ХVII – XVIII Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі

1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың
қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің
артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы
Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды,
осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының
маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін
қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап,
әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне
басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында
қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды
Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді.
Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді.
Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса,
екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл
жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу
Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына
топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан
тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік
жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына
орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді
қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа
шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай
шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы
Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама деп атады. Елім-ай деген ән туды.
Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр
бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер
Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында Қара
сиыр деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай,
Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға
аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін Аңырақай деп аталып кетті. Шуно Дабо
бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің
әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып
Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды.
Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке
(Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік
танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып
Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып,
майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай
өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің
ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз
сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол
сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ
хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында
қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп
туғызды.
Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ,
қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз
жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа
байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс
қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап,
қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне
тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр
болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа
таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті
пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта
қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен
Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның
солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар
Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі
басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның
күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет,
Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз
әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның
қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары
сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп,
Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға
тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына
қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың
әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті
жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ
пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек
батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы
сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға
мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің
қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой
бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді.
1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ
жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін
1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс
Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс
шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап
қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар
жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын
іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта
жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л.
Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде
Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69
жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастапан шаруалар көтерілісі
(1836-1838). Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап
Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны
қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп,
бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып,
Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жеоге 1801 жылдан бастап патша
ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазаы қоныс аударды.
Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда
20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей
бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.
Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-
орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне
бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның
бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары
иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен
жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды.
Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан аренда үшін
уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі штраф, алым-салық көбейді.
Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына
отырған соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол
отырықшылықты, елді мекендер салуды, қырда пішен шабуды, мектеп, училище
ашуды, мешіт ашуды, малды асылдандыруды, сауданы енгізуді бастады.
1827 ж. Жәңгір хан нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын
орнатты. Елді орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылды.
Оған 12 ата байұлы руларынан бір-бірден би кірді. Ханға оның тапсырмаларын
орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар
бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы
тергевші штат та тұрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қаз-ң барлық бөліктерінде хандық
билік жойылған еді. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды,
хан билігі орыс шеневнігі басқарған Уақытша Кеңестің қолына көшті. Патша
үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық
туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс
помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді.
Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің
інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы
Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.
1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара
комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар
жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-
орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым
салды.
Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы
жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Аман қалған аз
малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы Юсупов пен
Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы
бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байтурин,
Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды.
Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз
қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz