарих пен дінсіз социалистік
мәдениет жасалынды. Әлемдік философия мен мәдениеттану ғылымының көрнекті
өкілдері тіпті, ХХ ғ. өзінде сыңаржақ материалистік көзқарас пен шектеулі,
рационалды сана түрінен бас тартуды ұсынып, ғылым мен дінді интегралдық,
яғни тұтастанған жаңа сана аясында біріктіру қажеттігін, сол сияқты осы
мақсатқа жету үшін шығыс халықтарының мұрасын зерттеу қажеттігін айтып,
адамзатты шынайы руханият пен өзара келісімге шақырғаны белгілі.
Расында, тарихты кезінде материалистік тұрғыдан жазып келгеніміз,
ендігі жерде рухани тарихымызды танып-білу міндеті қойылса дұрыс болар еді.
Халықтың мәдениеті мен руханиятының негізгі дінді, діни тарихымызды
зерттеу төл тарихшылардың алдындағы келесі міндеттердің бірі болып
табылады.
Тоталитаризм құрсауынан саяси азат болсақ та, сананы арылту
мемлекет алдындағы үлкен мәселе. Төл тарихымыз бен төлтума мәдениетімізге
қайта оралып, рухани жаңғыру үрдісінде осы діни тарихтың өзіндік орны бар.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаев Тарих толқынындаң атты еңбегінде: Сөз жоқ,
мәдени мұраның мәнді салаларының бірі ретінде діннің қалпына келуі, қазақ
халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал етті...
Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан формальді тұрғыда ғана зайырлы
мемлекет емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстан халқының төл табиғаты мен
рухы, сана-сезімі дінге деген тарихи кеңшілікте қалыптасқан деген ойлары
осы мәселеге терең ден қоюға жетелейді.
Осы негізде айту керек, күні кешегі кеңестік дәуірдегі қазақ халқының
діни-рухани дамуының қасіретті тарихы өкінішке орай, назарымыздан тыс қалып
келеді. Кеңес мемлекетінің Қазақстанда дінге қарсы жүргізген саясаты мен
қимыл-әрекеттері мүлдем зерттелмеген. Басылып шыққан еңбектерде Кеңестік
партия басшылығының дінге қатысты репрессиялық және идеологиялық-насихаттық
негіздегі атеистік саясаты осы кезге дейін ашық көрсетілген емес. Сондықтан
да тарих ғылымының кеңестану саласында КСРО-ның атеистік саясатының
Қазақстандағы мән-мазмұны мен салдарын ашып көрсетуді бітіру жұмысымызға
арқау еттік.

КСРО-ның мемлекеттік - партиялық жүйесіндегі атеистік саясат:
идеологияландыру және дінге қарсы күрес.
1. Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық құралы ретінде негіздеу.
XІX ғасырдың орта шенінде К. Маркс пен Ф.Энгельс еңбектерінде діннің
мәні, пайда болуы, дамуы мен құруы сияқты ғылыми сын тұрғысынан талдаған
пікірлерінің негізінде ғылымның бір саласы марксизм шыққан болатын.
Кеңестік теоретиктер осы сын пікірлерді тұтастай өздеріне идеологиялық
негіз жасап алды. Одан олар атеистік ойдың жоғары сатысы ретінде ғылыми,
маркстік – пролетарлық атеизм теориясын шығарды. Сонда ғылыми, маркстік
атеизм дегеніміз дінді дәлелді түрде, ғылыми негізде жоққа шығаратын
көзқарастар жүйесі. Алдымен біріне-бірі қарама-қайшы екі түсінік: атеизм
және діннің ғылыми анықтамасына, мәніне тоқталсақ. Атеизм грекше – а –
теріске шығару, шылау және теос – құдай, сөзбе сөз аударғанда –
құдайсыздық. Діни түсініктерді (құдайға сенуді, жанның өлмейтіндігін, о
дүниені, өлгендердің қайта тірілмейтіндігін т.с.с.) және жалпы дінді жоққа
шығаратын көзқарастар жүйесі.
Атеизм дегеніміз – құдайды теріске шығару арқылы адам болмысына
сену, – деді К. Маркс.
Ал дін – relіgіo – латын тіліне аударғанда – ар–намыстылық, ар–ұятқа
негізделген қатынас, құдайдан қорқу, тақуалық, қасиет-киелілік т.б.
