Атақты географ, теңізші, саяхатшы - Христофор Колумб


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Христофор Колумб саяхаты

Жер шарында ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған. Үндістан жерін ашып, онымен сауда, қарым қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастады.

Кеме шаруашылығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиті арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне, осы кезде Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізі болғандықтан біз батысқа қарай жүзе берсек Азияның шығысына шығамыз деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдері бірден қабылдамады. Сонда да атақты теңізшіөгеограф алған бетінен қайтпай, көптеген кедергі мен қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты. Колумб Европада бірінші болып шығыстан батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты. Ол ашқан жерлерін Шығыс Азия, Үндістан жері, Жапония аралдары деп ойлады, Американы ашқанын өзі білмей кетті.

Тосканелли картасы

Христофор Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған. Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алды.

Жас кезінде Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданған. Ол бұл мамандықты менгеріп алған соң, інісі Бартоломей Христоформен бірге Португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиылатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысты және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысқан.

Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Мони де Палестерелло дейтін теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген. Кейін ПортоөСанто аралына келіп, атасының үйінде тұрады. Мұнда ол Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материалдарды мұқият зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі.

Колумбтың ПортоөСанто аралында қанша тұрғаны белгісіз, ол атасы өлген соң араөтұра Лиссабонға келіп жүреді де, ақыры осында семьясымен көшіп келеді. Мұнда ол енді географиялық глобус, теңіз жолы көрсетілген карталар жасайды, географиялық ашулармен, ерте заман, орта ғасырдағы география табыстарымен танысады. Әсіресе, Пьер Д’Эйдің “Әлем бейнесі” дейтін географиялық еңбегі оған көп әсер етті. Бұл еңбек біздің заманымызға дейін Севильедегі Колумб кітапханасында сақталған. Кітап беттерінің шетінде Колумбтың өз қолымен жазған кейбір ескертпелері де бар.

Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королы Иоанн II-ге ұсынады. Король өзінің оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ оның діншіл ғалымдары Колумб жоспары тек қиял, орындалатын іс емес дейді.

Бұл кезде Колумб қайғыға ұшырайды, 1484 жылы оның әйелі өліп, сегіз жасар Диего дейтін баласы қалады.

Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы Испанияғы кетпекші болады. Жолға ақшасы болмаған Диегоны ертіп, жаяу Испанияға келеді. Мұнда келген соң Колумбқа бірден қызмет табылмайды, Испанияның қалаларын аралап, ақыры Андалузия қаласының шетінде ескі француз монастырының есігінде қайыр сұрап жүргенің монастырь оқымыстысы Хуан Перес де Марчен көріп қалады. Ол Колумб жайымен танысып, оны баласымен монастырьда қалдырады. Сөйтіп, Марчен Колумбты монастырьды билеуші ғалым Прадомен таныстырады. Прадо Колумбтың жасаған жоспарымен танысып, оны Кордова қаласында тұратын Испания королына жібереді. Бұл кезде Испанияда соғыс болып жатқан. Колумб соғыста жүрген корольға жолыға алмайды, бірақ сол өзі барған Кордова қаласында қалып, тағы да карта сызумен шүғылданады. Мұнда ол өзінде жолдастар тауып, патша сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен танысып достасады. Содан біраз уақыт өткен соң достарының көмегімен Колумб жоспарын Испания королына ұсынады. Король Фердинанд мен королева Изабелла алдында жұпыны киінген еңгезердей Колумб өз жоспарын дәлелдейді. Король мен королева тыңдап болған соң Саломондағы Степан монастырына діншіл ғалымдарды жинап, Колумб жоспарын ұзақ талқылап, оны дінге қарсы, қабылдауға болмайды деген қорытындыға келеді.

Жоспары Испанияда қабылданбаған соң, ол тағы да Португалияға кетпек болып, ұлын алуға монастырьға келеді. Бірақ достары оны жібермейді, король мен королеваға тағы да хат жазып, Испания Колумбтан айрылмау керек деп дәлелдейді. Егер оның жоспары іске асса, біз Португалия королы алдында күлкі боламыз, тіпті іске аспаса да оны жібермеу Испанияға пайдалы екенін айтады. Солардың тілегінен кейін, енді оны жоғары мәртебелі король мен королева екінші рет қабылдайды. Колумб бұлардың: жолға шықпай тұрып, өзіне адмирал атағын беруді, ашылатын жерлердің вицекоролы етіп тағайындауды, ол жерлерден түсетін пайданың оннан бірін өзіне беруін талап етеді. Бірақ король Колумбтың бұл талабын өзгертуін сұрайды. Колумб корольды тыңдағысы келмейді. Кейіннен сарайдағылар мен ғалымдар король мен королеваны көндіріп, мынадай келісімге қолжетеді: Колумб өмірше және оның ұрпақтары да мұхиттың арғы жағынан ашқан жерлердің адмиралы болды. Ол өзінің ашқан жерлерінің вицекоролы және губернаторы болады. Ол жерлерден табылған асыл бұйымдардың інжу маржан, алтын, күміс, асыл тастардың тағы басқа заттардың оннан бірін өз пайдасына алып отырады.

Испания королы Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды, үшіншісін Колумб өз қаражатымен жасатады. Кемелер алысқа аттануға дайын болады. 1492 жылы 3 тамызда Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолымен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христофор Колумб
Колумбтың екінші экспедициясы
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Христофор Колумб саяхаты жайлы
Колумбтың төртінші экспедициясы
Лаперуздың географиялық ашулары
Христофор Колумб туралы
Орта ғасыр саяхатшылары Христофер Колумб
Ежелгі ғалымдар
Дүниежүзілік саяхатшылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz