Жылқыларды параскаридозға қарсы емдеу



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Әдебиеттерге шолу
III.Өзіндік зерттеулер
3.1. Зерттеу материалдары мен әдістері
3.2. Зерттеу нәтижелері
3.3. Емі
3.4. Вет. Санитариялық шаралар
IY. Қорытынды
Y. Ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

I.Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жолдауда Қазақстанның даму стратегиясын айқындап берді. Осының ішінде мал шаруашылығы саласы да үлкен экспортқа ие екенін атап көрсетті.
Елбасы Үкіметке ауыл шаруашылғына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырды. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті елдің қатарынан анық орын алу, сондай - ақ қазіргі таңда еліміз БӘСҰ-на кіруді жоспарлап отырғанда, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы барған сайын жұрт назарын аударып отыр.
Мал өнімдерінің сапалық мәселесі халықтың денсаулығына нұқсан жеткізіп, тұтынушылардың мүддесіне зиян жасап қана қоймай, басты мал өнімдерінің базардағы бәсекелестік қуатына және экспорттық қуатына да әсер етіп, еліміздің халықарадағы беделіне әсерін тигізді. Сондықтан да мал өнімдері әлеуметтік сауда бәсекелестігіне және жоғарғы сұранысқа ие болуы керек. Қазақстан Республикасының жоғарғы білімді мамандардың міндеттері мен мақсаттары ол қандай да болмасын ауыл шаруашылық салаларында жұмыс атқарғанда малдәрігерлік ісін ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жоспарлау, малдардың өсуін, құнын жоғарлату, қандай да болмасын ауру жаладан сақтау болып табылады. Кез келген ауру ол экономикалық шығын әкеледі. Ал сондай шығындардан сақтану үшін ауыл шаруашылығында алдын алу жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ауыл шаруашылығын дамытуда ветеринарияның маңызы зор деп білемін.
Сонау ғасырдан бері жылқы малы көлік қатынасының ең маңызды түрі. Ол адам баласының ең құнарлы азығы ет, қымыз өңдіруде және биологиялық преапраттар жасалуда да (гипериммунды қан сары суы СЖК) маңызға ие. Шекара қызметкерлеріне де таптырмайтын көмекші, спортқа да бейімділігі жоғары жануар.
Қазіргі заман талабына сай жергілікті шағын шаруа қожалықтарында және жеке де шаруашылықтарда жылқы малының маңыздылығы, қажеттілігі екі еселенуде.
Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту жөніндегі ел басының қабылдаған шешімі: сатылым бағасының жоғарылауы, асыл тұқымды мал фермасын және қымызханалар ашу. Мал шаруашылғының бұл саласы әліде артта қалып келеді және уақыт талабына сай қанағаттанарлықтай емес. Жылқы шаруашылығының артта қалып қоюының ең басты себебі: әр түрлі аурулармен ауыруы, соның ішінде тоғышар құрттар тудыратын аурулар. Мал өнімінің бірден төмендеуіне әкеп соқтырады, жұмысқа деген қабілеттілігі төмендеп, соңында мал өлім-жітімге ұшырайды.
Қазақстандағы жылқылардың ағзасынан 79 түрлі паразит түрлері (тоғышарлар) табылған, соның барлығы табындағы жылқының өсіп-өнуінің, азығының төмендеуіне әкеп соғатынын дәлелдеді.
Солардың бірі параскаридоз ауруының қоздырушысы. Осы жағдайға байланысты параскарида тоғышарының даму механизмін және қоздырғыштары табылған шаруашылықтың жағдайын, ағзаға енуі және ғылыми дәлелденген күресу іс - шараларын, аурудың алдын - алу, сақтану амалдарын зерттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Негізінен ветеринария мамандығының міндеті - мал шаруашылғының ветеринариялық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады.

II. Әдебиеттерге шолу
Ғалымдардың көптеген зерттеулері арқасында Қазақстанда жылқының көптеген гельминттері зерттелінген.
Белгілі бір құрт қана тудыратын таза ауру сирек кездеседі, осыған орай, мал денесіндегі ауру салдарынан болған өзгерістер әдетте құрттың қай түрі көбірек екеніне байланысты.
Жоғарыда аталған паразитоценоз туралы К.И. Скрябиннің, Е.Н.Павловскийдің концепцияларын ары қарай дамытқандар В.А.Догель, А.П.Маркевич, Д.И.Панасюк, В.М.Апатенко т.б.
Параскаридоз - Parascaris equorum деп, аталынатын жұмыр құрт қоздыратын тақ тұяқты малдардың созылмалы гельминтозы. Ол малдың әсіресе құлынның өсуін тежейді, ересек малдың жұмыс қабілетін кемітеді, ішекті жарақаттап, жыртып, өлімге ұшыратуы да мүмкін. Гельминт тақ тұяқтылардың ащы ішегіне орналасады. Бұл нематоз барлық жерге таралған. Малдардың аурумен залалдану дәрежесі олардың жасына кері пропорциональды: мал жас болған сайын инвазияның экстенсивтілігі және интенсивтілігі жоғары болады.
Қоздырғышы - Parascaris equorum (Goeze, 1782), өте ірі жұмыр құрт. Еркегінің ұзындығы 15-30 см, ұрғашылары - 20-40 см. Аналығының құйрығы ішіне қарай қайырылып жатады, ал жыныс тесігі бас жағына жақын жерден ашылады. Жетілмеген жұмыртқаларының көлемі үлкен (0,08-0,1 мм x 0,07-0,09 мм) сақинадай дөңгелек. Өңі қою қоңыр не қара болады (1-сурет).
Өсіп, өнуі құрт мал нәжісімен сыртқы ортаға тарап, 10-30 күн аралығында балаңқұрттары өніп, жұқпалы сатысына жетеді. Жылқыға инвазиялық жұмыртқалар азықпен немесе су арқылы жұғады. Ішекте жұмыртқалардан балаң құрттар босап шығып, аталған ағзаның (ворсинкалар) арасына еніп, қан тамырлары арқылы бауырға, одан жүрекке, ең соңында өкпеге түседі. Өкпенің қан тамырлары арқылы альвеолаларға өтіп, ары қарай жылжып ауатамырлары мен кеңірдек қуысына ауысады. Одан әрі тыныс жолдарындағы кілегейлі сұйықпен ілесіп көмекейге жетеді. Хайуан жөтелген шақта ауыз қуысына қайта түсіп, сілекеймен бірге қайта жұтады. Құрттың орта есеппен толық жетілуіне 1,5-2 ай уақыт керек. Олар ішекте 1 жылға жуық, кейде одан да көп мерзім тіршілік етеді.
Қоздырушының дамуы (2 сурет). Ұрықтанған аналықтары иесінің ащы ішек қуысына бөлген жұмыртқалары нәжіспен араласып, сыртқы ортаға шығарылады.

Сурет 1 Parascaris equorum, сол жақта - еркегі; ортада - ұрғашысы; оң жақта - балаң құрт сатысы

Сурет 2 P. equorum даму биологиясы: 1- ұрғашысының құйрық жағы; 2 - еркегінің құйрық жағы; 3-5 жұмыртқадағы балаңқұрттардың дамуы; 6 -инвазиялық балаңқұрты бар жұмыртқа.
Эпизоотологиясы, параскаридозбен көбінесе құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен ауырады. Кейде 1 жасқа толмаған жабағылар жаппай дертке шалдығады. Әсіресе қоңы төмен, арық, күтімі жеткіліксіз құлындардың ішінде параскаридоз жиі ұшырасады. Жазғытұрым туған құлынадарда, кесел тамыз-қыркүйек айларында байқалса, қыста туғандарында мамыр-маусымда пайда болады. Сақа мал гельминтозға төзімді келеді, бірақ олар ішегінде жыланқұртты ұзақ сақтап, қоршаған ортаны үнемі ластап отырады. Жылаңқұрт ипподром жылқыларында да кездеседі, ондағы жылқылардың 30-50%-на дейіні осы жұмыр құртпен зақымдануы мүмкін. Жылқы гельминт жұмыртқаларын топырақ араласқан шөп, оттықтағы қалдық жеммен бірге жеп, жұқтырады.
Аурудың өрбуі. Жыланқұрттың жануар денесіне тигізетін әсері, ондағы құрттың санына байланысты. Балаңқұрттар алғашқы кезеңде ішек, бауыр қантамырларын және өкпені шарлап, оларды жарақаттайды. Жалпы ересек гельминттер ащы ішекті мекендейді, ал кейде олар жылжып қарынға, не қартаға да жайғасады, тіпті өт жолымен ұйқы безіне еніп, оны жаралап, теседі. Жүздеген параскаридалар ішек қуысына жиналып, ағза қабаттарын керіп, кілегей қабығына бекініп, оны тітіркендіріп, жаралап, қабындырып қызметін бұзады. Кейде жұмыр құрттардың көптігінен ішек мүлде бітеліп қалуы мүмкін.
Параскаридалар ішектің өзін де жарып кетуі ықтимал. Мұндайда малда перитонит өрши бастайды. Қорытылмай қалған заттар және паразиттік уыт, ішектен қанға еніп, малды уландырады. Кезбе балаң құрттар әсерінен өкпе-бауыр зақымданып, торшалары ыдырайды, организмде аллергиялық жағдай пайда болады. Кезбе балаңқұрттар инфекцияға жол ашып, індет ауруларының дамуына ықпал етеді. Параскаридозға шалдыққан құлындар сақау, қылау және пираплазмоз ауруларына төзімсіз келетіні анықталған
Аурудың сыртқы белгілері. Құлындар жиі ауырады, сақа малда өшкін ағымда өтеді. Аурудың алғашқы 3-4 күндері энтерит, іш өту байқалады, бұдан кейін бронхопневмония (жөтел, ентігіп тыныс алу, мұрын қуысынан сулы сұйық ағу, қысқа мерзімді қызба). Кейіннен, ересек параскаридтердің жетілуінен іш өту, арасында іш қату, әлсіз өлі тию белгілері, қарын көлемінің ұлғаюы пайда болады, тәбеті бұзылып, көзге көрінетін кілегей қабықтар ақшыл тартады, жануар арықтап, тез шаршайды, құлындар өсуде артта қалады, түлеуі кешеуілдейді. Жүйке жүйесі зақымданғанда, жануардың бұлшық еттері тырысып, артқы аяқтары жансызданып қалуы мүмкін. Сырт белгілері әр түрлі болады. Дерттің ауыр-жеңілдігі паразиттің аз-көптігіне, малдың жасына байланысты. Клиникалық көріністер 5 айдан 1 жасқа дейінгі құлындарда айқындала түседі. Малдың көзге шалынатын кілегей қабықтары бозарады, оның біресе іші өтіп, біресе қатады. Дерттің алғашқы кезінде түлік екі жұмадай жөтеледі, себебі кезбе балаң құрттар өкпені шарлап, оны қабындырып бранхопневмонияға ұшыратады. Танаудан кілегейлі шырын ағып, демалысы жиілейді. Кейіннен құрттар ішекке түскенде, онда энтерит пайда болып, оның қызметін бұзады. Соның әсерінен құлын тайдың қарны қампиып кетеді. Құлын бірте-бірте арықтап, бойы өспей қалады. Жүйке жүйесі зақымданып, бұлшық еттері тырысып, артқы аяқтарының жансызданып қалуы мүмкін. Эритропения, қанның азаюы, лейкоцитоз, лимфоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы байқалады.
Сақа жылқының параскаридозы баяу өрбиді, сондықтан аурудың сырт белгілері көмескі, білінбей өтеді.
Өлекседегі өзгерістер асқорыту жүйесінде анық білінеді. Ішектің ішкі қабығы ісініп, кейбір тұстары жараланып, қанталап, іші жылан құртқа толы болады. Кейде ағзаның тесіліп жарылғаны байқалады, саңылауынан құрттардың ұштары шығып салбырап тұрады. 3 Індеттанулық деректер. Параскаридозбен негізінен құлын, жабағы, тайлар залалданады. Инвазияның шегіне жетуі (максимумы) тамыз-қырқүйек айларында байқалады, инвазия осы деңгейде күз және қыс бойы тіркеледі де, тек келесі жылғы көктемге қарай азая бастайды, ал маусым айында төмендейді. 1-2 жылдықтарда залалдану динамикасы осыған ұқсас, бірақ интенсивтілігі аздау. Сақа жылқыларда жасына қарай пайда болған иммунитет салдарынан болар, параскаридоз сирек байқалады, бірақ олар инвазия көзі болып табылады. Еліміздің солтүстік өңіріндегі жылқылардың арасында аталмыш ауру 17-53% дейін 4 жасқа дейінгілерде жиі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Зертханалық жануарлардың инфекциялық аурулары
Жылқыларда асқазан - ішек жолдарының аурулары
Жылқы гастрофилезі
Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары
Маңқаны балау, дауалау шаралары
Мұрын маңқасы
Мал қораның сызба өлшемі
Пәндер