Эхиноккозбен ауырған жануарларға диагностика жасау, емдеу
Жоспар
І. Кіріспе
1) Аурудың сипаттамасы
2) Қоздырғыштың биологиясы
3) Ауруды кешінді түрде анықтау
3.1. эпизоотологиялық анықтау
3.2. Клиникалық анықтау
3.3. Паталогиялық анықтау.
3.4.Лабораториялық анықтау
4) Емі
5) Алдын алу
ІІІ. Өзіндік зерттеу
ІV. Қорытынды
V. Ұсыныс
VІ . Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол тәжірибесін жинақтады. Оның ішінде атам заманнан қалыптасқан сиырда аусылды, қойда шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы осы індеттермен күресу әдістерін атауға болады.
Сондай-ақ сол заманғы шаруашылық және тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту , жайылым ауыстыру, көші-қонды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлексені көму, не өртеу сияқты шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас бір жүйені көрміз.
Ветеринарияның басты міндеті - ауылшаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады.
Эхинококкоз адам мен жануарлардың қауіпті ауруларының бірі, яғни әлеуметтік. экономикалык шығыны мол.
Қазіргі кездегі мал сою орындарының жетіспеушілігі. малды көбінесе үй жағдайында сою, ягни ветеринариялық-санитариялық шараларды толық сақтамау инвазиялық ауруларға үлкен әсерін тигізіп отыр.
Инвазиялық ауруга шалдыққан малда аурудың клиникалық белгіле-рі, сипаты көп жагдайда уақытылы байкалмайды, сондықтан да шаруа-шылык жағдайында балау біршама қиын.
Инвазиялық аурулардан мал өлім-жітімге ұшырайды немесе аурулар созылмалы түрде өтіп, малдан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасының төмендеуіне байланысты шаруашылыққа үлкен экономнкалық зиян келтіреді.
Инвазиялық аурулардың көбінесе созылмалы өтуіне байланысты ауырған малдардың бірте-бірте қоңы төмендеп арықтайды, салмагы азаяды. Малдардың жүнінің, етініңсапасы төмендейді. Ауру малдардың сүті азаяды немесе сүттің бөлінуі мүлде токталады. Жануарлардың жұқпалы және паразит ауруларға төзімділігі нашарлайды, олардың қысыр қалуына әсер етеді.
Эхинококкоз -- жануарлар арасында кең тараған аурулар. Осы аурулардан болатын зардап малдың өнімділігіне, дамуының және өсуінің төмендеуіне, соның ішінде ет шыгымын төмендетіп, оның биологиялық қүндылығына әсерін тигізеді.
Эхннококкоз -- әр түрлі сүт қоректілер мен адамдарды зақымдайтын, байкалмайтын, созылмалы, өте қауіпті ауру. Онымен қой, ешкі, түйе, сиыр, шошқа, сирегірек жылқылар ауырады да, қүрттардың аралык иелеріне жатады. Басқа малдарға қарағанда қой мен түйе денесінде эхинококтың көпіршіктері пісіп-жетіліп аурудың негізгі таратушылары иттерге жем болады.
Эхинококкоз -- созылмалы тур-де өтеді, сырт белгілері білінбейді. Онкосфера миграциясы кезеңінде мүшелер ұлпаларының бүтіндігі бұзылады, бұл терең патологиялық өзгерістерге алып келеді. Өсуі мен дамуы барысында эхинококк цистадлары өмірлік мағыналы мүшелер мен ұлпаларды қысып, семдіреді, олардың қалыпты қызметтерін бұзады.
Курстық жұмысының мақсаты Семей қаласының эхиноккозбен ауырған жануарларға диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу іс шараларын жүргізу болып табылады.
Курстық жұмысының міндеті:
1. Эхиноккозбен ауыратын жануарларды диагностикалау.
2. Емдеу және алдын алу шараларын ұйымдастыру.
3. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және ұсыныс көрсету.
Эхинококкоз үй жануарлары мен адамдар арасында кеңінен таралған гельминтоз. Бұл дертке шалдыққан мал арықтайды, берер өнімі күрт төмендейді, өлім-жітімге ұшырайды. Қойдан орта есеппен 2,6 кг ет, 0,4 кг май, 0,4 кг жүн кем алынатындығы анықталған. Сол сияқты эхинококкозбен ауырған ірі қара 5,5 кг ет, 2,5 кг май кем береді екен.
Бұрынға ет комбинаттарының деректеріне қараағанда, етке тапсырылған ірі қараның 5%, ал ұсақ малдың 10%, шошқаның 6% эхинококкоз болып шығатыны анықталған. Біздің елімізде эхинококкозға шалдыққан сауын сиырлар жылына 300 мың т. сүтті кем беретіні дәлелденген. Беріш дерті адам үшін де қауіпті. Соңғы жылдары адам эхинококкозы жиі тіркелетін гельминтозға айналғаны хабарлануда.
Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, шие бөрі, қарсақ, түлкі ащы ішегін мекендейді, ал көпіршіктері (беріш-бершімектері) адам, үй және жабайы тұяқтылардың өкпесінде, бауырында, кейде басқа да мүшелерінде тіршілік етеді.

2) Қоздырғышының биологиясы . Ересек жетілген түрі - Echinococcus granulosus (Batsch, 1786), өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5 см), бар-жоғы 3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан кейінгі бунақ қосжынысты, соңғы төртіншісі пісіп жетілгені, ал оның капшық секілді жатыры жұмыртқаға толы.
Аралық иесі ағзаларына жайғасқан бершімектердің көлемі бұршақ, жұмыртқа, кейде нәресте басындай, ішінде мөлдір сұйығы бар. Оның ішін орасан көп таспа құрттың протосколекстері мекендейді. Ал протосколекстері жоқ көпіршіктерді ацефалоцисталар деп атайды.
Сурет 1 Ересек эхинококк.
Бұлар ірі қара мен жылқыда жиі кездеседі. Әр ағзадағы беріштердің саны бірнеше данадан ондаған, жүздеген данаға дейін жетуі мүмкін, кейде бір-бірімен қосылып, ағзаны жаппай жайлайды.
Өсіп, өнуі. Ит және т.б. ет қоректілер нәжісі арқылы эхинококктың жұмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем-шөп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, құрт жұмыртқалары жабысқан киім-кешек, ыдыс-аяқ, жеміс-жидек, көкөніс және судан жұғады. Денеге түсісімен гельминт ұрығы (онкосферасы) жұмыртқаны жарып шығып, ішектің ішкі қабатына еніп, одан әрі қан тамырлары арқылы денеге тарайды.
Олар өкпе мен бауырға және басқа органдарға жетіп, онда бірте-бірте эхинококк көпіршік-беріштерге айналады. Беріштер өте баяу, айлап жылдап өсіп, жетіледі. Кейбір ларвоцисталардың есеюі көп жылдарға (адамда 10-30 жыл) созылады. Ал, бұралқы иттер т.б. жыртқыштар эхинококкоздан өлген малдың ішкі мүшелеерін жеп, құртты жұқтырады.
Эхинококктың жыныстық ағзалары жетілуіне 1-3 айға жуық мерзім керек. Ит ішегінде бұл цестодалар 5-6,5 айдай өмір сүре алады.
3.1. эпизоотологиялық анықтау: Мал ішінде эхинококкозбен көбінесе қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, ал жылқы сирек ауырады. Эхинокаккоз Австрия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америка және Европаның оңтүстік аймаұһқтарында кең тараған.
ТМД - аймақтарында Оңтүстік Украина, Солтүстік Кавказ, Қазақстан, Қырым, Молдавия, Бурятия, Якутия, Чукотка, Батыс Сібір жерлерінде байқалады. Қазақстанда қойда кездесетін инвазиялық аурулардың ішінде көп таралған ауру -- эхинококкоз ауруы болып табылады.
Эхинококкоздың қоздырғышы космополит, Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Республиканың Оңтүстік аудандарында 4 жастан асқан қойдың 30- 100%, ал Солтүстікте 50%-ы бершімекпен ауыратыны хабарланады. Мал өлімі қыста, ерте көктемде, яғни күтімі нашарлаған жағдайда байқалады.
Эхинококк құрттарының дамуына қатысты иелері көп болғанымен, олардың іс жүзінде маңызы бірдей емес. Эхинококкоздың негізгі таратушы ретінде құрттың аралық иелері арасынан қойдың елеулі маңызы бар екені мәлім. Қой шаруашылығы өркендеген жерде адам мен мал эхинококкозының көбірек тарайтыны кездейсоқ жәй емес. Өйткені басқа түлікке қарағанда қой малдәрігерлік тексеруден өткізілмей-ақ сойыла береді. Өзге жануарлармен салыстырғанда қой денесінде бершімек-көпіршіктер көбірек дамып, жұқпалы сатысына жетеді. Эхинококкоз эпизоотологиясында ірі қараның, сондай-ақ жылқының атқаратын қызметі шамалы, себебі оларда көбінесе стерильді гельминт беріштері-ацефалоцисталар ұшырасады. Эхинококкоз қоздырғышының таралуына жабайы тұяқтылар мен ет қоректілердің ешқандай қатысы жоқ деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Зерттеу деректеріне қарағанда тағы аңдар эхинококк құрттарымен өте аз зақымданады.
Құрттың ақтық иелері ішінен гельминтозды таратушылардың негізгісі ит. Бұлар сыртқы ортаға күн сайын таспа құрттың мыңдаған жұмыртқаларын шашады. Эхинококк жұмыртқасын суда 16 күн ұстап, 11 күн ауада кептіргенде кезде, олар тіршілігін сақтай алған, 1 градус суықтыққа да 4 айға дейін төзімді екені анықталған. Яғни, олар сыртқы орта жағдайына өте төзімді.
Аурудың өрбуі. Бершімектердің жайласқан жеріне, көлеміне, санына және жануардың жалпы күйіне байланысты зардаптың әсері әрқилы болады. Бауыр мен өкпеде орналасқан эхинококк көпіршіктері өсе келе ағзалардың бірқалыпты қызметін бұзады. Ларвоцисталар өте көп болған жағдайда олардың толық істен шығуына әкеліп соқтырады. Өкпе мен бауырдағы беріштер органдарды қысып, оларды семуге (атрофияға) ұшыратады. Көпіршік жатқан орын үңгір қуысқы айналады, ұлпалар желініп кетеді.
Ұлғайған ларвоциста маңайдағы қан тамырларын қысқандықтан қан ағысы тоқталуы мүмкін, ал өт арнасының бітелуінен ішекке өт құйылмайды. Асқазан-ішектің қызметі әлсірейді, ас қорытылмайды. Өкпенің бірталай аймағы істен шығып, тыныс алу әрекетіне қатыспайды. Түліктің өкпесі қысылып, тынысы тарылады.
Денеге эхинококк сұйық затының уыты да ықпал етеді. Микробтар қосылып дертті одан сайын ушықтырып жібереді. Залалданған ұлпалар мен мүшелер жансызданады. Жануар әбден арықтап барып өледі.
3.2. Клиникалық анықтау
Эхинококкоз созылмалы түрде өтетін дерт. Аурудың бастапқы кезінде оның клиникалық белгілері білінбейді. Сырт көріністерінің айқындала бастауы, өршуі көпіршіктің санына, аумағына жәәне малдың нақтылы ұлпасы мен мүшесінің зақымдануына тікелей байланысты.
Бершімектер өкпеде дамыса, оның ауа тамырларын қысуынан жануардың күйі төмендейді, тынысы тарылып, жөтелі жиілейді. Аталған белгілер мал қозғалған не жүрген сайын үдейе түседі. Өкпе тұсын тыңдаса, сау өкпеге сәйкес везикулярлы тыныс алу бәсең білінеді, ал перкуссия тәсілін қолданып, арнайы балғашамен ұрғылап тексергенде, лавроциста жайғасқан өкпе тұсының дыбысы күңгірт естіледі.
Мал бірте-бірте арықтап, майынан айырылып, әдетте қыс айларында шығынға ұшырайды. Эхинококктер бауырға орналасқанда малдың күйіс қайыруы нашарлайды, ас қорытуы бұзылады, кейде іші кебеді. Ағза көлемі ұлғайғанда жануардың оң жақ қарыны шығыңқырап тұрады, бауыр тұсын қолмен басса ауырсынады.
Егер өкпедегі, бауырдағы көпіршіктер жарылып кетсе, мал көп кешікпей өліп қалады. Кейде цисталар құрсақ қуысында, шажырқайда болса, буаз сиырлар іш тастауы ықтимал.
3.3. Паталогиялық анықтау.
Басты өзгерістер өкпе мен бауырдан табылады. Бауыр сыртынан быжынаған үлкенді-кішілі күріш дәніндей, эхинококк жылауықтары көрінеді.Олар шар немесе жұмыртқа тәрізді ақшыл немесе сарғыштау түсті құрылымдар. Жылауықты тіліп жіберіп ішінен қалқып жүрген мыңдаған құрт бастарын көруге болады. Бауыр мен өкпенің сырты кедір-бұдырланады. Жылауық кейде бауырдың, өкпенің ішіне қарай өсуі мүмкін.
Жылауықтың сыртқы қабығы фиброзды тоқыма, ол ағза ұлпасының паразитке қарсы реакциясы нәтижесінде өсіп шығады: ол үш қабатты - ішкі қабаты цилиндр тәрізді эпителиге ұқсас гистиоциттерден құралған, оларға көп ядролы алып торшалр араласқан: ортаңғы қабаты көптеген лимфоид торшаларынан, эозинофильді лейкоциттерден және фибробластардан құралған, ал сыртқы қабаты бір-бірімен жанасып тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан және олардың аралығында кездесетін бірен - саран фиброциттерден құралған.
Бауыр және басқа ағзаларда 1000-ға дейін көлемі әрқилы жылауықтар болуы мумкін. Ірі қара малының зақымдалған бауыр салмағы 40-70 кг болады, ал оның 95% тікелей жылауық пенішіндегі сұйық. Көпшілік жағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz