Құстарды кнемидокаптозға тексеру және алдын алу


Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Әдебиеттерге шолу.
ІІІ. Өзіндік тексеру.
3. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері.
3. 2. Зерттеу нәтижелері.
3. 3. Тауық кнемидокатозының таралуы
3. 4. Емі
3. 5. Вет. санитариялық шаралар
IV. Қорытынды.
V. Ұсыныс.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
І. Кіріспе
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік - экономикалық саясатының негізігі басымдылықтарының бірі деп-агроөнеркәсіп кешенін дамытып, мемлекет алдында тұрған жетекші дамыған, көшбастар 30 мемелекеттер санатына кіру мақсатына қол жеткізу үшін ел экономикасын әлемдік стандартқа сай өркендетіп, ауыл шаруашылық салаларының бәсекелестікке жарамдылығын арттыру керек екенін ерекше атап отыр.
Осы орайда, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне ықпал ететін оңтайлы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісті қалыптастыру ісі біліктілігі жоғары, тиімділігі мол инновациялық технологияға негізделуі тиіс. Ел тарихының 21 ғасырындағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауалы әлі басыла қойған жоқ. Осы орайда еліміздің басты мақсаты- азық-түлік проблемасын жүзеге асыру үшін ең алдымен егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін барынша сапалы да мол өндіру керек екені баршаға мәлім. Ал халықтың әл-ауқатын жақсартуда мал шаруашылығын әрі қарай өркендетудің маңызы өте зор.
Алайда, көпшілік жағдайда жоғарыда аталған мақсаттар шешімін таппауда. Оған бір жағынан объективті себептер болса (мемлекет тарапынан малшаруашылығына дұрыс көңіл мен керекті қаржының бөлінбеуі, малдың басым көпшілігінің жеке меншікте болуы, жұқпалы аурулардың соңғы жылдары жиілеп кездесуі және т. б. ), екінші ретте субъективті кедергілер (ветеринариялық шаралардың дұрыс және уақытында жүргізілмеуі, атқарылған жұмыстардың сапасыздығы) өз ықпалын тигізуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаевтың ауыл шаруашылығының алдына қойып отырған келелі міндеттердің бірі -таяу мерзімде ет өндіруді еселеп арттыру. Оны шешудің бір жолы құс шаруашылығын өркендету. Құс шаруашылығы мал шаруашылығының тез өнім өндіруге қабілетті және экономикалық жағынан тиімді саласы екені белгілі.
Құс шаруашылығын өркендету үшін құстарды бағу, азықтандыру мәселелерін шешумен қатар, олардың жұқпайтын, инфекциялық және инвазиялық ауруларының да ғылыми негізде алдына алу шараларын жүргізу қажет.
Құстардың паразиттер мен олар туғызатын паразитоз арурулары сан алуан. Паразитоздар құстардыңи қоңына өте қатты әсер етеді. Сонымен қоса олардың өнімділігі, жұмыртқалауы күрт кемиді. Паразитозға шалдыққан балапандардың өсіп жетілуі баяулайды. Инвазия интенсивтілігі жоғары болған құс өлім жітімге ұшырайды.
Соның ішінде құс кнемидокоптозы ауруы да шаруашылықтарға орасан зор зиянын келтіруде.
Курстық жұмыстың мақсаты Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Аграрлық факультетінде орналасқан клиникадағы құстарды кнемидокаптозға тексеру және алдын алу.
Курстық жұмысты орындау барысында төмендегідей міндеттерді орындау көзделген:
- Клиникадағы тауықтарды кнемидокоптозға зерттеу, кене түрін анықтау .
- Құс кнемидокоптозын емдеу және оның нәтижесін анықтау.
- Құс кнемидокоптозына қарсы ветеринариялық шаралардың жоспарын жасау.
- Зерттеу нәтижесін қорытындылау, ұсыныстар дайындау.
ІІ. Әдебиетке шолу
Аяқ кнемидокоптозы - құс аяғының төменгі қауырсынсыз жеріндегі мүйізгек қабыршақ асында тоғышарлық тіршілік ететін knemidocoptes туысына жататын, өте ұсақ кене туғызатын арахноз ауруы.
Қоздырушысы. Zоо - жануарлар дүниесі патшалығының Аrthropoda - буынаяқтылар типіне, Агасһnоіdеа - кенелер класына, Асагіformes - қотыр кенелері отрядына, Sarcoptiformes - отряд тармағының Еріdermotide - түқымдасына, Кnemidocopyes - туыстастығына жататын knemidocoptes mutans - атты кененің түрі.
Аналык кененің дене тұрқы 0, 4 - 0, 5 мм, дене пішіні дөңгеленген, арқа жағы дөңестеу, құрсақ жағы жайпақдау, ал аталық кененің, дене пішіні сопақша, тұрқы 1, 7 - 0, 2 мм. Тұмсығы таға тәрізді, кеміргіш типті. Денесінің арт жағында екі ұзын қылдары бар ол аналық кенеде қысқа, дене тұрқының 3/1 - не, ал аталық кенеде дене тұрқына тең. Аяқтары қысқа, арқа жағынан қарағанда үшінші және төртінші жұп аяқтары көрінбейді. Ұрғашыларының табанында екі тырнақша тәрізді өсіндісі бар.
Өсіп - өнуі. Аналық кене ұрықтанған соң, жұмыртқасы денесінде жетіліп. балаң кенелерін тірі туады. Олар өсіп , алдымен протонимфаға содан соң телеонимфаға, одан имагоға айналады. Бүған барлығы 20- 26 күн уақыт кетеді. Бір аналық кене өз өмірінде барлығы 6 -8 балаң кене туады.
Патогенезі. Кенелер құс аяғының тізе буынынан төменгі, қауырсыны жоқ жеріндегі мүйізгек қабықтың астында тіршілік етін, эпидермисті кеміріп, өздеріне жол салып, өсіп- өну барысында ол жерді тітіркендіреді, қышытады, сулы қабынуға ұшыратып, уыттандырады. Аяқтың мүйізгек қабығы қалыңдап, қатпаршақ басады. Тілініп, суланып, микроорганизмдер тусіп, асқынады. Бұлшық еттер мен сіңірлер жұмысы шектеледі Қан тамырлары қысылып, қан айналысы бұзылады. Осыған байланысты буындары қабынып, саусақтары шіріп түсуі мүмкін. Құстар арықтап, организмінің жалпы қарсы тұру күштері әлсірейді.
Эпизоотологиясы. Дүние жузінің көптеген елдерінде тіркелген. Қазақстанда да таралған. Қазақстанның шығысында жеке аулаларда ұсталатын тауықтарда жиі анықталады. Кнемидокоптозға көбіне тауыктар шалдығады. Күрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы (цесарка), көгершін, қүр сонымен қоса қолда ұсталатын сәндік құстар (тоты, шымшык т. б) да ауырады. Ауруға құстар жасына байланыссыз шалдығады, дегенмен клиникалық белгісі көбіне 6 айдан асқан кұстарда байқалады. Ауру қоздырушысының көздері - ауру құстар. Кенелер құстарды тар, лас қораларда ұстағанда кең тарайды. Тікелей жанасканда және сырткы орта заттары (төсеніш, бағып - күту құралдары) арқылы жүғады. Адам және басқа жан - жануарлар кенені механикалық тасымалдаушылар, таратушылар болуы мүмкін. Кнемидокоптоздың клиникасы алғашында бірлі - екілі тауықтарда байқалып, емдеу - сауықтыру шаралары жасалмасы кең етек алып, топтағы барлық құсқа жұғады. Үнемі қорада ұсталатын құстарда аурудың маусымдылығы жоқ, жылдың кез - келген уағында анықталады. Ал, аулалар мен аландарда еркін өсірілетін құстарда жылдың жылы маусымдарында байқалады. Қыста ауру белгілері анық байқалмайды.
Клиникалык белгілері . Кенелердің жай өсіп - өнуіне байланысты аурудың алғашқы клиникалық белгісі ауру жұққан соң 4 - 6 айдан соң байқалады. Клиникалық белгісі 3 сатыда өрбиді.
Бірінші сатысында аурудың клиникалық белгісі байқалмайды және ауру жұқаннан бастап 4-6 айға созылады. Аурудың екінші сатысында кене өсіп - өніп жатқан жердегі мүйізгек қабық асты қабынып, оның бос шеті сәл көтеріліп, әлсіз қышыма байқалады. Әсіресе тілерсек буыны тұсындағы мүйізгек қабық қалыңдап, кедір - бұдырланады. Оның сыртын ақшыл тозаң басып, әк жағып қойғандай көрінеді. Осыған байланысты халық арасында бұл ауру «әк аяқ» деген атпен белгілі. Тауық көбінге аяқтарын кезек көтеріп бір орнында ұзақ қозғалмай тұрады. Көтеріп тұрған аяғының саусақтарын бір ашып, бір жамады және шоқиды. Құстың ұсталу жағдайының өзгеруіне байланысты бұл саты 4-12 айға созылады. Аурудың үшінші сатысында мүйізгек қатпаршақтар түсіп, ол жерді жаппай қалың сұр қабық жабады (гиперкератоз) . Ол терең тілініп, суланып. қатып, қалыңдығы кей ауру құста 2 см - ден асады. Құс ақсап, әрең қозғалады, көбіне ұзақ жатады. Кейбіреуінің буындары қабынып, саусақ буыныдары жартылай не толықтай шіріп түседі. Құс өте арықтап, салмағы азайып, жұмыртқалауы кемиді. Ем жасамаса ауру бірнеше жылға созылып, кейбір ауру құс өледі.
Ауруды анықтау . Диагноз аурудың эпизоотологиялық деректеріне, клиникалык белгілеріне қарап, зертханалық зерттеуде кенені табу арқылы қойылады. Зертханалык зерттеуге аяқтың дерматитке ұшыраған жерінен қырынды алынады. Қырынды алғанда қан шығармас үшін қатпаршакты күштеп жұлуға болмайды. Скальпел немесе ұстараның жүзін қолданып катпаршақтарды тереңдете кесіп алу қажет. Қырынды Петри табақшасына салынып, беті жабылып зертханаға әкелінген соң үстіне 2 есе мөлшерде 10 %
күйдіргіш натрий құйып, скальпелді және кысқышты (пинцет) пайдаланып ұсақталады, езіледі. Зат шыныға бір - екі тамшы езінді салынып, беті жабын шынымен жабылып, микроскоппен қарап (ок - 7, обь - 8), knemidocoptes mutans кенелері анықталады. Біз күйдіргіш натрий орнына глицеринді пайдаланамыз. Оның тиімділігі біріншіден қырынды тез және жақсы ериді. Екіншіден микроскоп астынан тірі, қозғалып жатқан кенелер оңай анықталады. Үшіншіден препарат біршама ұзақ сақталып, кенені жан - жақты зерттсуге мүмкіндік болады.
Емі. Емге қайың қарамайы қолданылады. Біз ауру құстарды емдегенде қайың қарамайын тең мөлшерде глицеринге араластырып, осы қоспаға құстың зақымдалған аяқтарын 1 минутқа батыру аркылы емдеп жақсы нәтиже алдық. Ем 2 қайтара, араға 10 күн салып жүргізілді.
Ауруға карсы шаралар. Аурудың алдын алу үшін құстарды кнемидокоптоздан таза шаруашылықтардан алып, профилактикалық карантин кезінде клиникалық тексеруден өткізу керек. Құстардың бөгде құстармен араласуына жол берілмеуі тиіс. Сонымен қоса құс қораларды таза ұстап, төсеніштерді уақытылы ауыстырып, акарицидтермен дәрілеу (1, 5 % карбофос, 0, 25 % неоцидол, 5 % ксилонафт) қажет.
Ауру анықталған шаруашылықтарды ауру құстар оқшауланып, таза қораға қойылып, күтімі жақсартылып емделсе, емнің тиімділігі жоғары болады. Шаруашылықтағы құстардың 10 % - ы ауруға шалдыққаны анықталса барлық құсты етке сою ұсынылады. Құс қоралар, аулалар тазаланылып, дезакаризациялануы тиіс.
Дене кнемидокоптозы - құстардың қауырсын - мамық жапқан денесінің тері эпидермисінде knemidocoptes laevis кенесінің паразиттік тіршілігі нәтижесінде дамитын арахноз.
Қоздырушысы. knemidocoptes laevis кенесі. Морфологиясы knemidocoptes mutans кенесінс өте ұқсас. Аналығыньщ денесі домалақ, тұрқы 0, 3 - 04 мм. Аталығының денесі төртбұрыштылау болып келеді. Тұрқы 0, 13-0, 17 мм. Денесінің артқы жағында 4 қылы бар, оның ішкі екеуі қысқа, сыртқы екеуі ұзын.
Өсіп - өнуі. knemidocoptes mutans кенесінен өсіп - өнуінің айырмашылығы ұрықтанған аналық кене жүмыртқа салады.
Патогенезі. Кенелер құстың қаурсын - мамық жапқан денесінде, қауырсын қынабы мен терінің эпидермис қабаты астында паразиттік тіршілік етеді. Ол жер қайызғақтанып, қызарып қабынады. Дерматит дамиды. Қабынған қауырсын түбіне қайызғақ жиналып, асқынғанда қауырсыны түседі. Құс қатты мазасызданып, қышынып, өзін - өзі шоқып, жаралайды. Құс арықтап, жұмыртқалауы күрт азайып, салмағын жоғалтады.
Эпизоотологиясы. Дүние жүзінің кептеген елдерінде тіркелген. Кебіне тауық, қаз, көгершіндер шалдығады. Басқа эпизоотологиялық деректері аяқ кнемидокоптозымен өте ұқсас.
Клииикалық белгілері. Аурудың алғашқы белгісі құстардың мазасыздануы. Өзін - өзі шоқуы. Қауырсындардың түбінің айналасына қайызғақ жиналады. Денесінің әр жерінде алдымең мойынында, арқасында содан соң бауырында, жамбасында қауырсындары түскен ошақтар пайда болып, ол жерлер қызарып, қабынғаны, түйіндер пайда болғаны анықталады. Құстар жақсы азықтандырғанға қарамай, біртіндеп арықтап, жұмыртқалауы азайады. Қауырсындарын үрпитіп бір орнында ұзақ отырады. Айдары мен сырғасы бозарады. Емдемесе өлім - жітімге үшырауы мүмкін.
Ауруды анықтау . Диагноз аурудың эпизоотологиялық деректеріне, клиникалық белгілеріне қарап, зертханалық зерттеуде патматериалдан кенені табу арқылы қойылады. Зертханалық зерттеуге дененің дерматитке ұшыраған жері мен сау жері шекарасынан және қайызғақтанған қауырсын түбінен қырынды алынады. Зертханалық зерттеуде knemidocoptes laevis кенесі анықталады.
Емі. Емдеу үшін залалданған ошақтарға акарациттердің ұндағы, ертінділері немесе майлары қолданылады. Бұл мақсатта 0, 25 % гексахлоран ұнтағын, 0, 1 % никохлоран эмульсиясын және 6 % «К» сабынында шомылдыру ұсынылған. Жаңадан малдәрігерлік тәжірибеге енгізіліп жатқан акарациттердің қолданылуы туралы деректер жоқ. Ауруға қарсы шаралар. Дене кнемидокоптозының сақтандыру шаралары аяқ .
Эпидермоптоз - тауықтардың терісінің эпидермисінің астында және қауырсын баданасының алғашқы бөлігінде Еріdermoptes bilobatus кенесінің паразиттік етуінен пайда болатын арахноз ауруы.
Қоздырушысы. Еріdermoptidae тұқымдастығына, Еріdermoptes туыстастығына жататын Еріdermoptes bilobatus кенесі. Аналығының денесі сопақша, тұрқы 0, 18 - 0, 23 мм. Аталығының денесінін алдыңғы жағы сопақ, ал арт жағы конус тәрізді және онда екі абдоминальды өсіндісі бар. Тұрқы 0, 13-0, 16 мм. Олардың екеуінін де денесінің арт жағында ұзын екі қылдары бар, аяктары жақсы жетілген, тырнақшалармен және сорғыштармен аяқталады.
Өсіп - өнуі. Ұрықтанған аналық кене жұмыртқа салу аркылы өсіп - өнеді.
Эпизоотологиясы. Дүние жүзінің көптеген елдерінде онын ішінде Европа мен Солтүстік Америка елдерінің тауық шаруашылыктарында таралған. Қазакстанның тауық шаруашылықтарында тіркелгені туралы деректер жоқ. Кейбір ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бұл кененің басқа түрлері бар және олар әсіресі торғай тектес құстарда паразиттік тіршілік етеді. Басқа эпизоотологиялық деректері, патогенезі, клиникалық белгілері дене кнемидокоптозымен ұқсас.
Клиникалық белгілері. Тауықтың алғашында кеуде, бас, содан соң мойын терілері мен қауырсындары залалданады. Кене тоғышарлық еткен жердің терісі қызарып, эпидермисі қопсып, қалындап, суланады. Құс денесінен шірік иіс білінеді. Залалданған жерлерінің қауырсындары үрпиіп, ұйпаланып тұрады. Бірақ, қышыну онша байқалмайды. Басқа клиникалық белгілері дене кнемидокоптозымен ұқсас.
Ауруды анықтау. Диагноз аурудың эпизоотологиялық деректеріне, клиникалық белгілеріне қарап, зертханалық зерттеуде Еріdermoptes bilobatus кенелерін анықтау арқылы қойылады.
Емі . Емі толық зерттелмеген. Креолин майын (1:10), қайың майын (1:5) құс жазылғанша арасына 5-6 күн салып қолдану ұсынылған. Қазіргі заманғы акарицитгер сыналып, қолдануға ұсынылмаған. Ауруға қарсы шаралар. Эпидермоптоздағы сақтандыру шаралары да аяқ, дене .
ІІІ. Өзіндік тексеру
3. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу жұмысы 2017 жылдың қыс айында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының зертханасында жүргізілді.
Тауық кнемидокаптозын және кенені анықтау мақсатында Ветеринариялық медицина кафедрасының құстары бақылауда болды. Тауық саны -4.
Құс кенемидокаптозын зерттеу үшін тауықтардың аяқтырынан пат. материал алынып зертттелді.
Тауықтардан пат. материал алу үшін Петри табақшасы мен пинцетті қолданамыз. Пинцет көмегімен тауық аяқтарынындағы қатпаршақтарын қанатып отырып түбімен алып Петри табақшасына салып лабораторияға алып келдік. Алынған қатпаршақтар үстіне глицеринді құйып 15 минутқа қойып қоямыз. Дайын болған препарат микроскоп көмегімен зерттелінеді.
Құс кнемидокаптозы кенесінің түрін анықтау үшін аурудың белгілеріне және зақымданған аяқтардан алынған қатпаршақтарды МБС-9 микроскобымен тексеру және паразитология кітабындағы үлгілермен зерттеуде анықталған Knemidocoptes кенелері салыстырылды.
3. 2. Зерттеу нәтижесі
Клиникада зерттелген құс кнемидокаптозының түр құрамы Knemidocoptes mutans түріне жататын кенелер анықталды. Kn. mutans кенесінің дене тұрқы 0. 5 мм, пішіні дөңгеленген. Ұрғашыларының арқа жағы шығыңқы, ал құрсақ жағы жайпаңдау келеді. Тұмсығы таға тәрізді. Аяқтар өте қысқа, арқа жағынан қарағанда үшінші және төртінші жұп аяқтары көрінбейді. Ұрғашыларның табандарында екі тырнақша тәрізді өсіктері бар.
Еркектерінің дене пішіні сопақ, арт жағында қылтанақтары бар. Еркек кенелердің аяқтары ұрғашыларның аятарынан ұзындау келеді.
3. 3. Тауық кнемидокатозының таралуы
Клиникадағы тауықтарды зерттеу кезінде 2 бас тауықтан кнемидокаптоз ауруының клиниалық белгілері анықталды. Барлық тауық саны -4, яғни 100% көрсеткіш бойынша. Залалданғаны -2 тауық. Осыған орай таралу көрсеткіші - 50%.
Kn. mutans кенесінің таралу схемасы : жұмыртқа- протонимфа- телонимфа- имаго. Тауық кнемидокаптозының басты ерекшелігі балаңдарын тірі туады.
Тауықтар бұл аурумен жынысына, түсіне, жасына қарамай ауыра береді. Негізінен көптеген дәрігерлері мен тауық шаруашылық басшылары бұл ауру түрімен тек қана ересек тауықтар ғана ауырады. Бірак акаролог мамандарының зерттеуі бойынша бұл аурумен балапан кезінен бастап зақымданады тауықтар. Негізінен бастапқы кезінде кенелердің балаңдары балапан аяғына енген кезде ешкандай патологиялық өзгерістер байқалмайды. Ауру белгілері тек қана 4-6 ай уақыт өткеннен кейін ғана біліне бастайды. Міне, сондықтан да тауық және басқада құс түрлері кнемидокаптоз ауруымен балапан кезден бастап ауруы мүмкін екендігін ескерген жөн. Ал, аурудың толық патологиялық белгілері ересек кездерінде ғана біліне бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz