ХVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу


Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
1 - тарау. ХVI - XVII ғ, асырлардағы Қазақ хандығының Орта Азиядағы тарихи орны.
1. 1. Қазақ хандығының Орта Азиялық хандықтармен
қарым - қатынасы . . . 5
1. 2. Мауренахр үшін күрес . . . 8
2. тарау. Қазақ хандығының Ресеймен және көрші халықтармен дипломатиялық қатынастары.
2. 1. Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы
саяси - экономикалық байланыстар . . . 16
- Қазақ хандығының басқа да көрші елдермен саяси
қарым - қатынасы. Жібек жолы . . . 19
ІІІ. Қорытынды . . . 26
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хан-дығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан кетіп қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы қазақ-орыс келіссөздері, 1598-1599 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентгі, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты оқиғалармен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1580 жылдан кейін деректемелерде Хақназар хан туралы ешнәрсе айтылмайды, ал оның немере інісі Шығай қазақ ханы деп аталған. Шығай ханның тегі туралы мынадай мәлімет бар. Мәселен, қазақхаңдары туралы шежірелерде ол Жәдіктің баласы деп көрсетілген. Ол Ораз-Мұхаммедтің шежіресінде де Жәдік сұлтанның баласы деп аталған: «Ұрұс хан, [оның] баласы Құйыршық хан, [оның] баласы Барақ хан, [оның] баласы Жәнібек хан, [оның] баласы Жәдік хан, [оның] баласы Шығай хан, [оның] баласы Ондан сұлтан, [оның] баласы Ораз-Мұхаммед хан». Шығай ханның анасы Абайхан бикем болған. Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда, Жәдік 1503 жылдан кейін көп кешікпей өлген. 1582 жылғы оқиғаларға байланысты Шығай туралы уақыты жағынан ең кейінгі мағлұмат Хафиз Таныштың «Шараф-намейи шахиінде» кездеседі.
Курстық жұмыстың мақсаты:
ХVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- ХVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының Орта Азиядағы тарихи орынын анықтау.
- ХVI - XVII ғаырлардағы Қазақ хандығының ресеймен қарым - қатынасына талдау жасау.
3. ХVI - XVII ғаырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы көрші халықтармен арақатынасы.
Зерттеу объектісі: ХVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының дипломатиялық жұмыстары.
Зерттеу пәні: Қазақстанның орта ғасыр тарихы.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз материалдары.
Курстық жұмыс: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады
1 - тарау. ХVI - XVII ғ, асырлардағы Қазақ хандығының Орта Азиядағы тарихи орны.
1. 1. Қазақ хандығының Орта азиялық хандықтармен қарым - қатынасы. Қазақ ханы Шығайдың Шайбани ұрпағы, Орта Азияның билеушісі II Абдаллах хан жағына шығуы XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының елеулі саяси оқиғаларының бірі болды, ал қазақ хандарының билік және Дешті Қыпшақ үшін күресте Шайбани ұрпақтарының ежелгі және бітіспес жауы болып көлгені мәлім.
1581 жылғы маусымда Шығай хан баласы Тәуекел сұлтанмен және басқа балаларымен бірге Абдаллах ханның ауылына келді. «Кейбір мемлекет тіректері мен шонжарларының араласуы арқылы ол әділетті ханмен жүздесу құрметіне ие болды. Аса құрмет пен алуан түрлі мейірбандық көрсетіп, оған Ходжент жерін иқта ретінде берді. Ол ақыл айтып және сенімді көмек көрсетуге берді патшаларға лайық той жасады». Шығай ханның Мауараннахрға кету себептері жақын араға дейін онша айқын болмай келді. Бір зерттеушілер (М. П. Вяткин) мұны Абдаллах құдіретінің артуы және өзінің дәрменсіздігін сезінуі Шығай хан-ды Абдаллах ханнан пана іздеуге мәжбүр етті деп түсіндіреді. Ал басқа біреулері (А. П. Чулошников) қазақтардың Талас езені жағасында (Баба сұлтанмен күресте) қатты жеңіліс табуы оларды сыртқы саяси катынастар-да әлсіретіп тастады, өйткені оларға бүлікшіл