Токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу.
ІІІ. Өзіндік тексеру.
ІV. Зерттеу материалдары мен әдістері.
V. Зерттеу нәтижелері.
VІ. Қорытынды.
VІІ. Ұсыныс.
VІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

I.Кіріспе
Бүкіл әлемдік сауда ұйымына ену үшін, бізге көптеген міндет пен талап қойылуда. Олардың бipi көптеген аса қауіпті аурулар және құрт аурулары, бұлардың барлығы зиян тигізуде. Осындай факторлардың әсерінен мал саны және де мал өнімдері баяу дамуда. Ауыл шаруашылығында ең басты мәселе күтіп-бағу, дұрыс азықтандыру, малды турлі аурулардан сақтандыру болып табылады. Азықтандыру дұрыс болса көп ауруларды айланып өтуге және мал ауырмайтыны бәрімізге мәлім.
Елімізде экологиялық таза, сапалы өнімді халыққа жеткізу Елбасымыздың қолдауымен және бұйрығымен жүзеге асуда. Қазіргі таңда елімізде жасалған өнім үлкен сұранысқа ие екені белгілі. Бірақта, халықтың ден саулығы, өмір сапасы тек ғана экологиялық таза өнімге байланысты емес. Халықтың денсаулығына тағы экология, жұқпалы аурулар, стресс және басқа көрсеткіштер әсер етеді. Мәселен үй жануарларынан да ауру жұқтыру мүмкіншілігінде айта кеткен жөн. Ит, мысық, құстар мен басқа қолға үйретілген сәндік қояндарынан аса қауіпті және жұғымтал аурулар жұқтыру көрсеткіші жоғары. Оған негізгі себеп, асырап алынған жануарлардың уақытылы ветеринариялық клиникалардан тексеріс өтпеуі, көше кезіп ауру тасымалдауы немесе жұқтыру болып табылады. Соның ішінде мысықтан жұғатын аса ауыр, әрі қауіпті арулар өте көп. Олардың жұғу себебі, мысықтарды сүю, бірге алып жату, гигиеналық талаптардың сақталмауы және басқа қателіктер негізгі себеп болады. Мысықтарда кездесетін аурулардың бірі токсоплазмоз.
Токсоплазмоз - жануарлар мен адамдардың ауыр паразитарлы ауруы болып табылады. Аурудан көбіне түсік тастау, өлі туу, көз көрмеу, балалардың мүгедек болып дүниеге келуі, бедеуліктен адамдар зардап шегеді. Ал жануарлар көбіне өлі туады, әлсіз төлді дүниеге әкеледі. Токсоплазмоз бүкіл әлемдік медицинада үлкен орын алатын проблеммалардың бірі болып саналады. Осы аурумен көбіне кішкентай балалар мен жануарлар бейім. Бұл проблемма сондай-ақ мал шаруашылық өнімдерін өндіруде экономикалық зардаптар әкеледі. Токсоплазманың жұғуы барлық елдерде кең таралған. Жасы ұлғайған сайын токсоплазмаларды жұқтыру ықтималдығы ұлғая түседі.
Токсоплазманың жұғушылығы Қазақстанда, сонын ішінде Семей қаласында бірдей емес, көрсеткіш 4-40% дейін байқалады. Себебі диагностикалық жұмыстың деңгейімен және гигиеналық ережелерді дұрыс орындау жағдайлары түсіндірілмейді.
Токсоплазмоз ауруының ошақтары - Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының маңайында бар.
Курстық жұмысының мақсаты Семей қаласының токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу іс шараларын жүргізу болып табылады.
Курстық жұмысының міндеті:
1. Токсоплазмозбен ауыратын мысықтарды диагностикалау.
2. Емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру.
3. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және ұсыныс көрсету.

II. Ғылыми әдебиетке шолу
Токсоплазмоз - қоздырғышы бірнеше механиздер мен берілетін, клиникалық белгілері әр түрлі жасырын және созылмалы түрде дамыитын ауру. Қоздарғышы - апельсиннің бір бөлігіне ұқсас, бір шеті үшкірленген, екіншісі - жұмырланған, ұзындығы - 4-7 микрон. Токсоплазмалар барлық сүткөректілердің эритроциттерінен басқа жасаушалардың бәрінің ішінде өсіп-өніп көбейді. Қоздырғыштар бөліну жолымен көбееді және бірнеше жыл тіршілік етеді.
Ең алғаш болып токсоплазмозды зерттеген Чех ғалымы Янку 1923 жылы, ол баланың токсоплазмозын анықтаған. Токсоплазмозбен көз гидроцефалийін диагностикалаған. Ол уақытта токсоплазмозббен ауырған адамдардың өмірін құтқару мүмкін емес болған. Өлім жітім көбейген.
Токсоплазмозды зерттеген ғалымдардың бірі болып КСРО кезіде Засухин Д.Н, Грачева Л.И және Дунаева З.В 1958 жылдары. Олар токсоплазмозбен ауыратын 3 мысықты диагностикалаған. Софиев М.С ғалымдармен 1952 жылы Ташкентте Черневская 1961 Одессада, мысық токсоплазмозын сипаттаған.
Галузо И.Г зерттеулерін 1965 жылы жасаған. Алматыда 169 мысыққа РСК мен тексерді. Бір жастан асқандар 23, екі жасқа дейінгілер 26, бір жасқа дейінгілер 3,4 пайыз ауру көрсеткішін көрсетті. Биосынама әдісі бойынша ақ тышқандар мен сары тышқандардан токсоплазмоздың 3 штаммы анықталды: FDN-1,FDN-2,FDN-3. Токсоплазмозбен ауырған 9 мысықта асқазан-ішек жолында ауытқулар, анорексия, атаксия, коньюктивит байқалған. Сою кезінде лимфа түйіндерінің үлкеюі, ішектің катаральды қабынуы, бас ми гиперемиясы және бауыр мен көк бауырдың үлкеюі байқалған. Эксперементальды жұқтыру кезінде 19 мысық интраперитонеальды 8-10 мл дозада құрсақ қуысына егіліп, жұқтырылған. Жұқтырылған мысықтар жіті және созылмалы түріменде ауырады. Зерттеу нәтижелері бойынша жіті түрімен ауырған мысықтардың жалпы жағдайы нашарлаған, анорексия, лихорадка, асцит, түсіктер байқалады. Өлім 5-11 күнде болады. Өлексені сойып қарағанда лимфа түйіндерінің үлкеюі, ішектің катаральды қабынуы, бас ми гиперемиясы және бауыр мен көк бауырдың үлкеюі байқалған. Ал түлкіден алынған VVN штаммымен жұқтырылған мысықтардың үшінші күні клиникалық белгілері байқалған. Лихорадка, анарексия, құсу, сілекей ағу, бұлшық ет дірілі пайда болады. 8-10 шы күндері клиникалық белгілері жоғалған. Ал кейбір мысықтарда ауру симптомдарсыз өтеді.
Е.О.Комаровскийдің мақалаларында токсоплазмоз қоздырғыштары мысықтектес жыртқыштардың ағзасында өніп-өседі, әсіресе, үй мысықтарында делінген. Олар сыртқы ортада ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды, қоздырғыштар тасымалдаушылардың өлігінде және құсығында қысқа мерзімде ғана сақталады. Токсоплазмозмамен ластанғыш заттар құрғатылған кезде қоздырғыштар жылдам қырылады. Токсоплазмалар 40-50С температурада 15-20 мин, ал 60-80С-та 5-10 минуттан кейін өледі. 5-8С температуралық жағдайда токсоплазмалар суда бір тәулік, сутте - 2 тәулік тіршілігін сақтай алады. Ал, малдардың өлігінде 8 тәулікке дейін сақталады.Токсоплазмоз қоздырғыштары жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық даму циклі-мысықтар мен мысық тұқымдастардың ішек жолында өтеді. Ауру мысықтарға тышқанды жеу арқылы жұғады. Жабайы кеміргіштермен қоректеген мысықтың нәжісінен адамға жұғады.
Бугаев Владислав Анатольевичтің Пособие по изучению таксоплазмоза деген еңбегінде адам организмінде даму циклы 1-3 аптада аяқталады делінген. Созылмалы процесс кезінде қоздырғыш бұлшық етте, мида және басқа органдарда түзіледі. Олардың даму циклы тоқтаусыз жүріп жатады. Адам организмде болған токсоплазмоз қоздырғыштары құрсақтағы балаға өте зиян. Аурудың жұғу жолдары:
- Қоздырғыш негізінде ауыз және нәжіс механизмімен таралады. Ол бірнеше жолмен атқарылуы мүмкін:
1. Ауыз арқылы шикі немесе жартылай шикі етті, фаршты пайдаланғанда;
2. Жанасу жолы-тұтас мал етін мүшелеу кезінде қасапшылардың және зарарлы заттармен жұмыс атқаратын лабораториялық қызметкелердің жарақаттанған қол терісі мен шырышты қабаттары арқылы;
3. Жүктіліктің бастапқы мерзімінде анасының құрсақ ішіндегі нәрестеге планцента арқылы жұғады. Аурудың қауіптілігі:
- Көпшілік жағдайда токсоплазма жұққаннан кейін симптомсыз тасымалдаушылық қалыптасады. Токсоплазмалар жүйке жүйесінде, жатыр, көз тіндерінде өсіп-өнуге бейімделген, сондықтан ауру жұқтарған адамның ағзалары зақымданып, дертке шалдығады, түсік тастау, өлі бала туу т.б. жағдайлар болады. Токсоплазмом жылдың барлық кезеңдерінде болады, дегенмен, күзгі-қысқы, қысқы-көктемгі маусымдарда жиірек байқалады. Қала тұрғындары арасында токсоплазма жұғушылың біршама жоғары. Аурумен күресу және оның алдын алу шаралары:
- Ең алдымен негізгі резервуар әрі инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын алуға бағытталған. Ол үшін мысық күтімінің ережелерін орындаудың маңызы күшті. Төмендегідей сақтық шараларын ескерген жөн: Қолда бар әдістердің барлығын пайдалана отырып токсоплазмалар сақтаушыларды - үй тышқандардын және синантропты кеміргіштерді жою қажет; Қасапхана, ет комбинаттары, құс фабрикаларының жұмыскерлерін оқтын-оқтын тексеріп тұру; Мал етінен жасалатын өнімдердің технологиясын қатаң сақтау; Барлық жүкті әйелдерді токсоплазмоз ауруына қарсы тексеру; Қан құйғанда жұғудан сақтану үшін донолардың қанын мұқият тексеру қажет [1].
Пауэл Синтия Американ ғалымы, ветеринариялық ғылымдар докторының зерттеулерінде мысықтардың көбінесе өздеріне азық аулағанда, солармен бірге ұлпа цисталардың жұтатынын анықтаған. Ал адамдар Toxoplasma gondii мен спора түзген овоцисталарды жұту, трансплацентаралды жолмен жұқтыратынын анықтаған. Мысықтар овоцисталарын жұқтырған соң 1-3 аптаданкейін нәжіспен шығарады. Жерге түскеннен кейін 2-3 күннен кейін ғана спора түзеді. Олар қоршаған ортада бірнеше айдан бірнеше жылға дейін сақталады. Ұлпалық циста жай жағдайда шошқаның дұрыс өңделмеген етінде болады. Трансплацентаралды жұқтыру буаздылық, жүктілік кезінде болады. Ауру жұқтырған мысықтардың көдерінің клиникалық белгілері: алдыңғы увеит, артқы увеит және көру нервының невриті. Ал жиі кездесетін клиникалық белгілері көзден жас ағу, көз қарашығының қабынуы, гифема, көзге қан құйылу, диффузды хориоретинит, жарыққа қарай алмау, соқырлық.
Токсоплазмозға диагноз қою қиын. Себебі, LgG антиденелері жұқтырғаннан кейін 2 аптадан соң пайда болады, LgG оң титрін берседе, ол нақты токсоплазмозбен ауырады дегенді білдірмейді, өйткені LgG серотипі әр аймақта әр қалай доминандты болуы мүмкін. Әлемде 50 % мысықтардың популяциясында T.gondii қоздырғышы тұрақты кездеседі. Анализ жасау үшін ферментті иммуносорбентті тест (ELISA) қолданады, ол қан сарысуындағы, көз сұйықтығындағы антиденені анықтайды. Голдман-Уитмер коэффиценті қан сарысуындағы мөлшері саналады. С-өлшемі 1 ден асса, нәтиже оң болады. Көбіне увеит кезінде оң реакция береді. Емі ретінде Клиндамицин препаратын 8-17мгкг бұлшық етке, әр 8 сағат сайын 4 апта береді. Көбінесе мысықтар бұл препаратты сұйық, салқын түрінде 4 градусста жақсы қабылдайды. Осы ауыруға Триметоприм сульфаниламидпен 15 мгкг әр 2 сағат сайын 2-4 апта беріледі. Бірақта кейде мысықтар бұл препаратты организмдерінде фоли қышқылы жеткіліксіз болғандықтан көтере алмайды. Клиндамицинді көтере алмайтын мысықтарды Азитромицинмен емдеген жөн.
Орыс ғалымдары Сидоров И.В, Калугин В.В 2001 жылы жазылған Справочник по лечению собак и кошек, с описанием лекарственных средств еңбектерінде эпизоотологиясы былайша сипаттталған: Аурумен көбінесе жас мысықтар ауырады. Егер ауру созылмалы түрде өтсе алдымен лихорадка білінеді, тәбетінің төмендеуі, күйзеліске ұшырайды, арықтайды, түсік тастау айқын көрінеді. Ауру белгілері көбінесе обаға, листериозға, лептоспирозға ұқсайды. Емі ретінде Дараприм сульфаниламидпен, спиромицин, химкокцид 24 мгкг әр 20 сағат сайын 3 күн егеді. В, С тобындағы витаминдерді береді, 40% глюкоза ерітіндісін береді. Алдын алу шаралары: мысықтың астын жиі тазалау керек, инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда тез арада емдеу керек. Дезинфекция үшін 2% формальдегид, 5% активті хлоры бар хлорлы әк, 5% фенол, 5% лизол ерітіндісі қолданылады. Кеміргіштердің жойылуы, қанғыбас мысықтардың жойылуы жиі қайталанып отыру керек[2].
Степанов.Н.И, Тимофеев Б.А 1967 жылғы Токсоплазмоз животных и человека атты еңбегінде ауру қоздырғышы ұлпа ішінде болатын паразиттерге жатады делінген. Бірақта зерттеушілердің бұл паразитті әр класстарға жатқызатынын айта кету керек. Мәселен жалған аяқтылар класына, споровиктер класына жатқызса, кейбір зерттеулерде тәуелсіз токсоплазма класына жатқызады. Зерттеулердің нәтижесінде тағы бір көз жеткен факт ауру қоздырғышы бүкіл әлемдік континентте болады екен. Токсоплазма - бір клеткалы организм. Ядросы доғал немесе дөңгелек болып келеді. Аурудан өлген мысықтың денесінде бөлме температурасында 12-30 сағат, ал Вейсман мен Чендлердің 1956 жылғы зерттеулер бойынша 2-5 градуста шошқа денесінде 10 күн, ал миында 30 күн токсоплазма сақталады деген дерек бар. Ал жануардың сілекейінде 37 градусста 2-4 сағат өз вируленттілігін сақтайды. Тауық жұмыртқасында 2 апта, ал қайнатса 5 минутта жойылады. Миллер және Фельдман 1953 жылғы зерттеулерінде токсоплазмозға иттердің бейімділігі жоғары делінген. Осы жылы Приер мен Доктон 28 итте токсоплазмозды анықтаған. Орыс ғалымы Новинская В.Ф 553 зерттелген иттің 40% токсоплазмозға оң нәтиже берді, оның 47 - сінде клиникалық белгілер байқалды. 1964 жылы Римде өткен паразитолгиялық конгрессте Ван дер Вай адамның инвазиялық аурулар тек жануарлардан емес деген тұжырымға келді. Себебі, ауру адамнан сау адамға сілекей арқылы беріледі. 1963 жылы Галузо И.Г, Голосова В.И, Горбунова З.И Алматыда 60 пайыз ұсақ малдар ауруға ұшырағанын мәлімдеген.
Жануарлардың токсоплазманы жұқтыру жолдары:
1. Алиментарлы
2. Аэоргенді
3. Плацетаралды
4. Триансмиссивті
Ал қолдан жұқтыру кезінде көбінесе тамырға беру арқылы, қарынға егу арқылы, тері астына, көзге беру арқылы жұқтыруға болады[3].
Сангер 1953 жылы Огайо штатында 1-6 айындағы жануарлар ауруға аса сезімтал болатынын анықтаған. Ауру белгілері ауыр дем алу, жөтел, түшкіру, мұрыннан сора ағу, аяқтарының дірілдеуі, дене температурасының 41 градуссқа дейін көтерілуі байқалады. Өлім 2-6 күн арасында болған. Ересек малдарда клиникалық белгі ретінде депрессия, қозу байқалған, тіпті кейде оны құтырықпен шатастырған.
Смайкина М.Г Токсоплазмоз животных и человека атты еңбегін 1967 жылы аяқтап, адам токсоплазмозын зерттеген. Алғаш адамдар бұл аурумен 1914 жылы оны Кастеллани анықтаған. Ал толық зерттеуді 1923 жылы 11 айлық баладан толық зерттеген. Ал оны бөліп алу 1937-1940 жылы өлі адамның денесінен алынған. Токсоплазмалар тек құс эмбрионында және ұлпа культурасында өсіріледі. Осы аурудың адамнан адамға жұғуы толық зерттелмеген, алайда отбасымен ауру тіркелген. Ал нақты құрсақтағы балаға анадан жұғу дәлелденген. Ауру кезінде организмдегі паразит саны үлкен рөл атқарады, себебі организмге көп мөлшерде токсопалзмалар түссе, жиі өліммен аяқталады. Организмде токсоплазмдардың реактивтілігі ену аймағынада байланысты. Аурудың басында паразит кіре беріс қақпасында көбейеді, осыдан лимфа және қан тамырларына тарап, ішкі органдарға енеді. Бұдан мынадай симптомдар пайда болады: лимфа түйіндерінің үлкеюі, бауыр, бұлшық ет қызметінің бұзылуы, нерв жүйесінің бұзылуы тіркелген. Аурудың екінші стадиясында иммунитет төмен органдарда токсоплазма активті түрде өршиді, паразит миғажәне көзге жетеді. Нәтижесінде мидағы тамырлар бітеліп, некрозға ұшырайды. Некроздың маңайында қабыну реакциясы дамиды, өзіне тән менинго-энцефалит байқалады. Кейде некроз ошақтары сорылып, ми кистасын тудырады. Бұл жағдайда мидың толықтай дамымауын айта кетуге болады[4].
Биология ғылымының докторы Сабаншиев Мажит Сабаншиұлының Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары атты еңбегінде токсоплазмоз ауруын жақсы сипаттап жазған. Токсоплазмоз дуние жүзінің көптеген елдерінде таралған. Бұл ауру Ресей Федерациясында, Қазақстанда, Украинада, Беларуссияда, Кавказ, Орта Азия және Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда кездеседі. Өсіп-даму сатыларына байланысты олардың құрылысы әр түрлі болады. Олар: трофозоиттер (жыныссыз өсетін), цисталар, псевдоцисталар, шизонттар, мерозоиттар, гаметалар және ооцисталар болып бөлінеді. Эндодиогения немесе іштен бүршіктену арқылы трофозоиттар көп рет көбейіп цисталар түзейді. Цисталар дөңгелек пішінді, өзіндік екі қабат қабықтары бар, ал ішінде көптеген мерозоиттары бар. Цисталардың тұрқы 100 мкм. Көбінесе олар мидан, диафрагма және жүрек етінен табылады. Ауру малдың етін немесе кемірушілер етін жеген мысықтың асқазанына түскен цисталар ыдырайды да, олардың ішінен шыққан мерозоиттар ішектің эпителий торшаларына еніп, онда шизогония даму сатысынан өтеді. Шизогониядан кейін гаметогония жолымен дамып, гаметоциттер түзіледі. Еркек гаметтер немесе микрогаметтер тұрқы 1-1,5 мкм, ұрғашы немесе макрогаметтер диаметрі 30-60 мкм. Микрогаметтер мен макрогаметтер қосылу нәтижесінде зигота түзіледі, соңынан ооцистаға айналады да, мысықтың нәжісімен сыртқа шығады. Ооцисталар пішіні аздап сопақтау, сырт қабығы өте нәзік, тұрқы 11*13-14 мкм. Қоршаған ортаға шыққан ооцисталар 3-5 күн ішінде спорогония( сатысынан өтеді де, олардың ішінде споралар түзіледі. Спорогония сатысынан өткен ооцисталар мал-жанға қайта жұққан соң спорозоиттар бөліп шығарып, аздан соң мал денесінде олар трофозоиттарға айналады. Токсоплазмалар жыныстық жолмен үй мысығы мен кейбір мысық тұқымдастар ішегінде дамиды. Эпизоотологиялық деректер. Токсоплазмоз жер жүзіне көп тараған, ол жершарының барлық құрлықтарда кездсетін протозооз. Бұл ауруға көптеген жануарлар және адам да бейім. Токсоплазмозға 200 дей жануарлар мен құстар түрлері шалдығады. Жануарлар арасында токсоплазмоз энзоотия түрінде кездеседі. Токсоплазмалар ауру мал ағзасынан секреттер және экстреттермен де шығады: сілекей ішінде, мұрыннан, көзден, жыныс мүшелерінен аққан сұықтықта, сондай-ақ, нәжіспен, несеппен және сүтпен сыртқы ортаға тарайды. Токсоплазмозбен адам да ауырады. Сондықтан оның медицина саласында да маңызы бар. Токсоплазмоз адамды кейде өлі тууға, түсік тастауға, сәбилердің ерте шетінеуіне ұшыратады. Токсоплазмоздың медициналық маңызына ең алғаш көңіл аударған чех зерттеушісі Янку 1923 жылы болатын. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Токсоплазмоз
Олигофрения мен ПУТ-ын дифференциалды диагностикалау
Токсоплазмоздың патоморфологиясы
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
Токсоплазмоз қоздырғышы
Қоздырғыштың берілу механизмі
Токсоплазмоздардың анықтамасы
Қара малдың көз патологиясын П. П. Гатин-Б. К. Ильясов бойынша емдеудің тиімділігі
Сүт кешендеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы жүргізілетін тиімді ветеринариялықсанитариялық сақтандыру шараларын ұсыну
Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері
Пәндер