Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер



КІРІСПЕ
1 Техника . технологиялық бөлім
1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат
1.1.сурет. Ауданның шолу картасы
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуі және игеру тарихы
1.3 Стратиграфия
1.4 Тектоника
1.5 Мұнайгаздылығы
1.6 Сулылығы
1.7 Құмкөл кен орнының игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөнініде қысқаша мәлімет
1.8 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы
1.9 Құмкөл кен орнын 1 .объектісінің мұнай, газ және су өндірудің өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау
1.10 Қабатқа су айдау үшін пайдаланылатын су көздері
1.11 Су дайындаудың техника.технологиясы
1.2 Құм тығынының сумен жуғандағы гидравликалық есебі
1.1.кесте. 15 жылда мұнай өндірудің өзгеруі
1.1. кесте. 15 жылдағы су ендірудің өзгеруі
2 Экономиқалық бөлім
2.1. "Құмкөл мұнай" МГӨБ.ң сипаттамасы
2.2 . сурет. "Құмкөл мұнай" МГӨАҚ.ның өндірістік құрлымы
2.3. Техникалық басшылық органдары
2.4 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника экономикалық көрсеткіштерді талдау
2.5 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау жасау
2.1 кесте . Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау
2.6 Құм тығының жуғандағы тиімділіктің есебі
2.2 кесте Технико.экономикалық көрсеткіштер
2.3 кесте . Жылдық экономикалық тиімділік көрсеткіштері
2.1 графигі — Экономикалық тиімділік нүктесі
3 Еңбекті қорғау бөлімі
3.1 Құмкөл кен орнында игеру кезіндегі қауіпті және зиянды факторларды таңдау
3.2 Құмтығындарымен күресудегі қорғаныс шаралары
4 Қоршаған ортаны қорғау
4.1Негізгі қойылатын талаптар
4.2 Ластаушылардың сипаттамасы
4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс.шаралар
4.4 Гидросфераны қорғау
4.5 Литосфераны қорғау шаралары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орнында жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республи-касының Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.
1987 жылы ТМД-ның ҚЖИК-нің бекітуімен байланыстық 153208 мың тонна болып мүнай қоры бекітілді. Ұсынылып отырған дипломдық жүмыс Құмкөл кен орнын пайдалану шарттарына сәйкес "Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру" арналған.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ...
1 Техника – технологиялық бөлім ... ... ...
1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат ... ... ..
1. 1-сурет. Ауданның шолу картасы ... ... ..
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуі және игеру
тарихы ... ... ... ... ... ... ...

1.3Стратиграфия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4Тектоника ... ... ...
1.5Мұнайгаздылығы ... ... ...
Сулылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
7. Құмкөл кен орнының игерудің тарихы және қазіргі жағдайы

жөнініде қысқаша
мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
1.8 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы ... ... ...
1.9 Құмкөл кен орнын 1 -объектісінің мұнай, газ және су өндірудің

өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау ... ... ...
1.10 Қабатқа су айдау үшін пайдаланылатын су көздері ... ... ...
1.11 Су дайындаудың техника-технологиясы ... ... ..
1.2 Құм тығынының сумен жуғандағы
гидравликалық есебі ... ... ...
1. 1-кесте. 15 жылда мұнай өндірудің өзгеруі ... ... ..
1.1- кесте. 15 жылдағы су ендірудің өзгеруі ... ... ...
2 Экономиқалық бөлім ... ... ...
2.1. "Құмкөл мұнай" МГӨБ-ң
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 - сурет. "Құмкөл мұнай" МГӨАҚ-ның өндірістік
құрлымы ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Техникалық басшылық органдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника
экономикалық көрсеткіштерді талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау жасау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 кесте - Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5 Құм тығының жуғандағы тиімділіктің есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 кесте Технико-экономикалық көрсеткіштер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 кесте - Жылдық экономикалық тиімділік көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 графигі — Экономикалық тиімділік нүктесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Еңбекті қорғау бөлімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
3.1 Құмкөл кен орнында игеру кезіндегі қауіпті және зиянды факторларды

таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Құмтығындарымен күресудегі қорғаныс
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4 Қоршаған ортаны қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
4.1Негізгі қойылатын талаптар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
4.2 Ластаушылардың сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс-шаралар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.4 Гидросфераны қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
4.5 Литосфераны қорғау шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
АНДАТПА

Қарастырылып отырған дипломдық жобада Құмкөл кен орнының жағдайында
өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер қарастырылған.
Ұңғылардың құм түзілуімен күресу тәсілдері келтірілген. Ұңғыдағы құм
тығынының есебі көрсетілген.
"Құмкөлмүнай" МГӨБ жұмысының залалсыздық нүктесі анықталған.
Қоршаған орта мен еңбекті қорғау жағдайына анализ берілген.
АННОТАЦИЯ

В данном дипломном проекте рассмотрены основные аспекты, осложняющие
работу добывающих скважин в условиях месторождения Кумколь. Подробно
предлагаются методы борьбы с пескоролвением в реагирующих скважинах.
Приводится гидравлический расчет промывки забойных песчанных пробок в
скважину.
Определена точка безубыточности работы НГДУ Кумкольнефть. Дан анализ
состояния охраны труда и окружающей среды.
КІРІСПЕ
Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі
болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен
орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен
орнында жатады.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республи-касының
Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан
экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы
Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.
1987 жылы ТМД-ның ҚЖИК-нің бекітуімен байланыстық 153208 мың тонна
болып мүнай қоры бекітілді. Ұсынылып отырған дипломдық жүмыс Құмкөл кен
орнын пайдалану шарттарына сәйкес "Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы
өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін
арттыру" арналған.
1ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат
1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл
мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа
өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.
Кұмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды
облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын
географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын
түрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы
(210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр).
Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен
орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр және 290 километрдей
болады.
Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта
Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал
шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.
Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез
келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран,
үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы
тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп,
батпаққа айналадьг. Тура осындай жолдар Кұмкөл кен орнын Қызылорда мен
Жезқазған арасындағы грейдерлік жолмен шектесе асфальтталған жол арқылы
Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210 километр).
Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск -
Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары
дала қыраттың үстінде орналасқан.
Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның
ішінде ең үлкені - Арысқүм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан
ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң
Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90
метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп түрады.
Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала,
солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен үласады.
Абсолютті ең биік белгі 240,1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75,1 метр.
Биік қыраттардан қазан шүңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары
бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа
және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі
бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады және осы
батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.
Кен орнының құрамы және оған жақын жатқан территория аймақтар майда
тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100
метр тереңдікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез
ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста
-40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін
негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады.
Негізінен соғатын желдің
бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады.
Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп
бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық
және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су
құрамы жоғары минералданған 0,6-0,9 гдм . 50-70 метр тереқдіктен сенон-
турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.
Судың қүрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына
сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық
жағынан аудан қауіпсіз.
1.2 Кен орнының геологаялық зерттелуі және игеру тарихы
70 жылдардың басында оңтүстік Торғай ойпаты кек көзін жоғары палеозой
шөгіндісімен байланыстырып, негізінен геологиялық, магниттік, гравиметрлік
өлшемдерге сүйеніп жасалуда.
КМПВ Арысқүм мен МОВ Жыланшы мұнай газ аудандарында жасалған
сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәти-жесінде мұнай газ кеніші триас,
грабен — синклинальдарымен мезозой қабаттарының дәуіріне жататыны болашағы
бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жүмыстар
(МОВ) Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.
1976-1981 жылдарда оңтүстік Торғай өңірінде геологиялық зерттеу
жүргізілген жоқ.
1982 жылы "Актюбенефтегаз геология" . ПГО бекіткен жоба бойынша
алдынала есептеліп дайындалған (КМПВ) профильдік структуралық бұрғылау
басталды. Бұрғылаудың алдына негізгі Қойған мақсаты 2000 метр тереңдікке
дейін ұңғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық кұрлысын анықтау
болды.
1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм
ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофиль-деуден кейін 2п-Арысқұм
ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арыскұм мұнай аймағындағы профиль
структура бұрғылау жалғастырылды.
1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде
Құмкөл кен орнында төменгі неоком мен жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарында
мұнай кеніштері бар екендігі анықталды.
1985. жылы Тұрлан геологиялық барлау экспедициясы мен Құмкөл кен орнының
солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл сатысы деп
атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің солтүстік
синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды.
1986. жылы Құмкөл кен орнының орталық бөлігінің барлау жұмыстары негізінен
аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен орнының солтүстік
бөлігіне ауысты.
1987жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен
орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігі анықталды.
Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен игерілуде.
Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.
1.3 Стратиграфия
Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер
нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте
протерозой негізгі бетінде орналасқан.
Төменгі протерозой РК1
18 ұңгыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.
2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120
метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта
тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды
құрамға айналады.
3-ші үңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз
интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.
Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыраңқы аймақтармен
бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір
жерлерінде темірге айналған.
Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына
сәйкестелінген.
Мезозой - кайнозой топтары МZ-КZ
Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық)
қүрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-
палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.
Триас - Юра бөлщцері Т - J
Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің
шөгіндісімен басталады. Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі
тілігінде жоғарғы триас - төменгі юра шөгінділері де бар.
Кұмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында аталған
шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т3, төменгі
юра бөлімі J1 грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы
айболин тастопшаларынан тұрады.
1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен соң бірі қабаттасып құмтастар
мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден құралып кейбір жерлерінде
конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды
алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған
өсімдік қалдықтарына бай.
Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.
Юра жүйесі J Орта бөлім J2
Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер
Дощан қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.
Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (скважина 12) 56 метрге дейін
(скважина 6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін
(горизонт ю-4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында
4-6 метр көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4,5,6). Тастопшаның төменгі жаппа
құрлымды бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе
жынысқабығына жатады.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде. Дощан топшасы түгелімен
үшкірленіп (ұңғы 17,19), ал қанаттарында оның
қалыңдығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы 5). Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3
Юраның орта-жогаргы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай тастопшасына
бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып, ал бұл
тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық жағынан
өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз, гидрослюда -
каолинитті кұрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан текшеленген.
Оңтүстік-батыс құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17,19) тастопша жоқ, ал
қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан
тастопшасы үстегі доломиттер ретінде көрсетеді.
Грабен-синклинальдарда тастопшаның жогарғы бөлігі жанғыш сланецтерден
түзілген. Тастопшаның қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар
нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына
жатқызылған.
Жоғарғы бөлім J3
Жоғарғы юра қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан
және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді.
Кен орнындағы Құмкөл тастопшасы (J3к) үш қабат горизонтальды өнімдік
құмайттар, құмдар және алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып
бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-3).
Бүкіл аймақта горизонттар саз және сазды алевролиттер болып бөлінген.
Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал
қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін өзгереді.
Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклинальдарында 300 метрге дейін
артады.
Бор жүйесі - К
Кен орнының төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау
негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.
Орта төмен бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон
бор жүйелеріне бөлінеді.
Төменгі бөлім К1
Неоком жоғарғы текшесі (К1пс)
Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы
тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл
тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына
жатады жэне ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен
саздан тұрады.
Арыскұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге
дейін жетеді.
Арысқұм жазық горизонтты литологиялық құрамы жағынан Құмкөл
кұрылымында үш буда текшеге бөлінеді: төменгі мен жоғарғы құмды алевролитті
және ортаңғы - сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол
(горизонттар М-1 жөне М-2). Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы
сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңдығы
113-163 метр болатын саздан тұрады.
Жоғарғы дауыл тастопшалыгы тіліктің төменгі және орталық беліктерінде
қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі
жағы негізінен сазды. Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.
Дауыл тастопшасының негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының
мөлшеріне қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен түратындығы анықталып
неоком дәуір аралығына жататыны дәлелденді.
Апт-альб ярустары (К1 а-К1 а1)
Апт-альб шөгіндісі шайынды арқылы дауыл тастопшасының үстіне
орналасып, қарашатау тастопшасымен бірігеді. Тастопша төменгі жағында қатты
бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысып отыратын құм қабаттарымен
жоғарғы жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер
қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.
Спорово-пыльца талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб
дәуір аралығына жатады.
Төменгі - жоғарғы бөлімдер К1-2
Альб-сеноман ярустары (К1 а1+s)
Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау тастопшасының үстінде орналасып,
қызылқия тастопшасынан ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар саздар алевролиттер
мен сазды құм қабаттарымен құмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындыгы 87-
186 метр.
Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-
тұқымдар негізінде анықталған.
Жоғарғы бөлім К2
Турон ярусы К2t
Турон шөгіндісі балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті
қызылқия тастопшасының үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм мен жұқа сазды
қабатшалардан тұрады.
Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да
кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-
тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.
Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)
Бұл қабат шөгінділері шайылған жыныстар мен балапан
тастопшасымен шекараласады. Литологиялық бұл қабат ала-шұбар түсті құм мен
сазды балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты
түқымды, тозандар негізінде анықталған.
Жоғарғы сенон (К2sn2)
Жоғарғы сенон қабаты (қүрылым жағынан) барлық ұнғыларда шайылып
кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен ақ құм
қабаттарына әктас қабатшасы қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы шөгінді
қалыңдығы 43 метрге жетеді.
Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) және
тұқым шаң тозаңдары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып
кампанмастрихті кезеңге жатқызылған.
Кайнозой тобы - Кz
Палеоген жүйесі - Р
Палеоцен - төменгі эоцен Р1-Р2
Палеоцен - төменгі эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде
жоғарғы бор үстінде орналасқан.
Олар көмірленген өсімдіктер дәнекер қалдықтарымен бай қара сұр саз
балшықтар мен кварц-глауконитті құмдардан түрады. Ең үлкен қалыңдығы 66
метрге жетеді.
Неоген - төрттік жүйелері N-Q
Арысқұм ойпатының батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік
шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық шегіне шартты түрде жазықтықты басып
жатқан кұмдар, саздықтар мен құмтастар да енгізілген. Олардың қалындығы 10
метрден аспайды.
1.4 Тектоника
Оңтүстік Торғай ойпаты Торғай тегістігінің солтүстік-шығысында
орналасқан. Ол Ұлытау тау жоталарымен оның шығысында орналасқан оңтүстік
жалғасының төменгі Сырдария күмбезі мен батыста Орал бір беткей құрамалы
құрлымның ортасында өзіндік бір беткейлігімен жағымсыз роль атқарып тұр.
Оңтүстігінде Қаратау тау жоталарымен ал солтүстігінде Қостанай қақпағымен
шекараласады. Оңтүстік Торғай ойпаты өз тарапынан екі ойысқа бөлінеді.
Солтүстігінде Жыланшы оңтүстігінде Арысқүм, орталыгы Мыңбүлақ қаңбақшасымен
бөлінген. Құмкөл антиклинал құрлымы бор-палеоген жинағында 1500-1700 метрге
жетіп, Арысқұм ойысында орналасқан. Мұнда триас-юра шөгіндісі өзінше жеке
кұрлымды қабат құрап, ол төмендегідей ерекшеленеді. Қабат қалындығы
максимал, мезозойға дейінгі гетероген негізінде ортасы опырылып түскен,
жақтары бір-біріне қарсы құлаған созылған сынақтар бұлар тіліктерді толық
стратиграфиялық зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Геофизикалық
мәліметтер бойынша Арыскұм ойығының шекарасында бес желілі созылған
субмеридионалды бағытта грабен сиклиналдарымен үш орталық қабаты көшірілген
жарықтар жүйесінен антиклиналды күмбездер оларды бөліп тұрады. Бұл
дәлелдеме ұңғылау нәтижесінде анықталған. Құрлымы жағынан Құмкөл дөңесі
Сарыбұлақ горст антиклиналды шығысының оңтүстік батыс жағында орналасып
Ақшабұлақ және Сарылан грабен синклиналдарымен бөлініп түрады.
Платформаның үстіңгі бүркеме қабатының шөгіндісі дөңестің шектік
аймағында бүрыштың және стратиграфиялық қабаттар үйлесімсіздігімен жыныс
негізіне орналасады. Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағыттарында
тектоникалық бүзылу себептерінен негізгі бірнеше блоктарға (шоғырларға)
бөлінген.
Шөгіндінің үстінгі бүркеме қабатында тектоникалық бұзылу тек қана
солтүстік-батыс бағытта байқалады.
Негіздің жүйелі бұзылуы бірнеше орталық қанаты көтерілген жарықтар
жүйесінде бөлінуі дөңестің амплитудасы 320 метрдей, ал ені 2,5-3,5 километр
және ұзындығы 24 километрге жетеді.
Негіздің беттік орналасу тереңдігі 1200-1600 метр шамасында.
Үшінші, бесінші және жиырма екінші ұңғыларда грабен шығыста
амплитудасы 100 метрге дейін төменделе шектеліп ерекшеленеді. Солтүстік-
батыс бағытта грабен кең қысым айырмашылықтарына иеленіп негіз 1460 метрден
1820 метр тереңдікке дейін орналасады.
Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытта дөңестің орталық бөлігі
қасқа сыңықтар сериясы (29, 30, 16, 20, 14, 21, 8 ұңғылар аймықтарында)
горст-грабенді амплитудасы 80 метрге дейін, өлшемдері 2,5-3,5 километрге
тең болатын блоктарға бөледі.
Аймақтық солтүстік және оңтүстік бөліктері де орталық тұсы төмен
құлдыраған жарықтар жүйесімен күрделенген.
Аймақтың орталық бөлігінде негіздің ең аз тереңдікте (1160-1170 метр)
орналасуы (2,9,12,17,19 ұңғылар аудандарында) байқалады. Сейсмикалық
құжаттармен, жүйелі ұңғылау нәтижелерінің күрделі бағдарламамен
өңдеу, дөңестің тектоникалық шөгіндісінің жан-жақты, деталды мағлұматтарын
ұсынады.
Юра шөгінділерінде екі түрлі беттік қабаттың кұрлымы өте жақсы
байқалады, оның біреуі - Құмкөл дөңес горизонтының қабат құрлымын жоғарғы
Юраға, ал екіншісі дөңес қабаттың орта юра құмайт шөгіндісімен айқындайды.
Беттердің біріншісі өнімді Ю-1 горизонтымен байланысып, табан
горизонтымен бірігеді. Екінші бетке 4 табан горизонты жанасшрылып өз
тарапынан жамылғы өнімді Ю-4 горизонтымен бірігеді.
4 табан горизонтының жамылғысында Құмкөл кен орнының күрделінілген үш
күмбезінде брахиантиклиналды қыртыстың бар екені байқалады. Қыртыстың
тұнықталған теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтарынан
максималды амплитудалары 160 метр, биіктігі 1330 метр өлшемдер 20x8
километр болады. Қыртыс үш тектоникалық үйлесімсіздіктермен (Ғ1,Ғ2, Ғ3)
күрделіленген.
Қыртысты шығыстан шектейтін ең ұзақ төмендеу амплитудасы Ғ2 60-100
метрге жетеді. Солтүстікке қарай бұл өзгеріс Р3 бүзылуымен байланысты ары
қарай сенімді.
Қыртыстың солтүстік-батыс синклинальды бөлігі максималды амплитудасы
30 метрге жететін шашыраңқы алысқа ұзаған бөліктері-мен күрделіленген.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігі 12,17,19 үңғылар ауданында орта юра
шөгіндісі мүлде жоқ. Орта юра шөгіндісінің негіздің көтерілуі шамасына
қарай азаюы оған тіліктің теменгі белігінің қосылуының нәтижесінде іске
асады. Үшінші үңғы ауданында өлшемдері 1x1,5 километр, ал амплитудасы
25 метр болатын өте үлкен емес изометриялық күмбез
байқалып, ол батысынан және шығысынан тектоникалық ажырауларымен қабаттасып
келіп отырады. Соңғы ажырасуға (шығыстан қосылатын жартылай күмбездің)
амплитудасы 40 метр тұйықталған изогипс "минус" 1260 метр болатын шығыстан
келіп қосылатын жартылай күмбез жатады.
Бүкіл аудан аймағында орта юра шөгіндісі 0-200 метр аралығында
өзгереді. Дөңестің өнімді горизонты Ю-1 жаппасының өлшемдері 20x9 километр
құрап, тұйықталған изогипсте "минус" 1220 метрге дейін жетіп дөңестің
амплитудасы 120 метр болады, қыртыс қанаттарының бұрыштың түсуі төменгі
бетке ұқсас. Түгелімен Ю-3 горизонты дөңестің жоспарын қайталап үш күмбезді
брахиантиклиналды болып солтүстік-батыс бағыттан амплитудасы 30-100 метр
Ғ2, төмендеуімен шектеледі. Солтүстік және батыс күмбездер шығанақ тәріздес
кішігірім синклиналмен өзара бөлініп түрады.
Үшінші ұңғы ауданында негізгі төмендеу Ғ2-ден шығысқа қарай
сейсмикалық материалдар негізінде өлшемдері 4x2 километр және амплитудасы
40-45 метр түйықталған изогипса "минус" 1130 метр болатын дөңеспен
анықталып шығыстан тектоникалық түзілу Ғ3 жартылай күмбезбен қосылып (34
ұңғы аумағында) өлшемдері 1x0,8 километр шамасында болады.
Құмкөл тастопшасының қалындығы аудан бойынша негізінен 55-75 метр
шамасында ауытқып дөңестеу жерлерінде 38-44 метрге (ұңғы 2,17,19) дейін
өзгереді.
Арысқұм горизонт жаппасы бойынша (өнімді бор М-1 горизонт жаппасы)
Құмкөл құрлымы желілі асимметриялы антиклиналь қыртысы болып келіп, күмбезі
оңтүстікке қарай ауытқыған. Дөңес өлшемдер 17x4
километр, амплитудасы 51 метр тұйықталған изогипс "минус" 1000 метр болады.
Құрлымның шығыс қанаты флексурамен күрделіленген, юра Швгіңці келіп
өтетін Ғ1 тектоникалық бұзылумен сәйкес келеді.
Кен орнының орталық бөлігінде 3 шағылу горизонтында аймақтың
изогипстың бағытының солтүстіктен шығысқа қарай күрт өзгеруіне байланысты
"минус" 1000 метр еңдігінің кеңеюі байқалады.
Шығыстан Батысқа қарай 890934 уакьіт бөлігінде осы аудан арқылы өтетін
локальды иілту байқалып, бұл жерде амплитудасы аз күмбез екендігіне дәлел
болады.
Дөңес ауданның әртүрлі бетінің жоспарларын салысттыру барасында
арыскұм дөңес горизонтының жаппасының ені азайып, оның пішіні өзгеріп
дөңестің орталық шығыс жақ бетіне қарай Ю-1 горизонтымен ығысқан.
Тілікпен жоғары қарай құрлым амплитудасы 160 метрден Ю-3 горизонтынан
51 метрге арысқұм горизонт жаппасынан дейін азаяды.
1.5 Мұнайгаздылығы
Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және
жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.
Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен
М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған
жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.
Төменгі-бор горизонттары М-1 жэне М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін
сазды қабатпен бөлінген. Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1
горизонтында мұнай кеніші бар. Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің
орналасу қабаты күмбезді. Абсолюттік СМШ деңгейлері "минус" 981,1-ден
"минус" 985,6 метр аралығында, оңтүстік күмбездің кұрлымына батыс қанатында
орналасқан ұңғылар қатарында (2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің "минус"
977,7-ден "минус" 979,7 метр аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар
анықталған.
Мұнай қабаты - күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің
орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр
қабаттың абсолютті СМШ деңгейі "минус" 996-дан "минус" 999 метр аралығында,
құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032)
түйісу деңгейлері "минс" 991,4 және "минус" 992,6 метрге дейін көтеріледі.
Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4) өнімді горизонтгар
айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие
болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.
1190-1322 метр аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді
кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу
контактісі "минус" 1179 метр, ал су мұнай контактісі "минус" 1194 тен
"минус" 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің
деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.
Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын
кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.
Қабат қысымы: кеніш бойынша мұнай-газ өндіру жұмыстары басталмай
тұрғанда қабат қысымының мөлшері сол кеніштің тереңдігіне тәуелді болады.
Жоба бойынша ол төмеңдегі формула арқылы табылады:

Pпл = Hρg
Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, тұтқырлы. Мұнайдың
тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ал
тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр
қосымшалары және температура.
Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық, нафтендік,
ароматтық қатарларының күкіртті, азотты және оттекті қосылыстарының
қоспаларынан тұрады.
Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 ттәу. Қабат қысымы шамамен 8 МПа.
Құмкөл мұнайының тығыздығы - 821 кгм3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с,
құрамындағы күкірт мөлшері - 0,11 пайыз, парафин —11,7 пайыз, асфальт-
шайырлы заттар - 5,9 пайыз.
1.6 Сулылығы
Құмкөл кен орны Торғай артезиан бассейінінің оңтүстік бөлігінде
орналасқан.
Кенішті барлау процесінде (өтеу әдісімен) 22 субергіш және 2 ашық
оқпан объектілері өтеу әдісімен сыналған.
Ұңғылау нәтижесінде терендік, өлшемдік, іздеулік, гидрогеологиялық,
құрлымдық және барлаулық скважиналар Құмкөл, Арыскұм аймақтарында
протерозой, юра, бор, пологенді, неогенді шөгінділерінде субергіш
комплекстері айқындалған.
Құмкөл 2 ұңғысын сынақтан өткізу кезінде негіздің шөгіндісінен 1416-
1503 метр аралығында минералдағы 76,6 гдм су ағыны алынды.
Су хлорлы кальций тектес, хлорлы топтағы натрий топшасында, құрамында
69,2 гдм -ге дейін бромы бар.
Құмкөлдің (2, 8, 12 және 16) ұңғыларында орта юра шөгіндісінен су
бергіштік горизонты зерттелген.
Алынған су арынды, оқпан тесіктерінен өтетін су ағынының жылдамдығы
жоғары, бұл қабат сүзгіштік қасиетінің жақсы екендігінің дәлелі болып
табылады.
Жоғарғы юра шөгіндісіндегі сулы комплексі үш субергіш горизонттарынан
құралған: Ю-1, Ю-2 және Ю-3. Комплекс жоғарғы орналасқан қабатан ала сұр
түсті сазды қабатпен бөлінген.
Су орналасқан жыныстар сұр және ақшыл сұр құмайттар. Бұл
горизонттардың гидродинамикалық мінездемесі Ю-4 горизонтының мінездемесіне
сәйкес келіп, олардың өзара байланыстарын тағы да дөлелдейді.
Ю-1, Ю-2, Ю-3 горизонттарының сулары ағынды. Сынақ интервалдары
динамикалық деңгейі күшті ағынды, өте тез қалпына келеді (1 сағаттан 5
тәулікке дейін).
Неоком субергіш шөгіндісі құрамына М-1 және М-2 субергіш горизонттары
кіреді. Олар жасыл сұрғылт құмайттармен байланыста болады.
Апт-альб субергіш комплексі неоком горизонтынан аймақты дамыған сазды
жоғарғы неоком қабатымен бөлінген. Қуатты сазды қабат аралығын қосқанда
комплекс қуаты 250 метге дейін жетеді. Апт-альб субергіш шөгіндісінің
кедергісі ете жоғарғы тұрақсыздықпен мінезделіп, комплекстің жоғарғы
белігінде 50 метрге жетеді. Тіліктің жоғарғы бөлігінде су тұщылау болуы
мүмкін.
Апт-альб субергіш комплекстің суы өте кеп (водообильный), контур
сыртындағы сулармен химиялық құрамы біркелкі оны техникалық су ретінде
қолдануға болады.
Жоғарғы альб-сеноман шөгіндісінің субергіш горизонты кеңінен таралған.
Су жасыл сұрғылт және қызыл-қоңыр құм қабаттары мен ала саздардың ішіндегі
аз цементтелген құмайттар жыныстарында орналасқан. Горизонт қалындығы 46
метр. 2743 ұңғысында алынған су арынының дебиті 24,4 ттәулік.
Тәуліктің статикалқы деңгейі - 16 метр тереңдікте орналасқан. Суы
тұздылау, минералдығы 1,7 гдм3.
Төменгі туран-сенонды субергіш комплексі кенінен таралған. Сулар жасыл-
сұр және сұр құмдардың ішінде орналасқан, орналасу тереңдігі 270 метрге
дейін. Суы тұщы, минералдығы 0,6 гл.
Палеогенді, неогенді 14 субергіш шегінділері аудан бойынша
анықталған.
Шаруашылық және ішім су турон-сенон субергіш комплесінен, ал
техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман комплексінен алынады. Апт-альб
горизонттағы су қорын қабат қысымын тұрақты ұстап тұру үшін қолдану
ұсталған.
1.7 Құмкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы
жөніндегі қысқаша мәлімет кен орнын игерудегі бекітілген варианттардың
негізгі бағыттары
Мұнай кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру
керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық
тиімділікте болуы керек.
Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра
шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4
қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу скважиналары 300x600 сеткасы
бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті
көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың
қысымының жеткіліксіз болуы.
Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант
тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы
алынатын өнім 156-568 мың тонна.
Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25млн тонна
мұнай өндірілуі керек.
Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау Құмкөл мұнай кен
орнының игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады. 1991 жылдан бастап
мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192,43 мың
тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай, сулану 1,94%, газ
өндіру 92,99 млн м3 болады.
1992 жылы 1993,04 мың тонна сүйықтың 1318,5 мың тоннасы мүнай сулануы
3,26%, газ өндіру 87,59 млн м болады.

1993 жылы "Южказнефтегаз" өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген
шаралар арқасында мұнай өндіру 1677,5 мың тонна, газ өндіру 111,73 млн м3
болады.
Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.
Терең сораптың НСН-95, 44; 30, 15 жэне НСН-25, НСН-57, 30 түрлері
қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-
16) және 2 өлшеу қондырғысы.
2000 жылы 23 жаңа ұңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050,
2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002,
1003,1012,2018,2019,2011).
Механикаландырылған тәсілге 11 үңғы аударылды: NN 347, 150, 1013,
346, 343, 134, 124, 342, 1009, 135, 340.
1993 жылы су айдау 1207,620 мың м3 болды. Игеру басынан бері
1922,825 м3 . Айдауға керекті судың 3613,6 мың м3 жетпейді, яғни 64,6%
сулану 4,8%.
2002 жылы кен орны бойынша 1805,623 мың тонна мұнай, 125,7 млн м3
газ және 1925,6 мың тонна сұйық өндірді. Кен орны бойынша өнімнің орташа
сулануы 70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық қондырғы орташа тәуліктік
шығымы 2-объект бойынша 37,5 тонна және 3-объект скважиналары енгізілді.
120 ұңғының тәуліктік өнімі 5679 мұнайды кұрайды. Бір ұңғының орташа
тәулік шығымы 35 тоннаға есептелген. Яғни, шығымның жобадағы
деңгейден жоғары болуы 44% құрайды. Жобаға сәйкес мұнай өндірудің
жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.
2001 жылдың аяғында өндіріс объектілерін тұрғызу 93,3% құрады.
Қабат қысымын ұстау үшін, игерудің технологиялық схемасы қарастырған
үш игеру объектілеріне, тоғыз нүктелі схема бойынша қабатқа су айдау
жүргізіледі. Қазіргі барлық су аңдау қоры 44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су
бөлу пункті арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу
қысымы 10,7-10,8 МПа құрайды.
Жылына ұңғылар бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде
көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104,
1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.
Айдау аймағынан алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015,
1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс
қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303,
3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999
жылы бойында қабатқа 296,352 м3 су, ал игеруден бастап 5314,44 м3 су
айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013,635 м3 су айдалды.
Объектілер бойынша алуды қайтару ретіне 78,8; 58,3; 82,3% құрайды.
Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар
жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және
штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен
орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы,
су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу
бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.
Кен орны бойынша мұнай өндіруді арттыру негізінен жаңа ұңғыларды
енгізу арқасында болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді.
Олар бойынша өндіру 462,527 мың тонна мұнайды құрайды. Ал игерудің
көрсеткіштерінде мұнай өндірудің төмендеуі
көрінеді. Бұл сол уақыттағы Сібір жеңіл мұнайының келмеуіне байланысты
ұңғылардың бір бөлігін (2-объектте) тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені Құмкөл
кен орнының мұнайы қою, сондықтан Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек.
Қаңтар айы бойынша 89 мың тонна мұнай және 95,77 мың тонна сұйық алынады.
Ол 2000 жылдың алдыңғы айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.
Айдау ұңғыларының орташа қабылдағышы 2,94 м тәу болғанда,
қабатқа су айдау 218,6 мың м3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161,4%
құрады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ұңғылар қоры
Тастопшаның қалындығы 257 метр
Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру
Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану
Құмкөл кен орнының игеру тарихы
Жойылған ұңғылар қоры
Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелуі
Юра өнімді қабатынан сипаттама
Құмкөл кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдалану
Жоғарғы шөгінділерінің Юра Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігіне жетілген шөгінділердің өндірістік өнімді қабат қоры
Пәндер