мағыналарды береді. Сонда атеизм түсінігі әлгіндей рухани құндылық, асыл
қасиеттерді жоққа шығарушылық болып тұрғанын көреміз. Большевиктер осы
атеизмге идеологиялық үсемдік беріп қойды. В. И. Ленин бастаған
большевиктер пролетариаттық капитализмге қарсы социализм үшін күресіне
негіз етіп таптық теория мен материалистік ұстанымға сай атеизмді маркстік
ілімдермен қаруландырып ғылыми атеизмді идеологиялық құралға айналдыруда
бар күш-жігерін салып бақты. Марксизмң,-дейді В.И. Ленин, - буржуазиялық
заманның аса бағалы табыстарын тіпті де керексіз етіп тастамай, қайта
керісінше адамзат ойының, мәдениеттің 2000 жылдан аса уақыттың шілде
дамуындағы бағалы нәрсенің бәрін игеріп, қайта өңдеп революцияшыл
пролетариаттың идеологиясы ретінде өзінің бүкіл дүние жүзілік тарихи
маңызына ие болды -деп жазды.
В.И. Ленин атеизм саласын одан әрі дамытып қана қоймай, іс жүзіне
асырды. Дінге таптық сипат бере отырып,оған қарсы тұруға шақырды.,
Социализм және дін деген мақалаларында дін үстем тап құралына айналғанын
мейлінше сынай келе былай деп жазды: Дін дегеніміз - өмір бойы басқа
біреуге жұмыс істеумен, мұқтаждық пен жаншылған халық бұқарасын барлық
жерде бірдей басқан рухани езгінің бір түрі.
Ал одан басқа да Материализм және эмпириокритицизмң еңбегінде
идеализм оның тірегі дін деп оған қарсы тұрса, Жұмысшы партиясының
көзқарасың (1909ж.) мақаласында дін мен шіркеу, мешітке қарсы марксизм
тактикасын белгілейді: Дін дегеніміз - халықтың басын айналдыратын апиын,-
Маркстың осы нақыл сөзі марксизмнің дін мәселесі жөніндегі бүкіл дүние
тануының ірге тасы болып табылады. Осы заманғы шіркеулер мен діндерге дін
атаулыға теориялық қарсы тұруға, кейін идеологиялық шабуылға ұласты.
Халық санасын атеизмге иландырудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін Жауынгер
материализмнің маңызы туралың, мақаласында көрсетіп береді. Под знаменем
Марксизмаң журналын атеизм мен материализм органы етіп, атеистік тәрбие мен
діни сенімдерді жою жолдарына тоқталған екен. Ленин: Бұқараға атеистік
насихат жөнінен мейлінше әр алуан материал беру қажет, оларды тұрмыстың
мейлінше әр қилы салаларындағы факторлар мен толыстыру қажет, оларды
қызықтыру үшін, діни ұйқыдан ояту үшін оларды түрліше әдістермен серпілту
т.с.с. үшін оларға олай да, бұлай да жақындаса білу қажетң деп партияға
құйтырқы өсиет қалдырды. Осыдан кейін партия басшылығының дін жөніндегі
саясаты мен атеистік насихаты осы көрсетілген бағыт-бағдардан жаңылған
емес, қайта асыра орындап шыққанын көптеген құжаттар дәлелдеп берді.
Коммунистік партияның манифесінде: ...коммунизм мәңгілік ақиқаттарды
жояды, ол дінді...жоядың - делініп әу бастан-ақ дінге қарсы позициясын ашық
жариялаған болатын. В. И. Лениннің дінге қарсы кесіп айтқан сөзіне назар
аударып қарасақ. Діни идеяның қандайы болса да, құдайекең атаулы туралы
идеяның қандайы болса да, тіпті құдайекеңмен шүйіркелесудің қандайы болса
да барып тұрған пасықтық... ең қауіпті пасықтық, жексұрын жұқпалы ауруың-
деген нұсқауларын басшылыққа алған партияның ХІІ сьезінде Дінге қарсы үгіт-
насихатты жолға қою туралың арнаулы қаулысы да өмірде іске асты.
Дінді теріс түсіндіру, керітартпа құбылыс ретінде қарастырылды. Дін –
жеке меншікшілдік, әйелге төмен көзқарас дарашылдық, жайбарақаттық,
еңбектегі керенаулық сияқты ескіліктің санадағы зиянды қалдықтарына дем
беріп, жандандырып отыратын, адамды үмітсіздікке жетелейтін, үстем тап
өкілдеріне қызмет ететін құрал деп теріс баға берілді және оған қарсы
идеялық күрес үздіксіз түрде жүрді.
Діншілдік тұманға қарсы таза идеялық және тек идеялық қарумен,
баспасөзімізбен күресу үшін біз шіркеудің мемлекеттен толық бөлінуін талап
етеміз, - деген болатын большевиктердің көсемі.
Коммунистік партия дінге қарсы күресте марксизм ілімін басшылыққа
алды. Марксизм дінге мейлінше қас. Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл -
бүкіл материализмнің әліппесі, олай болса, марксизмнің де әліппесі. Қызыл
көсем одан әрі: Бірақ марксизм әліппеге тоқтап қалған материализм емес.
Марксизм оданда әрі барады. Ол: дінмен күресе білуі керек, ал ол үшін
бұқарада бұл танымның және діннің қалай пайда болғанын материалистік
тұрғыдан түсіндіру керек. Сондағы аңғаратынымыз, марксизм дінмен күресте
материализмнен анағұрлым күшті ілім болып табылады екен. Марксист адам –
материалист болуға, яғни діннің жауы болуға тиіс, бірақ материалист
болғанда диалектикашыл материалист болуға, яғни дінге қарсы күресу ісіне
абстракты түрде емес, дерексіз, таза теориялық әрқашан өзіне тең уағыз
негізінде емес, нақтылы түрде іс жүзінде болып жатқан және бұқараны бәрінен
де көбірек, жақсырақ тәрбиелейтін тап күресі негізінде қоятын болуға тиіс
деп әрбір кеңес адамының дін атаулыға көзқарасын айқындап берді. Сонымен
дінге қарсы күрес идеялық күрес, партиялық іс болды. Партияның діни
көзқарасқа қарсы идеологиялық күресі дүниеге бір жақты ғылыми көзқарас –
марксизм-ленинизмге және оның теориялық негізі диалектикалық материализмге
негізделген. Осы ғылыми көзқарас осылайша идеологияландырылды. Діни соқыр
сенімдерге қазіргі уақытта дүниеге ғылыми, материалистік көзқарастың –
ғылымға жат, діни көзқарасқа қарсы идеологиялық күрес деп қаралуға тиісң
деп бекітілді. Сөйтіп, большевиктер қоғамға ғана емес, адам санасына
түбегейлі төңкеріс жасады десек болады. Тіпті В.И. Ленин Социализм – есть
религия, - деп жар салды.. Материалистік көзқарас дінді біржолата бекерге
шығарады. Дінге атеистік анықтама беріліп дін апиынң деп кеңестік ЖОО-да
осылайша оқытылып келді.
Коммунистер мұсылман қоғамының таптық сипатын дәлелдеу мақстында
халықты сауаттандырып, клуб-мектептер ашып, адам, табиғат туралы санасын
кеңейтуде білім беруді жолға қойды. Өздерінің бұл әрекеттерін Кеңестік
құрылыс шеңберінде мұсылман бұқарасының өз ұлттық тағдырын өзі шешуіне
жанашырлық көрсетудемізң деп мәлімдеді. 1920ж.ж. ортасында мұсылмандық
дәстүр жанданып, әртүрлі мұсылман мекемелері рухани жұмыстар атқарып
тұрды. Мұсылмандық шариғат ісі өріс алып, сопылық жолды қуушы мүридтер 500-
800-ге дейін барды.
Жоғарыдағыларды жинақтай айтқанда, жан-жақты кең көлемдегі атеистік
насихат жүргізу нәтижесінде кеңес халқының маркстік идеологияға негізделген
атеистік – коммунистікң дүниетанымы қалыптастырылды. Бұл туралы КПСС ОК
1954ж 10-қарашадағы халық арасында ғылыми атеистік насихат жүргізудегі
қателіктер туралың қаулысында былай делінген: Қазіргі уақытта КСРО-да
социализмнің жеңуі және қанаушы таптардың жойылуы нәтижесінде діннің
әлеуметтік тамырлары үзіліп, шіркеудің сүйеніп келген негізі жойылды.
Шіркеу қызметін атқарушылардың көпшілігі, фактілер көрсетіп отырғандай,
қазір кеңес өкіметіне дұрыс көзбен қарайтын позиция ұстанып отыр. Сондықтан
діни соқыр сенімдерге қарсы қазіргі уақытта дүниеге ғылыми, материалистік
көзқарастың күресі – ғылымға жат, діни көзқарасқа қарсы идеологиялық күрес
деп қаралуға тиісң делініп, діни қалдық атаулыға идеялық күресін жалғастыра
берді.
Жалпы, кеңес мемлекетінің идеологияландыру саясатының бір жағы халықты
діннен аластату әрекетімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл мәселе терең
зерттелуі керек деп ойлаймыз. Комунистік партияның дінге қатысты саясатының
астары туралы Н.Назарбаев Тарих толқынындаң атты еңбегінде тоқталып өтеді:
Қазақтың бүкіл тарихы, әсіресе діни тарихы өлтіре сынға алындың дей келе,
біздің тарихтың Ресей империясының териториялық ауқымындағы көшпелі және
одан кейінгі кезеңіне тән. Онда мемлекеттік дін ретінде православие
тықпаланды, одан кеңес тарихы кезінде атеизм бел алдың деп, бұған назар
аударады.
Соңғы кездері маркстік коммунистік идеология керемет еді деушілердің
пікіріне былай деп тойтарыс береді: Тоталитарлық данышпандардың
идеологиялық жаттығулары шала-шарпы ұғынылған марксизм мен ауыл арасындағы
өр көкіректіктің бытпырақ қойыртпағы ғана екені ойларында жоқң.
Ойымызды түйіндей айтсақ ХХ ғасыр басында социализмді дін деп халыққа
күштеп таңған большевиктер шынында, жұртты ғасырлық дәстүрінен, руханияты
мен дінінен аулақ етті. Діни сенімді коммунистік идеологиямен алмастыруға
тырысып бақты.

1.2. Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар.
Марксизм-ленинизм атеизмді мемлекеттік дәрежеде саясатқа айналуына
байланысты, діни қатынастар мен нанымдар кеңес мемлекетінің идеологиялық
негіздеріне қарама-қайшы келді. Социалистік құрылысты орнықтыруда екі
негізге сүйенді: таптық теория және материалистік тұрғыда дінді жоққа
шығару, яғни атеизм. Социализмге жету үшін осы 2 маңызды мәселені қалайда
шешу қажет болды.
Атеизмге халықты сендіру, иландыру үшін міндетті түрде дінге қарсы
репрессиялық саясат жүргізілуі тиіс болды. Бұл саясат еш жарияланбай,
құпияық мазмұнда, біртіндеп іс жүзінде асырылды. Сонымен қатар діни
мәселелерді зерттеуге ешқашан жол берілген емес. Тек дін-апиын деген
танымдық мағынада зерттелініп, коммунистік таптық идеология шеңберінде
бағаланды.
Кеңес өкіметі саяси билікті қолына алғаннан кейін үш ай уақыт өте келе
1918ж. 23 қаңтарда Шіркеуді мемлекеттен бөлу туралы арнайы құқықтық құжат
қабылдады. 13 баптан тұратын бұл құжаттта дінді тежеп шіркеу, мешіт сияқты
қасиетті орындардың құқықтарына шектеу енгізді. Құдайға құлшылық үшін
пайдаланылатын ғимараттар мен мүліктер жергілікті және орталық
мемлекеттік өкіметтің ерекше қаулыларының негізінде беріледі. 12 бапта:
Ешқандай шіркеу және діни қоғамдар меншікті иелену құқығына ие бола
алмайдың деп көрсетілді. Бұл бойынша, 1917-1937 ж.ж. шіркеу, мешіт
мүліктерін заңсыз жоюға, сатуға, тәркілеуге тікелей жол ашты. Бұл
әрекеттерді іс жүзінде асырған НКВД әсіресе 1929-1930ж.ж. мешіттерді, құдай
үйлерін қиратуда ешкімге дес бермеді.
1922 ж. 23 ақпанда ВЦИК(ЖОАК) ашыққандар қажетіне шіркеу мүлкін
таратып беру декретін шығарды.
Осындай күштеу шараларынан кейін діни мекемелер саны едәуір
қысқарған болатын. Салыстырмалы түрде айтсақ, төңкеріске дейін КСРО-да
50мыңға жуық мешіттер діни істермен айналысқан.(22 мыңы Ресейде, Бұхар
хандығы мен Хиуада15мың, Орта азияда -1200),ал 1929ж. КСРО-да 3700 мұсылман
қауымы ғана жұмыс істеп тұрды. Еңбекші халықты атеистендіруді күшейте
түсуде әкімшілік жолмен діни мекеме-мешіттерді таратуы оған келушілердің
қатысуын күрт азайтқан. Әкімшілік жолмен мұсылман құрылымдарын жабуды,
мешіттерді жартылай легальді (ашық) жағдайда қалдырды. Есептеулерге
сүйенсек, тіркелмеген мешіттер жекелеген аймақтарда әдеттегіден 20 есеге
дейін көп болған. Бұның себебі, большевиктер мұсылман құрылымдарының ашық
жұмыс істеуіне кедергі келтірді. (кестеге назар аударыңыз)
Көптеген партия материалдарынан мұрағат құжаттарынан
большевиктердің дінмен қатынасы, әсіресе мұсылман дінімен байланысы
айтарлықтай жақсы болмағанын, қайта ерекше сипат алғанын байқаймыз. 1926ж.
басында ресми құжаттарда мұсылмандардың Кеңеске қарсы сипатың туралы
тезистер жарияланып, 1927ж. тіпті, дінге қарсы үгіт – насихат жүргізіп қана
емес, еңбекшілердің таптық жауың деп айдар тағылып, Исламмен күрес
шараларың туралы мәселе көтерілді. 1929ж. арнайы қаулы бойынша кез-келген
деңгейде ислами оқытуға тиым салынды.
Мұрағаттағы қор материалдарында осы жөнінде мынандай есеп
беріліп, қорытындылар жасалып отырған: Тіркелген діни бірлестіктер саны
өскен жоқ, мешітке келушілер саны артқан жоқ, барлық мешіттер мен
қауымдардың табысы 1958-1959ж.ж. кеміген, сеніушілерді діннен шығару жұмысы
күшеюде, халық ішінде атеистік сана ұлғая түсті. Ешқандай да діни қауымның
тіркеу туралы ұсынысы келіп түскен жоқ деп қанағаттандырарлық есеп беріліп
отырғанын көреміз. Жоғарыда айтылғандардан көретініміз дінге қарсы іс
шаралар дер кезінде, тіпті, асыра орындалған десек те болады.
Қазан төңкерісінен кейін идеялық-тәрбиелік жұмыстарды жүргізу
барысында дін және діни мәселелерге ғылыми сын тұрғысынын қарау керек деген
желеумен халықты большевиктер өзіне тартуға тырысты. Халықты дінді жоққа
шығарушылыққа, оған қарсы күресуге шақыра отырып жаңа дүниетаным-атеизмді
жаппай тарату үшін әкімшілік-партиялық, идеологиялық, ғылыми тұрғыда
дәлелдеу т.б. әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Алғашқы кезекте дінге қарсы
жұмыстар халықтың санасына әсер ету бағытында әңгімелер, әдебиеттер шығару,
жиналыс өткізу, диспуттар түрінде, атеистік мазмұндағы газет-журналдар,
мақалаларды көптеп шығару, ғылыми-көпшілік брошюраларды кеңінен жаю
әрекеттері үлкен нәтижелер беріп отырды.
1929ж.ортасында Жауынгер Құдайсыздар одағы (ЖҚО)ң ІІ сьезде дінге
қарсы қозғалыстың жаңа ұранын қабылдады. Дінмен күрес –социализм үшін
күресң деп, діни бірлестіктер мен дінге сенуші азаматтардың құқығына ашық
шабуылға шықты.
Әлемдік атеистік әдебиеттерді аударумен Атеист (1922ж ғылыми
қоғамы айналысты. 1925-1930 жылдар аралығында И.А. Шпицберг редакциясымен
Атеистң журналы шығып тұрды. 1926-1941 ж.ж Е. Ярословский (атышулы атеист)
жетекшілігімен мазмұны ғылыми атеизмді насихаттаудан тұратын
Антирелигиозникң журналы көп таралыммен жарыққа шығып тұрды.
1926ж. партия кеңесі дінмен күрестің негізгі 3 бағытын белгіледі:
1) Діни идеологияның таптық мәнін аша отырып, Кеңес мемлекетінің
таптық жауы санады;
2) Діннің ғылымға қарсы сипатын материалистік дүниетаныммен, қоғам мен
табиғат заңдарымен түсіндіру;
3) Діни моральға сыни тұрғыдан қарап, шіркеу мен сектанттар
идеологиясын коммунистікпен алмастыру.
Материалистік негіздеу атеистік сананы қалыптастыру үшін атеистік
әдебиеттердің таралымын арттырып, КСРО-дағы әртүрлі халықтар тілдеріне
аударылды.
Кейбір дінбасылардың кеңеске қарсы әрекетіне бола дін иелеріне
жаппай репрессия басталып кетеді. 1923-1930ж.ж. конфессиялар қылмыстық,
әкімшілік жолмен жазалануға ұшырады. Кез-келген ушыққан мемлекет – шіркеу
қатынасы өкімет тарапынан қатаң қудалаумен аяқталып отырды. 1937ж. қазанда
НКВД діни дәрежесі барлардың барлығын ату жазасына кесу туралы құпия жарлық
шығарды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы ислам дініне қарсы бағытталған саясат және оның салдары
КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге қарсы күрес
Коммунистік Кеңестік Партиясы Орталық комитеті
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы мәдени ағарту жұмысы
Діни басқарма тұсында
Діни басқармаға филиал
Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні
Пәндер