Баба сұлтан мен Шағатай ұрпақтарынан шыққан моғол хандары екі жақтан қауіп төндірді деп санай-ды. Тегінде, Шығай хан амалсыздан кеткен болса керек: оны басқа да қазақ хандары қудалаған. Шынына көлгенде, Шығайдың Абдаллах ханға кетуіне бірнеше себептер болған және қазақ ханының бұл саяси қадамын сол себептерді кешенді түрде алғанда ғана түсіндіріп бере алады. Бұл себептер мейлінше елеулі болуға тиіс. Біз XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырда Шайбани ұрпақтары мен қазақ хандарының Дешті Қыпшақ даласында әскери үстемдік үшін және сайып көлгенде, Дешті Қыпшақтың көшпелілеріне жоғарғы билік жүргізу үшін өліспей беріспейтін күрес жүргізгенін естен шығармауға тиіспіз. Сондықтан Шығайдың Шайбани ұрпағына саяси жағынан бағынбақшы болған шешімі, сырттай қарағанда, ақылға сыймастай болып көрінеді. XVI ғасырда далада қазақтар үшін мейлінше қолайсыз жағдай қалыптасқаны туралы деректер бар: орыстардың Сібірге және Еділ бойымен Астраханьға дейін өңмендеуі, көшпелі ноғайлар (маңғыттар) қоныстарының Ертіске дейінгі бүкіл дерлік қазақ даласына таралуы, башқұрт-тардың оңтүстікке ойысуы, ойраттардың шығыстан батысқа қарай қарсы қозғалуы, оңтүстіктен Шағатай ұрпақтарынан тарайтын моғол хандарының қысым жасауы, Шайбани ұрпақтарының Түркістанды билеп-төстеуі және қырғыздардың тәуелсіздікке ұмтылуы - осынын бәрі жинақтала келіп, қазақтарды Жетісуға ығыстырды. Орын алған жағдай өзара қырқыс туғызды, оларға сыртқы саяси қиыншылықтар қосылды. Қазақ әміршілері орын алған жағдайдан шығар жол іздеуге мәжбүр болды да, олар Орта Азия жағына көз тікті.
Біріншіден, Абдаллах жағына барлық қазақтардың емес, Шығайдың қол астыңда болған бөлігінің, «қазақ әскерлеріндегі бірауызды және бірниетті адамдар қосынының» ғана өткенін де атап өткен жен. Қазақтардың қалған тайпалары басқа ханның (хандардың) немесе сұлтаңдардың қол астында қалған. Біздіңше, Хақназар ханнан кейін қазақ тайпаларының өзге бөлігін оның ұлдары Мұңғатай сұлтан мен Дінмұхаммед сұлтан басқарған. Сол кезде қазақ билеушілері арасында ішкі күрес жүріп жатқанын атап өту керек. Солардың арасыңда Абдаллах ханмен бірлесе қимыл жасауды жақтаушылар мен олардың қарсыластары бөліп көрсетілген болуы ықтимал. Сонымен, бұл күреске қазақтардың экономикалық жағынан шашыраңқылығы, бөлшектенуі, сұлтандардың ханға тәуелділігінің әлсіздігі қосымша себептер болған, мұның өзі сұлтандардың оқшаулануына, олардың автономияға ұмтылуына себеп болды.
Оның үстіне Шығай Абдаллах жағына 1581 жылы өткен, ал Абдаллахтың ресми түрде 1583 жылы ғана барлық өзбектердің ханы болғаны мәлім, яғни Шығай хан өз жағына өткеннен кейін де Абдаллахтың тақ үшін күресте жоғарғы билікті кез көлген уақытта иеленіп кете алатын бақталастары көп еді, сондықтан ол Шығай ханның қолдауына сүйену үшін оның өз жағына көшуіне мүдделі болған. Абдаллах ханға қызмет ете жүріп, қазақ қосындарын бастаған Тәуекел оның басқа да Шайбани ұрпақтарына қарсы күресі мен оларды қыруына белсене қатысты. XVI-XVII ғасырлардағы Орта Азияның саяси өміріне белгілі бір күшті ру басының басқа өзбектерге өз билігін таратуға, өз пайдасына мемлекет бірлігін қалпына келтіруге, хандардың әуелі іс жүзіндегі, сонан соң нақгы билігін жойып, жаңа әулеттің негізін қалауға ұмтылуы тән болғанын атап өту керек.
Абдаллах ханның жаңа одақтастарына деген мүдделілігі Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Мауараннахрдан сойырғалдық иелікке қыстақтарды сыйға тартуынан көрінді. Баба сұлтанмен күресте Абдаллахқа әуелі Хақназар хан көмек көрсетті, соңғысы өлгеннен кейін Абдаллах Шығай ханға зор үміт артты. Шынында да, Шығайдың, Тәуекелдің және басқа қазақ сұлтандарының көмегімен ол ақырында Баба сұлтанды құртып тынды.
Атап өтелік, өз адамдарымен бірге Шығай ханның өзге де өзбек сұлтан-дары арасында зор беделі болған.
1582 жылдың басында Абдаллах хан Баба сұлтан мен оның жақтастары-на қарсы кезекті Ұлытау жорығын жасады, ол бұл жолы табыспен аяқтал-ды. Өзі үшін соңғы жорық болған бұл жорыққа Шығай хан да қатысты. Шығай мен Тәуекеддің қудалауынан Баба сұлтан ноғайларға қашты. Ол сонда жүргенде ноғай мырзаларын өлтіріп, олардың жерін тартып алу үшін қаскүнемдік әзірледі. Бұл қаскүнемдік ашылып қалды да, Ташкентті алу жолындағы күресті қайта бастау мақсатымен Баба сұлтан Түркістан жағына бет алды. Мұны Тәуекел сұлтан кездейсоқ біліп қойды: оның жауынгерлері Баба сұлтан Түркістанға жасырын жіберген екі қалмақты үстап алған еді, Баба сұлтан мен оның қайтып келе жатқаны жөнінде солар айтқан болатын. Тәуекел оған қарсы тез әскер жинады. Қақтығыс кезінде Тәуекел Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын Абдаллахқа апарып берді, ал Баба сұлтанның ұлы Латиф сұлтан мен кейбір әмірлер тұтқынға алынды. Бұған сый ретінде Тәуекел мол тартулармен қоса, Африкент уәлаятын үлеске алды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1583 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды».
Тәуекедді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілмейді. Алайда бұл жөнінде бірсыпыра пікірлер айтуға болады. Абдаллахтың тақтың «занды» мұрагерлігі негізінде емес, өзінің дипломатиялық ептілігі және соғыста жолының болғыштығы арқасында ғана хан болғаны мәлім, ол бақталастарын тайдырып қана қойған жоқ, сонымен бірге оларды түгелдей қырып тастады. Үміткерлердің едәуір бөлігін Абдаллах хан Тәуекелдің қолымен жойған еді. Ақырында, Абдаллах бүкіл Мауараннахрды Шайбани мемлекетінің қол астына біріктіріп, бұл орайда өзіне бақталас болуы мүмкін Шайбани ұрпақтарының бәрін қырып-жойғаннан кейін сірә, Тәуекелдің жағдайына да қауіп төнген болса керек. Өйткені ол да Жошы ұрпағы болатын, сондықтан Абдаллах сияқты, ол да Орта Азиядағы биліктен үміт етуі мүмкін еді (1598 жылғы оқиғалар онын осыған ұмтылғанын дәлелдейді де) . Сірә, Тәуекелдің күдіктенуіне негіз болса керек. Сондай-ақ Тәуекелдің Абдаллахтан өзі күткен нәрсесін алмаған да болуы мүмкін. Абдаллахтың қазақтарға Түркістаннан төрт қала беруге уәде етіп, бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамай қойғаны мәлім.
1. 2. Мауренахр үшін күрес. Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күрес бастайды. 1586 жылы ол Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуыл жасады. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты орталықтарға қатер төндірді. Ол Ташкент жасағын талқандады, бірақ өзіне Самарқандтан Абдаллахтың інісі Убайдаллах қарсы аттанғанда, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.
Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезендегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ташкент көтерілісі Орта Азия - Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал етті.
1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор пат-шаға Құл-Мұхаммедті елші етіп жіберді. Елшілік Тәуекелдің жиені «Ораз-Мұхаммедті орыс тұтқынынан босату» мақсатымен жіберілген болатын, ол 1580 жылы Көшіммен соғыс кезінде қолға түскен еді.
Казақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхаммед былай деп хабарлаған: «Ал қазір Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, Ұрұс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған Орталық және Солтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен, қазақ елшілігінің алдына Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдаллахқа қарсы күресте Москваның көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, оңда Москва патшасы Тәуекелге Қазақ хандығын «өзінін патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».
Қысқартып айтқанда, Абдаллах пен Көшімді Тәуекелдің өзі тыныштан-дыруға тиіс болды. Тәуекелдің жиеніне келетін болсақ, патша оны Тәуекел «оның орнына өзінің ұлы Үсейн ханзаданы аманат етіп жіберген» жағдайда ғана босатуға келісті. Бірақ қазақ ханына Москва патшасы шарттарының бәрі бірдей қабылдауға қолайлы болмады. Москвадағы орыс-қазақ келіссөздерінің материалдарына қарағанда, Москвамен өзара қатынастарға Тәуекел Қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы түрінде емес, қайта Абдаллахқа қарсы күресу үшін әскери одақ ретінде ғана қарағаны көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz